Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ТСП-2і.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.44 Mб
Скачать

5.2.Құрылытық бас жоспар.

Ішінде негізгі жинақтау және жүк көтеретін механизмдердің, құрылыс кезеңінде салынып, пайдаланылатын уақытша үймереттер мен ғимараттардың, жабдықтардың орналастырылуы көрсетілген құрылыс алаңының бас жоспары құрылыстық бас жоспары деп аталады.

Ол құрылыс шаруашылығы объектілерінің құрамын анықтау және оларды орналастыру үшін пайдаланылады. Бас жоспарда құрылыс мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану және еңбекті корғау талаптарын қамтамасыз етудің жолдары да мұқият қарастырылады.

Кұрылыстық бас жоспар ж а л п ы а л а ң д ы қ және о б ъ е к т і л і к болып екі түрге бөлінеді (1.6-сурет). Біріншісін жобалаушы ұйым жұмысшы жоба деңгейінде құрылысты үйымдастыру жобасының (ҚҰЖ), ал екіншісін құрылыс ұйымы жұмысшы құжаттар деңгейінде жұмыс өндірісі жобасының (ЖӨЖ) құрамында жасайды.

Объектілік құрылыстық бас жоспар жалпыалаңдық құрылыстык бас жоспарға кіретін барлық салынып жатқан үймереттер мен ғимараттарға арналып, бөлек жасалады. Күрделі үймереттер үшін объектілік құрылыстық бас жоспар түрлі кезендерге(даярлық, негізгі, т. б.) және жұмыс түрлеріне (жер жұмыстары, жерасты ғимараттарын немесе ғимараттың жерасты бөлігін салу, жабын жұмыстары және басқа) арналып жасалуы мүмкін.

Құрылыстық бас жоспарды жасау үшін пайдаланылатын бастапқы кұжаттар:

— қүрылысты ұйымдастыру жобасының құрамындағы кұрылыстық бас жоспар шешімі;

— кешенді торкөзді (сеттік) график немесе жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары;

— технологиялық карталар, үймереттін немесе ғимараттыц жүмысшы сызбасы.

Жұмыс өндірісі жобасының құрамындағы объектілік күрылыстық бас жоспардың графикалық бөліғі әдетте 1:500, 1:200,1:100 және 1:50 масштабымен орындалады және ол негізінен құрылысты ұйымдастыру жобасындағы құрылыстық бас жоспар элементтерінен құралады.

Құрылыстық бас жоспар құрылысты ұйымдастыру жобасында қабылданған принципті шешімдерді дәлдей, анықтай түседі және онда жобалық шешімдерді нактылы жүзеге асыруға қажет егжей-тегжейлі талданған және мейлінше жан-жақты қамтылған мәліметтер бар. Қурылыстық бас жоспарда нақтылы үймеретті немесе ғимаратты салумен тікелей байланысты және объектіге жалғасқан территорияны қамтитын кұрылыс шаруашылығы алаңын ұйымдастыру жөніндегі ойластырылған шешімдер көрсетіледІ.

Құрылыстық бас жоспар құрылыс алаңының шекаралары, оның қоршауларының турлері, пайдаланылып жүрген және уақытша жерасты, жерусті және әуе жуйелері мен коммуникациясы, тұрақты және уақытша жолдар, транспорт құралдары мен механизмдердің козғалу схемалары, құрылыс және жүк көтергіш машиналарды орнататын жерлер мен олардың қозғалу жолдары және пайдалану аймағы, тұрақты, салынып жатқан және уақытша үймереттер мен ғимараттар, қауіпті аймақтар, жоғарғы қабаттарда жұмыс істейтіндерді жұмыс орындарына жеткізу жолдары, осы сияқты үймереттер мен ғимараттардың өткіндері, энергия куатымен қамтамасыз ететін кездер мен құралдардың орналасуы, жерге қосылған контурлары, материалдар мен түзілістерді үйетін қоймалар мен алаңдар, жүмысшыларға санитарлық-түрмыстык, қызмет көрсететін үйлердің орналасуы, ішетін су қондырғылары, демалыс орындары, қауіптілігі жоғары аймақтар, белгіленген құрылыс алаңын игеру жолдары көрсетіліп жасалады.

Есептеу-түсініктеме — жұмысшы құжаттардың деректері бойынша анықталған жұмыстардың физикалық көлемі негізінде уақытша құрылыс шаруашылығында қосымша құрылыстар салу қажеттілігінің дәлелдері мен дәлелденген есептеулері келтіріледі, осы сияқты механикаландырылған жабдықтарды орнатудың уақытша үймереттер мен ғимараттарды, жолдар салудың, қуаттар және жарық жүйелерін арттырудың, су және жылумен қамтамасыз етудің, телефондандырудың нақтылы техникалық шешімдері керсетіледі.

Жобалау тәртібі. Құрылыс шаруашылығының уақытша объектілерін орналастыруды жинақтау және жук көтергіш механизмдерден бастау керек, өйткені құрылыстық бас жоспардың қалған барлық шешімдерінің орындалуы — ең алдымен, солардың қалай орналастырылуына байланысты.

Жинақтау крандары журетін жолдарды, әдеттегідей үймереттің өн бойымен салу қажет. Машиналарды топырағы алынған жерлерде (ор, шұңқыр, қанау және басқаларда) еңістен қауіпсіз қашықтықта пайдалануға рұқсат етіледі.

Объектілер жанындағы қоймалар құрылыс ішіндегі жолдар мен негізгі тасымал магистральдары арқылы жеткізілетін материалдарды түсіріп, қабылдап алуға жеңіл болады-ау деген жерлерге салынады. Құрама түзілістер, материалдар, жартылай шикізаттар қоймалары кран жұмыс істейтін аймақта орналасуы керек.

Объекті жанындағы механикаландырылған қойманың ені тиеу-түсіру жұмыстарының параметрлеріне байланысты белгіленеді және ол әдетте 10 метрден аспайды. Мұнаралы кран жумыс істейтін ірілендірілген түзілістер қоймасының ені кран жебесініц ұзындығынан аспауы керек. Егер мұнаралы кран қойманың ортасынан жүретіндей етіп орналастырылса қойманың ені кран жебесінің ұзындығынан артық болмауы керек.

Бұйымдарды, түзілістерді және жартылай шикізаттарды ашық қоймаларға үйгенде қойманың өн бойымен және көлдененінен ені 0,7 метрден кем емес өткін қалдырылады және көлденең өткіндер әр 25—30 метр сайын болуы керек.

Өрт қаупі бар және шақ-тозаңды материалдар сақталатын ашық қоймалар басқа үймереттер мен ғимараттардың ық жағына орналастырылады және олардың 20 метрден кем қашықтықта болмауы керек. Барлық қоймалар жол шетінен кем дегенде 0,5метр жерде орналастырылады.

Құрылыс алаңындағы ішкі құрылыс жолдары қоймалар мен механикаландырылған жабдықтардың жұмысын тоқтаусыз қамтамасыз етуі тиіс. Уақытша жолдардың ені және олардағы қозғалыс қатарының саны автомобиль түрлеріне, жолдардың категорияларына байланысты анықталады және транспорт бір бағытта жүрсе жол ені — 3,5метр, ал екі бағытта жүрсе 6 метр деп қабылданады (2.-кесте).

2-кесте

Параметрі

Қозғлыс қатарларының саны үшін көрсеткіштер,м

1

2

Қозғалыс қатарының ені

Жолдың жүргінші бөлігінің ені

Топырақ үйіндісінің ені

Пландағы қисықтардың ең аз радиусы

3,5

3,5

6

12-18

3

6

8.5

12-18

Ені 3, 4 метрге дейінгі автомашиналарды пайдалану кезінде (МАЗ-525, МАЗ-530) жолдың жүргінші бөлімінің ені тиісінше 4 және 8 метрге дейін үлкейеді. Құрылыс ішіндегі жолдар жуйесі шеңберленуі керек.

Қоймалар мен құрылыс ішіндегі автомобмль жолдарын орналастырғаннан кейін уақытша құрылыстарды салуға көшеді. Уақытша (негізінен инвентарлық) өпдірістік, санитарлык-тұрмыстық, әкімшілік үймереттері жұмысшылардың жұмыс орындарына қауіпсіз және ыңғайлы өткіндермен баруын және үймереттердің өзара тұруын қамтамасыз ететіндей орналасуы кажет. Бұл үймереттерді коммуникацияға қосуға кететін және пайдалану шығындарын азайтуға көмектеседі.

Объектілік құрылыстық бас жоспарында техника қауіпсіздігі талаптары нақтылана түсіп, жүмысқа қауіпті деп қоршалған механизмдер орналасқан және жоғары кернеулі электр желілері ететін аймақтар, темір жол өткелдері, транспорт қозғалысын реттейтін белгілердің қойылған жерлері, тағы басқалар көрсетіледі. Осы сияқты құрылыс шаруашылығының басқа да элементтері анықталады.

Негізгі әдебиеттер: 4 [31-38].

Бақылау сұрақтары:

1. Мерзімдік жоспарлаудың негізгі ережелері тиімділік белгілері (өлшемдері).

2. Өндіріс жұмыстарының мерзімдік жоспары.

3. Құрылытық бас жоспар жобалау тәртібі.

4.Жұмыс көлемі калай анықталады?

5. Жүмыстардың еңбек сыйымдылығы калай анықталады?

6. Сменалар саны және сменадағы жумысшылар саны және бригада құрамы қалай анықталады?.

Тақырып 6. Тұтас құйма темірбетонды қолдану арқылы үймереттерді тұргызу технологиясы.

6.1.Тұтас құйма темірбетонды қолдану арқылы үймереттерді тұрғызу жөніндегі жалпы ереже. Бүгінде ипдустриалды әдістерді қолдану арқылы тұтас құймалы темірбетондардан құрылыс жүргізу толық құрастырмалы ірі панельді үй құрылыстарын толықтыра түсетін, тұрғын үй-азаматтық құрылысты одан әрі индустриаландыру бағыттарының біріне айналды.

Қазір көпқабатты үймереттерді тұрғызуда негізінен шегендеп бекіту жүйелерін пайдаланудың конструкторлық-технологиялық белгілерімен ерекшеленетін үш негізгі технологиялық тәсілі қалыптасқан. Олар мынадай: үймереттерді сырғымалы қалыппен тұрғызу; ірі қалқанды және блокты-қалқанды қалыптармен тұрғызу; көлемдік-ауыстрымалы (төннелді) қалыппен салу.

Тұтас құйма бетондардан қабаты аз құрылыстарды салған кезде ұсақ қалқанды және ірі қалқанды қалыптар қолданылады.

Сырғымалы қалыппен қаңқасыз конструкциялық схемалы тұтас құймалы үймереттер тұрғызылады (қабаттары жоғары, ішкі және сыртқы қабырғалары бойлата салынған, біртұтас жоспарлы әрі күрделі пластикалық көлемді, мұнара үлгісінде болады), сондай-ақ тұтас құймалы немесе құрастырмалы үй құрылысының өзге технологиялық тәсілдері үйлестірілген тұтас құймалы ядросы қатқыл құрылыстар салынады.

Сөз орайында тұтас кұйма үй құрылыстарында, әсіресе кеуекті толтырғыштарда жаңа тиімді бетондарды пайдалану арқылы үймереттерді тұрғызудың түрлі технологиялық тәсілдерін үйлестіріп отыру қажет екендегін атап өтуіміз керек. Тұтас қүймалы құрылыста тұтас құйма түзілістер мен ғимараттарды түрғызу барысында материал сыйымдылығын, еңбек және энергия шығынын азайту, тасымал шығынын кеміту, сондай-ақ құрылыс мерзімін қысқарту есебінен жеңіл бетонды қолданудың эко номикалық тиімділігіне қол жеткізіледі.

Жеңіл бетонды қолдану тұтас құймалы түзілістердің салмағы (тұрақты күш түсуін) едәуір кемітуге мүмкіндік береді, осының өзі іргетасқа түсетін күшті кемітеді, ал ол іргетастың көлемін кішірейтуге, қадалы іргетастың қада санын азайтуға көмегін тигізеді. Жеңіл бетоннан жасалған қондырғы жылуды болмашы мөлшерде өткізетіндіктен қоршайтын түзілістердің қалыңдығын жұқартып, бу-жылу жүйесі қондырғысынан бас тартуға мүмкіндік береді. Шетел және отандық зерттеулер мәліметтеріне қарағанда жеңіл бетоннан құйылған тұтас құймалы қоршағыш түзілістер 1 шаршы метр қабырғанын өзіндік құнын 8—12 процентке кемітетін көрінеді.

Ауыр бетонды жеңілімен алмастыру қалыптардың материалдық сыймдылығын азайтуға да мүмкіндік береді. Жеңіл бетон қосласының тығыздығының аз боп келуі және оның бүйірдегі қысымының кемдігі қалыптардың құрылысын елеулі түрде ықшамдап, салмағын жеңілдетеді.

6.2. Тұтас бетонды үймереттер құрылысының технологиясы. Үймереттерді ауыстырылмалы қалыптарда тұрғызу. Бүгінге дейін тұтас бетонды үйлер салуда іріқалқанды қалыптарда үймереттерді тұрғызу, оныц ішінде құрылысты блокты жүргізу әдісі технологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да ең тиімді деп есептеледі.

Іріқалқанды қалыптарды түрлі технологиялық мақсаттарда пайдаланылады, оларды түрлі қабатты үймереттерде және әртүрлі көлемді-жоспарлы құрылымдарда тиімді қолдануға болады (6-сурет)

Үймереттерді көлемді —орны ауыстырылатын (төннелді) қалыптарда тұрғызу әдісі де өріс алуда, бұл үзындығы үлкен сотты жоспарлау кұрылымды көп секциялы үймереттерді салғадда өте тиімді.

Көптеген жағдайларда тұтас бетоннан салынатын көпқабатты үйлер ішкі және сыртқы қабықғалардан және күрамалы жабындардан, яғни құрамалы-түтас вариантта тұрғызылады. Тұтас бетонды үйлерде құрамалы жабындарды пайдалану зауыттардан құрамалы темір-бетон панельдерді қатаң реттілікпен жеткізудің және крандарды жинақтау операцняларын да пайдаланудын, қажеттігіне де байланысты. Көлемді-ауыстырылмалы қалыптарда үймереттерді тұрғызу тұтас кабырғалар мен жабындардан құралатын айқын сортты құрылыммен ерекшеленеді. Үймереттердін, ал-дыңғы жағының бөлектері жабындар мен ішкі қабырғаларды бетондау кезінде қа-лыпты босатып алу үшін әдетте ашык қ а л д ы р ы л а д ы. Одан кейін сыртындағы кұрамалы панельдер ілінеді. Қоршаулар құрамалы панельдерден жинақталады.

Панельді құрылыспен салыстырғанда үймереттерді көлемі ауыстырылмалы қалыптарда тұрғызу құрылыс алаңындағы еңбек сыйымдылығы 25—30 процентке артқанда да күрделі қаржыны, құрылыстың құнын және еңбек, сыйымдылығын 20— 25 процентке азайтуға мүмкіндік береді.

6.3 Ұймереттерді жылжымалы қалыптарда тұрғызу.Түтас бетонды үймереттер мен ғимараттарды жылжымалы қалыптарда тұрғызу әдісі жоғары дәрежеде ұйымдастырылған кұрылыстың тасқынды — жедел процесі деп есептеледі.

Қалыпта бұрышы тік, атап айтқанда кабырға, бағаналар, жабындардың арқалықтары сияқты уймерет элемепттері бетондалады. Биіктігі 1—1,2 метр, үймереттін, немесе ғимараттың төменгі жағында жиналған қалып бетондау процесіиде үздіксіз жоғары жаққа көтеріліп отырады, ал бұл уақытта оның қабырғаларының аралығына арматура орнатылады және бетон қоспасы салынады (7-сурет).

Кұрылыстың көптеген салаласында кеңінен қолданылуына жол ашылғаң бұл әдістің негізгі артықшылығы қалыптар мен ағаштар көп үнемделеді. Оның үстіне үймереттерді бетондау кезінде қалыптың үздіксіз қозғалуы құрылыс алаңындағы максатты кешенді жұ

мыстарды ұйымдастырудың бастауы ретінде қызмет атқарады және ол жоғары еңбек өнімділігін, жоғары қарқынды жұмысты қамтамасыз ететін жетекші конвейер іспеттес.

Ол тұтас темір-бетоннан зәулім ғимараттар мен ұймереттерді өте қысқа мерзім ішінде салуға мүмкіндік береді.

Бір түрмен салынатын кезкелген үймереттер құрылыстары үшін инвентарлы жылжымалы қалыптарды қолдану ұсынылады. Сондықтан да жылжымалы қалыптармен түрғызылатын үймереттердін, көлемін үйлестіруді жылжымалы қалыптардың құрылысы және үйлестірілуімен байланысты шешу қажет.

6- сурет.

Іріқалқанды қалып:

  1. науаның тартпасы;

  2. құрамалы «маяктар»;

  3. кергіш;

  4. ұзындықты реттеуші;

  5. төменгі тартқыштар;

  6. көлденең жақ қабырғалардын

қалқандарын жинақтауға арналған

мінбелер;

  1. бұрандалы домкрат;

  2. тік фермалар;

  3. мінбелер;

  4. науа;

  5. үстіңгі тартқыштар

Жаппай күрылыстарда жылжымалы қалыпта жүргізілетін жұмыстар бірқатар объектілерді қамтитындай жеке таскынга бөлінуі керек. Жылжымалы қалыптағы объектілердің тасқынды құрылысы жұмыс күшімен материалдық ресурстарды біркелкі пайдалануға мүмкіндік жасайды, қалыптар мен көтергіш қондырғылардың қажеттігін мейлінше азайтады. Бұл жағдайда жылжымалы қалыптағы жұмыстар жеке тасқындарға: бетондауға, жинақтауға және қалыптарды бөлшектеп, бұзуға бөлінеді. Қалыптағы бір

объектіде бетондау жүргізіліп жатқан кезде, екіншісінде қалып дайындалуы қажет.

Қалыпты және оны көтеретін жабдықтарды құрылыс алаңы-на комплектімен, пайдалануға болатындай қалыпқа жеткізу керек.

7-сурет. Жылжымалы калып конструкциясы:

— қалып калқаны; 2 — кружала; 3— бұрандалы домкрат; 4~домкрат рамасы;

5 —тіреу стержеңі; 6 — жұмыс едені; 7 аспалы мінбелер; 8—арматура