Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ТСП-2і.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.44 Mб
Скачать

2.2. Тасқынды құрылыстың жаллы принциптері.

Қурылыс өнімдері — үймереттер немесе олардың бөліктерін бірқалыпты шығару ушін жұмыстың үздіксіз және ырғақты жургізілуін қамтамасыз ету, қаржы, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік базаларды, құрылыс машиналарын және жабдықтарды толық іске қосу тасқынды құрылыстың міндетті болып есептеледі.

Осыған орай қажетті қазіргі заманғы және кешенді материаддық-техникалық ресурстармен жабдықталғам еңбек коллективтерінің (бригадалар, тасқындар) тұрақты құрамдарының уздіксіз және бірқалыпты жумыстарының нәтижесінде дайьш курылыс өнімдерін (салынып біткен үймереттер, аяқ-талған жұмыс түрлері жәнс тағы басқалар) жоспарлы түрде, ырғақты шығарып отыруың қамтамасыз ететін қүрылыс жұмыстарын және тұтастай қүрылысты үйымдастыру мен жүргізуді тасқынды әдіс деп атайды.

Жалпы күрылысты ж ү й е л і, ж а р ы с п а л ы немесе т а с к ы н д ы әдістермен ұйымдастыруға болады (2, а, б, в-сурет).

Жүйелі әдіс бойынша (2, а-сурет) әрбір келесі үймерет (ғимарат) оның алдындағы қүрылыс аяқталғаннан кейін салынады. Бұл жағдайда құрылыс мерзімі ұзарады (Т = mТц , мұндағы Тц — бір үймеретті салудың өндірістік циклінің ұзақтығы, бірақ уақыт бірлігінде қаржыларды тұтыну салыс-тырмалы түрде біршама аз болады уақыт бірлігі ішінде қаржыларды тұтыну интенсивтілігі r — R/Т, мүндағы R үймеретті тұрғызуға кеткен жалпы қаржы шығыны).

Жарыспалы әдіс бойынша (2, б-сурет) барлық үймереттер (ғимараттар) бір мезгілде салынады, бұл қаржылардың көп шоғырландыруын талап етеді (rm), ал құрылыстын, жалпы ұзақтығы едәуір қысқарады (Т =Тц );

Тасқынды әдісті (2, в-сурет) қолдану кезінде үймереттер мен ғимараттарды салудың технологиялық процесі құрама про-цестерге жіктеледі (жер жүмыстарының өндірісі, фундаментті орналастыру, қабырғалар мен жабындарды салу, шатырларды салу, өндеу жұмыстары және басқалар), олардың әрқайсысын салу үшін бірдей уақыт бөлінеді және әртүрлі үймереттерде олардың ырғақты орындалуы қадағаланады.

Тасқынды әдіс салыстырмалы түрдегі қысқа мерзімді қүрылыстарда жүйелі жәңе жарыспалы әдістердің ең тиімді дегендерін өз бойына жинақтайды (Т <mТц ).

Объектілер құрылысы күрделілігі әртүрлі кешенді, объектілік, мамандандырылған және жекелеген тасқындармен жүргізіледі (3-сурет).

Кешенді тасқын — түрғын үй кварталының және тағы басқалардың құрамына кіретін жекелеген үймереттер мен ғимараттардың құрылысымен бір мезгілде айналысатын объектілік тасқындардан құралады.

Объектілік тасқын — мамандандырылған тасқындардың жиынтығы, ол құрылыстың тиісті объектісін салу жөніндегі барлық кешенді жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді. Құрылыс технологиясы ортақ жекелеген уймереттер, ғимараттар немесе олардың топтары тасқын өнімі болып табылады.

Мамандандырылған тасқын — бірыңғай параметр жүйесімен және тасқын схемасымен біріктірілген бірқатар жеке тасқындардан құралады. Мамандандырылған тасқындар тасқынның негізгі құрылымдық элементтері қатарына жатады. Аяқталған жұмыс түрлері, конструкциялық элементтер және үймереттердін, бөліктері (нөлдік цикл жұмыстары, түзілістерді жинақтау, өңдеу жұмыстары және басқалар) мамандаыдырылған тасқын енімдері болып табылады.

Жеке тасқын — қарапайым, қатардағы құрылыс тасқыны. Ол белгілі бір үжым (бригада, звено) күшімен бірқатар арнайы бөлінген алымдарда бір процестің жүйелі орындалуын қамтамасыз етеді. Жеке тасқынның өнімдері — жер жұмыстары, ірге-тастарды жасау, қабырғаларды тұрғызу, сылақ жүмыстары және тағы басқалар. Жеке тасқын негізінен түрлі алымдарда жүмысты тасқынды — бөлу әдісімен орындау мүмкіндігі бар жерлерде ұйымдастырылады.

2.-сурет. Объектілерді әртурлі тәсілдермен құру графигі:

а-жүйелі; б-жарысалы; в-тасқынды

3-сурет .Үймереттер менғимараттардың құрылыс жұмыстарының құрылымы