
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
- •1.Пәннің оқу жоспары – syllabus
- •1.2. Пән туралы мәлімет
- •Жұмыс жоспарының кошірмесі
- •1.5. Пәннің қысқаша тусніктемесі
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі және түрлері, оларды орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8.Білімді бақылау және бағалу.
- •1 Модуль:
- •2 Модуль
- •1.9. Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Бельсенды үлестіретін материалдың мазмұны
- •6 Кесте
- •1.1.Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-түзілістік сипаттамасына қарап бағалау.
- •1.2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету.
- •1.3. Қоршаған ортаны қорғау
- •2.1.Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау
- •2.2. Тасқынды құрылыстың жаллы принциптері.
- •2.3. Тасңынның есепті параметрлері
- •2.4. Алмаспайтын құрылыс тасқыны.
- •3.1. Аланды құрылысқа инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамы және оларды белгілеу.
- •5.2.Құрылытық бас жоспар.
- •6.4 Ұймереттерді арнаулы мақсатты қалыптарда тұрғызу.
- •6.5. Ұймереттерді тұтас-құрамалы түзілістерден тұрғызу.
- •8.1.Үймереттерді тұрғызу қарқыны және бетондаудың интенсивтілігі.
- •8.2.Бетон қоспаларын дайындаудың, жеткізудің, берудің, қабылдаудың және төсеудің ыңғайлы технологиялық схемасын таңдап алу.
- •10.1. Өндірістік жұмыстардың мерзімдік жоспарын жасау.
- •10.2 Жұмыс сапасын қамтамасыз ету.
- •10.3 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
- •11.2. Толық жиналатын тұрғын үй және қоғамдық үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері.
- •11.3. Құрамалы өндірістік ғимараттардың құрылыстық-конструкциялық шешімдері
- •14.1. Жинақтау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.
- •14.2. Жинақтау жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
- •15.6. Конструкциялық схемалар және пайдалану мақсаты түрлі өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау технологиясы саласындағы проблемалық мәселелер.
- •2.3 Тәжірибе сабақтарының жоспары.
- •2.4. Стунденттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөж)
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөож).
- •2.6. Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары.
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.7. Курс бойынша емтихан сұрақтары.
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
10.3 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
Тұтас құймалы бетон және темір-бетон түзілістерін түрғызудың кешенді технологиялық процестеріне кіретін тасқынды өндірістік қарапайым технологиялық процестердің анағұрлым оңтайлы вариантын таңдау түрлі техникалық-зкономикалық көрсеткіштерді салыстыру жолымен: орындалатын жұмыстардың ұзақтығы, жұмыс бірліктерінің құны мен сыйымдылығы; нақты көрсеткіштердегі өнімділік бойынша жүргізіледі.
Түпкілікті өнім бірлігінің құны. Оны алу үшін тұрақты құрамдағы машиналар жиынтығы қолданылады, мынадай формуламен айқындалады:
Сб
= Еш
/Vж
+1,082См-a,i
ni+1,5
ж/Vж,а,
мүндағы Еш —тасымал шығындарын есепке алғандағы бірынғай шығындар, сом; Vж— түпкілікті өнім бірлігіндегі белгілі бір түрдегі механикаландырылған жұмыстардың жалпы көлемі; См-а, і — жиынтықтағы і — машиыалардың машина-ауысым құны, сом; ni —і — жиынтық үлгісіндегі машиналардың саны; Еж —машиналарды пайдалану шығындары есепке алынбаған жағдайдағы жұмысшылардың ауысымдағы еңбек ақылары, сом; Vж,а — түпкілікті өнім бірлігіндегі жиынтық ауысым ішінде орындаған белгілі бір жұмыс турінің көлемі; 1,08 және 1,5 машиналарды пайдаланғаны үшін және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге жұмсалатын шығындардың тиісінше коэффициенттері.
Жұмыс бірлігінің сыйымдылығы мына формуламен айқындалады:
Еб = Ек /Vж =E/V + м-a,i ni +Eж/Vж,а ,
мұндағы Ек — жұмыс сыйымдылығының қосындысы, адам-ауы-сым; Vж — түпкілікті өнім бірлігіндегі жұмыстардың жалпы көлемі; Ем — машиналарды құрылыс алаңына жеткізуге, кран астындағы жолдарды салуға, машиналарды жинақтауға және ажыратуға байланысты бірыңғай еңбек шығындары, адам-ауы-сым; Ем-а, і —машинаға машина-аусым кезіндегі кететін еңбек шығындары, адам-ауысым; ni — і — жиынтық үлгісіндегі машиналардың саны; Еж — машиналарды пайдаланудағы еңбек шығындары есепке алынғандығы ескерілмеген жағдайдағы процеске қатысатын жұмысшылардың еңбек шығындары; Уж. а — түпкілікті өнім бірлігіндегі жиынтық ауысым ішінде орындаған белгілі бір жұмыс түрінің көлемі.
Жұмыстың ұзақтығы мына формуламен айқындалады:
Т=
Vж
/Өж.а
+
Ті
мүндағы Vж — түпкілікті өнім бірлігіндегі механикаландырылған жұмыстардың жалпы көлемі; Өж.а— машиналар жиынтығының ауысымдағы пайдалану өнімділігі; Ті — жинақтауға, ажыратуға және машиналарды іске қосып көруге Тж.а, оларды учаскелерге көшіруге, алымдылыққа Тк және өзге жұмыстар орындау салдарынан пайда болатын үзілістерге Тү байланысты барлық операциялардың үзақтығы, яғни:
Ті =Тж.а+Тк +ТҮ .
Еңбек өнімділігі мына формуламен анықталады:
Өб = Vж / Ем + Ек ,
мұндағы Ем , Ек — механикаландырылған және қол еңбегіне жұмсалатын тиісінше еңбек шығыңдары.
Негізгі әдебиеттер: 4 [171-177].
Бақылау сұрақтары:
1. Өндірістік жұмыстардың мерзімдік жоспары қалай жасалады?
2. Жұмыс сапасын қамтамасыз ету.
3. Техникалық-экономикалық көрсеткіштері: түпкілікті өнім бірлігінің құны, жұмыс бірлігінің сыйымдылығы, жұмыстың ұзақтығы, еңбек өнімділігі қалай есептеледі?.
Тақырып 11. Үймереттерді құрамалы түзілістерден салу технологиясы.
11.1.Үймереттерді құрамалы түзілістерден салу технологиясы туралы жалпы мағлуматтар. Қазіргі кезде елімізде өнеркәсіп, азаматтық және ауыл шаруашылығы үймереттерінің басым көпшілігі қүрамалы тузілістерден, бөлшектерден және тораптардан жобаланады. Үймереттердің пайдалану мақсатына қарай жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған құрылыс кәсіпорындарында жасалатын құрама бетондар, металдар және ағаштан, пластмассадан істеген тузілістер кеңінен пайдаланылады.
Қазір құрама темірбетон бұйымдарын, бөлшектерді, түзілістерді, осы секілді ірі панельді, басқа да тұрғын үй және қоғамдық үймереттер үшін элементтер шығыратын өнеркәсіп кәсіпорындарының үлкен жүйесі, үймереттер мен ғимараттардың дайын бөлшектерін темірден шығаратын түзілістер зауыттары бар.
Қазір кұрылыс өндірісі индустрияландыру бағытында өркендеуде, ал ол кұрылыс элементтері мен бөлшектерді мүмкіндігінше типтендіру мен стандартка келтіру, көлем-жоспарлау және конструкциялық шешімдерді үндестіруге негізделеді.
Типтендіруді қайталанып салынатын үймереттердің, олардың құрамдас бөліктерін, осы сияқты бөлшектер мен элементтерді салудың тұтас процесі деп қарау керек. Стандарттандыру типтендірудің ең жоғарғы формасы болып табылады. Бұл талаптарға, ең алдымен толық құрамалы үймереттер жақсы жауап береді. Бұл орайда ірі панельді және ірі блокты үймереттерді, типті ыңғайластырылған үлкен құрамалардан тұратын өнеркәсіптік кәсіпорындардың үймереттерінде оларға тән ерекшеліктер айшықты көрінеді.
Сайып келгенде көптеген операцияларды зауыттарда атқаруға көшіру және құрылыс алаңдарын тек жинақтаушы жерлерге айналдыру, осы арқылы құрылыстың салу мерзімін қысқарту мен оның құнын арзандату – құрылысты индустрияландырудың міндеттері болып табылады.
Құрылыс индустриясын одан әрі дамыту, оны жаңа сапалық деңгейге көтерудің жолдары төмендегідей: құрамалы түзілістердің сапасын жақсарта отырып толық құрамалы құрылыс көлемін ұлғайту; құрамалы комплектілі үймереттердің номенклатурасын жеңіл металл түзілістері есебінен кенейту; өңдіріс көлемін дамыту және басқа да прогрессивті, зауттық әзірлігі жоғары түзілістер мен бұйымдарды пайдалану; жапсырылған ағаш түзілістерін кенінен қолдану.