
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
- •1.Пәннің оқу жоспары – syllabus
- •1.2. Пән туралы мәлімет
- •Жұмыс жоспарының кошірмесі
- •1.5. Пәннің қысқаша тусніктемесі
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі және түрлері, оларды орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8.Білімді бақылау және бағалу.
- •1 Модуль:
- •2 Модуль
- •1.9. Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Бельсенды үлестіретін материалдың мазмұны
- •6 Кесте
- •1.1.Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-түзілістік сипаттамасына қарап бағалау.
- •1.2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету.
- •1.3. Қоршаған ортаны қорғау
- •2.1.Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау
- •2.2. Тасқынды құрылыстың жаллы принциптері.
- •2.3. Тасңынның есепті параметрлері
- •2.4. Алмаспайтын құрылыс тасқыны.
- •3.1. Аланды құрылысқа инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамы және оларды белгілеу.
- •5.2.Құрылытық бас жоспар.
- •6.4 Ұймереттерді арнаулы мақсатты қалыптарда тұрғызу.
- •6.5. Ұймереттерді тұтас-құрамалы түзілістерден тұрғызу.
- •8.1.Үймереттерді тұрғызу қарқыны және бетондаудың интенсивтілігі.
- •8.2.Бетон қоспаларын дайындаудың, жеткізудің, берудің, қабылдаудың және төсеудің ыңғайлы технологиялық схемасын таңдап алу.
- •10.1. Өндірістік жұмыстардың мерзімдік жоспарын жасау.
- •10.2 Жұмыс сапасын қамтамасыз ету.
- •10.3 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
- •11.2. Толық жиналатын тұрғын үй және қоғамдық үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері.
- •11.3. Құрамалы өндірістік ғимараттардың құрылыстық-конструкциялық шешімдері
- •14.1. Жинақтау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.
- •14.2. Жинақтау жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
- •15.6. Конструкциялық схемалар және пайдалану мақсаты түрлі өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау технологиясы саласындағы проблемалық мәселелер.
- •2.3 Тәжірибе сабақтарының жоспары.
- •2.4. Стунденттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөж)
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөож).
- •2.6. Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары.
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.7. Курс бойынша емтихан сұрақтары.
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ӨжАқт)
6.4 Ұймереттерді арнаулы мақсатты қалыптарда тұрғызу.
Алынбайтын (конструктивті) қалып қарапайым конфигурациялы және үлкен қалыпты қажет ететін тегістіктікте түзілістерді және ғимараттарды бетондауда пайдаланылады. Қалыптың сыртқы қырлары түзілістердің қырларымен бетпе-бет орналастырылады; ішкі тегістіктері түрлі және түзіліс бетонымен берік байланыстыру үшін анкерлі етектері болуы керек.
Алынбайтын қалыптың қажетті катқылдығын және орнықтылығын қамтамасыз ету үшін түзілістің қарама-қарсы қалқандарын бұрағыштармен немесе тартпалармен қосады.
Қалып үшін жұқапарақты материалдарды пайдаланғанда плиталарды үшін тартқыштармен байланыстырылған сыртқы қабатын прогондардың, қадалардың көмегімен бекітеді. Алынбайтын қалыптарды пайдаланғанда түзілістер бетондалғаннан кейін өңдеуді қажет етпейді.
Пневматикалық қалыптау одан әрі эксперименталды зерттеуді, оны тиімді қолданатын салаларды анықтауды және технологиялық регламенттерін жасауды қажет ететін бетондаудын. жаңа технологиялық әдісі болып табылады. Пневматикалық калыптау әдісінің мәні-төселген пневматикалық қалып-тыста плиталарды көлбеу жағдайда бетондау, осыдан кейін тысқа ауа жібереледі және калыпта кұйылған плитаны жобалық жағдайына келтіру.
Мұндай қалылтың орнықтылығын арттыру және бүлінбеуін қамтамасыз ету үшін, оның ішкі тегістігіне бекітіліп, радиусты орналастырылатын вант жүйесі қолданылады. Бетон есепті беріктікке жеткеннен кейін қалып алынады.
6.5. Ұймереттерді тұтас-құрамалы түзілістерден тұрғызу.
Ттас және түтас-құрамалы үймереттер қабылданеан түзілістеріне карай ұсаққалқанды, іріқалқанды, блокты, көлемді-ауыстырмалы қалыпта тұрғызылады.
Жабындардың құрамалы панельдері қолданылатын бірсекциялы құрама-тұтас үймереттерді іріқалқанды да, блокты қалыпта да түрғызуға болады. Соңғы жылдары құрамалы-тұтас үймереттерді жоғары көтеретін қалыптарда тұрғызу тәжірибесі де берік орнығуда.
Үйлерде құрамалы злементтерден жасалған қоршаулар, сатының элементтері, санитарлық кабиналар және басқа түзілістер пайдаланылады.
Керамзитбетон үшін ірі толтырғыш ретінде керамзитті қиыршық тас қолданылады. Ұсақ толтырғыш үшін ұсатылған керамзит құмы және кварцті және керамзит құмдары пайдаланылады.
Үймереттерді көлемді-ауыстырмалы калыптарда – тұрғызған кезде бетондау қабаттар бойынша жүргізіледі. Әр қабат тәуліктік жұмыс циклына есептелген алымдарға бөлінеді. Жұмыстар төмендегідей тәртіппен атқарылады. Арқалықты қабырғалардың ашық мандайының көлденеңі бойынша жинақтау көтергіштері орнатылады, қалып блоктарының секциялары жинақталады, қабырғалар мен жабындар арматураландырылып, бетондалады.
Бетон белгілі беріктікке жеткеннен кейін секциялар кезекпен рычагты-винтті механизмнің көмегімен тасымалданатындай жағдайға келтіріледі. Сыртқы көтергіштерге дөңгелетіп шығарылып, ол жерден кранмен кезекті қабатты немесе алымды бетондау үшін жаңа жерге орналастырылады. Қалыптың секцияларының орнын теңдестірілген консолды траверстердың көмегімен ауыстыруға болады. Жұмыстар өпдірісінің мұндай әдісі бүкіл үймереттің немесе қабаттын, қораптары бетондалып болғаннан кейін ғана құрамалы сыртқы қабырғалық панелдермен жабылатын «ашық қас бетті» үйлерде қолданылады.
Бұл әдістің мәнісі мынада. Үймереттің арқалық қабырғалары және жабынның негізгі бөлігі құрамалы түзілістерді тек үймереттін сыртқы қабырғалары мен ішкі элементтері үшін ғана қолдана отырып тұтас темірбетоннан көлемді-ауыстырмалы қалыпта тұрғызылады.
Көлемді-ауыстырмалы қалыптың секцияларың ажырату жабындарда қалдырылатын көлемі секциялай арнайы ойықтар арқылы жүргізіледі. Осы мақсатпен мұндай ойықтар қалдырыл-ған жерлерде қалыптың жоғарғы жағынсыз тек блоктары орнатылады.
Жұмыстар төмендегідей тәртіппен атқарылады. Қалып блоктарының секциялары орнатылады, күнібұрын әзірленген қаңқалар мен торлардан арматураландыру жұмыстары атқарылады. Қабырғалар мен жабындар, оның ішінде ажырату үшін ойықтар қалдырылған қабырғалар да бетондалып, ол қажетті беріктікке жеткеннен кейін қалыптар бетоннан ажыратуды жеңілдететін көмекші құралдар мен түзілістерден қалыптар алынады. Алдымен кранмен жинақтауды айықтарының қабырғаларын құрайтын қалыптың секциялары алынады, одан кейін негізгі қалыптың секциялары домалатылып ойыкқа әкеліп алынады. Бұдац кейін олар кезекті алымға жеткізіледі. Алымдар босатылғаннан кейін ажырату ойықтары құрамалы плиталармен жабылады.
Негізгі әдебиеттер: 4 [151-154;177-194].
Бақылау сұрақтары:
1.Тұтас құйма темірбетонды қолдану арқылы үймереттерді тұрғызу жөніндегі жалпы ереже.
2.Тұтас бетонды үймереттер құрылысының технологиясы. Үймереттерді ауыстырылмалы қалыптарда тұрғызу.
3.Ұймереттерді жылжымалы қалыптарда тұрғызу.
4.Ұймереттерді арнаулы мақсатты қалыптарда тұрғызу.
5.Пневматикалық қалыптан қандай конструкцияларды жасауға болады?.
6.Ұймереттерді тұтас-құрамалы түзілістерден тұрғызу.
Тақырып7.Тұтас құйма және құйма-құрастырмалы үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері.
Өнеркәсіп құрылысында жерүсті ғимараттарында түтас құймалы бетон жобалық емес көпқабатты үймереттерді, көпқабатты бір аралықты және көп аралықты име қораларды, катқыл ядроларды, резервуарларды, түтін шығатын мұржаларды, су тартатын мұнараларды, сүрлем ұраларын, градирендерді, ауқымды жабулар және басқаларын тұрғызу кезінде қолданылады. Ол сонымен қатар жер асты және инженерлік ғимараттардың (жертөлелер, іргетастар, төннелдер, т. б.) құрылыста-рында кеңінен қолданылады.
Тұтас құйма бетоннан көпқабатты үйлерді тұрғызудын, жобалык шешімдерінде көп жағдайда тұтас құймалы сыртқы және ішкі қабырғалары және құрастырма жабуларымен бірге құрастырма-түтас кұймалы вариант қарастырылған. Осындай кұрылымдық вариантта жоспарлы шешімдерді үйлестіру мүмкіндігі ықшамдалады да тұтас құймалы жабулардың осындай артықшылықтары жүзеге асырылмайды.
Тұтас құймалы бетоннан салынған құрылыстардың техникалық-экономикалық керсеткіштері көп жағдайда үймереттерді түрғызудың технологиялық схемаларының қолданылуына байланысты. Сондықтан өндірістік жұмыстардың жобаларын жасаған және құрылысты үйымдастырған кезде таңдағанда түзілістердің түрі мен ерекшелігі, оларды тұрғызудың шарттары, бетон жұмыстары өндірісінің ерекшеліктері ескерілген анағұрлым тиімді технологиялық схемалар пайдалануға тиісті.
Тұтас қүймалы бетондарды пайдалану арқылы түрғызылатын көп қабатты тұрғын үймереттерді технолоғиялық және құрылымдық белгілері бойынша шартты түрде үш негізгі топқа: барлық түзілістері тұтас құймалы бетоннан орындалған біртұтас кұйма, барлық қабырғалары тұтас құймалы бетоннан жасалған, ал жабуы — құрастырма-тұтас құймалы деп бөлуге болады.
Сусымалы
қалыптармен тұтас құймалы үймереттер
түрғызу үздіксіз
бетондауды қамтамасыз ету үшін бетон
жұмыстары өндірісінің
ырғағып қатаң сақтауды талап ететін
жоғары деңгейде
ұйымдастырылған процесс болып табылады.
Сусымалы қалып арқылы тұрғызылатын үймереттер мен ғимараттардың тұтас кұймалы жабуларының қондырғысы мынадай технологиялық схемалар арқылы айқындалуы мүмкін: қабырғаларды тұрғызу процесі кезінде бір қабатқа кешігу (сабақтастыру-циклді тәсіл); қабырғаларды тұрғызу процесінде екі-үш қабатқа кешуілдеу (қатарлы-ілеспелі тәсіл); қабырғаларды «төменнен жоғарыға» немесе «жоғарыдан төменге» схемасы бойынша бүкіл биіктігіне жеткізе тұрғызғаннан кейін.
Тұтас құймалы жабулардың қондырғысын сабақтастыру-циклді және қатарлы-ілеспелі тәсілдермен жасаған кезде қабырғаларды бетондаған кезде қолданған бетонды төсеу жабдықтарында да пайдалану ұсынылады.
Ауыстырмалы қалыппен жеңіл бетоннан тұтас құймалы үймереттер мен ғимараттарды тұрғызудың ерекшелігі бетонның қажетті беріктігін қосу қарқындылығы болып табылады, бетондаудың үзақтығы да соған байланысты. Соидықтан қалыптың осы түрлерін пайдаланған кезде тұтас құймалы үймереттер мен ғимараттарды тұрғызудың тиімділігі жеңіл бетонның талап ететін беріктікті қосуды жеделдететіп түрлі тәсілдерін қолдану есебінен артуы мүмкін.
Шегендеп бекіту элементтерін, тасымалдау машиналарын, механизмдері мен құралдарын жинақтау.
Технологиялық жобалау сатысында шегендеп бекітудің түрін таңдау және жинактық көлемін анықтау қүрылыстың нақтылы шарттарына және құрылыс ұйымын технологиялық жарақтан-дыруға сәйкес жүргізіледі. Мұның үстіне тандау кезінде тұтастай алғанда тұрғызылатын түзілістер мен ғимараттардың ерекшеліктері, аралықтарының мөлшері, түзілістің жерден қаншалықты биіктікте орналасқандығы, үй мен ғимараттың тұтас биіктігі, жоспарына және биіктігіне қарай түзлістің қайталанатындығы ескеріледі.
Турлі үлгідегі шегендік бекітулерді дайындауға жұмсалатын бірмезгілдік шығындарды салмақтау және орнату мен бөлшектеу құнын, орындалған жұмыстардың тиісті көрсеткіштерін салыстыру блокты, ірі қалқанды, орамды шегендеп бекітуді қолдану тиімді екендігін білдіреді. Ал мұның өзі қол еңбегін күрт қысқартады. Есепті экономикалық тиімділік әдетте жөндеуге, бекітуге, бір айналымға деп есептелген элементтерді дайындауға кететін шығындардың айырмасынан құралады.
Қалыптардың белгілі турін дайындау тиімді деген мәселені шешу барысында әсіресе мамандандырылған бөлімшелерді технологиялық жағынан жарақтандырған жағдайда, материалдық қаржылар шектеулі болатындықтан өзіндік құн мен орындалған жұмыстың қаншалықты күшке түскендігін салыстырып отыру керек. Жұмыстық өзіндік құны мына формуламен айқындалады:
Сж = (СЖ /Пн/Пе + С0.а )/ V,
мұндағы Сж — қалыпқа кететін жылдық шығындар; орнату мен ажырату шығындарынсыз, сом/шаршы метр; Пн , Пе — аталмыш қалыптың айналмалы карқынының тиісті нақты және есепті көрсеткіштері; Со. а — орнату мен ажырату құны, сом/шаршы метр; V — қалыптап орындалатын жұмыс көлемі, шаршы метр.
Қолда бар материалдар шектеулі болатындықтан жұмыс көлемі құрылыс ұйымындағы жұмыс көлемімен сәйкес келуі немесе кем түсуі мүмкін.
Қалыптаудың ең аз айналымдылығының есепті циклы нормативті 3-кестеде көрсетілген.
3 кесте
Қалып түрі |
Қалып материалдары |
Сүйеніш болар болат эелементтер |
||
металл |
фанер |
ағаш |
||
Ұсақ қалқанды |
100 |
|
|
200 |
Ірі қалқанды |
|
|
|
|
Көтермелі-аустырмалы |
120 |
30 |
20 |
120 |
Қөлемді- аустырмалы |
200 |
|
|
200 |
Жылжымалы |
300 |
60 |
30 |
600 |
Қолбеу-көшермелі |
400 |
|
|
|
Технологиялық жобалау сатысында нактылы жағдайларға арналған қалыптардың түр-түрлілігінің айналымдық қарқыны мына формула арқылы анықталуы мүмкін:
ұсақ қалқанды қалып ушін:
Пүк =19,І7+О,23V— (35+0,5V)Кt /10000,
мұнда V — құрылыс ұйымының жылдық бетондау жұмысының көлемі, мың текше метр; Кt — қысқы кезеңнің карсы температурасының есебіне қарсы температуралардын. ұзақтығын білдіретін температура коэффициенті;
ірі қалқанды қалыпқа
П,к = 24,16+0,26V—(43 + 0,55V)Кt /10000;
блокты қалыпқа
П6л = 21,23 + 0,36V-(28 + 0,76V)Қt /10000;
сырғымалы қалыпқа
Пс =10б + 0,99V— (140 + 3,6V)Кt /10000,
Қалыптау жұмыстарың еңбек сыйымдылығы мына фор-муламен айқындалады:
Еқ =Еn +(ЕД +Еж)/n,
мұндағы Ек — қалыпты жинақтау мен ажыратуға жұмсалатын еңбек шығындарының сомасы, сондай-ақ бір айналымға келетін қалыпты дайындауға және жөндеуге жұмсалатын майда-шүйде шығындар; Еn — қалыптың пайдалану жұмысының еңбек сыйымдылығын жинақтау, ажырату, тазарту, майлау, адам-күн; Ед — қалыпты дайындаудың еңбек сыйымдылығы, адам-күн; Еж — қалыпты жөндеуге жұмсалатын еңбек сыйымдылығы, адам-күн; n — қалыптың нормативті айналымдығы, цикл (3-кестені қара).
Қалыпты орнату, арматураны жинақтау, бетон қоспасын жеткізіп төсеуге арналған машиналар мен механизмдер жинағын таңдау тұтас құймалы бетон және темір-бетоп үймереттері мен ғимараттарын және олардың құрылымдык элементтерін тұрғызудың бүкіл технологиялық процестерін кешенді механикаландыруға бағындырылуға тиісті. Бетондау қарқынын және барлық жұмыстарды үйымдастыру бетон қоспасын төсеу арқылы айқындалады. Жетекші машина есепті бетондау қарқынымен анықталады.
Жетекші бетон төсеуші машина өнімділігі жағынан бетондау түзілісінің қарқындылығымен байланыстырылған, мұның үстіне параметрлер, өнімділік және өзге жинақтаушы механикаландыру құралдарының саны тиісті параметрлер мен жетекші машинаның өнімділігіне сәйкес іріктелініп алынады.
Жетекші машинаның өнімділігін толығырақ пайдалану үшін жабдықтаушы машиналардың өнімділіктері әдетте 10—15 процент жоғары алынады.
Машиналар мен механизмдердің жинақтық құрамы шегендеп бекіту, арматура және бетондау жұмыстары мен өндірістік жұмыстардың шарттары технологиясы қабылдаған жетекші машинаның пайдалану өнімділігі арқылы айқындалады.
Негізгі әдебиеттер: 4 [154 -157]. [169-171].
Бақылау сұрақтары:
1. Тұтас құйма және құйма-құрастырмалы үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері
2. Шегендеп бекіту элементтерін, тасымалдау машиналарын, механизмдері мен құралдарын жинақтау.
3. Жұмыстық өзіндік құны қалай анықталады?
Тақырып 8. Үймереттерді тұрғызу қарқыны және бетондаудың интенсивтілігі.