
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
- •1.Пәннің оқу жоспары – syllabus
- •1.2. Пән туралы мәлімет
- •Жұмыс жоспарының кошірмесі
- •1.5. Пәннің қысқаша тусніктемесі
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі және түрлері, оларды орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8.Білімді бақылау және бағалу.
- •1 Модуль:
- •2 Модуль
- •1.9. Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Бельсенды үлестіретін материалдың мазмұны
- •6 Кесте
- •1.1.Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-түзілістік сипаттамасына қарап бағалау.
- •1.2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету.
- •1.3. Қоршаған ортаны қорғау
- •2.1.Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау
- •2.2. Тасқынды құрылыстың жаллы принциптері.
- •2.3. Тасңынның есепті параметрлері
- •2.4. Алмаспайтын құрылыс тасқыны.
- •3.1. Аланды құрылысқа инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамы және оларды белгілеу.
- •5.2.Құрылытық бас жоспар.
- •6.4 Ұймереттерді арнаулы мақсатты қалыптарда тұрғызу.
- •6.5. Ұймереттерді тұтас-құрамалы түзілістерден тұрғызу.
- •8.1.Үймереттерді тұрғызу қарқыны және бетондаудың интенсивтілігі.
- •8.2.Бетон қоспаларын дайындаудың, жеткізудің, берудің, қабылдаудың және төсеудің ыңғайлы технологиялық схемасын таңдап алу.
- •10.1. Өндірістік жұмыстардың мерзімдік жоспарын жасау.
- •10.2 Жұмыс сапасын қамтамасыз ету.
- •10.3 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
- •11.2. Толық жиналатын тұрғын үй және қоғамдық үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері.
- •11.3. Құрамалы өндірістік ғимараттардың құрылыстық-конструкциялық шешімдері
- •14.1. Жинақтау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.
- •14.2. Жинақтау жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
- •15.6. Конструкциялық схемалар және пайдалану мақсаты түрлі өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау технологиясы саласындағы проблемалық мәселелер.
- •2.3 Тәжірибе сабақтарының жоспары.
- •2.4. Стунденттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөж)
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөож).
- •2.6. Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары.
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.7. Курс бойынша емтихан сұрақтары.
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
14.2. Жинақтау жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Түзілістерді жинақтаудың кешенді процестері жөнінде кабылданған шешімдерді бағалау жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау негізінде жүргізіледі. Мындай көрсеткіштерге: өнім бірлігін жинақтаудың езіндік қүны (сом/т, сом/м3); жұмыс ұзақтығы (сменалар); өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы (адам-с/т, адам-с/м3; физикалық өлшемдегі адамдар мен крандардың сменадағы өнімділігі (т, м3); барлық жұмыс көлеміне еңбек шығыны (адам-смена), машина шығыны (маш-смена) жатады.
Өнім бірлігін жинақтаудын өзіндік құнын:
Сб =Ст.ж/Рж , сом/т; сом/м3
формуласы арқылы анықталды, мүндағы Ст.ж — құрылыс түзілістерінің жалпы көлемін жинақтаудың өзіндік құны, сом; Рж — жинақталған түзілістердің жалпы көлемі, м3.
Түзілістерді жинақтаудың кешенді процестерінің (мамандандырылған тасқынның) ұзактығы жұмыстар өндірісі графиктері немесе тасқынды өндіріс заңдылықтар бойынша анықталады.
Бірқабатты үймереттердің учаскелеріндегі тузілістерді ырғақты мамандандырылған тасқынмен жинақтаудын ұзақтығын:
Т= ∑ [ mj kj + (nj – 1) kj + t ұтj ] - ∑ tжбj
i j=1
формуламен анықтайды, мүндағы: mj — j учаскесінедгі алымдардың саиы; kj —тасқын ырғағы (j учаскесіндегі алымдағы жеке тасқынның орындалу ұзактығы); nj — j учаскесіндегі процестер саны; t ұтj —процестердің орындалу аралығындағы үйымдык және технологиялық үзілістердің ұзақтығы; tжбj — j учаскелеріндегі жұмыстарды біріктіріп жүргізудің ұзақтығы.
Қөпқабатты үймереттердің түзілістерін мамандандырылған таскынмен жинақтаудың ұзақтығы былайша анықталады:
Т= Nmk + ∑Ті +Тk ,
Мұндағы: N — қабаттар саны; m — алымдар саны; k — тасқын ырғағы; ∑Тi — орындалуы үшін жетекші процесті — түзілістерді орнатуды тоқтатуды қажет ететін технологиялық қосымша процестердің ұзақтығы, Тк — үймерет түзілістерін орнату процестері аяқталғаннан кейін орындалатын технологиялық қосымша процестердің ұзақтығы.
Құрама түзілістерді жинақтаудың өнім бірлігнің еңбек сыйымдылығы, адам-сағ/т немесе адам-сағ/м3
Qб = Q т.ж / Pж
формуласымен айқындалады, мұндағы Q т.ж —құрамалы түзілістерді жинақтаудың жалпы еңбек сыйымдылығы, адам-сағ; Рж — жинақталған түзілістердің жалпы көлемі, т, м3. Сменадағы жұмысшылар өнімділігі, т немесе м3:
Ө = Рж tcм /От.ж
болады, фромуладағы tсм — сменаның ұзактығы, сағ. Кранның сменадағы өнімділігі, т немесе м3:
Өкр =Рж /tо
болады, мұндағы tо — түзілістерді орнату ұзақтығы, сменалар.
Жинақтау жұмыстарының кабылданған түрінің экономикалық тиімділігін келтірілген шығындардың айырмашылығы бойынша анықтау болады:
Э=(С1-С2) + Е(К1—К2),
мұндағы С1—С2 — салыстырылатын варианттардағы жұмыс бірлігіндегі өзіндік құндағы айырмашылық; Е — тиімділіктін нормативті коэффициенті; К1—К2 — салыстырылатың варианттар бойынша күрделі қаржылардың үлес салмағының айырмашылығы.
Жинақтау крандары үшін күрделі қаржылардың үлес салмағы
К=∑Sj /Nнj gкj
формуласымеп шығарылады, мұндағы Sj —кранның есепт құны, Nнj — жыл ішіндегі кран жұмыс істейтін сменалардың нұсқаулы саны; gкj — кранның сменада атқаратын жұмыс кө-лемі, т немесе м3.
Негізгі әдебиеттер: 4 [97-104].
Бақылау сұрақтары:
1. Жинақтау жұмыстары өндірісінің мерзімдік жоспарын құру.
2. Жинақтау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.
3. Жинақтау жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Тақырып 15. Өнеркәсіптік үймереттерді жинактау технологиясы.
15.1. Біріңғай параметрлі құрастырылмалы темірбетон конструкцияларынан бірқабатты жәнекөпқабатты үймереттер салу. Бірқабатты өнеркәсіптік үймереттер халық
шаруашылығының әр саласындағы кең тараған инженерлік құрылыстардың ерекше түрі болып табылады.
Салынатын өндіріс орындарының ерекшелігіне қарай жинактау жұмыстарының көлемін, орындау тәсілдерін және жұмыс кезеңінде қолданылатын жинақтау механизмдері мен құралдарды анықтап отыратын жан-жақты көлемдік-жоспарлы және конструктивті шешімдері болады.
Өнеркәсіптік бірқабатты үймереттердің қаңқалары құрастырмалы темір бетоннан немесе аралас темірбетонды бағаналар мен жабын плиталарынан, кранастылық арқалықтардан, металды фермалардан және байланыс жаппаларынан тұрғызылады.
Үймереттер жүк көтергіш қондырғылармен қамтамасыз ету жағдайына байланысты кранды және крансыз болып бөлінеді.
Бірқабатты крансыз үймереттер екі бағытқа айтарлықтай созылған бір типті ұялар мен түзілістерден тұрады. Әдетте мұндай үймереттердің каңқасы салмағы 18 т , қүрастырмалы темір-бетон түзілістерінен жасалады. Әсіресе, металл төсеніштерді пайдаланғанда 24 метрлік жаппа металл конструкцияларынан жасалады.
Бірқабатты өнеркәсіптік үймереттер белгілі бір технологиялык жүйемен салынады, бүл жүйе технологиялық жабдықтарды күні бұрын жинақтауды қамтамасыз ету үшін салынатын объектілердің көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдеріне және орналастрылатын цехтарды пайдалануға берудің кезегіне қарай белгіленеді.
Үймереттердің жер үсті бөліғін салу кезінде қурамалы болат немесе темір-бетон конструкцияларын жинақтау жүмыстары жетекші процесс болып табылады.
Бірқабатты енеркәсіптік үймереттердің құрастырмалы темір-бетон бағаналарын, аркалықтар мен фермаларды, плиталар мен жаппаларды, сыртқы кабырғаларды жинақтау негізінен жеке-жеке яғни, жекелеген конструкциялық элементтерді салу арқылы жүзеге асырылады (18-сурет). Фонарларды, байланыс,кранасты арқалықтарды, терезе жақтауларын жинақтау көбінесе ірілендірілген блоктар арқылы жургізіледі. Сонымен бірге бұл конструкциялық элементтер сенімді, берік жинақталған жазық және кеңістік блоктардан құралуы мүмкін. Конструкцияларды блоктармен жинақтау қазіргі замаңғы қүрылыстағы жинақтау жұмысы технологиясынын, ең бір озық әдісі болып табылады. Бірқабатты өнеркәсіптік құрылыстарда кешенді блоктардан жинақтау жұмысын жүргізгенде жабу үшін тек қана жеңіл, тиімді металл конструкциялары қолданылады (19-сурет).
БІрқабатты өнеркәсіптік үймереттерін жинақтау үшін конструкциялық элементтерді орнатудың жүйелілігіне қарай жинақтаудың дифференциалды (жеке-жеке), кешенді (біріктірілген) және аралас әдістері қолданылады.
Дифференциалды әдіс бойынша үймереттердің біркелкі конструкциялық элементтері уақыт бойынша үйлестірілген тәуелсіз тасқындар арқылы жинақталады. Алайда бұл әдіс жаппа түзілістерін жинақтағанда қолданылмайды, бұл типтер ерекшеліктеріне байланысты.
Жинақтау кешенді әдіс бойынша атқарылғанда жинақтау беріктігінің негізің қалайтын барлық түзілістердің бекітілуін немесе салыстыру, тексеру бір тасқын бойынша үймереттің бір немесе қатарлас ұяшықтары (ячейкалары) аумағында жүргізіледі.
Аралас әдіс (комбинированный) бойынша жинақтау жұмысы жүргізілгенде алғашкы екі әдістін, кейбір элементтері кездеседі. Бұл әдіс бірқабатты, енеркәсіптік үймереттердің түзілістерін жинақтағанда қолданылады.
Бағаналар, кранасты арқалықтары және қабырғалық кедергілер дифференциалды әдіс бойынша, жеке тасқындармен жинақталады, ал тіреуіш асты және тіреуші арқалықтары, фермалар мен жаппа плиталар кешенді эдіспен, бірыңғай тасқында жинақталады.
18-сурет. Құрама түзілістерді жинақтау үлгісі:
а — іргетастарды; б — бағаналарды; в — кранасты арқалықтарды; 2 —жамылғы түзілістерін; I—кран; 2 — жүк ілу құрылғысы; 3— іргетас; 4 —плита; 5 —бағана; 6 —кранасты арқалық; 7 — ферма; 8 — жамылғы плита; 9—автокөліктер құралы.
Жинақтау процесінің даму бағытына байланысты ұзыннан және көлденеңінен жинақтау әдістері белгіленеді. Бірқабатты өнеркәсіптік уймереттерде негізінен құрылысты бойлай жинактау немесе аралықтарды бойлай жинақтау әдісі қолданылады.
Жаппа конструкцняларының кейбір элементтері де бойлай және көлденеңінен жинақталуы мүмкін. Мұндай жағдайда жинақтау краны жинақ алаңынан тыс жерде орналасады. Жаппа плиталар жинақталған стропольды конструкциялар арқылы орнатылады (20-сурет). Көлденең бағыт бойыиша жинақтау жұмысы жүргізілгенде кран жинақталатын ұяшықтың ішіне, ал кран жебесі жинақталатын плитаға көлденең орналасады (21-сурет). Соңғы әдісті негізінен крансыз үймереттерде кранның параметрі жаппа плиталарын жзинақтау жағдайына сай келгенде ғана қолданылады.
Бағаналар іргетас стақанының түбін дайындағаннан кейін және жобадағы талаптарға сай тікелей жоспарда көрсетілгеніндей, инструменталды тексерістен өткізілгеннен кейін ғана құрастыралады.
Бағаналар құрылыс алаңына автокөліктермен жеткізіледі, мұндай жағдайда жеңіл бағаналар (салмағы 8 тоннаға дейін) жинақтау орнына кран тұрған орынға жақын алдын ала жеткізіледі, ал ауырлары жинақтау кранына сағаттық график бойынша жеткізіліп, көлік үстінен тікелей жинақталады.
19-сурет. Жамылғыларды блоктап жинақтау улгісі:
1 — инвентарь тасымалды жолдар; 2 — жылжымалы кондуктор; 3, 4 ~ крандар; 5 —қиыршық тас қабатының үстіне салган темірбетонды жол плиталары; 6 жамылғы блок; 7 —траверса; 8 —кендір арқаннан жасалған тартқыш
Бағаналар қатары орналасқаннан кейін оның жобасы түпкілікті тексерістен өткізіледі де, іргетас пен бағаналардың ара жігі кұйылып бекітіледі. Бағаналар тұтас бетонмен күйылуға топтап, партиямен беріледі.
Кранасты арқалықтар тікелей көлік үстінен бірден жинақталады. Арқалықтарды жобадағы жағдайға сәйкес орналастыру арқалықтардың кіндігі мен бағаналардың консольдері арқылы біріктіріледі. Арқалықтар анкерлі болттардың көмегімен тіреулерге уақытша бекітіледі. Қранасты арқалықтарын түпкілікті тексерістен өткізу жинақтық қамтылу шеңберінде немесе температуралық секцияларды орналастыру барысында геодезиялық аспаптардың көмегімен жүзеге асырылады, бұдан кейін аркалыктардың бекіткіш детальдары бағаналардың төсеніш бөлшектеріне дәнекерленеді.
20-сурет. Жамылғы түзілістерін көлденен әдіспен жинақтау үлгісі:
1 — бағана;2 — жиналған жамылғы;3 — уақытша қоршау;4 — плиталар қатары; 5 — телескопты мұнара; 6 — фермаларды уақытша бекітуге арналған ннвентаръ сүйеніш; 7—итарқалык ферма; 8 — кранңың әрекет ету радиусы; 9 —плита тасушы; 10 — ферма тасушы; 11—кран
Ұзындығы 12 метрлік металл кранасты арқалықтар зауыт жағдайында ірілендірілген блоктармен жинақталып немесе 2-ші жөнелту бірлігі ретінде кұрылыс алаңына жеткізіледі.
Жаппаларды құрастыру (тіреуіш асты және тіреуіштік фермалар және арқалықтар, жаппа плиталар) кешенді әдіспен және жеке тасқымен орындалады.
Фермаларды және арқалықтарды, сол сияқты 12 метрлік жаппа плиталарды бірден тасымал құралдары үстінен жинақтау үсынылады. 6 метрлік плиталар жинақтау краны аймағына алдын ала жайылып қойылуы керек. Құрастырылатын жаппалардың барлық бөліктерін алдын ала жайып қою тәсілін де қолдануға болады.
Стропты фермалар мен арқалықтар жобадағы жағдайға өстік белгілерімен төменгі құрастырмалардың жоғарғы бетімен біріктірілуі негізінде орнатылады (бағаналар, тіреуіш асты фермалары), осыдан кейін олар осы құрастырмалардық төсеуіш бөлшектеріне дәнекерлеу арқылы бекітіледі.
Қабырга қоршауларын жинақтау соңғы жылдары жаңа технология бойынша жүзеге асырылуда. Оның ерекшелігі — жинақтау жұмысы мамандандырылған мұнаралы-жебемен жабдықталғаң крандармен жүргізіледі. Мұнда жинақшылардың жұмыс орны толық механикаландырылған және жинақтау алаңы тігінен қозғала алады, мұнара бойымен көтеріліп, түсіріледі, сонымен бірге мұнарадан қабырғаға дейін және кері қарай қозғала алады.
Қабырғалык панелдер осы технология бойынша жинактағанда крандар мен кабырға панелдері бар кассет төмендегідей уш түрлі жағдайда орналасуы мүмкін: кассета қабырға мен кранның арасына орналасады (үймерет тым биік болмағанда), мүндай жағдайда бір кассетадағы панелдердің саны қабырғаның барлық биіктігіне орнатуға жететіндей болуы керек және үймереттің алдыңғы жағынын көлденен қасбетінің аймағының ені ең аз дегенде 8,5метр болуға тиісті; жинақтау краны кассета мен жинақталатын қабырғанын, аралығында орналасады (қалған жағдайы бірінші варианттағы тәрізді); жинақтау краны үймеретке бойлай орналасқан екі кассетаның аралығына қойылады (үймерет аса биік болған жағдайда), екі кассетадағы панелдер үймерет қабырғасының барлық биіктігіне орналасуға жетеді.
15.2. Қөпқабатты өнеркәсіптік үймереттер. Пайдалану мақсаттары әртурлі көп қабатты үйлерде, құрылыс-жинақтау процестерін көлдеңен, тік және құрастыру бағыттарында өрістетуге болады. Процестерді көлдененінен өрістету объектінің қабаттарын кезектеп тұрғызу арқылы жүргізіледі. Жұмыстар тігінен жүргізілгенде көп қабатты үймереттер олар-дың биіктігі деңгейінде жекелеген ярустар бойынша аткарылады. Аралас әдісте процестердің бір бөлігі келденең, екіншісі тікелей бағытпен жүргізіледі.
Қөпқабатты өнеркәсіптік үймереттердің құрастырмалы түзілістері әдетте кешенді әдіс бойынша жинақталады. Қейбір жағдайда құрылысты тұрғызу аралас әдіс бойынша жүргізілуі мүмкін.
Екі немесе одан да қөп крандармен жұмыс істегенде өндірістік жұмыстардың қауіпсіздігі мақсатында крандардың әрекет ету аймағының ара қашықтығын сақтауды қамтамасыз ететіндей түзілістерді жинақтау кезегі белгіленуі тиіс.
Кепқабатты өнеркәсіптік үймереттерді тұрғызу кезінде жинақтау жұмысын жеке элементтер бойынша әдетте жүргізу әдісі жиі қолданылады. Құрастырмалы түзілістерді жинақтау бағаналардан бастап бірқабатты үйлердің элементтерін жинақтау тәрізді жүрғізіледі. Жертөлелер мен бірінші қабаттың темір-бетон бағаналары стақан типті іргетастарға орнатылып, бекітіледі. Одан кейін бағаналарға бірінші қабаттың риғельдері орнатылады және ригельдер мен бағаналардың бірігетін жіктері пісіріліп бекітіледі. Бұдаң соң барлық плиталарды орнатудан және оларды төртбұрышынан ригельдерге пісіріп бекітуден басталған жабын плиталарын жинақтау жұмыстары жүргізіледі.
Қабырғалық қоршағыш түзілістерді жинақтау үймерет қанқасының негізгі конструкцияларын жинақтауды жүзеге асыратын крандардың көмегімен атқарылады, я болмаса осы мақсатқа арналған басқа да ме- ханизмдер көмегімен жургізіледі.
Көпқабатты қаңқалы үймереттердің тузілістері әдетте мұнаралы немесе мұнаралы-жебелі жобадағы жасалған өздігінен жүретін жебелі крандардың көмегімен жинақталады. Ені онша үлкен емес құрылыстар үшін жабдықталған өздігінен жүретін шынжыр табанды жебелі крандарды колдануға болады. Қейбір жағдайда құрылыстың ені айтарлықтай үлкен, немесе өте биік болса бес қабатқа дейінгі жинақтау жүмыстары кранның көмегімен атқарылады. Мұндай жағдайда құрастырмалы түзілістер мен технологиялық қондырғыларды араластыра жинақтаудын нәтижесінде елеулі тиімділікке кол жеткізуге болады.
Жұмыс істейтін негізгі жинақтау кранын немесе крандар комплектісін орнатқаннан кейін кұрастырмалы жинақтаудың тандап алынған әдісіне сәйкес түзілістердің элементтерін жинақтағанда оның қозғалыс схемасьна негіздеу керек. Мұндайда жинақтау жұмысын ұйымдастырудың тиімділігін анықтайтың негізгі факторы — кранның жинақтау алаңының. бойымен ең аз мөлшердегі қозғалысы және бір кран аялдамасынан барынша көп жинақталатын элементтердін саны болып табылады ( 21,22 -суреттер).
21-сурет. Бір қабат өндіріс ғимараттарының кранасты арқалықтарын жинақтау үлгісі:
а-кранралықтың ортасымен жүргенде; б-бағаналарға жақындап жүргенде; в- осындай бір өтісте; 1, 11, 111 – кран тұрақтарының варианттары; 1 – жинақтау бағыты
22-сурет.Бірқабат өндіріс ғимараттрының жамылғы түзілістерін жинақтау үлгісі:а – кранаралықтың ортасымен жүргенде; б – аралықтың ортасынан
Материалдық және ақшалай шығынды қысқарту мақсатымен кұрастырмалы бөлшектер мен түзілістерді сақтайтын аланды әрбір кран аялдамасының аумағында орналастырған жөн.
Түзілістердің элементтерін өздігінен жүретін жебелі кранмен жинақтағанда, оны жинақтау блогының, алымдардың және үймереттін, аумағында орналастыру кажет.
15.3 Бір және көпқабатты өнеркәсіптік үймереттерді металл конструкциялардан тұрғызу.Металл конструкциялардан салынатын бірқабатты өнеркәсіптік үймереттердің аралықтары 18, 24, 30 және 36, биіктігі 18метр болады. Көрсетілген параметрлі үймереттерді салуға тиіітік түзілістер кеңінен қолданылады. Мұндай үймереттерді тұрғызу әдісі негізінен бірыңғай темір-бетон копструкцияларынаң салу әдісіне өте ұқсас.
Сонымен бірге технологиялық және функционалды талаптар үймереттердің түзілістік элементтерінің аралықтарын ұлғайтумен байланыстырылады. Сондықтан соңғы жылдары өнеркәсіптік үймереттерді 96 метрлік аралықтарда салу жиі қолға алынып жүр, кесілмеген ұзынша кранасты және кранастытіреуіш арқалықтар мен фермалар кеңінен қолданылады.
Үлкен арқалықты үймереттердің төбесін жабуға металл арқалықты және фермалы жүйелер, блокты-арқалықтар және панелді-блокты тузілістер, құрылымды және рамалы түзілістер: аспалы жаппалар, аркалық және күмбезді жүйелер және басқалар қолданылады.
Дәстүрлі металл конструкцияларын жинақтау олардың үлкейтілу дәрежесіне байланысты төмендегідей негізгі әдістермен: ағаштарды немесе жылжымалы көпірлерді пайдалану арқылы тікелей жобаға сәйкес жекелеп жиналатын конструкциялық элементтермен, алдын ала стендтерге немесе конвейерлі линияларға бекітілген жинақтау блоктарымен, алдын ала жоба бойынша орнатылатын жерде ірілендірілген жабдықтарды толығымен жабу аркылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта жинақтау крандарының қуаттылығы жиналатын элементтердің салмағын арттыруға және түзілістерді жерде жеке бөлшектері бойынша құрастырып, үлкейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге түзілістерді үлкейту экономикалық жағынан тиімді болуы керек және бағасы қымбат қуатты крандарды қолдану барысында машина-смена құнын қымбаттатып алмау жағын ойластырған жөн.
Көлемі мен биіктігі онша үлкен емес металл конструкцияларынан тұратын қөп қабатты өнеркәсіп үймереттері әдетте жекелеген элементтері бойынша өздігінен жүретін жебелі крандармен (жыланбауырлы, рельсті) жүк көтергіштігі 7,5—10 тонна мүнаралы-жебелі крандармен тұрғызылады, конструкциялық элементтерді шектеуі белгіленген деңгейде орнатуды қамтамасыз етеді. Әдетте жүмыс көлемі үлкен болмаса, түзілістер үлғайтылмайды.
Үймереттердің құрылыс аумағы айтарлықтай (15—20 мың шаршы метр) және жинақталатын түзілістердің көлемі үлкен болса (10 мың тонна және одан жоғары) онда құрылыс жұмысы жүк көтергіштігі 20 тонна және одан жоғары мұнаралы немесе рельсті крандармен ірі блокты жинақтау әдісі бойынша жүргізілгені жөн. Мұндай әдіс жинақтау жұмыстарының мерзімін қысқартуға және көтеріліп эперілетін жинақтау түзілістерін азайтуға мүмкіндік жасайды.
Қаңқаның арқалық элементтерін жинақтаумен бірге кұрастырылатын қанқа бөлігінің беріктігін қамтамасыз ететін байланыс элементтері де жинақталуы керек. Бағаналарды жоба бойынша бекіту ұяшықты қалыпқа келтіргеннен кейін орындалады.
15.4. Ғимараттарды комплектілі – блокты бұйымдардан тұрғызу. Қомплектілі-блокты әдіс құрылыс-жинақтау жұмыстары технологиясындағы ең жаңа әдіс болып табылады, мұндай жағдайда кұрылыс алаңы технологиялық конвейерге айналады. Бұл технология бойынша тасқынды конвейердің барлық буындары — тузілістер мен жабдықтарды жасау, түзілістердін, құрылыс-технологиялық блоктарын құрастыру және жабдықтар блоктарын жинақтау, оларды тасымалдау мен құру толығымен түпкі нәтиже — объектінің пайдалануға берілуіне бағытталған. Қонвейер жұмысы зауыт жағдайында басталып, құрылыс алаңында аяқталады, яғни каңқаның арқалық түзілістерін және жабдықтар блоктарын агрегаттау жұмыстары бірыңғай тұтас процесс болуы керек.
Құрылыс жұмысын комплектілі-блокты әдіс бойынша жүргізгенде өнеркәсіптік объект жекелеген құрылыс-жинақтау және арнаулы жұмыстардың жекелеген турлерін үйлестіріп қана қоймады, ол біртұтас процесс деп есептеледі. Бұл міндеттерді орындау үшін ғимарат пен басқа да кұрылыстарды көлемді жоспарлау негізіндегі жобалық шешімдерді жүзеге асыру, озық конструкциялық схемаларды қолдану, кондырғылар мен инже-нерлік коммуникациялардын технологиясын жетілдіру қажет. Жобалауды осылайша жүргізу құрылыс технологнялық және салынып жатқан объектілердің басқа да бөліктерін блоктарға біріктіруге мүмкіндік береді.
15.5. Үймереттерді конструкциялық элементтерді үйлестіре отырып, әртүрлі материалдардан тұрғызу. Темір-бетон, металл немесе осы екеуінен кұрылған аралас каңқалар бірқабатты және бірнеше қабатты үйлердін конструкциялық негізі болып табылады.
Қазіргі технологиялық және функционалды талаптар әртүрлі мақсаттарға негізделген өнеркәсіптік үймереттерді, әсіресе аралықтарының саны, биіктігі әртүрлі конструктивті элементтер мен материалдардан құралған бірқабатты үйлерді тұрғызуды қамтамасыз етеді. Өндірістік жұмыстардың технологиясына және ұйымдастырылуына қарай мұндай объектілер біртекті болып келмейді.
Мүңдай өнеркәсіптік үймереттер әдетте өзара үйлестірілген мамандандырылған тасқындармен салынады, олардын, ішіндегі негізгісі — өте күрделі және қымбат машиналар мен механизмдерді және жабдықтарды қажет ететіні.
Типті қаңқалы үлкен аралықты үймереттерді түрғызу кезінде жаппалардын аралық конструкцияларын орнатқанда әдеттегіден тыс шешімдер қабылдануы мүмкін. Гидрокөтергіштер мен өздігінен жүретін қондырғыларды қолдану арқылы аралықтары кең жаппаларды жинақтау үлгісі де белгілі.