Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ТСП-2і.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.44 Mб
Скачать

15.6. Конструкциялық схемалар және пайдалану мақсаты түрлі өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау технологиясы саласындағы проблемалық мәселелер.

Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, құрылыс өндірісін басқарудың қазіргі жүйесінің бірқатар кемшіліктері бар, мәселен олардың буындары: жобалау, дайындау, комплектілеу, жеткізу және жинақтау әзірше бірыңғай технология кұрамай отыр, себебі олар бір-бірімен ұйымдастыру және экономикалық жағынан жеткілікті түрде байланысты емес. Бұл буындардың әрқайсысы әдеттегідей объектіні уақытылы іске қосуға деген өзіндік міндетті шешеді де түпкілікті нәтижеге яғпи объектіні мезгілінде пайдалануға беруді мақсат етпейді.

Сондықтан өндірістік құрылыстарды иидустриаландырудың болашағын ғимараттар мен үймереттерді комплекті-блокты әдіс бойынша тұрғызу жұмысымен байланыстыру қажет. Бұл жағдайда өнеркәсіптік объект-құрылыс конструкцияларының, кондырғылар меи инженерлік коммуникациялардың үйлестірілуі қарапайым, жай емес, біртұтас процесс деп есептеледі.

Тағы бір маңызды бағыт — жобалық шешімдерді жетілдіру болып табылады. Ол сайып келгенде құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізудің ғылыми-техникалық деңгейін анықтайды, еңбек өнімділігінің өсу негіздерін қалайды. Жобалық шешімдерді жетілдіру барысында материалдар, бөлшектер, түзілістер неғүрлым жетілдірілгендерімен алмастырылады, көлемді-жоспарлау шешімдері де өзгеріске түсіп, түзілістер мен жабдықтарды барынша блоктандыру мәселелері шешіледі.

Жобалық шешімдерді жетілдіру жаңа бағыттарды пайдаланумен бірге дәстүрлі шешімдерді жақсарту арқылы да жүзеге асырылады. Құрылыс өндірісінің тиімділігін арттыру бағыттарының бірі, ең қолайлы жолы — жеңіл металл түзілістерді қолдануға көшу, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп құрылыстарында бірқабатты өнеркәсіптік үймереттерді салу барысында үлкен жаппа конструкцияларын қолдану.

Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен үймереттерді комплектілеп салудың болашағы үлкен және тиімді әдісі — технологиялық жабдықтар мен құрылыс түзілістерін қосып жинақтау. Бірқабатты үймереттер үшін құрылыс түзілістерін бұлайша жинақтау көпірлі крандарды пайдаланғанда тиімді, олар кейін цехтың еденіне орналастырылатын жабдықтарын орнатуға да қолданылады.

Құрылыс жұмысын жүргізуге жергілікті жағдайдың үлкен асер ететіні белгілі. Құрылыс жұмысы географиялық және климаттық әртүрлі жағдайға қарамастан жыл бойына тоқтаусыз жүргізіледі. Сондықтан металл конструкцияларын таңдап алу, аралықтарды жақсылап өңдеу, басқа да процестерді дұрыс білу, жинактау технологиясын дұрыс қолдану аса маңызды іс болып табылады.

Негізгі әдебиеттер: 4 [133-151].

Бақылау сұрақтары:

1. Өнеркәсіптік үймереттерді жинактау технологиясы. Бірқабатты өнеркәсіптік үймереттер

2. Өнеркәсіптік үймереттерді жинактау технологиясы Қөпқабатты өнеркәсіптік үймереттер

3.Бірқабатты өнеркәсіптік үймереттерді металл конструкциялардан тұрғызу.

4. Копқабатты өнеркәсіптік үймереттерді металл конструкциялардан тұрғызу.

5. Ғимараттарды комплектілі-блокты бұйымдардан тұрғызу

6.Үймереттерді конструкциялық элементтерді үйлестіре отырып, әртүрлі материалдардан турғызу

7.Конструкциялық схемалар және пайдалану мақсаты түрлі өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау технологиясы саласындағы проблемалық мәселелер.

8.Үймереттер мен гимараттардың құрылыс технололгисының кезіндегі техника қауіпсіздігі.