Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ТСП-2і.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.44 Mб
Скачать

14.1. Жинақтау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.

Құрылыстық жоғары сапасы салынатын үймереттер мен ғимараттардың беріктігі мен ғүмырының ұзақтығының негізгі шарты болып табылады. Құрылыс сапасы көптеген факторларға тәуелді, алайда жинақтау жұмыстарының сапасы ерекше маңызға ие болады.

Құрамалы құрылыста сапаны қамтамасыз ету түзілістерді жинаудың дәлдігімен тығыз байланысты. Түзілістердің жинаулы элементтердің дәлдікпен жасалуына, геодезиялық бөлу жұмыстарының тыңғылықты орындалуына және элементтердің дұрыс орнатылуына толык тәуелді. Элементтерді жасау және оларды жинақтау продесінде жіберілген ауытқушылықтар нормаларда көрсетілген болса, түзілістер сапасына нұқсан келмейді деп кепілдік беруге болады. Нормаларда көрсетілген кездейсоқ жансақтық ауытқу шектері деп аталады.

Құрылыстағы геометриялық параметрлердің ауытқу шектері функционалды және технологиялық болып бөлінеді. Алғашкылары элементтердің туйісетін жерлерінің және түзілістердегі элементтердің орналасуының, ал екіншілері элементтерді дайындау және орнату жөніндегі технологиялық процестер мен операциялардың, осы сияқты бөлу жұмыстарын орындаудың дәлдігін белгілейді.

Ауытқу шектерін белгілеудің мақсаты құрамалы түзілістердің дәл жасалуын қамтамасыз ету болып табылады, яғни ауытқу шектерінде ғимараттар мен үймереттердің геометриялық параметрлеріне сай дәлдікпен жинастыру мүмкіндігі карастырылған бөлек жасалған түзілістердің касиеттері көрсетілген.

Жалпы жинақтала келгенде технологиялық ауытқулар шектерінің жүйесін құрайтын ғимараттардың элементтерін дайындаудың, бөлудің, құрылыс және жинақтау жұмыстарын орындаудың жалпы технологиялық ауытқулар шектерінің өлшемдері ГОСТ-21778~81-де келтірілген.

Технологиялық ауытқулар өлшемдері —∆, мм, мына формула бойынша анықталған:

∆ = іk,

мұндағы і — ауытқу шегінің бірлігі, ол нормаланған геометриялық параметрдің өлшеміне қарай анықталады; k — тиісті дәлдік класс бірлігінің санын белгілейтін дәлдік коэффициенті.

Дайындаудың технологиялық ауытқулар щектеріне элементтердің линейлі мөлшерлері, сыртқы элементтердің формалары мен олардың өзара орналасу жагдайлары кіреді.

Элементтердің линейлі мөлшерлерінің ауытқу шектері олардың үзындығы, көлденеңі, биіктігі, қалыңдығы немесе диаметрі бойынша дайындалуының, шығыңқы жерлердін, қуыстардың, тесіктердің, ойықтардың, бекітетін және байланыстыратын бөлшектердің көлемдері мен орналасуы жағдайларының, осы сияқты элементтерге салынатын белгілердің дәлдігін көрсетеді.

Бөлу жұмыстарының дәлдігі жоспардағы өстерді (нүктелерді) бөлу, өстерді (нүктелерді) тігінен және нүктелердің жармасы бойынша жеткізу, осы сияқты жоғарғы белгілерді бөлу мен жеткізудің ауытқу шектерімен реттеледі.

Құрамалы түзілістер элементтерін орыату дәлдігі бағдарларды, нүктелерді, сызықтарды, сыртқы түрлерді үнлестірудің ауытқу шектері және элементтерді орнатудың симметриялығының ауытқу шектерімен реттеледі.

Белгілі бір жинақтау әдісі (еркін, шектеулі еркіндік, күштеп жинақтау жағдайында) үймерет элементтерін орнату дәлдігі жұмыстарды атқарудың пайдаланылатын технологиялық әдісте-ріле, бейімделген жинақтау тетіктеріне және құралдарына, осы секілді дәлдікті бақылау құралдарына және әдістерімен тығыз байланысты.

Технологиялық қамтамасыз етілуіне қарай элементтерді орнату дәлдігінің кластарын белгілеу жәніндегі ұсыныстар ГОСТ—2179—82-де көрсетілген. Онда дәлдіктің алты класы бар.

Дәлдіктің бірінші класы жинақтық қосалқы қондырғылардың сүйеулер, тіректер және т. б. көмегімен элементтің жоғарғы жағын жобага сәйкес орнату кезінде қамтамасыз етіледі. Орнатылатын рискілердің үйлестірілу дәлдігі теодолит көмегімен бақыланады.

Дәлдіктің екінші және үшінші кластарына элементтерді тіктеуішпен, рейка-тіктеуішпен, рейка-деңгейлегішпен басқа да қарапайым өлшеу құралдарымен бақылау кезінде кол жеткізі-леді және оларды қалпына жеткізу бірінші кластағы сияқты реттелетін жинақтаудың қосымша қондырғылар көмегімен жүргізіледі.

Дәлдіктің төртінші және бесінші кластары тексеру үшін жинақтау краннының панелдерін пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Бақылау жоғарыда айтылғанындай, тікшенің көме-гімен жүргізіледі.

Дәлдіктің алтыншы класы дәлдікті жай көзбен, өлшеу құралдарын пайдаланбай бақылау және элемепттерді бірден орнақтыру керек, өйткені кейіннен түзетілмейді.

Жалпы құрылыс-жинақтау жұмыстары өндірісінің сапасы СНиП-тің үшінші бөлімінде атап көрсетілген, онда жұмыс сапасына қойылатын талаптар, сапаны бақылаудын, тәртібі мен құрамы, мүмкін болатын ауытқулар, жасырын жұмыстарға акті жасау ережесі және құрылыс өнімі сапасын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да талаптар туралы айтылған.