
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
- •1.Пәннің оқу жоспары – syllabus
- •1.2. Пән туралы мәлімет
- •Жұмыс жоспарының кошірмесі
- •1.5. Пәннің қысқаша тусніктемесі
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі және түрлері, оларды орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8.Білімді бақылау және бағалу.
- •1 Модуль:
- •2 Модуль
- •1.9. Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Бельсенды үлестіретін материалдың мазмұны
- •6 Кесте
- •1.1.Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-түзілістік сипаттамасына қарап бағалау.
- •1.2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету.
- •1.3. Қоршаған ортаны қорғау
- •2.1.Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау
- •2.2. Тасқынды құрылыстың жаллы принциптері.
- •2.3. Тасңынның есепті параметрлері
- •2.4. Алмаспайтын құрылыс тасқыны.
- •3.1. Аланды құрылысқа инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамы және оларды белгілеу.
- •5.2.Құрылытық бас жоспар.
- •6.4 Ұймереттерді арнаулы мақсатты қалыптарда тұрғызу.
- •6.5. Ұймереттерді тұтас-құрамалы түзілістерден тұрғызу.
- •8.1.Үймереттерді тұрғызу қарқыны және бетондаудың интенсивтілігі.
- •8.2.Бетон қоспаларын дайындаудың, жеткізудің, берудің, қабылдаудың және төсеудің ыңғайлы технологиялық схемасын таңдап алу.
- •10.1. Өндірістік жұмыстардың мерзімдік жоспарын жасау.
- •10.2 Жұмыс сапасын қамтамасыз ету.
- •10.3 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
- •11.2. Толық жиналатын тұрғын үй және қоғамдық үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері.
- •11.3. Құрамалы өндірістік ғимараттардың құрылыстық-конструкциялық шешімдері
- •14.1. Жинақтау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.
- •14.2. Жинақтау жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
- •15.6. Конструкциялық схемалар және пайдалану мақсаты түрлі өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау технологиясы саласындағы проблемалық мәселелер.
- •2.3 Тәжірибе сабақтарының жоспары.
- •2.4. Стунденттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөж)
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөож).
- •2.6. Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары.
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.7. Курс бойынша емтихан сұрақтары.
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
2.1.Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау
Вариантты жобалау нақтылы объектіні салу технологиясы және ұйымдастыру жөніндегі көптеген шешімдердің ішінен мақсатқа толық жауап беретіндей ең тиімді деген жобаны тандауға мүмкіндік береді. Салыстарылатын варианттардың тиімділігін бағалаудың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері: құрылыстың өзіндік құны, еңбек сыймдылығы және құрылысты салу мерзімі болып табылады.
Бұл ретте оған негіз болар алғашқы мәліметтер ішіне объектіні салу шарттары мең оның көлемдік-пландық және конструкциялық шешімдері кіреді. Объектіні тұрғызу шарттарына;
— құрылысы ауданының геологиялық-климаттық сипаттамасы (аймактың климаттық ерекшеліктері, құрылыс алаңының геологиясы, су корлары және басқалар);
— қурылыс алаңның жағдайы (тарлық деңгейі, әсіресе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жанғырту жағдайында; жерасты коммуникацияларының барлығы, ғимараттар мен үймерет-терді бұзу қажеттілігі);
— ресурстық сипаттамалар (өндірістік базалардың, жергілікті кұрылыс материалдарының барлығы және қуаты, құрама элементтер және түзілістермен жабдықтау мумкіндігі мен рет-тілігі, тасымал құралдарының түрлері, энергетикалық және басқа да ресурстар жатады).
Объектіні салудың, көлемдік-пландык және конструкциялық шешімдердің шарттарын талдау нәтижесі бойынша құрылыс жұмыстарының тізімі мен құрамы белгіленеді. Осыдан кейін ішінен құрылыстың нақтылы жағдайына неғұрлым тиімді болады дегенін тандап алу үшін олардың түрлі варианттары жасалады.
Қурылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің технологиясьн жобалау тәжірибесі көрсетіп жүргеніндей, уйымдык-технологиялық шешімдерді тандау кезінде қандай да болсын шешім қабылдаудың нәтижелері қандай болатынын күні бұрын кешенді түрде есепке алудың маңызы зор. Мәселе құрылыс жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастыру құрылыстың негізгі техникалық -экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсерін тигізуінде болып отыр.Мысалы, жұмыстың өзіндік құнының қандай болуы, құрылыс мерзімінің қаншалыққа созылуы, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің денгеі және басқа да аса маңызды көрсеткіштер осыларға тәуелді.
Әдетте жұмыстардың біреунің технологиясын өзгерту басқа да жұмыстарға әсерін тигізеді. Соңднқтан ұйымдық-технологиялық шешімдерді тандау кезінде барынша жақсы нәтижеге жетумен бірге басқа да жұмыстардағы көрсеткіштердің жақсаруына әсер етіп, экономикалық ұтыс беретіндей түріне тоқталу керек. Сондықтан бағасы жөнінен үнемді әдіс еңбек шығындары немесе еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету жөнінен тиімсіз болып шығыу мүмкін.
Жумыстың өзіндік құны — құрылыс жұмыстары өндірісіне кеткен шығынның ақшалай көрінісі. Жұмыстардың өзіндік құны осы өндірістін, техникалық және ұйымдық жетілдірілуінің деңгейін бейнелейтін басты көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. Ол мына төмендегі формула бойынша анықталады:
К=(Ж+М+П+Т)Кк
Мұндағы Ж — жұмысшылардың тапқан жалақысы; М — материалдардың, бұйымдардың және түзілістердің құны, бұға дайындау-қоймалық шығын мен объекті жанындағы қоймаға материалдардың әкелу құны да қосылады; П — машиналарды, механизмдерді және жабдықтарды пайалануға кететін шығындар; Т — көлік шығындары; Қк - қосымша шйғындарды есепке алып отыратын коэффициент, оның ішіне әкімшілік-шаруашылық шығындары, өрттен қорғаушылар мен күзет қызметкерлерін ұстауға кететін қаржы, ескірген саймандар меи құралдарды жөндеуге, алмастыруға, материалдар мен түзілістерді пай-далануға кететін т. б. шығындар кіреді.
Машиналар мен механизмдерді пайдалануға кететін шығындар мына формула бойынша есептеледі:
П = Б + Пж + Тн / Тк + ПcмТн
Мұндағы Б — машиналарды тасымалдауға, жинақтауға және оларды бөлшектеуге, машиналардың жұмыс істеуі үшін қажет уақытша қондырғылар жасауға кететін бірмезгілдегі шығындар (кран жүретін жолдар, электр желілерін тарту және басқалар); Пж—жылдық пайдалану шығындары (механизацияның амортизациясына бөлінген қаржы және т. б.); Псм — сменалык пайдалану шығындары (машиналардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін машинистердің және басқа да адамдардың еңбегіне теленетін ақы, энергоресурстардың — электр куатының, отынның, сығымдалған ауаның, жағар май мен сүрту материалдарының кұны, күрделі жөндеу және соған ұқсастар, қосымша бөлінген қаржылары барлардың басқа барлық жөндеу тұрлеріне кететін шығындар); Тп —процесті орындау кезінде машиналарды пайдалану сменаларының нормативті саны; Тж —бір жыл ішінде машиналардың жұмыс істеу сменаларының кормативті саны.
Құрылыс процесінің өзіндік құнының элементтері ЕН и Р, СНиП-ның 4 бөліміне, материалдардың жинақтарда керсетілген буйымдардың және жабдықтардың, кұрылыс машиналары, жабдықтардың машина-сменалары бағаларын, осы сияқты басқа да нормативті кұжаттарды басшылыққа ала отырып есептеледі.
Жүмыстың еңбек сыйымдылығы — жұмыстарға кеткен еңбек шығындарымен сипатталады. Еңбек сыйымдылығы бірлігінің өлшеміне адам-сағат (ад-с) немесе адам-кун (ад-к) алынады. Олар жұмыс өндірісіндегі нормативті жұмыс уақытаның шығынын керсетеді. Жұмыстардың барлық түрлері бойынша жұмыс бірлігінің еңбек сыйымдылығының көрсеткіштері ЕН и Р-да көрсетілген.
Процесті орындаудың ұзақтығы операцияларды бірыңғай технологиялық процестерге байланыстыру және сызықтық графиктер мен циклограммаларды жасауда анықталады. Нақтылы жұмыс қөлемін орындауға кететін уақыт шығыны көптеген өндірістік факторларға: жұмыстың түрлері мен қөлеміне, технолоғиялық процестерді ұйымдастыру формаларына және оны механикаландыру дәрежесіне, жұмысшылар саны мен олардың қәсіптік шеберліктерінің деңгейіне және басқаларға тәуелді. Ұзақтық өлшемінің бірлігіне сағат, күн алынады.
Вариантты жобада алынған машиналар комплектінің тиімділігіне ұлесті келтірілген шығындар аз болса, солғұрлым тиімді болмақ
Үлесті келтірілген шығындар:
Күл = Кб + Эн Кк
Мұндағы Кб - өнім бірілігінің өзіндіқ құны, сом; Эн – күрделі қаржының экономикалық тиімділігінің нормативті коэффициенті (Эн = 0,12); Кк –үлесті күрделі қаржы, сом.
Тиімді шешімге келу үшін барлық варианттарды белгілі бір өлшемдер бойынша салыстыру керек. Егер құрылыс өндірісінің технорлогиясы мен ұйымдастыру мәселелері кқп варианттылықпен сипатталатынын ескерсек, бұл күрделі міндет болып табылады. Әдеттегідей, кез келген құрылыс-жинақтау процесін түрлі техниканы қолдану және жұмыстардың әртүрлі саның пайдалану, әртүрлі мерзімде және әртүрлі ұйымдастыру арқылы да атқаруға болады.
Осы себепті де құрылыс –жинақтау жұмыстарының құрамына кіретін құрылыс процестерінің барлығын да тиісті параметрлері мен құрамас бөліктерін есепке ала отырып құрылыс мерзімін нақтылы анықтау – ғимараттар мен үйлерді салудың басты міндеті деп танылады. Жұмыс өндірісінің түрлі өлшемдері мен шарттары түрлерінің қөп екендігіне байланысты бұл мақсаттарда электронды есептеу машиналарын (ЭЕМ) пайдаланған жөн. Алайда бүгінде бұл міндетті шешудің әдістері мен тәсілдері әртүрлі, тиімді вариантты таңдаудың бірыңғай әдісі жоқ.