
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
- •1.Пәннің оқу жоспары – syllabus
- •1.2. Пән туралы мәлімет
- •Жұмыс жоспарының кошірмесі
- •1.5. Пәннің қысқаша тусніктемесі
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі және түрлері, оларды орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8.Білімді бақылау және бағалу.
- •1 Модуль:
- •2 Модуль
- •1.9. Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Бельсенды үлестіретін материалдың мазмұны
- •6 Кесте
- •1.1.Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-түзілістік сипаттамасына қарап бағалау.
- •1.2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету.
- •1.3. Қоршаған ортаны қорғау
- •2.1.Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау
- •2.2. Тасқынды құрылыстың жаллы принциптері.
- •2.3. Тасңынның есепті параметрлері
- •2.4. Алмаспайтын құрылыс тасқыны.
- •3.1. Аланды құрылысқа инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамы және оларды белгілеу.
- •5.2.Құрылытық бас жоспар.
- •6.4 Ұймереттерді арнаулы мақсатты қалыптарда тұрғызу.
- •6.5. Ұймереттерді тұтас-құрамалы түзілістерден тұрғызу.
- •8.1.Үймереттерді тұрғызу қарқыны және бетондаудың интенсивтілігі.
- •8.2.Бетон қоспаларын дайындаудың, жеткізудің, берудің, қабылдаудың және төсеудің ыңғайлы технологиялық схемасын таңдап алу.
- •10.1. Өндірістік жұмыстардың мерзімдік жоспарын жасау.
- •10.2 Жұмыс сапасын қамтамасыз ету.
- •10.3 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
- •11.2. Толық жиналатын тұрғын үй және қоғамдық үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері.
- •11.3. Құрамалы өндірістік ғимараттардың құрылыстық-конструкциялық шешімдері
- •14.1. Жинақтау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.
- •14.2. Жинақтау жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
- •15.6. Конструкциялық схемалар және пайдалану мақсаты түрлі өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау технологиясы саласындағы проблемалық мәселелер.
- •2.3 Тәжірибе сабақтарының жоспары.
- •2.4. Стунденттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөж)
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөож).
- •2.6. Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары.
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.7. Курс бойынша емтихан сұрақтары.
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
1.1.Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-түзілістік сипаттамасына қарап бағалау.
Құрылыс өндірісінің негізгі өнімі үймереттер мен ғимараттар болып табылады.
Үймереттер — көтергіштер мен қоршаулардан немесе олардың жиынтығынан (көтергіштер мен қоршаулардан) құралған түзілістерден жасалған, жер үстінде өзара тұтасатын аумақ болып қалыптасқан құрылыс жүйесі. Онда адамдар тұрады, болмаса атқаратын міндеттеріне байланысты келіп-кетіп жүмыс істейді. Және ол түрлі өндірістік процестерді атқару үшін пайдаланылады.
Ғимараттар — түрлі өндірістік процестерді атқаруға, түрлі материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды сақтауға, адамдардың болуына, жүк және адамдардың алмасып тұруына және басқа да мақсаттарға пайдаланылатын құрылыс жүйесі. Ғимараттар аумақты, жазықты немесе ұзынша, жерастылық, жер-үстілік және жердегі болып келеді.
1.-сурет. Құрылыс объектілерінің жіктелуі.
Үймереттер мен ғимараттар пайдалаңу мақсатына орай өндірістік және азаматтық, инженерлік және гидротехникалық болып бөлінеді (1-сурет).
Өндірістік ғимараттар — өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыру, адамдардың еңбек етуіне және технологиялық жабдықтарды пайдалануға қажетті жағдайлар жасау үшін қызмет етеді.
Азаматтық үймереттер мен ғимараттар — тұрғын үйлік және қоғамдык болып бөлінеді. Тұрғын үй үймереттері қатарына адамдардың тұрақты түруына арналған пәтерлік үйлер, уақытша тұруына арналған жатақханалар мен қонақүйлер жатады. Қоғамдық үймереттер мен ғимараттар түрғындарға әлеуметтік қызмет етуге (мектептер, театрлар, музейлер, ауруханалар) арналған; қоғамдық ғимараттарға метрополитендер, стадиондар және басқалар жатады.
Барлық өндірісті және азаматтық ғимараттар, инженерлік қүрылыстар кеңістікке орналастырылуына қарай жинақталған, желі-бойлаған, территориялық — шашылыңқы түрлеріне бөлінеді. Жинақталған объектілер — шектелген территорияға орналасуымен сипатталады. Желі - бойлаған объектілерге көпірлер, төннелдер, эстакадалар, жолдар, құбырлар жүйелері және басқалар жатады.
Территориялық-шашылыңқы объектілер бір-бірінен мақсаты жағынан байланыспаған, едәуір қашыктықта орналасқан, пайдалану мақсаты жағынан бір-біріне байланысты емес (Мәселен, ауылдық жерлердегі түрғын үйлер және азаматтық ғимараттар, автомобиль және теміржол бойына орналасқан үймереттер мен ғимараттар).
Қүрылыстық-технрлогиялық белгілері жағынан бұл объектілер біртекті және әртекті болып бөлінеді.
Біртекті объектілер — бірыңғай түзілістерді қолданумен орекшеленеді. Сопдықтан мұндай объектілер біртүрлі түрақты технологиялар бойынша салына береді. Бұл объектілер біртүрлі және әртүрлі учаскелерден тұруы мүмкін. Оларда атқарылатын жұмыс көлемі мен мөлшері түзілістерді жинақтау реттілігі мен әдістеріне байланысты болады.
Біртекті объектілерді мелшері мен көлемі бірдей және бірнеше рет қайталанатын типтік секциялардан қүралатындығына байланысты оларды салуда ырғақты объектілік тасқын әдісін қолдану тиімді. Мұңдай объектілерге жеңіл, прибор жасау, радиотехникалық және басқа да әнеркәсіп салаларының турғын уйлері, біркатар азаматтык, бірқабатты және көпқабатты үймереттер, бойлап салынған ғимараттар (жолдар, кұбыр жүйелері және басқалар) жатады.
Біртекті объектілер өз кезегінде біртурлі және әртүрліге-бөлінеді.
Учаскелері әртурлі біртекті объектілерге орта және ауыр машина жасау өнеркәсібінің, автомобиль зауыттарының, токыма комбинаттарының көпшілік бірқабатты үймереттері және басқалары жатады. Бұл объектілер тиісті типтік түзілістерді толық бірқалыпқа келтірген күннің өзінде де жумыс мәлшері мен көлемі бірдей учаскелерге бөлуге келмейді. Мәселен, көп өткінді бірқабатты үймереттердің ішкі учаскелерінде сырткьг қорғағыш қабырғалар болмайды, кейбір учаскелерде негізгі түзілістерді жинақтау жамылғы элементтерін жинақтаумен шектелуі мүмкін, ал бағаналар мен кранасты арқалыктар шектес учаскелерге кран қатынай алатын болса алдын ала орна-тылады. Әртурлі учаскелері біртекті объектілерді салу кезінде жұмыс өндірісінің турақты технологиясы сақталады, алайда тасқындарды жузеге асыру үзақтығы түрліше болады.
Әртекті объектілерде типтік көп кайталанатын секциялар болмайды, жұмыс көлемі әркелкі, үймереттің түрлі бөлектерінде әртурлі түзілістер (болатты, күрама темір бетон, біртұтас темір бетон және басқалар) пайдаланылады, курделі және улкен технологиялық жабдықтар .орнатылады, олардың астына қуатты іргетас қүйылады. Әртекті объектілер қатарына көмір және таукен кәсіпорьндарының, металлургиялық заводтардын, химия өнеркәсібінің, бірқатар кәсіпорындарынынң, қант және цемент заводтарының, жылу және атом электр станцияларының және тағы басқалардың корпустары жатады.
Жұмыс көлемін біркелкі бөлмеу және уймереттердің түрлі бөлшектерінде әртүрлі тузілістерді пайдалану әдетте түрақты қүрылыс технологиясын колдануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан жекелегеп учаскелерде жумыс өндірісінің турлі реттілігі мен әдістерін пайдалануға тура келеді.