Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ТСП-2і.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.44 Mб
Скачать

11.2. Толық жиналатын тұрғын үй және қоғамдық үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері.

Құрама үймереттер конструкциялық белгілеріне карай ірі панельді, қанқалы, ірі блокты және көлемді блокты болып бөлінеді.

Толық жиналатын қазіргі тұрғын үй және қоғамдық үймереттердін кұрылыстық конструкциялық шешімдеріне қарай оларды кішкене, үлкен және орташа көлемді көлденең көтергіш қабырғалы және өн бойлық көтергіш қабырғалы деп бөлуге болады. Көлденең көтергіш қабырғалы үймереттердің сыртқы қабырғалары көтергіштер, өздігінен көтергіштер және аспалы болуы мүмкін.

Қаңқалы үймереттер конструкциялық орындалуы жағынан арқалықты және арқалықсыз жабу түзілістері, осы сияқты фермааралық кеністіктегі қабат түрінде болады. Соңғы екі схема өнеркәсіптік үймереттерде пайдаланады. Арқалық түзілістерін құралған қанқада ригельдер өн бойымен немесе көлденең орналасуы мүмкін. Бұл үймереттердегі сыртқы қабырғалардың панельдері өздігінен көтергіш немесе аспалы болады.

Қөлемді-блоктық түзілісті үймереттер үш түрлі негізгі конструкциялық схемаға бөлінеді:

- панельді-блокты - қөлемді блокты қөтергіштерді тегіс панельді жабулар және аспалы немесе сыртқы қабырғалардың өздігінең қөтеруші панельдерімен үйлестіре пайдалану;

- қаңқалы-блокты – блок-бөлме қөтергіш қаңқаның арқалығымен үйлестіре қөлдану. Мұндай құрылысты үйлерде барлық салмақ темір бетонды қанқаға түседі, блок-бөлмелер қөлденең немесе өнбойлық ригельдерге тіреледі.

- қөлемді-блокты – тегіс түзілістерді қолданусыз қөлемді элементтерді жаппай орналастыру.

Тұрғын үйлердің негізгі конструкциялық жүйесі – ірі панельді, ал қоғамдық және әкімшілік-тұрмыстық үймереттердікі – қаңқалы болып табылады.

Үймереттер қабаттағы бойынша аз қабатты (1-2 қабатты), орташа қабатты(3-5), қөп қабатты (6-12), тым қөп қабатты (12 және одан да қөп ) және зәулім болып бөлінеді (25 және одан да қөп).

Жоспардағы үймереттердің ұзындығы мен пішіні типті блок-секциялардың жағдайына және олардың аснына байланысты түрліше болуы мүмкін. Блок-секциялардың негізгі түрлері: қарапайым және тік болып аяқталатың – қарапайым, бұрышты бұрылатын бұрышты 900 және 1350.

11.3. Құрамалы өндірістік ғимараттардың құрылыстық-конструкциялық шешімдері

Өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік үймереттері негізгі және қосалқы болып бөлінеді, Негізгі уйлерде өндірістіқ жетекші процестері (мартен, прокат, механика-жинақтаушы, тоқыма, тәтті тағамдар цехтары және басқалар), қосалқыларында —қосалқы өндірістік, энергетикалық, қоймалық, санитарлық-техникалық және әкімшілік-турмыстық және басқа бөлімшелер орналастырылады.

Өндірістік үймереттер сәулетөнерлік-конструкциялық белгілеріне қарай бірқабатты, қөпқабатты және аралас қабатты болады.

Бірқабатты үймереттерде әдетте ауыр және тым үлкен жабдықтар, ірі көлемді бұйымдары бар әрі едәуір динамикалық ауыртпалықтармен сипатталатын кәсіпорындар, ал көпқабатты үймереттерде шикізаттар мен жартылай шикізаттардың салмақтары пайдаға жаратылатын тік бағыттағы технологиялық процесті өндірістер, осы тәрізді жеңіл,тамақ,

радиотехникалық,прибор жасайтын өнеркәсіп орындары мен қоймалар орналастырылады.

Қөлденең және тік технологиялық процесті өндірістер үшін аралас қабатты үймереттер салынады.

Бірыңғай қызмет ету жүйесі бар негізгі және қосалқы цехтары шоғырландырылып салынған құрылыстар қазіргі заманғы өндірістік үймереттердің негізгі түрі болып табылады. Құрылысты одан әрі индустрияландырудың негізгі бағыты – ірі қөлемді құрамалы түзілістерді кенінен қолдану және оларды зауыттық даярлығы жоғары ірі тораптар және блоктардан жинақтауға көшу.

Бірқабатты өндірістік үймереттерде технологиялык процестерді икемді үйымдастыруға, жабдықтарды еркін орналастыруға және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізу кезінде үймеретті түбегейлі жаңғыртпай-ақ технологиялық процестерді өзгертуге мүмкіндік жасау үшін бағаналар бір-бірінен алшақ (12X16; 18X6; 12x12; 18X12; 24X12; 30X12; 36X12) орналастырылады.

Бірқабатты өндірістік үймереттерде темір-бетонды, болат және аралас қаңқалар пайдаланады. Ал жекелеген жағдайларда қөтергіш тас қабырғалары толық емес қаңқа қолданылады.

Бірқабатты үймереттердің типтік шешімі қөлденең рамалардан құралады, оларда ригельдер мен бағаналардың біріктірілуі топсалар арқылы жүзеге асырылады. Оларды осылай байланыстыру арқылы ригельдер мен бағаналарды тәуелсіз типтендіруге, үймереттердің түрлі өткіндерінде оларды түрлі мақсаттарда жан-жақты пайдалануға болады. Бағаналар мен ригельдерді топсалар арқылы байланыстыру қатты әдіске қарағанда конструкциялық жағынан едәуір жеңіл, бұл оны дайындау мен жабдықтауды женілдетеді.

Көпқабатты өндірістік үймереттер өзінің конструкциялық схемасы жағынан көп ретте қанқалы үймереттерге ұқсайды да әдетте құрамалы темірбетоннан жобаланады. Бұл үймереттер құрамалы темірбетонды толық (толық емес) қанқадан және өздігінен көтергіштерден немесе аспалы қабырғалардан салынады. Қаңқа тік бағаналардан құралады. Олар қабатаралық жабындар мен жамылғыштардың ригельдерімен қатты байла-ныстырылады.

Үйлестірілген габаритті схемаларда екі-үш және көпөткінді үймереттер биіктігі бірдей, үзындықтары бойынша алты қабаттан көп емес, бағаналарының арақашықтығы 6X6, 9X6, 12x6 және 12X12 м болып қарастырылған. Бірқабатты үймереттер көпқабаттылармен біріктірілуі мүмкін.

5 тоннаға дейін жүк көтеретіп аспалы көтергіш-тасымал жабдықтармен немесе 10 тоннаға дейін жүк көтеретін көпірлік крандармен жүк тасымалдауға ұзындығы 24 метрге дейін өткін пайдаланылады. Қабаттардын, биіктігі 3,6; 4,8; 6,0; 7,2 және 10,8метр болады. 7,2м биіктік бірінші және жоғарғы қабаттар, ал, 10,8м тек қана жоғарғы қабат үшін қолданылады.

Көпқабатты үймереттердің канқасы үйлестірілген түзілістерден жасалады және тікбұрышты қиылған бағаналардан (0,4x0,4 және 0,4X0,6 м), қиылған ригельдерден немесе тірек сөрелер мен қорапты төсеніштерден құралады. Ригельдер тіректері үшін биіктігі бір, екі-үш қабатқа арналған консольды бағаналар даярланады. Бағаналардың қиылысқан жері пісіріліп, бекітіледі, ал арматураның қалған бөлігі кейіннен бетондалып біртұтасқа айналдырылады, киылысқан жер еден деқгейінен 0,6метр жоғары болуы керек.

11.4. Үймереттерді тұрғызу әдістерін жүйелеу.

Жинактау жүмыстары өндірісін жобалау кезінде үймереттер мен ғимараттарды жоспарлаған мерзімде пайдалануға беруді және құрылыстың ең жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей жұмыстар өндірісі әдістерін тандау және пайдалану жөніндегі міндеттерді шешу жолдары іздестірілу керек.

Жинактау процесін ұтымды үйымдастырудың негізгі принципі — жинақтау жұмыстарын тасқынды-үздіксіз бірқалыпты атқару болып табылады. Үймеретті жинактаудың тасқынды әдісі жекелеген жинақтаушы звенолар және механизмдермен атқарылатын кешенді жинақтау процесін құрамды процестерге жіктеу; белгілі бір кесімді уақыт ішінде звено және механизмдер комплектісі құрамдарының тұрақты жағдайында біркелкі жұмыс көлемін орындау; түрлі жинақтау жұмыстарын кажет бойынша үйлестіру арқылы қамтамасыз етіледі.

Құрылыстың тасқынын ұйымдастыру үшін үймеретті (үймереттер кешенін, тұрғын үй алабын) учаскелер мен алымдарға бөледі.

Учаске түрғызылып жатқан объектінін бір бөлігі, оның ішінде осы объектілік тасқынға кіретін барлық мамандандырылған тасқыкдар іске қосылады және олардың жүмыстары өзара үйлестіріліп отырылады.

Алым — біркелкі кешенді кұрылыс процестері қайталанып отыратын үймереттін (ғимараттын) бір бөлігі. Оның ішінде мамандандырылған тасқын құрамына кіретін барлық жеке тасқындар өрістетіледі және өзара үйлестіріледі.

Бір және бірнеше қабатты өнеркәсіптік, қоғамдық және әкімшілік үймереттері алымдарының (учаскелердің) көлемдері бағаналар аралықтары, ал іріпанельді және іріблокты үйлерді жинақтауда секциялары бойынша еселеніп белгіленеді.

Негізгі әдебиеттер: 4 [62-69].

Бақылау сұрақтары:

1. Үймереттерді құрамалы түзілістерден салу технологиясы туралы жалпы мағлуматтар.

2. Толық жиналатын тұрғын үй және қоғамдық үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері.

3. Құрамалы өндірістік ғимараттардың құрылыстық-конструкциялық шешімдері

4. Үймереттерді тұрғызу әдістерін жүйелеу.

Тақырып 12. Жинақтау машиналары мен технологиялық жарақтар.

Жинақтау машиналары мен технологиялық жарақтар жинақтау жұмыстарынын, түрлерін және түзілістерді жобаға сәйкес орналастыру әдістерін белгілегеннен кейін тандап алынады. Жикақтаушы кранды таңдағанда алғашқы қажетті мәліметтер қатарына жинақтау әдістері мен технологиядан басқа үймереттер мен ғимараттардың (жерасты және жерүсті бөліктерінің) көлемдері мен пішіндері; жинақталатын тізбектердің (көлемі, салмағы, жарақтары) параметрлері және оларды үймереттерде орналастыру; өндіріс жағдайы (алаңда тұрғызылатын үймереттердің жинақталу деңгейі, топырақ-климаттық факторлар, жерасты бөліктерінің конструкциялық өзгешіліктері) туралы деректер жатады.

Жинақталып жатқан тузілістердің көлемін, салмағын және орналастырылуын жинақтау крандарының пайдалану параметрлерімен (жүк көтергіштігін, кран жебесінің кұлашын, ілгектің көтеру биіктігін) салыстырғанда олардың өндірістік артықшылықтарын тауып және техникалық жағынан (анықтама құралдарының ұсыныстарын пайдалануға болады) ең жарамдысы дегендерін анықтау керек.

Мұндай салыстырулардың негізгі міндеті салынып жатқан уймереттердің қажетті деген параметрлеріне барынша сәйкес келетін және жинақталатын түзілістерді көтере алатындай және еңбек енімділігі жөнінен жоғары болатындай крандарды таңдау болып табылады.

Жинақтау крандарды қозғалысының бағыттарын және жинақтаудың кез келген әдісімен жұмыс істеген кезде тұратын орындарын белгілегенде мүмкіндігінше кран қозғалысының жолдары мен орналасатын орындарының мүмкіндігінше аз болуын қарастыру қажет. Жинақталған элементтердің орнықтылығын қамтамасыз ететін түзілістерді орнатудың технологиялық реттілігін сақтау міндетті шарт болып табылады.

Жинақтау крандарының техникалық параметрлерін белгілегенде (жүк көтергіштігі, имектің көтерілу биіктігі, жебенің құлашы) егер олар жинақтау шарттарына толық сәйкес келмесе онда олардың түпкі және жетілдірілген үлгілерін крандардың, көтергіш және арқалықты жебелерінің, мұнара — жебе жабдықтарының барлық түрлерімен жете танысып, ең қолайылы дегендеріне тоқталу керек.

Кранның жүк көтергіштігі жарақтар мен жүк көтергіш қондырғылардың салмағын еске ала отырып, ең ауыр деген элементтерді жинақтау жағдайларына байланысты анықталады:

Qкр=mэ + mж + mc = Mж/Iж ,

мұндағы, mэ —жинақталатын элементтің салмағы, кг; mж — түзілістер көтерілгенге дейін оларға орнатылатын жабдықтардың салмағы, кг; mc —жүк көтергіш қондырғыларының салмағы, кг; Мж —жүк моменті, кгм; Іж —нақтылы элементті орнатуға қажет жебе құлашы, м.

Мұнаралы және жебелі крандар үшін қажетті техникалық параметрлер түрліше анықталады.

Мұнаралы кран имегінің көтерілу биіктІгі (8-сурет):

Нкрк = Һ03 + Һэ + һс,

мүндағы һ0 — кран тұрған деңгейден жерде орыатылған крандар үшін немесе элементті көтеретін деңгейден үймереттерде немесе ғимараттарда орнатылған крандар үшін жинакталатын элемент тірегінің биіктігі (жоғарылығы) м; һ3 — түзілістерді орналасты-рылатын орнына апарылу немесе оларды алдын-ала құрастырылған тузілістер арқылы (0,5 м-ден кем алынбайды) жеткізу қауіпсіздік жағдайлары талап ететім биіктік артығы, м; һэ — элементтің жинақтау кезіндегі биіктігі, м; һс —жинақталатын элементтің жоғарғы жағынан кран имегінің төменгі деқгейіне дейінгі жүк көтергіштің жұмыс жағдайындағы биіктігі, м.

Әдетте жукқөтергіш қондырғылардың көтергіштер биіктігі 2—4,5 м болады. Олардың кейбіреулері, мәселен ферма мен арқалықтарды және көпқабатты ілінетін жабын плиталарын көтеретін траверстердін биіктігі 6,5—9,5 м болып келеді.

8.-сурет. Мұнаралы крандардың кажетті параметрлерін анықтау үлгісі

Мұнаралы крандар үшін имектің қүлашы:

1кр =а/2 + b + с

формуласы арқылы анықталады.

Мұндағы а — кран жолының ені, м; b — кран жолынан кенересінің ең көп шығып түрған бөлігінің проекциясына дейінгі қашықтық, м; с —краннан ең алыс орналасқан элемент салмағының орталығынан кран жағынан шығып тұрған қабырға бөлігіне дейінгі қашықтық, м.

Кранның айналып тұрған өсінен үймереттің шығьп тұрған ең жақын бөлігіне дейінгі қашықтық кранның төменгі жағының қөлемі радиусынан 0,7 м көп және оның жоғарғы жағы бөлігі көлемінің радиусынан 0,5 метр артық болуы керек. Егер мұнаралы кран үймереттің жерасты бөлігін салу кезінде орнатылса, b өлшемін мына формула бойынша есептеп, оның ең үлкен көлемін қабылдайды:

b = Hш ctgφ + 1

мұндағы Нш —шұңкырдың терендігі, м; φ— топырақтың табиғи еністігінің бұрышы. Кранның жүк моменті:

Мж =Рж . Іж ; Рж =mэ + mж +mс , мұндағы Рж -элементті4 жинақтау салмағы, т.

Өздігінен журетін жебелі крандардың кажетті параметрлері 9-суретте көрсетілген.

9.-сурет. Өзі жүретін жебелі крандардың қажетті параметрлерін анықтау үлгісі

Кран жебесі мен жинақталған түзілістер осы сияқты көтерілетін элементтер арасьнда жеткілікті саңылаулар қалдыратындай имек кұлашын мына формуламен анықтайды:

1крк =(а+d,) (Нжкт) (һnс+ һэ + һ3)+с

немесе:

lкрк=(b, +d,) жкт) (һnсэ3) +с,

мұндағы һт —кран тұрған жердің деңгейінен жебе табанының топса биіктігі, м; а — жинақталып жатқан элементтің орталығынан кранның жебесіне ең жақын орналасқан 0' нүктеге дейінгі қашықтық, м; b — жобаға сәйкес жинақталған элемент

жүк көтергішінің орталығынан кран жебесіне ең жақын орналасқан үймерет нүктесіне (0") дейінгі қашықтық, м; d' — жебе өсінен, ішіне жебе мен үймерет арасы да кіретін, 0" нүктесіне дейінгі қашықтық (жебе үзындығына байланысты 0,5—1,5 м).

Қажетті жебе ұзындығы бұрын табылған көлемдердің ең үлкені бойыпша анықталады:

Lж.кк = (lкрк – c) + ( Hкж – hт)

Ең аз жебе ұзындығы — жинақтау қазмойынмен жабдықталған кран үшін Lж.кк мына формуламен табылады:

Lж.кк = (H0 - hт)/ sin α + 1. tgβ/sin α

мұндағы 1 = 1к — d — b; 1к —қазмойынның көлденең проекциясының ұзындығы, м; 1к = Lк .sin а; Lк —кранның техникалық сипаттамасына сәйкес кабылданған казмойынның үзындығы, м; Но —жинақталып жатқан үймереттің биіктігі, м; һт — жебе өкшесі, топсасының кран тұрған деңгейінен биіктігі, м; α — проекциясы ең аз болатын жебенің горизонтқа еңкею бұрышы; β — қазмойыннын, горизотка еңкею бұрышы.

Жинақтаушы және іліп алатын тетіктерді, құрылғыларды таңдау — түзілістердің жекелеген элементтерін орнату әдістерімен және жинқталатын элементтердің жалпы көлемін ескере отырып жинақтау жұмыстарының әдістерімен, осы секілді жинақтау крандарының жүк көтергіштік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатымен көлемі кішкеңтай және жеңіл элементтерді қосып, тайлау, жинақталатын элементтерді барынша ірілендіріп жинақталған блоктар жасау мәселелерін шешумен тығыз байланысты жүргізіледі.

Өнеркәсіптік және азаматтық үймереттердің құрамалы элементтерін көтеру үшін әмбебап және арнаулы арқанды ілгектер, осы сияқты саусақты, рамалық, айыр, фрикционды қаусырып алатын және ілмек тұзақтар пайдаланылады. Құрамалы элемепттерді көтеруге арналған тұзақтардаң іліп алу үшін имектермен жабдықталған әмбебап арқанды стропалар кеңінен қолданылады. Стандарт бойынша арқанды көтергіштің мынадай түрлері қолданылады: ІСҚ — бір салалы; 2СК — екі салалы; ЗСҚ — үш салалы; 4СК — төрт салалы; СҚП — екі тұзакты; СКК — сақиналы. Жалпы пайдалануға арналған бірыңғайландырылған көтергіштермен арналған олардың арнайы түрлері де пайдаланылады. Алты ілмегі бар жабын плиталарын көтеру үшін блоктармен тендестіріліп, көтергіштер салаларының тең керілуін қамтамасыз ететін балансирлі стропылар қолданылады.

Стропының әр саласына түсетін күш (10-суретті қараңыз) мына формула арқылы есептеледі:

Sc =1G⁄cos α m = k x G/m x ka

мұндағы а — көтергіштін тік сызыққа (вертикальға) еңіс бүрышты; m — кәтергіш салаларының саны; k = 1/соs α көтергіштің еңіс бурышына тәуелді коэффициенті:

еңсі бұрышы α, град 0 30 45 60

коэффициент к 1,0 1,15 1,42 2,0

ka — көтергіш саласына түсетін күштің әртүрліліғінің коэффициенті (егер m >4 болса, ka — 1,33).

Бұрыштың ұлғаюына байланысты салаларына түсетін күште көбейеді, ал бұл жинақтау түзақтарының үзілуіне не жүлынып кетуіне, осы сияқты көтеріліп жатқан элементтің қысу күшін ұлғайтуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан бұрыштың (а) 45°-тан үлкен болуына жол берілмеуге тиіс. Ең көп көтерілетін жүк төмендегі формуламен анықталады:

Gmax ≤ Sс /K

Болат арқанды көтергіштің әр саласының есептелген күші Sе алты есе берік болады деп қабылданғанда Sе =6 Sс.

10.-сурет. Строп тармақтарындағы үлгісі

Жинақтау жұмыстары үшін диаметрі 12 мм-ден 30 мм дейінгі болат арқан бәрінен де жиі қолданылады. Үш саладан көп кетергіштер дайындағанда олардың үзындықтарының бірдей

болуын қадағалаған жөн, әйтпеген күнде салаларға түсетін күш әртүрлі болады. Ірі панельді үймереттердің жабын плиталарын көтеру және оларды бірден орнатылатын қалыпқа келтіретін автоматты көмкергішті іліп алғыштар болады.

Жинақтау тұзақтарының орнына тесіктер жасалған қүрамалы темірбетон элементтерін көтеру үшін істікті іліп алғыш қолданылады. Мұндай элементтер қатарына бағанадар мен ригельдер жатады. Бұл іліп алғыштар бір және екі істікті болады және олардың бәрі қашықтықтан стропылыналатын тетіктермен жабдықталғаң.

Консольды бағаналарды көтеру рамалық ілгіштермен жүргізіледі. Тұзақ-іліп алғыштар тесіктері бар ірі панельді үймереттердің тегіс жабын плиталарын көтеру үшін қолданылады.

Айырлы ілгектер темірбетонды басқыштар маршын, оның ішінде жартылай алаңдармен біріктірілгендерің көтеру үшін пайдаланылады.

Таңбалы қима кранасты арқалықтарды стропылау үшін қысқыш табандары бар траверстер немесе жеңілдетілген көтергіштер қолданылады. Ауыр арқалықтар мен ригельдерді көтеру екі қамыт пен төрт салалы арқан арқылы теқгестірілген траверс көмегімен жүзеге асырылады. Арқалықтардьщ баска турлері алатын әмбебап және екі салалы көтергіштер немесе түзілістердің бетонында жасалған тұзақтар немесе тесіктер арқылы траверстермен көтеріледі.

Жабын фермаларын көтеру керегекөз немесе блокты траверстер көмегімен әмбебап көтергішпен, жартылай автоматты немесе электрлік ілгіш құрылғылармен атқарылады.

Жабындар мен жабын плиталардын төрт салалы арқанмен немесе тұзақтар арқылы траверстермен көтеріледі. Ірі көлемді плиталар ілінетін жерлері көбейтіліп үш траверсты және үш блокты ілгіш құрылғылармен стропыланады.

Тігінен тұрған қабырғалық темірбетонды панельдерді көтеру әдетте екі салалы кетергіштермен немесе траверстермен атқарыдады.

Кешенді-механикаландыру процестерінің ішінде операцияларды кезек реттілігімен үздіксіз тасқынмен орындайтын маши-налар комплектері жүмысымен үйлестіріле орындалуын ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды.

Негізгі өндірістік процестерді орындайтын, нақтылы бір мамандандырылған тасқында жетекші болып, басқа машиналар комплектілері оларға қызмет ететін болса, олар жетекші машиналар комплектілері деп аталады.

Түзілістерді орнататын комплектідегі жетекші машина — жиыақтаушы кран, ал қалғандары — кранға қызмет ететін көмекші машиналар болып есептеледі. Сондықтан да комплектідегі машиналар жұмыстарының өзара тығыз байланыстылығына орай жетекші машиианың пайдалану өнімділігі көмекші машиналар өнімділігімен тең немесе сәл аздау болуы керек:

Өпж < Ө1пк < Ө2п.к < ...< Өпп.к

Машиналар комплектілерінің қалыпты пайдаланылуына қажет талаптарын мына теңдікпен өрнектеуге болады:

Ө п.м.к. = J

мұндағы Өп.м.к—жетекші машинаның еңбек өнімділігімен анықталатын машиналар комплектілерінің бір сменадағы еңбек өнімділігі, J — алымдағы жүмыс көлемімен айқындалатын тасқын жүмысының бір сменадағы қарқындылығы (қуаттылығы).

Машиналар комплектілерінің бір сменадағы пайдалану өнімділігі былай табылады:

Өп.м.к. = Ра/К,

мұндағы Ра —алымдағы жүмыс көлемі; К — таскын қарқындылығы (сменасына).

Тапсырмалы жүмыс көлемін орындауға кажет машиналар комплектілерінің саны мына формула бойынша анықталады:

Mк =Р/Өп.м.к

Қалыптасқан жағдайларға, жүктердің салмағы мен көлеміне, осы сиякты қаншалықты қашықтықтан тасылатынына байланысты құрылыс аланына құрамалы түзілістер автомашиналармен, темір жолмен, трактормен, кейде су немесе әуе транспортымен тасымалданады.

Автомобиль тасымал кұрамалы түзілістерді зауыт-даярлаушылардан тасымалдауға, оларды қоймалар мен ірілендірілген құрамалар жиналған алаңдардан жинақталатын аймаққа жеткізуге пайдаланылады. Түзілістерді 200 километрге дейін, ал жекелеген жағдайларда одан да алыс кашықтықка автомобиль жолдарымен тасымалдау тиімді деп есептеледі. Құрамалы түзілістер олардың салмақтарына, түрлеріне және көлемдеріне байланысты кузовты автомобильдермен, бір немесе екі өсті тіркемелі кузовты автомобильдермен, жартылай тіркемесі бар автосүйрегішпен, жүк автомобильдері мен бір өсті тіркемелер кегізінде жабдықталған: арнаулы платформалармен, панель тасымалдығыштармен, арқалық тасымалдағыштармен, ферма тасымалдағыштармем, трейлермен жеткізіледі. Бұл мақсатта арнайы мамандандырылған автомобиль тасымал құралдарын пайдалану — өте кең таралған әдіс.

Трактор көлігі түзілістерді тіркемелермен, трейлермен, ал ерекше бір жағдайларда шаналар мен катоктардын, көмегімен тасымалданғанда пайдаланылады. Тракторттар 1 километр қа-шықтыққа дейіы жүк екі немесе үш трактор тіркемелері немесе трейлермен, болмаса арбалар көмегімен тасымалданады.

Теміржол көлігі құрылыс түзілістерін қысқа да, алыс қашықтықтарға да тасымалдаудың ең тиімді деген түрінің бірі болып табылады. Теміржол вагондарының және басқа да кұралдарының көлеміне және ыңғайлылығына сәйкес құрылыс материалдарын зауыт жағдайында қажетті деген көлемге дейін ірілендіріп кұрастырып алуға мүмкіндік те туады. Түзілістерді теміржолмен тасымалдауды негізінен платформалар, ал аса ауыр, ірі көлемді және ұзын түзілістерді тасуда арнаулы, жүккөтергіштігі 120 тоннаға дейін үлкен аумақты транспортерлер пайданылады.

Түзілістерді дұрыстау және уақытша бекіту. Жинақтау жұмыстары кезінде түзілістерді орнатудың технологиялық реттілігін сақтауға; уақытша және тұракты байланысқан, түйіскең жерлерін тексеріп дұрыстауға, оларды берік қылып бекітуге ерекше назар аударылуға тиіс. Жоғары қабатта орналастырылған түзілістер (бағаналар, ригельдер, жабу плиталары мен жа-бындар, кранасты арқалықтар, жабын арқалықтары, фермалар және басқалар) тек төменгі қабатта жатқан элементтерді түпкілікті бекіткеннен және көтергіш тузілістердің түйісетін жерлеріндегі бетонның 70% жобалық беріктігіне жеткізілгеннен кейін ғана жинақталады.

Бағананың іргетас ойығына орнатылу дәлдігі тексеріледі және сыналар, ажыратқыш сыналар, сыналык қыстырмалар, тартқыштар мен тіреуіштер, жекелеп бөлектеліп немесе кеңстікті кондукторлар көмегімен бекітіледі. Биіктігі 12 метрге дейінгі темір-бетонды бағаналар бетон, темір-бетон, болат немесе емен сыналар көмегімен уақытша бекітіледі. Мүндайда бетон және темірбетон сыналарды іргетас ойықтарында қалдырған жөн. Ұзын, ауыр бағаналарды орнытқты болуы үшін сыналардан басқа тартқыштармен немесе қатты тіреуіштермен де бекіту керек. Жинамалы құрама бетогтды бағаналардың орнықтылығын қамтамасыз ету ушін жоғары элементтері төменгі бөліктеріпе қосылып пісіріледі, бағаналардың бұрыштарында орналасқан арматура етектерін немесе қосалқы қосымшаларын да пісіріп, бекітеді, осыдан кейін барып элементті арқаннан босатады.

Қөпқабатты уймереттердің бағаналарын тексеру мен уақытша бекіту жекелеген және топтық кондукторлардың көмегімен жүргізіледі.

Фермалар мен арқалықтарды уақытша бекіту мен тексеру былайша жүзеге асырылады: темір-бетон фермалардың өстерін жинақтау кезінде бағаналардағы белгілермен үйлестіру және анкерлі болттармен бекіту керек. Бірінші ферманы тартқыштармен шектес белдеудің тораптарын үймереттердің қозғалмайтын бөлігіне немесе арнаулы зәкірлерге түйістіріп, аспаптармен бекітеді; келесі фермалар жоғарғы белдеудегі қиғаштар түйіс-кен жерлерге күні бұрын орнатылған тартқыштармен имек бойымен аспаптық бұрандалы тартпалармен байланыстырылып, бекітіледі.

Алымдарды 6 және 12м итарқалы фермаларды уақытша бекіту және тексеру үшін осы сияқты кондуктор-тартқышты да пайдалануға болады.

Биіктігі мен енінің арақатынасы 4:1 болатын темір-бетонды аркалықтар көлденең тіреулерге уақытша бекітусіз-ақ орналастырыла береді; жинақталатын арқалықтар бніктігінің еніне арақатынасы үлкен болатын болса олар берік орнатылатың баска түзілістерге тартқыштармен, бұғыштармен бекітіледі.

Жинақталатын түзілістер мен материалдардың және бөлшектердің түйісетін жерлерін пісіріп бекіту жэне коррозиядан қорғау шаралары жинақтау жұмыстарының аяқталуы кезеңінде жүргізіледі.

Құрама темір-бетон түзілістері әдетте құрылыс алаңына зауыттарда коррозияға қарсы бояулармен боялған салынатын бөлшектер және арматуралық желілермен бірге әкелінеді. Құрылыс алаңы жағдайында жіктер меп салынатын бөлшектерді пісіру кезінде коррозиядан қорғайтын бояулардың бүлінген жерлері қалпына келтіріледі, осы секілді коррозиядан қорғайтын жабулар (бояулар) жобалық өлшемге дейін жеткізіледі.

Құрамалы темір-бетон түзілістердің металл жіктерін коррозиядан қорғау арматураның түйіскен жерлерін, бекітетін бөлшектерге металдандырылған полимерлі немесе аралас жабынмен (металдандырылған — полимерлі немесе металдандырылған лак бояулары) боялады.

Негізгі әдебиеттер: 4 [69-82].

Бақылау сұрақтары:

1. Жинақтау машиналары мен технологиялық жарақтар қалай тандап алынады?

2. Кешенді-механикаландыру процестері қалай жүргізіледі?

3. Түзілістерді дұрыстау және уақытша бекіту.

4.Жинақталатын түзілістер мен материалдардың және бөлшектердің түйісетін жерлерін пісіріп бекіту жэне коррозиядан қорғау шаралары.

Тақырып 13. Құрылыс түзілістерін жинақтау кезеңіне арналған құрылыстық бас жоспар.

Құрылыстық бас жоспар объектінің және құрылыс алаңының бас жоспарларында қабылданған шешімдерге орай жинақтау алаңының территориясын ұйымдастыру үшін жасалады, онда жинақтау және бірге атқарылатын шектес құрылыс процсстерінің өзара байланыстары көрсетілед Құрылыс түзілістерін жинақтау кезеңінің бас жоспарын жобалау кезінде жинақтау крандарын, жабдықтарды және қосалқы қондырғыларды орналастыру, кран жолдарын тиімді жұмыс атқаратындай етіп орналастыру мәселелері ерекше қарастырылуға тиіс. Ол үшін кранның жұмыс істейтін жерлері мен кран жүретін жолдар белгіленеді, кранның жұмыс істейтін аймағы тазаланады, механизмдердің жұмыс істейтін жағдайы зерттеледі және қажет болғанынша жинақтау қранының жұмыс істейтін жерлерінде тиісті шектеулер енгізіледі.

Мұнаралы крандардың жүретін жолдарын көлденең орналастырудың басты шарты — үймерет немесе ғимарат пен кран аралығында қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету болып табылады. Салынып жатқан үймеретке қатысты кран жолдарының өсін, яғни кран қозғалысының өсін мына формула бойьшша анықтауға болады (11-сурет):

В = R айн + l кс

мұндағы В — кран жолдарының өсі мен үймереттің сыртқы бөлігіне дейінгі ең қысқа қашықтық м; Rайн — платформаның айналу радиусы, м, (кран паспортының немесе анықтамалардағы көрсеткіштер бойыңша қабылданады); 1КС —кранның шығыңқы бөлігі мен құрылысқа, үйінді қатарларға және т. б. дейінгі қауіпсіз қашықтық (ең қысқа қашықтық), ол 2 метрге дейін биіктікте 0,7метр, ал 2 метрден жоғарыда 0,4метр болады деп есептеледі.

Топырақтың опырылып кетуінен сақтандыратын арнаулы бекіністері жоқ шұңқырлар мен орлар жанында мұнаралы және рельсті жебелі крандар топырақ сипаттамасы және топырақ алынатын терендік ескеріліп барып орнатылады.

Кран жолдарын бекітілмеген шұнкырлар мен орларда немесе басқада ойықтарға орналастырғанда көлденеңі бойынша шұңқыр шеттерінен балласты призманың төменгі шетіне дейінгі ең қысқа қашықтық 1б СН 78-79-ға сәйкес төмендегі мөлшерге сәйкес болуы керек (12-сурет):

құмды және құмдық топырақтар үшін:

1б> 1,5һ+0,4;

саз және саздақ топырақ үшін:

1в> һ + 0,4,

мұндағы 1б, —еңістің түбінен балласт призмасының төменгі шетіне дейінгі қашықтық, м; һ — шүңқырлар, орлар немесе басқа да ойықтар терендігі, м.

11-сурет. Үймереттер жанында орналасқан кран жолдарын көлденең

байлау үлгісі:

1 құрылып жатқан үй; 2 —инвентарь-қоршау; 3— жинақтану шегінен сырт қойма аймағы 4 — су ағызу оры;

Өздігенен жүретін крандар да шұңқырлар мен орлар жанында жоғарыда айтылған шарттарға орай орналастырылады, алайда СНиП III—40—80 талаптарына сәйкес және «Жүк көтергіш крандардың құрылысы және оларды қауіпсіз пайдалану ережелерінің» көрсеткіштері бойынша көлденеңінен рұқсат етілетін ең қысқа қашықтықты-ойықтық түбінен (негізінен) машинаның ең жақын деген тірегіне дейінгі аралық болып табылады (4-кесте)

12-сурет. Қазаншұнқыр немесе олардын жанында орналасқан кран жолдарын көлденең байлау үлгісі

4 кесте

Шұнқыр тереңдігі,м

Топырак (үйілмеген)

Құмды және малта тасты

Құмдақ

Саздақ

Сазды

Құрғақ сары топырақ

1

2

3

4

5

6

1

1.5

1.25

1.0

1.0

1.0

2

3.0

2.4

2.0

1.5

2.0

3

4.0

3.6

3.25

1.75

2.5

4

5.0

4.4

4.0

3.0

3.0

5

6.0

5.3

4.75

3.5

3.5

13-сурет. Мұнаралы немесе рельсті жебелі кранмен үймереттердің жер үстіндегі бөлімін құрғанда қажетті аймақтарды анықтау:

а — жинақтау аймағы; б — мұнаралы кранның жұмыс істейтін аймағы; в — жүкті көшіру аймағы; г — көтергіштің жұмыс істеу аймағы

Жинақтау аймағы деп элементтерді орнатып, бекіту кезінде жүктердің тусіп кетуі мүмкін жерлерді айтады, СНиП III 4—80-ге сәйкес бұл аймақ үймереттің биіктігі 20 метрге дейін болғанда үймерет нұсқасына 7 метр қосылғанга, үймерет биіктігі 100 метрге дейін болғанда 10метр қосылғанға тең болады. Бұл аймақ құрылыстың бас жоспарында пунктирлі сызыкпен (13, а-сурет) белгіленеді және тек кран жолдарының қоршауы бар жинақтау механизмінің ғана .орналастырылуына рүқсат беріледі.

Кранның жебесі серпілгенде ілмегі жетіп, қамтылатын кеңістік кранға қызмет ететін аймақ деп аталады. Мұнаралы крандар үшін бұл аймақ шеткі аялдамалардағы кран жебелері құлашының барынша серпіліп, олардың имеғі жететін қашықтықтағы жартылай шеңбер радиусы тік қалың сызықтар аркылы (13, б-сурет) жоспарға түсіріліп белгіленеді. Жебелі крандар үшін де кызмет ету аймағы осылайша анықталады, яғни кран жебесі құлашына тең радиус арқылы белгіленеді, алайда жоспарда өзгеше — жеке аялдамалар бойынша өрнектеледі (14- сурет)

Жүкті тасымалдау аймағы деп кран имегіне ілінген жүктер жеткізілетін, тасымалданатын кеңістікті айтады {13, в-сурет). Аймақтар шекаралары кран жұмысының аймағынан жүк құлайтын жерге дейінгі көлденеңі бойынша қашықтығы арқылы анықталады.

Мүнаралы крандар үшін аймақ шекарасы кран жебесінің жұмысшы құлашы мен аймақ енінің қосындысы арқылы анықталады, ол тасымалданатын ең ұзын деген жүктің жартысына тең деп қабылданады. Жебелі крандар үшін аймақ көлемі кран жебесін құлаудан сақтандыратын қосымша қондырғылардың бар-жоқтығына байланысты болады.

Егер крандардың қосымша қондырғысы бар болған жағдайында аймақтың ені мұнаралы крандікіне сәйкес қабылданады, ал ол жоқ болса құлау мүмкіндігі жағдайындағы көлденеңінен орналасқан кран жебесінің үзындығына, яғни осы радиусқа тен болады деп алынады.(14-сурет)

Кран жүмысының қауіпті аймағы деп жүктерді тасымалдау, көтеру кезінде олардын, түсіп кетуі және шашылуы мүмкін деген кеңістікті айтады.

Мұнаралы крандар үшін қауіпті аймақтың шекаралары мына формула арқылы анықталатын радиуспен айқындалады:

Rк = Rmах + 0,51mах +1кс.

мүндағы Rmax — кран жебесініц жұмысшы күлашының ең үзын деген қашықтығы, м; 0,51max — ең үлкен деген жүк ұзындығының жартысы, м; 1кС — СНиП-ға (қауіпсіз жұмыс істеу үшін қажет) қосымша қашықтық.

Жебені теңдестіріп, құлаудан сақтайтын қондырғы орнатылған жебелі крандар үшін қауіпті жұмыс аймағы:

Rк = Rmax + 0,51mахқс

формуласымен анықталады, мүндағы 1КС жүкті көтеру биіктігі һ = 10м дейін болғанда 0,ЗҺ + 1м деп қабылданады, ал бұдан биікте — жинақтау аймағындағыдай болады.

14-сурет. Мұнаралы кранның орналасу аймағын тағайындау және есептеу:

1 — қауіпсіздік техникасы бойынша қауіпті аймақ шегіндегі белгі; 2 — жүк; 3 — кран жолдарының есі; 4— кран жолдарының мүлікті қоршауы; А — жұмыс қалпындағы кранның қауіпті аймағы; Б—жұмыс істеу аймағы; В — құлаған жүктін шашырау аймағы; Г — жүк тасу аймағы; Д — жолдың қауіпті аймағы

Жебені құлаудан сақтайтын қондырғы орнатылмаған жағдайда қауіпті аймақ төмендегі формула (6-сурет) бойынша анықталады:

=Rж. K + 5 ,

мұндағы Rж. к —жебе ұзындығымен белгіленетін құлау радиусы, м.

Бұрылатын платформаның қауіпті аймағын Rкпп механизмнің айналатын бөлігінің радиусы және қауіпсіздік қашықтығының қосындысы аркылы айқындайды (15-суретті қараңыз):

Rпп = R айн + lпп,айн кс

мундағы lпп,айн кс =1 болады.

15-сурет. Жебені құлатпайтын кұрылғымен жабдықталмаған жебелі кранның орналасу аймағын тағайындау және есептеу үлгісі:

1 — қауіпті жер шегіндегі қауіпсіздік техника бойынша белгі; 2 —жүк; 3 — кранның өту есі; 4—аймақтың ауыстырмалы қоршауы; А — жұмыс қалпындағы кранның қауіпті аймағы; Б — құлаған жүктіқ шашырау аймағы; В — айңалма бөліктін, қауіпті аймағы

Кран жолдарының қауіпті аймағы деп ішінде адамдардың машинистен басқа жүруіне және механизмдер, электр қалқандарын орналастыруға болмайтын территорияны айтады.

Көтергіш жұмысының қауіпті аймағы деп көтерілетін жүктің тусіп кетуі мүмкін жерлерді айтады. Тегіс жердегі аймақ көтергіш кранның аумағынан 5 метрден кем орналастрылмауы керек, ал жүкті үлкен биіктікке көтергенде әр 15метр сайын 1метр қосып отыру қажет :

А = 5+(Н—20)/15,

мұндағы А — көтергіш жұмысының қауіпті аймағы, м; Н — жұккөтергіштің биіктігі, м.

Жолдардың қауіпті аймағына атап көрсетілген аймақтардың кран жұмысына қатыспайтын адамдар бар жерлер, кіретін және шығатын өткіндер, осы сияқты транспорт жүретін иемесе басқа механизмдер жұмыс істейтін жол учаскелері жатады. Бұл аймақтар құрылыстық бас жоспарда штрихтармен көрсетіледі (16-суретті қараңыз).

16-сурет. Рельсті жебелі және мұнаралы крандардың орналасу аймақтарын белгілеу:

I — бақылау жүктің орны; 2 — қойма алаңы; 3 —кранның электр куатын алатын шкаф; 4 — автотранспорттан жүк түсіретін алаң; 5 — ерітінді қабылдайтын орын; 6 — жүк ілу құралдары және сауыттар сақтайтын орын

Тузілістерді жинақтаудың қауіпті аймағы объектінін, қүрылыстық бас жоспарында кранды тігінен орналастырылған жағдайында көрсетіледі. Бұл аймақ сақтандыру ережелеріне сәйкес ең аз деген қашықтықты сақтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, жоғарғы қабаттарда элементтерді жинақтауға болмайтын кезде пайда болады. Мәселен, кран имегінен жинақтау көлбеуіне дейінгі қашықтық ең кем дегенде 2метр болуы керек (17, а-сурет); кран жебесінен кранға ең жақын деген үймереттің элементіне дейінгі көлбеу бойынша қашықтығы— 1м (17, б-сурет); кранды теңдестіріп тұратын қондырғыдан үймереттін шығып тұрған бөлігіне дейінгі аралық—0,4м (17, в-сурет) болады.

17-сурет. Жинақтау механизмдерінің конструкцияларынан құрылып

жатқан үймеретке ең кем аралық:

а — кран ілгегінен немесе қарсы салмақтан жинақ деңгейіне дейін; б—жебеден

үймеретке дейін; в — кранның қарсы салмағынан үймеретке дейін; 1 — кранайналғандагы жинақ деңгейі үстіндегі қарсы салмақ.

Объекті жанындағы қоймалар материалдарды, жартылай шикізаттарды, бұйымдар мен жабдықтарды уақытша сақтау үшін жасалады. Қойма шаруашылығьшың аумағы құрылыстардың түріне, оның көлемі мен құрылыс әдістеріне байланысты болады. Әдетте объектілер жанындағы қоймалар құрылыс алаңдарында салынады және олар жинақтау механизмдері жүмыс істейтін аймақта ашық қойма алаңдары мен материалдарды жабдықта сақтайтын кішкентай қоймалардан құралады.

Нақтылы объекті үшін сақталатын қор ғимараттың (алымның, учаскенің) белгілі бір конструкциялық технологиялық бөлігіне кажет мөлшеріне, белгіленген жұмыс қарқынына карай анықталады. Тұрғын үй-азаматтық құрылыста қабат немесе секция, ал өнеркәсіптік құрылыста — өткін, ярус, қабат және тағы басқалар осындай бөлік болып есептеледі. Қоймаға қажет алаңды мына формула бойынша анықтайды:

F = P K0/g

Мұндағы: Р — қоймада сақталуға тиіс түзілістердін жалпы салмағы, тонна немесе көлемі м3; g — қойманың 1м2 пайдалы алаңына орналастырылатын материал көлемі, т/м2 немесе м32; Ко — оперативті алаңның көлемін есепке алатын өлшем (өтетін жерлер, көліктер жүретін жерлер) — 1,75—2,0 деп алынады.

Түзілістер ірілендіріліп, құрастырылатың алаңдар әдетте жинақтау краны жұмыс істейтін аймақта, жинақтау алаңынан тыс немесе түзілістер сақталатын қойма аймағында жасалады, Олар жинау процесінде түзілістерді бекітіп және тексеретін, түзету жасайтын стеллаждармен (төсеніштермен) ңемесе конвейерлі жүйемен жабдықталады.

Темір-бетон, осы сияқты металл түзілістері де ірілендіріліп, құрастырылады.

Құрастыру алаңында төрттағанды кранын пайдаланған дүрыс, ол элементтерді қоймаға орналастыру жүмыстарын жеңілдетеді, ірілендіру — жинақтау операцияларының қүның арзандатады. Ірілендіру аландарында жұмыс істейтін крандар саны мына формуламен анықталады:

N кр = mк/Өt,

мүндағы m — ірілендірілетін түзілістердің салмағы; к — тиеу-түсіру операциялары санының коэффициенті, 1,5-ке тең деп қабылданады; Ө — кранның бір сменадағы орташа еңбек өнімділігі; t — ірілендіріп жинақтаудың ұзақтығы.

Негізгі әдебиеттер: 4 [82-97].

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнаралы крандардың жүретін жолдарын көлденең орналастырудың басты шарты.

2. Жинақтау аймағы деп кай жерлерді айтады?

3. Жүкті тасымалдау аймағы деп кай кеңістікті атайды?

4. Кран жүмысының қауіпті аймағы деп кай кеңістікті атайды?

5. Кран жолдарының қауіпті аймағы деп кай территорияны атайды және калай көрсетіледі тузілістерді жинақтаудың қауіпті аймағы?

6. Көтергіш жұмысының қауіпті аймағы қай жерлерді атайды?

7. Жолдардың қауіпті аймағына не жатады және калай бас жоспарда көрсетіледі?

8. Тузілістерді жинақтаудың қауіпті аймағы қалай корсетіледі?

9. Объекті жанындағы қоймалар не үшін жасаланады?

Такырып 14. Жинақтау жұмыстары өндірісінің мерзімдік жоспарын құру.

Кұрамалы түзілістер жинақтаудың ең тиімді деген графигін жасау жұмыс жүргізудің аса маңызды міндеттерінің бірі. Оның ішіне жұмыстарды жүргізудің кезектерін анықтау, жұмыстарды қатар атқару және оларды істеудің мерзімдерін белгілеуден басқа жинақтауға қатысатын машиналар комплектілері мен механизмдерге жұмыс аумағын дұрыс бөлу де кіреді.

Жұмысты тасқынды етіп ұйымдастыру және қауіпсіздігін камтамасыз ету үшін ғимаратты учаскелерге, алымдарға, ярустарға бөледі. Әр учаскеде қүрылыс түзілістерін жинақтайтын қатар немесе жүйе бойынша мамандандырылған тасқындар ұйымдастырылады.

Алымдардың көлемдері жұмыс процестерін ұйымдастыру үшін жұмыс аумағымен қамтамасыз етуге, олардың үзіліссіз істеуіне, жабдықтарды жинақтау және құрылыс процестерінің келесі түрлері үшін жұмыс аумағын құруға, ғимараттардың конструкциялық ерекшеліктеріне және техника қауіпсіздігі талаптарының орыңдалуының жағдайларына қарай анықталады.

Жинақтау жұмыстарының тиімді деген мерзімдері есептеу арқылы белгіленетін жинақтау крандарының жұмыс істеу ұзақтығына қарай таңдалады.

Объектідегі крандардың сменаларда жұмыс істеу ұзактығы төмендегі формула арқылы анықталады:

Т = ТҮ + ТЖ - Тк+ Та –Тт ,

Мүндағы: Тү —түзілістерді орнату үзақтығы, сменалар; Тж — жинақтаудын, кранды байқап көрудін, және сынаудың ұзақтығы, сменалар; Тк —кран жұмыс істеу үшін қажетті көмекші қондырғыларды жинақтаудын, үзақтығы, сменалар; Та - кранды қайтадан ажыратудың және қосымша қондырғыларды алудың үзақтығы, сменалар; Тт —басқа жұмыс өндірістерімен байланысты жұмыстағы технологиялық үзілістер, сменалар.

Кран жұмысы циклының ұзактығы төмендегі формула бойынша анықталады:

Tці = Hkр/V ki + Hkp/ V ті + (αi/180n + Lki /Vжі )kу + Lжі/PiVkрі + t ki

Мүндағы; Hрі— тузілістердің әр түрін орнату кезіндегі имектің көтерілу биктігі, м; V Кі , V ті , Lжі, Vр — тиісінше имектің көтерілу және түсу, жүктің көлденең бойынша қозғалу, жүк арбасының қозғалу, кранның қозғалысының шапшаңдығы, м/мин; αi —түзілістің әр турін жинақтау кезіндегі кран бұрылысының орташа бұрышы, градус; n — кранның бұрылу жиілігі, айналым/мин; ку — операцияларды үйлестіру коэффициенті,— 0,75-ке тең; Lki — көлденең бойынша жүктің тасылу қашықтыгы, м; Lжі — белгілі бір жұмыс көлемін орындау кезінде жүксіз козғалысы да есепке алынатын кран қозғалысының жалпы ұзындығы, м; t ki —қолмен атқарылатын операдияларды орындау ұзақтығы, мин.

Бірқабаттың (ярустың) түзілістерін орнатудың үзақтығы:

То= ni t цi / kу

формуласымен есептеп шығарылады, мұндағы: ni— жинақтау элементтерінің осы түрінің саны; t цi —тиісінше цикл ұзақтығы; ку —сменадағы кранды уакыт бойынша пайдалану коэффициенті.

Жалпы алғанда жинақтау жұмыстарының барынша тиімді графигін жасаған кезде міндеттерді әдеттегі инженерлік әдістермен шешу кезінде үлкен еңбек сыйымдылығының қажеттілігін туындататын түрлі варианттарды қарастыруға тура келеді. Сондықтанда электронды есептеу техникасын қолдану қажеттігі туындайды, өйткені ол тиімді болады. Алайда бұл бағыттағы қолда бар жұмыстар әлі де болса қажетті талаптарға жауап бермейді.