
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
- •1.Пәннің оқу жоспары – syllabus
- •1.2. Пән туралы мәлімет
- •Жұмыс жоспарының кошірмесі
- •1.5. Пәннің қысқаша тусніктемесі
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі және түрлері, оларды орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8.Білімді бақылау және бағалу.
- •1 Модуль:
- •2 Модуль
- •1.9. Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Бельсенды үлестіретін материалдың мазмұны
- •6 Кесте
- •1.1.Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-түзілістік сипаттамасына қарап бағалау.
- •1.2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету.
- •1.3. Қоршаған ортаны қорғау
- •2.1.Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау
- •2.2. Тасқынды құрылыстың жаллы принциптері.
- •2.3. Тасңынның есепті параметрлері
- •2.4. Алмаспайтын құрылыс тасқыны.
- •3.1. Аланды құрылысқа инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамы және оларды белгілеу.
- •5.2.Құрылытық бас жоспар.
- •6.4 Ұймереттерді арнаулы мақсатты қалыптарда тұрғызу.
- •6.5. Ұймереттерді тұтас-құрамалы түзілістерден тұрғызу.
- •8.1.Үймереттерді тұрғызу қарқыны және бетондаудың интенсивтілігі.
- •8.2.Бетон қоспаларын дайындаудың, жеткізудің, берудің, қабылдаудың және төсеудің ыңғайлы технологиялық схемасын таңдап алу.
- •10.1. Өндірістік жұмыстардың мерзімдік жоспарын жасау.
- •10.2 Жұмыс сапасын қамтамасыз ету.
- •10.3 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
- •11.2. Толық жиналатын тұрғын үй және қоғамдық үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері.
- •11.3. Құрамалы өндірістік ғимараттардың құрылыстық-конструкциялық шешімдері
- •14.1. Жинақтау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.
- •14.2. Жинақтау жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
- •15.6. Конструкциялық схемалар және пайдалану мақсаты түрлі өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау технологиясы саласындағы проблемалық мәселелер.
- •2.3 Тәжірибе сабақтарының жоспары.
- •2.4. Стунденттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөж)
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөож).
- •2.6. Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары.
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.7. Курс бойынша емтихан сұрақтары.
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
1.2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету.
Өндірістің сапалық көрсеткіштерін жақсарту қазіргі заманғы құрылыстың өзекжарды міндеттерінің бірі болып табылады. Жобалау кезеңіндегі құрылыс өнімінің сапасы ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі дәрежесіне, қолданылып жүрген нормативті талаптарға сай келетіндей жоғарғы деңгейдегі жоба шешімдеріменайкындалады.
Жобалық шешімдер үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу процесінде жүзеге асырылады.
Құрылыстағы сапаны басқару жүйесін құрудың негізіне өнім сапасың мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесі алынады. Осы ережеге сәйкес сапаны басқару мемлекеттік, ведомстволық және өндірістік деңгейінде жүзеге асырылады.
Құрылыстағы сапаны басқаруды мемлекеттік денгейде құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитеттер жүргізеді. Олардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: өнім сапасын жоспарлау, сапаны сақтауға мемлекеттік бықылау ұйымдастыру, сапаны жақсарту жөніндегі шаралар жасау.
Сапаны басқарудың өндірістік деңгейі жобалау ұйымдарда, қәсіпорындар мен құрылыс ұйымдарында (бірлестіктерде, трестерде, басқармалында) ішкі өндірістік қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік деңгей орындаушылық деңгей болғандықтан оның негізгі міндетіне қолданылып жүрген нормативтер мен құжаттарға сәйкес сапаны қамтамасыз ету жөніңдегі шаралар жүйесін жасау жатады. Құрылыс-жинақтау жұмыстарының сапасы әрбір өндірістік процестің орындалуына жүйелі бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
Ұйымдастыру тұрғысынан сапаға бақылау ішкі және сырткы болып бөлінеді.
Сыртқы бақылау (техникалық қадағалау) – тапсырыс бойынша құрылыс салынып жатқан тапсырма берушінің және жобалау ұйымның авторлық қадағалау міндеті
Тапсырма берушінің техникалық қадағалауы (құрылысты салушының) – құрылысты салудың барлық мерзімінде жұмыс көлемі мен сапасына бақылау жасайды және мердігерден пайдалануға берілуге даяр объектіні қабылдайды. Тапсырма беруші алғашқы, аралық және түпкі қабылдау кездерінде бақылауға қатысады, бұл жөнінде құжаттар толтырылады.
Жобалаушы ұйымдардың автролық қадағалауы құрылыстың сапасын жақсарту, салыну мерзімін қысқарту және пайдалануға берілетін объектілердің сапасын және жетілдірілген материалдар мен түзілістерді құрылыстарда пайдалануды жобалау, құрылыс ұйымдарының және тапсырма берушінің жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Авторлық қадағалау жобадан ауытқулар мен жұмыстардың орындалуында олқылықтар табатын болса құрылысты тоқтатуға правосы бар.
Пайдалануға берілетін үймереттер мен ғимараттарды қабылдауды ұйымдастыру. Құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау сапаны бақылаудың қорытындылаушы және ең жауапты түрі болып табылады. Қабылдау тәртібі СНиП 111-3-76 «Құрылыстары аяқталған кәсіпорындарды, үймереттер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдау. Негізгі ережелер» арқылы реттеледі. Тапсыру мен қабылдау екі кезенде жүзеге асырылады. Тапсырма берушінің жұмысшы комиссияның мердігерден объектіні алдын ала техникалық қабылдауы және мемлекеттік комиссияның түпкілікті қабылдауы.
1.3. Қоршаған ортаны қорғау
Біздің елімізде қоршаған ортаны қорғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі заңдардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарлардың, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.
Табиғат экологиялық процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан ас сақтық жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын көре білу керек.
Қалалар мен елдімекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде карастырылуға тиіс.
Табиғаттың шынайы келбетін сақтауды қамтамасыз етуде құрылыс-жинақтау жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластырылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режиміне, ортаның экологиялық тепе-теңдігін бұзуға әкеліп соғады.
Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялық іздеулер кезенінен бастап жүзеге асыра бастау қажет.Қөлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұрақты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеу тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және көшкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және басқа да қажетті шараларды ойластыру керек.Іздеу жұмыстары аяқталғанынан кейін шурфтарды және басқа қосымша қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Құрылыс салынып жатқан территорияда сақталуға тиіс ағаштар мен бағалы көшеттер арнайы қоршаулармен қоршалады, тамыр жүйелерін қорғайтын тиісті гумус қабатты сақталуға тиіс, ал ағаштың діңі ағаш қораптармен жабылады. Ағаштардың және көшеттердің бағалы түрлері жобада көрсетілгендей, нөмірленіп қабылданады, ал оларды өткізу акті бойынша дендрологтың қатысумен жүргізіледі.
Ағаштар басқа жерлерге механикаландырылған әдіспен отырғызылады. Ағаш тамыр жүйесінің айналасындағы топырақпен бірге ойылып алынады, ал оны кранмен көтерген кезде арқанмен ілетін жерлері арнайы қапталармен оралады. Егер ағаш басқа территорияға апарылатын болса оның тамыр жүйесі ағаш жәшікпен қапталады. Қыста ағаш тамырының топырағы қатып қалған жағдайда оны қаптаудың керегі жоқ.
Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызғанда территорияны шаңдатпас үшін құрылыс қалдықтары мен қоқысты шығарып тастап отыру керек. Олар арнайы контейнерлерге тиеліп төгіледі немесе қораптармен қабылдау бункерлеріне түсіріледі. Құрылыста жарамсыз деп табылған құрылыс бұйымдары мен бөлшектерің және пайдаланылмаған құрылыс материалдардың қалдықтарын, әсіресе биту негізіндегі орамаларды, айыррушы материалдарды, бояғыштарды, автоқаптағыштарды және басқа да ауаны ластайтын қоқыстарды жағуға болмайды.
Объект жобада көрсетілген қөріктендіру және айналадағы территорияны көгалдандыру жұмыстары біткеннен сон, су, ауа, газ тазартатын құрылыстарды алдын ала техникалық қабылдаудан, осы секілді қатты қалдықтар территориядан шығарылғаннан кейін ғана пайдалануға қабылданады.
Негізгі әдебиеттер: 4 [12-14], [39-43]
Бақылау сұрақтары:
1.Азаматтық үймереттер мен ғимараттар қалай болінеді.
2.Біртекті объектілерді сипаттап бер
3. Әртекті объектілерді сипаттап бер
4. Қоршаған ортаны қорғау үшін қандай шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.
5. Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету.
Тақырып 2.Ұймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау.