Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ТСП-2і.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.44 Mб
Скачать

10.1. Өндірістік жұмыстардың мерзімдік жоспарын жасау.

Өпдіріс процестерінің толық көлемінің кестесін жасау үшін орындалуға тиісті жұмыстардың толық тізімі болуы шарт. Жұмыс көлемдері мынадай өлшемдегі жұмыс сызбалары арқылы есептеледі: қалыптау құрылымы — шаршы метрмен алғанда, қалыптарды ұстап тұратын ағаштар — метрлеп, алынған бағаналар, стерженді арматураны орнықтыру — тоннамен, алғанда, арматуралық қаңқалар — даналап, есептегенде, бетон қоспасын төсеу — текше метрлеп алынады. Мұның үстіне жоғарыда айтылғандай, тұтас құйма бетон жұмыстарын құрайтын өндірістік процестер арасында бетон тәсеу жетекші жұмыс саналады.

Өндірістік жұмыстардың мерзімдік жоспарында әрбір процестің тасқынды орындалуы, мамандандырылған звенолардың бір алымнан екіншісіне ауысуының тәртібі, түзілістердің қалыптарын ажырату мерзімдері көрініс табады.

Бетон жұмыстары өндірісінің жалпы мерзімі мына формула бойынша айқындалуы мүмкін:

Т=tм + tб +(nа -1)К,

мүндағы tм —жұмысшы мамандандырылған звенолардың әрбір альмда, ауысымдарда болу ұзақтығы; tб — бетонның қатқылдануы, ауысымдардың ұзақтығы; nа — алымдардың жалпы саны; К — тасқынның ырғағы.

Түзілістердің түр-түріне, қалыптар құрылғысы мен арматуларды орнықтыру жұмыстарының күрделігіне, төселетін бетонның көлеміне және оның жұмыс ауқымдылығына қарай процестер кешені әрқайсысында мамандандырылған звенолар жұмыс істейтін бірқатар тасқындарға бөлінеді.

Жұмыстардың көлеміне және бетондалатын түзілістердің күрделілігіне байланысты әрбір процесс дербес тасқынға бөлінуі мүмкін: қалып құрылғысы— I тасқын; арматураны орнык-тыру— ІІ тасқын; бетон қоспасын төсеу — III тасқын; бетонға кутім жасау — IV тасқын; қалыпты ажырату — V тасқын.

Жеке тасқындардың саны олардың біріктіру арқылы кемуі мүмкін. Мысалы, шегендеп бекіту құрылғысы мен арматураны орнықтыруда арматура-қалып блоктарын пайдалану — I тас-

қын; бетондау және бетонға күтім жасау — II тасқын; қалыпты ажырату — III тасқын; ажырамайтын қалыпты қолданғанда оны бөлшектеу жүргізілмейді, ондайда екі жағдайда да тасқынның бүл түрі тыс қалады.

Алымдардың саны тең немесе тасқындар санынан еселі болуға тиісті. Мұның үстіне алымдардың мөлшерін алымдағы жекелеген процестердің орындалу мерзімі бір немесе бірнеше ауысымдардың үзақтығына теңгерілетіндей етіп белгілеу керек.

Биік тұтас құймалы ғимараттарды қабаттарға бөлгенде жұмысшы тігістердің құрылғы талаптарын ескеру қажет. Қөп қабатты үймереттерді тұрғызған кезде ярус ретінде бағаналары мен жабуларын қоса алғандағы қабаттың биіктігі есепке алынады.

Процеске енетін процестердің барлық түріне арналған тасқын ырғағы біркелкі жобаланады:

К = Еi /ai m,

мүндағы Еi — і — алымдағы еңбек сыйымдылығы, адам-ауы-сым; аi —і — жұмыс түріндегі жұмысшылардыңұсаны, адам; m— жүмыс істейтін звенолардық саны.

Жекелеген жұмыс түрлері бойынша жұмыс істейтін звенолар санының жұмыс көлемі мен белгіленген тасқын ырғағының орындалуын қамтамасыз ету үшін мына формула колданылады:

m = Еii К

немесе жұмыс түрлері бойынша:

mкҚк К; mааа К; mббб К,

мүндағы mк , mа, mб —калыпшылар, арматурашылар, бетоншылар звеноларының тиісінше саны; Ек , Еа, Еб —қалып, арматура, бетондау жұмыстарының тиісінше еңбек сыйымдылыры, адам-ауысым; ак , аа, аб —тиісті жұмыс түріндегі звенодағы жұмысшылардың саны, адам.

Әрбір мамандаыдырылған бригаданың құрамы ЕНиР немесе ЕПҚ (еңбек процестерініқ картасы) түрлі темір-бетон түзілістеріне арналған жұмыс ауқымына байланысты айқындалады (ЕНиР-де қарастырылғаннан гөрі өнімділігі анағұрлым жоғары еңбекті прогрессивті ұйымдастыру қарастырылған еңбек процестерінің карталарын кенінен қолдану қажет). Мұның үстіне алымдардың мөлшерін анықтау ескерілетін, бригадаларға нормала-рын асыра орындауға мүмкіндік берілетіндігін ұмытпау керек. Егер жұмысшылар сабақтас мамандықтарды, мысалы арматурашы мен бетоншы игеретін болса, онда еңбекті алымдар тәсілі бойынша ұйымдастыру едәуір жеңілдейді.

Жұмысты жылжымалы қалып арқылы жүргізгенде ғимаратты алымдарға бөлу қажеттігі туындамайды. Бұл жерде қалыпты құрылыстың бас кезінде бір-ақ рет орнықтырады: арматурашы орнықтыру мен бетон қоспасын төсеу бір мезгілде атқарылатындықтан арматушыларға дербес алым белгілеудің қажеттігі туындамайды.

Әрбір алымдағы түзілістерді қалыптан ажырату тасқын бойынша және бетон қоспасын төсегеннен кейін кемінде бес күннен бұрын жобаланады. Осы мерзімде 500 маркалы портландцементтегі 400 маркалы бетон 25°С температурада 80 проценттік маркасын бойына жинақтайды.

Алайда ауаның онша жоғары емес температуралары жағдайында күзгі немесе көктемгі кезеңдерде, сондай-ақ баяу қатқылданатын цементтерді қолданғанда (шлакопортландцемент, пуццоланды портландцемент) бетон әдеттегі жағдайларға қарағанда баяу қатқылданады. Осындай жағдайларда қаткылданатын бетонға бір емес, екі-үш алымдарды бөлуге тура келеді.