Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ТСП-2і.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.44 Mб
Скачать

10.2 Жұмыс сапасын қамтамасыз ету.

Тұрғызылатын тұтас құймалы үймереттер мен ғимараттардың қосып алғандағы сапасы шегендеп бекіту, арматуралау және бетондау жұмыстарының сапасына байланысты болады. Ал осы жұмыстардың өзі қолданылатын материалдар мен жартылай фабрикаттарға тәуелді.

Қалыптар технологиялық күш түскепде берік болуы керек, формаларының дұрыстығы мен мөлшерлерінің дәлдігін қамтамасыз ету кажет. Бетондалған түзілістердін, бүлдіруінсіз тез құрастырған не бөлшектеген жөн. Арматураны орнықтыру, бетонды төсеп, нығырлауда қиындықтар туғызбау кажет.

Қалып әдетте алдын ала салынып жатқан объектіден тысқары жерде дайындалады және оның элементтері объектіге таңбалаланған күйде келіп түседі. Шегендеп бекіту элементтерін өндірістік жұмыстар жобасының нүсқауына сәйкес тасымалдау керек.

Құрылыс аланына жеткізілетін дайын қалып элементтері байқаудан және аспаптық тексерістен өткізіледі. Қалыптың әрбір элемецтінің танбасы болуға тиісті. Одан әрі қалыпты пайдаланған кезде қалып мерзімдік аспаптық бақылауға алынады, болаттан жасалғандары үшін кемінде 20 айналым және ағаштан жасалғандары үшін кемінде бес айналымнан тексеріліп тұрады. Қалыптың көлемінің жобадан ауытқуы соған жіберілгеннен

онша асып түспеуі керек.

Жиналған, бетондауға әзір етілген қалып, оған тірек болатын түзілістер, сондай-ак көтергіш жабдықтар акті бойынша қабылдануға тиісті.

Бетоңнын, үсті сапалы болуын арттыру үшін қалыптын, жақтау беттері, бетонға жалғасатын жері тегіс сүргіленген болуы керек. Жинақталған қалып тығыз болуы және цемент сұйығы-ның ағып кетуіне жол бермеуі керек. Геометриялық форманың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, темірбетон имелер, қалыбы және кружаласы, аралығы 4 метрден асып түсетін бағаналар құрылыс көтерімінде қойылады.

Арматуралар мен арматуралық бүйымдардың сапасына арнайы қүжат-сертификатпен кепілдік беріледі. Онда дайындаушы зауыттың аты, партиясының нөмірі, шығарылған мерзімі, болаттын класы мен танбасы, оның химиялық құрамы, диаметрі мен механикалық қасиеттері көрсетіледі.

Құрылысқа келіп түскен арматуралық болат, төсегіш бөлшектер мен анкерлер қабылдап алар кезде сыртынан байқап, өлшеніп, қосымша сынақтан өткізілуге тиісті. Ол мынадай жағ-дайларда қолданылады: жобада немесе арматуралық болаттың жекелеген түрлерін қолдану жөнінде нұсқау болса; арматуралық болаттың дұрыстығына күман туса; дайындаушы зауыттардын сертификаттарында қажетті деректер болмаса; арматура кернеу ретінде -қолданылса.

Қалыптағы арматура қанқалары мен торлары жобаға сәйкес болып, сүйемелдейтін қондырғылардың, шаблондардың, бекіткіштердің, тесеніштердің көмегімен бетондау процесінде жылжып кетпейтіндей етіп бекітіледі.

Арматуралық тіреулердің ауытқушылығы жобаға қарағанда диаметр ауқымдылығынан 1/5 артыққа және орнықтырылатын тіреуден 1/4 диаметрден артыққа жіберілмейді. Қалыптағы арматура жасырын жұмыстарды білдіретін акті бойынша қабылданып алынады.

Тұтас құймалы бетон түзілістерінің сапасы көп жағдайда дайындалған бетон қоспасының ерекшеліктеріне және оның қатқылдану процесіндегі күтіміне байланысты болады.

Төсегеннен кейін бетон қоспасының жоғары сапасын белгілі бір мынадай талаптарды орындағанда ғана қамтамасыз етуге болады: температуралык-ылғалды қолайлы режимді ұстап түру, қатқылданған бетонды соққыдан, жарылудан және басқа да механикалық әсерлерден, температураның күрт өзгеруінен және тез кеуіп, қүрғауынан сақтау.

Бетонды жауып, суару бетондағаннан кейін 10—12 сағаттан кешіктірілмей, ал ыстық және желді күндері 2—3 сағаттан кейін басталады. Егер сыртқы температура 15°С және одан жоғары болса, алғашқы үш күні күндіз кемінде 3 сағаттан кейін және түнде бір рет суарады, ал одан кейінгі күндері бетон 70 проценттік жобалық беріктігіне әдетте 7—15 кун жеткенше тәуліғіне үш рет суарылады.

Бетонды ерітіндімен тұтас байлауға лайықталмаған бетонның үстін пленка тәріздес құрамамен немесе корғағыш пленкалармен этиноленді лак немесе шағылыстыру қабылетін арттыратын және үстін кун сәулесімен қызуын азайтатын сүйық әк қосылған су-битумды эмульсия жабу ұсынылады.

5°С және одан төмен температурада бетонды суармайды. Оғаң күтім жасау шаралары, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімі, орындалуына бақылау жасау өндірістік жұмыстардың жобасында қарастырылған.

Бетонның беріктігі кемінде 1,5 МПа болғанда ғана бетон үстімеп жүріп, оған қалып орнатуға болады.

Бетон сапасына бақылау жасаған кезде оның физикалық-механикалық көрсеткіштерінің сәйкестігі жоба талаптарына сай келе ме, келетіндігі тексеріледі және ол оны дайын күйіне әзірлеу сатысында жузеге асырылады. Бетон қоспасып дайындап, төсеу сатысында оның қозғалғыштығы тексеріледі. Ол ауа райының қалыптасқан және толтырғыштардың тұрақты ылғалдылығы жағдайында ауысымда кемінде екі рет қоспаны дайындап, төсейтін жерде жүргізіледі. Ылғалдылығы күрт өзгеретін, қоспаның жаңа құрамын дайындауға көшкен немесе жаңа партиядан құралатын болса кемінде әрбір екі сағат сайын тексеріп отыру керек.

Бетонның беріктілігі ол дайындалған бетон зауытында іріктелініп алынған бетон қоспасының қосымша үлгілері бойынша өндірістік жұмыс орындарында тексеріледі. Өндірістік жұмыс орындарында дайындалған қосымша үлгілерді бақылауға алынған түзілістердегі бетондар тәрізді қатқылдану жағдайына сай сақтау қажет.

Бүған қоса түзілістердегі бетонның сапасы беріктігін, аязға төзімділігін және бұрғыланған керндерде су өткізіштігін сынау жолымен анықталады.