Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ТСП-2і.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.44 Mб
Скачать

3.1. Аланды құрылысқа инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамы және оларды белгілеу.

Дайындық кезеңіндегі жұмыстарды дер мезгілінде және сапалы атқару құрылысты белгіленген мерзімде аяқтаудың және құрылыстың негізгі кезеңінің құрамына кіретін келесі сатылардағы атқарылатын барлық құрылыс жұмыстары өндірісін ұтымды және тиімді ұйымдастырудың маңызды шарты болып табылады

Дайындық кезеңі жұмыстарының құрамына жобалау-іздеу жұмыстары, кұрылысқа территорияны инженерлік дайындау, кұрылыс алаңын ұйымдастыру кіреді.

Жобалау-іздеу жұмыстары ұтымды жобалық шешімдерді таңдап алудың, үймереттер мен ғимараттардың беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз етудің, кұрылысты ұйымдастырудың және жұмысты атқару жобаларын жасаудың негізі болып табылады.

Экономикалық және инженерлік-техникалық іздеу түрлері болады.

Экономикалық іздеулер құрылыстың ауданы мен алаңын таңдау, жобалық шешімдердің үнемділігін қамтамасыз ету және не құрылысты үйымдастыру үшін қажет.

Ииженерлік-техникалык іздеулер қүрылыстың топографиялық, геологиялык, гидрогеологиялық және метеорологиялық жағдайларын зерттеп білу мақсатымен жүргізіледі.

Территорияны инженерлік дайындау барысында қурылыс жұмыстарын еа қолайлы деген жағдайда жургізуге мүмкіндік беретіндей кешенді шаралар жүзеге асырылуға тиіс. Бұл жұмыстардың қурамына алаң территориясын тазалау, жер бетіндегі суды басқа жаққа ағызу, жер асты суларының деңгейін төмендету, геодезиялық бөлудің негізін жасау кіреді.

Құрылыс алаңын ағаштар мен бұталар дан тазарту жобада белгіленген шекара аумағында уақытша жасалған қоршау ішінде жүргізіледі Жас ағаштардың бағалы тұкымдары белгіленген уақытта жаңа орындарға отырғызылады. Қалған ағаштар кесіліп, өнделгеннен кейін құрылыс аланынан тыс жерлерге орналасқан уақытша қоймаларға тасылады.

Ағаштарды кесуді женілдету және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен орман, тал-шіліктерден, ұсақ ағаштардан бұта–кескіштердің және трактор-аршығыштардың көмегімен тазартылады да жиналған бұталар мен ұсақ ағаш, талдар арнаулы бөлінген орындарға үйіледі.

Ағаш кесу мен оңын түбірін тазарту бір мезгілде жүргізіледі. Ағашты құлатудың әдістері орманның көлеміне, ағаш тұқымына, топырақ түріне және гидрогеологиялық жағдайларға байланысты тандалып алынады

Жай жерлерде ағаштар диаметрлерінің қандай екендігіне қарамастан арнайы орнатылған тірегіш рамалары бар трактор-ағаш құлатқыштармен немесе бульдозерлермен түп-тамырымен құлатылады. Жуан және орташа ағаштар алдымен құлатылатын жағының түбінен, ал түбірлі қуатты ағаштар үш жағынан шабылып немемсе кесіліп құлатылады.

Қөп реттерде ағаштар 0,2-0,3 метр биіктікте бензомоторлы немесе электраралармен кесіледі

Егер құрылыс алаңында пайдаланып жатқан жерқазушы және жерқаушы-қөлік машиналарының көтеруге күші жетпейтіндей шамадан тыс үлкен тастар болса, олар жер жұмыстары басталғанға дейін бульдозермен жұмыс аймағынаң тыс жерлерге шығыралады немесе сол жерде сырттан жару әдісімен немесе шнурлық зарядтармен ұсатылады.Ұстау әдісін таңдау экономикалық есептермен және жер жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік жағдайларымен негізделеді.

Жер жүмыстары басталғанға дейін техникалық жобада көрсетілген мөлшерде құрылыс алаңынын, құнарлы жер қабаты алынып, кейіннен бүлінген ауыл шаруашылығы жерлерін калпына келтіру (рекультивация), осы сияқты территорияны көгалдандыруда пайдалану үшін арнайы бөлінген жерлерге үйіледі. Жердің құнарлы қабатты әдетте жұмсақ қалпына бульдозерлер мен скреперлермен алынады. Қыста жердің құнарлы қабатын алуға тек жобада техникалық-экономикалық негіз жасалған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Топырақтың өсімдік өсетін құнарлы алуға және сақтауға тапсырыс беруші мен жерге орналастыру қызметі бақылау жасайды.

Жаңа объектілерді түрғызу, жумыс істеп турған өндірістік кәсіпорындарды жаңғырту және кеңейту, түрғын үй мен мәдени-түрмыстық үймереттерді күрделі жөндеуден өткізу кезінде және басқа да бірқатар жағдайларда пайдаланылып жүрген үймереттер мен ғимараттарды немесе олардың жекелеген элементтерін бұзу және көшіру жөніндегі жүмыстар атқарылады.

Бұзу процесі екі әзірлік және негізгі кезендерден құралады. Әзірлік кезеңінде бұзылатын не көшірілетін құрылыстар зерттеледі. Оңын барысындаүймереттер мен ғимараттардың және олардың элементтерінің жалпы жағдайы: жұмыс көлемі мен оларды атқару әдістері, бұзудан алынатын материалдар мен түзілістер және олардың одан әрі пайдалануға жарамдылықтары; инженерлік жүйені бөліп тастаудың сенімділігі, катарлас орналасқан құрылыстарды сақтау жөніндегі шаралар арнайы жасалып отыруы керек.

Суды бұру және суды төмендету құрылыс алаңының территориясын тазартқаннан кейін жургізіледі. Жер үстіпдегі суды басқа жақка бұру үшін тұрақты немесе уақытша субұрғыш кұрылғы пайдаланылады. Түрақты субұрғыш құрылғылар жобада негізгі ғимараттар кұрамында қарастырылады және олар объектілерді пайдалануда да қажет, ал уақытша кұрылғылар жүмыстыжүргізу жобасынжа қарастырылады.

Тіректі геодезиялық жүйе алаңды құрылысқа дайындау ке-зеңінде жасалады. Ең алдымен құрылыс алаңының шекарасын анықтаушы қызыл сызықтар тартылады. Келесі геодезиялық бөлу негіздерінің элементтері территорияны тазартқаннан, оларды бұзылуға тиісті құрылыстардан босатқаннан және тік тегістеу жұмысы жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.

Геодезиялық бөлу негіздеріне бөлу жүйесі және қызыл сызықтарды жүргізу, үймереттің (ғнмараттың) ішкі, сыртқы бөлу жүйелері, бойлап салынған ғимараттардың өстері мен нивелирлеу торлары кіреді.

Кұрылыс торы квадрат және тік бұрышты фигуралар турінде орьндалады, олар негізгі және қосымша турге бөлінеді. Фигуралардың жан-жақтарының ұзындығының қандай болуы кұрылыс алаңының көлеміне байланысты, негізгілері — 100, 200, 400; қосымшалары — 20, 30, 40метр болады.

Әдетте курылыс торы құрылыстың бас жоспарына енгізіледі және мемлекеттік геодезиялық жуйеге байланыстырылады.

Құрылыс алаңындағы биік тірек пункттері — кұрылыс репер-лерімен қамтамасыз етіледі. Әдетте кұрылыс реперлері ретінде курылыс торы мен қызыл сызықтардың тірек пункттары пайдаланылады. Әрбір құрылыс реперінің биіктік белгісі кем дегенде мемлекеттік немесе жергілікті дәрежедегі геодезиялық жуйедегі екі реперден алынуы керек.

Негізгі әдебиеттер: 4 [43-46].

Бақылау сұрақтары:

1.Аланды құрылысқа инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамы және оларды белгілеун атап бер.

2.Жобалау-іздеу жұмыстары.

3.Территорияны инженерлік дайындау жұмыстары.

Тақырып 4. Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және жүргізуді жобалау туралы

Құрылысты және жұмыс өндірісін ұйымдастыруды жобалаудың кұрамы, мазмұны және тәртібі СНиП 3.01.01—85 «Құрылыс ендірісін ұйымдастырудың» негізгі ережелеріне сәйкес реттеліп отырылады. Құжаттар озат тәжірибе мен құрылыс және техниканын жаңа жетістіктеріне негізгделуі, оларда енбек өнімділігімен механикаландыру деңгейін арттыру және еңбекті көп қажет ететін жумыстар мен кұрылыс құнын азайту жоспарларын орындаудың жолдарын қарастыруы керек. Мұндай құжаттар кұрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыс өиідірісін ұйымдастыру жобаларынан (ЖӨЖ) тұрады.

Жаңа объектілер тұрғызу, жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту және жаңғырту құрылыстын ұйымдастыру жобаларды (ҚҰЖ) құрылысты салудың мерзімдерін анықтауға, күрделі қаржыны және құрылыс-жинактау жұмыстарының қөлемін жылдарға және кезендерге бөлуге, құрылыстарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қызмет етеді.

Кұрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) осы жобаны бекітетін және толық жүзеге асыратын ұйыммен немесе бас жобалаушымен шартқа отырған мамандандырылған ұйыммен бірлесе отырып екі сатылы етіп жасалады.

Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) тапсырма берушіні, мердігерлер мен не қаржыландыруды, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін ұйымдар үшін міндетті құжат болып табылады.

ҚҰЖ-ның алғашқы негізгі материалдарына мыналар жатады: техникалык-экономикалық негізделулер (ТЭН) немесе техиикалық-экономикалық есептеулер (ТЭЕ); инженерлік ізденістер; мердігерлермен келісілген материалдарды, түзілістерді және механикаландыру құралдарын пайдалану жөніндегі шешімдер; материалдар және жабдықтармен қамтамасыз ету шарттары және оларды тасымалдау; объектілер құрылысының іске қосылатын жиынтықтарын белгілеу; құрылысты электр куатымен және сумен қамтамасыз ететін көздер туралы деректер және тапсырма беруші мен мердігерлердің басқа да талаптары (уақытша тұрғын үй, өндірістік уймереттер мен ғимараттар, тағы баскалар); кұрылыстың нусқаулы мерзімдері.

Жұмыс көлемдері мен материалдық және энергетика ресурстарына деген қажеттілік, ұймереттер мен ғимараттардың ұқсас жобаларының мәліметтері, қазір пайдаланылып жүрген анықтамалардағы ресурстардың ірілендірілген сметалық құны мен қаржыларды пайдалану корсеткіштері, үймереттер мен ғимараттар ұлғайтылған сметалық нормалары, ресурстар және басқада материалдардың сметалық құны мен шығындарының көрсеткіштерін назарға ала отырып оңайлатылған әдістермен есептеліп шығарылады. Машиналарға, көлікке деген қажеттілік есептеу жолымен немесе 1 миллион сомдық құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуге арналған нормативтер бойынша анықталады. Құрылыста жұмыс істейтіндер саны шығарылатын орташа жылдық өнім негізінде белгіленеді.

ҚҰЖ-на: құрылыстың даярлық және негізгі кезеңдеріне арналған құрылыстың бас жоспары, құрылыстың мерзімдік жоспары және даярлық кезеңінің бөлек жоспары кіреді.Құрылыстың мерзімдік жоспары негізінде құрылыстағы құрылыс-жинақтау жұмыстары өндірісінің графигі, жұмыстарды орындаудың реттілігі көрсетілген объектілерді салудың ұйымдық-технологиялық нобайы, негізгі объектілер мен кешендерде және құрылыс кезендеріндегі жұмыстар қөрсетілген құрылыс жинақтау және арнайы жұмыстар көлемінің ведомостісі, объектілерге және жабдықтарға деген қажеттілік ведомості, жалпы құрылыс бойынша негізгі құрылыс машиналары мен көлік қажеттілігінің графигі, құрылысшы кадрларға деген қажеттілік графигі, құрылыс жағдайының қыска сипаттамасы бар түсініктеме және негізгі жұмыстар өндірісі әдістерінің сипаттамасы, кажетті есептер, негіздеме және техникалық-экономикалық көрсеткіштер кіреді

Жұмыстар өндірісінің жобасы. Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) жұмыстың өзіндік құнын және көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды азайтуға, құрылыс мерзімін қысқартуға, құрылыс машиналарының, механизмдердің және жабдықтардың пайдалану деңгейін арттыруға, жұмыс сапасын жақсартуға көмектесетін, құрылыс-жинақтау жумыстарын атқарудың тиімді индустриалды әдістерін анықтауға қызмет етеді.

ЖӨЖ-ын мердігерлік ұйым немесе оның тапсырмасы бойынша жөғарғы немесе облстық құрылыс басқармаларындағы бөлімі жаныңдағы технологиялық жобалау ұйымы жасайды.

ЖӨЖ-ын жасау құ жобалау жұмыстарының сметалы есебінен төленетін аса күрделі объектілерден басқа жағдайларда қосымша шығындар есебінен төленеді. Жұмыстар өндірісі жобасыз объектілер салуға рұқсат берілмейді.

ЖӨЖ-ын жасауға негіз болатын алғашқы материалдар қатарына:бұрын бекітілген жоба, оның ішінде ҚҰЖ-да бар жұмыс құжаттары және сметалар; технологиялық, энергетикалық және баска да жабдықтармен қамтамасыз ету туралы мәліметтер; құрамалы түзілістермен, бөлшектермен, бұйымдармен және жартылай шикізатармен қамтамасыз ету туралы мәліметтер; құрылыс және жинақтаушы ұйымдарының қолда бар машиналары мен механизмдері және оларды көбейту мүмкіндігі мен оларды пайдалану туралы мәліметтері; қазір қолданылып жүрген нормативті құжаттар (СНиП, кұрылыс, арнаулы және жи-нақтау жұмыстарын жүргізу мен қабылдау).

Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) технологиялық құжаттардың негізгі үш түрінен тұрады: мерзімдік жоспарлар, құрылыстың бас жоспарлары мен технологиялық карталар. Объектінің көлеміне, пайдалану мақсатына және күрделілігіне қарай жобада бұл құжаттардың нақтылануы түрлі дәрежеде болып, бәрі бірдей қөрініс таба бермеу де мүмкін.

Жұмыстар өндірісі жобасында жұмыс көлемі құжаттарға, өзгешеліктеріне және сметаларына қарай анықталады.Ресурстардың барлық түрлерінің есебі өндірістік нормаларға сәйкес жүргізіледі.

Жоба →

Жұмыс құжаттары

Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ)→

Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ)

Құрылыстықң мерзімдік жоспары немесе кешен ірілендірілген тораптық графигі

Объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе кешен тораптық графигі

Дайындық кезеңінде орындалатын жұмыстардың мерзімдік жоспары

Мердігер әдіспен жұмыс істеу шарасы

Құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізу графигі

Құрылыстын бас жоспары (құрылыстың әр кезеңіне сай жасаулы мүмкін)

Жұмыстардың негізгі көлемінің ведомості

Түзілістер, өнімдер, материалдар және жабдықтар келіп түсу графигі

Түзілістер, өнімдер мен жабдықтар қажеттілігінің ведомості

Геодезия жұмыстарын жүргізуге сай шығарылған шешім

Үймереттер мен ғимараттарды құруды ұйымдастыру-технологиялық схемалары

Жұмысшы кадрларының жылжу графиктері

Дайындық және негізгі кезендерге арналған құрылыстың бас жоспары

Негізгі құрылыс машиналарының жылжу графиктері

Құрылыс аймағының мән-жайының жоспары

Технологиялық карталар (схемалар) және құрал мен жабдықтар тізімі

Жалпы құрылыс бойынша негізгі транспорт пен құрылыс машиналар қажеттіліғінің графигі

Уақытша инженерлік тармақтар бойынша шығарылған шешім

Құрылыс кадрлар қажеттілігінің графигі

СНиП 111 – 4 – 80 сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша шығарылған шешім

Түсініктеме

Түсініктеме

5.-сурет. Құрылысты ұйымдастыру жобасы мен жумыс өндірісі жобасының құрамы

Үймереттер мен ғимараттарды немесе оның бөліктерін салудын жұмыс өндірісі жобасына (5-сурет):

а) объект бойынша жұмыс өнідірісінің мерзімдік жоспары немесе кешенді тораптық графигі;

б) құрылыстың бас жоспары;

в) объектіге құрылыс түзілістерін, бұйымдарды, материалдарды және олардың, жеткізілу графигі;

г) объекті бойынша жұмысшы кадрлары мен иегізгі қүрылыс машиналарының қозғалысының графигі;

д) технологиялық карталар (схемалар);

е) геодезиялық жүмыстар өндірісі жөніндегі шешімдер;

ж) алмаспайтын тасқынды бригадалық мердігерлік әдіспен орындалатын жұмыстар жөніндегі шаралар;

з) су және жылумен, энергия қуатымен және жарықпен қамтамасыз ететін уақытша жүйелер тарту жөніндегі шешімдер;

и) технологиялық саймандар тізімі, осы сияқты жүктерді түсіріп, жылжытудың, кажетті жерге әперудің схемасы;

к) негізделіп қабылданған шешімдер, жұмыс өндірісі әдістері мен тәсілдері, ресурстар мен техннкалык-экономикалық көрсеткіштер туралы түсініктеме кіреді.

Даярлық жұмыстарына арналған жұмыс өндірісінің жобасы негізгі жұмыстар үшін жасалған жоба құрамының үлгісімен, бірақ шағын көлемде жасалады. Техникалык жағынан күрделі емес объектілер үшін әдетте мерзімдік жоспар, қүрылыстың бас жоспары жасалады және қысқа түсініктеме жазылады.

Негізгі әдебиеттер: 4 [24-27].

Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және жүргізуді жобалау туралы.

2. Жұмыстар өндірісінің жобасы.

3. Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) негізгі қандай технологиялық құжаттардың түрінен тұрады?

Тақырып 5. Мерзімдік жоспарлаудың негізгі ережелері тиімділік белгілері (өлшемдері).

5.1.Өндіріс жұмыстарының мерзімдік жоспары — жалпы құрылыстық арнаулы және жинақтау жұмыстарының реттілігі мен ұзақтығын үйлестіру және жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу, құрылыс машиналарының нормативті уақытын, еңбек ресурстары мен механикаландыру құралдарына деген қажеттілігін анықтау үшін жасалады. Ол негізгі құжат есебінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі жобаларының құрамына енгізіледі, сондықтан да оның иегізгі көрсеткіштерінің құрылымы, құрамы және нақтылану деңгейі жобалық құжаттардың қандай мақсаттарға арналғанына байланысты болады.

Жұмыс өндірісі жобасының құрамындағы мерзімдік жоспарды жасау үшін қажет бастапқы мәліметтер қатарына мына құжаттар жатады:

— құрылыстың нормативті ұзақтығы немесе нүсқаулы тапсырма;

— жұмысшы сызбалары мен сметалар;

— негізгі мамандықтар мен кәсіптік шеберліктері бойынша кадрлармен, өндірістік-техникалық комплектациялар мен құрылыс жүктерін тасымалдау, қолда бар механизмдердің мәліметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі шарттар.

Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары екі бөлімнен тұрады: сол жақтық —есептік (1-кесте) және оң жақтық — графикалық..

1-графасына (жұмыс тізімі) жұмыстардьң технологиялық реттілігі мен орындалуы және жұмыстардьщ түрлері мен кезеңдері бойынша топталуы көрсетіліп жазылады. Бір ескеретін жай, түрлі орындаушылар (құрылыс басқармалары, учаскелер, бригадалар немесе звенолар) атқаратын жұмыстардан өзгелерін біріктіру қажет.

1-кесте

Жұмыс

Жұмыс көлемі

Еңбек шығыны,

адам-кұн

Қажетті машиналар

Жұмыс ұзақтығы, күн

Сменалар саны

Сменадағы жұмысш. саны

Бригада қүрамы

Жұмыс графигі

өлшем бірлігі

саны

аттары

Маш-см. саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Жұмыс көлемі— (2, 3 гр.) жұмысшы орындары мен сметалар анықталып, бірыңғай нормалар мен ЕНиР-де қабылданған бірлікпен бейнеленеді. Егер еңбек сыйымдылығы өнімділік бойынша есептелетін болса арнаулы жұмыстар көлемі күн түрінде (смета бойынша) анықталады, ірілендірілген көрсеткіштерді пайдаланғанда — оларға сәйкес келетін өлшемдермен есептеледі.

Жүмыстардың еңбек сыйымдылығы (4 гр.) мен машина уақытының шығындары пайдаланылып жүрген ЕН и Р бойынша норманы асыра орындауға байланысты түзету коэффицентін еңгізу жолымен еңбек енімділігінің жоспарлы түрде өсіп назарға алынып есептеледі. Осы сияқты 5, 6-графаларды да негізгі жетекші машиналардың еңбек өнімділігі бойынша алынған есептеулер нәтижесімен толтыруға да болады.

Жұмыстардың үзақтығы —7 гр. Мерзімдік жоспар жасалғанға дейін жұмыс өндірісінің әдістері мен машиналар және механизмдер таңдап алынүы керек. Және негізгі машиналарды қарқынды пайдалану жағдайлары да ойластырылуға тиіс. Механикаландырылған жұмыстардың ұзақтығы тек машиналардың пайдалану кезіндегі өнімділігімен анықталуы керек. Сондықтан алдымен механикаландырылған жұмыстар ұзақтығын белгілейді, ал механикаландырылған жұмыстар ырғағы график жасаудың ңегізін анықтайды, одан кейін қолмен атқарылатын жүмыстардың ұзақтығы есептеліп шығарылады.

Механикаландырылған жұмыстарды орындаудың ұзақтығы күн есебімен мына формула бойынша анықталады:

Т мех = Nмаш-см/n маш x m

Мұндағы Nмаш-см — қажетті машина-сменалар саны (6 гр.); nмаш — машина саны; m — тәулік ішіндегі смена саны ( 8 гр.).

Қолмен атқарылатын жұмыстардың ұзақтығы Тк күн есебімен былайша есептеп шығарылады: еңбек сыйымдылығы Qk адам-күнді жұмысшылар санына nж -ға бөлу арқылы жұмысшылар қамти алатын жұмыс майданы анықталады немесе оны былайша бейнелеуге болады:

Тк = Qk/nж

Алымда жұмыс істей алатын ең көп деген жұмысшылар саны жұмыс майданын көлемі звеноның немесе бір жұмысшының бір сменадағы енімділігіне тең болатын кесімдерге бөлу арқылы анықталады. Кесімдер санын звено құрамына көбейтсе жұмыс істеуге барынша қажет бригадалар санын білуге болады.

Сменалар саны 8 гр. бейнеленген. Негізгі машиналарды жинақтау крандары, экскаваторлар пайдалану кезінде сменалар саны екеуден кем болмауы керек деп есептеледі.

Сменадағы жумысшылар саны және бригада құрамы (9 және 10 гр.) еңбек сыйымдылығына және жұмыс ұзақтығына сәйкес белгіленеді. Бригада құрамын есептеген кезде бір алымнан екінші алымға ауысқанда ондағы адамдар саны мен мамандық түрлерінің де өзгермеуін ескеру қажет. Осыған байлаңысты кешенді бригаданың құрамында тапсырылған жұмысты атқаруға кажетті мамандық иелерінің болуы мұқият ескеріледі. Бригада мүшелерінің саны жетекші машинаның өнімділігіне сәйкес болуы керек, есеп негізіне машина жұмысының есепті уақыты бойынша анықталатын жұмыс мерзімін алу қажет.

Әр звеноның сандық қурамы —nзв ; звеноға тапсырылған жұмыстарға кеткен еңбек шығыны –Qж; адам-күн және жетекші проценстің орындалу узақтығы - Тмех негізінде мына формуламен анықталады:

nзв = Qжмех х m

Жұмыс өндірісінің графигі. Мерзімдік жоспардың оң жақ бөлігі жұмыс барысын уақыт бойынша, реттілікті және олардың өзара үйлестірілуін нақтылы бейнелейді. Жеке жұмыстарды орындаудың технологиялық мерзімдері реттілікті қатаң сақтау талаптарына орай белгліенеді. Бұл ретте келесі процесті орындау үшін жұмыс майданымен мейлінше аз уақыт ішінде қамтамасыз етілуге тиіс.

График жасауды объекті құрылысын салу мерзіміне шешуші дәрежеде әсер ететін жетекші жұмыстан немесе процестен бастау керек. Құрылыстың мерзімін қысқартудың негізгі әдісі —құрылыс-жинақтау жүмыстарын тасқынды-жарыспалы және біріктіріп жүргізу болып табылады. Өзара байланысты емес жұмыстар қатар және бір-бірінен тәуелсіз жүргізілуі қажет. Мұнда еңбекті қорғау ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз ету керек.

Жұмысшы күші қозғалысының графигі төменгі жағында орналастырылады. Жалпы объект бойынша жүмысшы кадрларына деген қажеттілік графигін теңестіруге жұмыстардың басталу және аяқтау мерзімін ауыстыру арқылы қол жеткізіледі.