
- •Студент пәнінің – оқу әдістемелік кешені
- •Алматы 2007
- •1.Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар жөнінде мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің мақсаты және міндеттері
- •1.6 Тапсырманың түрлері мен тізбегі және оның орындалу графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Бақылау және білім бағасы
- •Студент білімінің бағасы
- •1.9 Курстың процедурасы және саясаты
- •2. Белсенді үлестірмелі материалдардың мазмұны
- •2.2. Дәрістік сабақ конспектілері
- •Басқару үрдістері
- •Жобаның жоспары
- •Жұмыс графигі және желілік диаграммалар
- •Қауіптерді басқару
- •Өтініш анализі үрдісінің схемасы
- •Тапсырыс беруші өтініштерінің сипаттамасы (с-талаптар)
- •Жылдам прототиптеу және жүзеге асырудың зерттелуі
- •Өтініштер анализі: детальдық талаптардың қосылуы
- •Жобалаудың модельдері, каркастар және үлгілері
- •Архитектура түрлері және олардың модельдері
- •Архитектура таңдау үрдісі
- •Жүйелік диаграммасы
- •Мәліметтер ағыны диаграммасы.[17]
- •Алгоритмдердің спецификациясы
- •Объекттердің объекттері мен класстары
- •Объекті-бағытталған жобалау үрдісі
- •Объектлерді анықтау
- •Архитектура моделдері
- •Атаулар кеңістігі.
- •8.1 Сурет Интерфейстің пиктограмма формасындағы көрсетілімі.
- •8.2 Сурет Интерфейс көрсетілімінің тәріс формасы.
- •Орналастыру диаграммасы
- •8.3 Сурет. Компаненттердің орналасу моделденуі.
- •Қолданбалы интерфейсті жобалаудың қағидалары
- •Қолданушының өзара қатынасы
- •Ақпаратты көрсету
- •Қолданушыны қолдаудың құрылымы
- •Қателер туралы хабарлар
- •Анықтамалық жүйені жобалау
- •Қолданушының іс – қағазы
- •Интерфейсті бағалау
- •Программалық қамтамассыздандыру тестілеуі.
- •Құнның конструктивті моделі
- •Сақтау жүйесінің құрылымы
- •Программалық қамтаманы қоса ілестіру
- •Ілестіру процесі
- •2.3 Лабораториялық жұмыстардың жоспарлары
- •Лабораториялық сабақтардың жоспарлары
- •Қолдану бизнес - түрлерінің диаграммасы
- •Қызмет диаграммасы
- •Лабораториялық жұмыс орындалу реті
- •Қолдану жүйелік түрлерінің егжей-тегжейін ашуы
- •Қолдану түрлерінің диаграммасы
- •Лабораториялық жұмыстың орындалу реттері
- •Статикалық модельдері
- •Диаграммаларда күйлердің болуы
- •Динамикалық модель
- •Әрекеттестіктердің диаграммалары
- •Лабораториялық жұмыс орындалу реті
- •2.4 Оқытушы жетекшілігіндегі студенттердің өзіндік жұмысының сабақ жоспары (соөж) (45 сағат)
- •Оқытушы көмегінсіз студенттік өзіндік жұмысының сабақ жоспары(сөж)
- •2.6 Курстық жұмыс
- •Жүйе жұмысының сценариі
- •Курстық жұмыстың орындалу мазмұны Талапатарды қою
- •Талаптардың бизнес –моделі
- •Бизнес-варианттар қолдану моделі
- •Бизнес-класс моделі
- •Талаптарды сипаттау құжаты
- •Талаптар спецификациясы
- •Күйлер спецификациясы
- •Кластарды моделдеу
- •Клас-мәндерді анықтау ережелері
- •Ассоциацияларды моделдеу
- •Агрегациялар мен композициялар қатынасын моделдеу
- •Жалпылау қатынастарын моделдеу
- •Объектілерді моделдеу
- •Күй спецификациясы
- •Қолдану варианттарын моделдеу
- •Қызмет түрін моделдеу
- •Өзара әрекеттесуді моделдеу
- •Ашық интерфейстерді моделдеу
- •Күй өзгеруінің спецификациясы
- •Қолданушы интерфейсін жобалау
- •Қолданушы интерфейсінің моделі
- •Курстық жұмыстың орындалу мазмұны
- •Студент пәнінің – оқу әдістемелік кешені
1.9 Курстың процедурасы және саясаты
Дәрістік және басқа да аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу. Пәнде көрсетілген оқу процесінің күнтізбелік графигі бойынша лабораториялық жұмыстарды өз уақытында тапсыру. Қалып қойған сабақтар мен қосымша сабақтарға мұғалімнен жеке уақыттарда тапсырмалар алу. Аралық бақылау бойынша өткен бақылау өз уақытында тапсырылмаса, студенттік рейтингтік – балдық бағасы болып есептелмейді.
2. Белсенді үлестірмелі материалдардың мазмұны
2.1 Курстық тақырыптық жоспары
Тақырыптың атаулары |
Академиялық сағаттар саны |
|||
Дәріс |
Лаб. |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Программалық қамтаманы құрастыру процесі |
2 |
1 |
3 |
3 |
2. Жобаны басқару |
2 |
1 |
3 |
3 |
3. Талаптарды талдау |
2 |
1 |
3 |
3 |
4. Архитектуралық жобалау |
2 |
1 |
3 |
3 |
5. Үлестірілген жүйелер архитектурасы |
2 |
1 |
3 |
3 |
6. Бөлшектік жобалау |
2 |
1 |
3 |
3 |
7. Объектті-бағытталған жоба |
2 |
1 |
3 |
3 |
8. Объектті-бағытталған программалау технологиясының концепциясы |
2 |
1 |
3 |
3 |
9. Әрекеттер аймақтары мен атаулар кеңістіктері |
2 |
1 |
3 |
3 |
10. Объектті-бағытталған программалық жүйенің жүзеге асу моделдері |
2 |
1 |
3 |
3 |
11. Қолданушы интерфейсін жобалау |
2 |
1 |
3 |
3 |
12.Объектті-бағытталған жүйелерді тестілеу |
2 |
1 |
3 |
3 |
13.Объектті-бағытталған программалық жүйелердің орындалуының унифицирлен-ген процесі |
2 |
1 |
3 |
3 |
14. Программалық жобаның құнын бағалау |
2 |
1
|
3 |
3 |
15.Программалық қамтама модернизациясы және мұрегерленген жүйелер |
2 |
1 |
3 |
3 |
Барлық сағаттар саны |
30 |
15 |
45 |
45 |
2.2. Дәрістік сабақ конспектілері
1-Дәріс. Программалық қамтаманы құру процесі
Программалық қамтамаларды (ПҚ) жобалау – бұл өнімділік пен функционалдықты қамтамасыз ететін нақты маңызы бар және көлемі бар қосымшаларды құру процессі. Программалау – ол ПҚ- құру процесінің цикліне кіретін қызмет түрі. Тағы бір қызмет түрі қосымшаны құру процесі артефактарының спецификациялары бейнеленген программалық құжат құру болып табылады.
Артефактар – бұл ПҚ-ны құру процесінде қолданылатын барлық нәрселер. Артефактар жиынына мыналар жатады: ПҚ- ға қойылатын талаптар спецификасы; жобалау моделдері мен диаграммалар; программалық кодтар; тестілік процедуралар мен тестілік нұсқалар; өнімділікті өлшеу нәтижелері; объекттік модульдер; жоспарлар; есеп берулер және т.б.
ПҚ құру технологиясы программалаудың түрлі типтерінен тұрады: автономды, ішкі орнатылған (встроенный), нақты уақыт және жиілік.
ПҚ құру схемасы келесі қадамдардан тұрады:
өнімнің қолданылатын ортасын анықтау;
құру процесін таңдау және жоспар құру;
талаптарды жинау;
өнімді жобалау мен құрастыру;
өнімді тестілеу;
өнімді шығару және сүйемелдеу.
Бірінші қадамда ең алдымен жоба мәнін түсіну қажет. Осы мақсатпен уақыт, қаржы, адамдарды есептеу, бағалау.
Екінші қадамда құжаттар мен программалық кодқа енгізілетін өзгерістерді бағалаумен байланысты құралдарды анықтау қарастырылады. Бұл процесс конфигурацияларды басқару деп атайды. Әрі қарай құру процесін анықтап алу керек, яғни мыналардың біреуін талдау керек:
процестің сарқырамалық моделі;
спиральдік моделі;
инкременттік моделі;
ПҚ- ны құрудың унифицирленген процесі (USDP).
Сонан кейін, әдетте, жобаның жалпы жоспары жасалады. Бұған графикалық жоспар кіреді.
Үшінші қадам қосымшаға талаптарды жинаудан тұрады. Ол өз кезегінде ең алдымен жобаның орындалуына мүдделі тапсырыс беруші мен басқа да қатысушылармен жобаны талқылау.
Келесі қадамда жобалау және орындалуы болады. Программалық өнім соңғы және аралық өнім ретінде тестілеуден өтеді.
Ең соңында өнім дайын болғанда, оны жақсарту мақсатында өзгетулер енгізіп, сүемелдеу фазасы басталады.
Қазіргі таңда ПҚ- ны құру практикасында Хэмфри [13] нақтылап кеткен бес маңызды талап бар: Оның біріншісі - өнім мен жобаның сапасын тексерудің өзіндік өлшем бірлігін алдын-ала таңдау. Екінші талапта болашақ хабарларды бағалау үшін база құру мақсатында ақпарат жинау. Үшіншісінде барлық талаптар, схемалар, программалық кодтар және тестілеу материалдары топтың барлық мүшелеріне оңай қол жетімді болуы тиіс. Ал төртіншісінде топтың барлық мүшелері құрастыру процесінің таңдалған жолымен жүруі керек. Бесінші талапта таңдалған сапа көрсеткіштері әрдайым өлшеніп отыруы керек және осы өлшемдер тіркеліп отыруы керек.
Кез-келген программалық жобаның мақсаты бағдарламаның өнім шығару болып табылады. Осы жоба шеңберінде өнімнің жасалуы – процесс болып табылады. Топтың барлық мүшелерінің өзара іс-қимылы табысты болуы жобаға әсер ететіндіктен персоналды қосу керек.
Құрастыру өнімі түсінігіне программалық код қана емес, сонымен қоса әртүрлі артефактар қатысты. Одан басқа құрастыру процесте USDP-де жұмысшылар (workers деп аталатын) әртүрлі ролдерді ойнайды.
ПҚ құрастыру технологиясында әдістерді, құралдарды және процедураларды қарастырады.
Әдістер келесі тапсырмалардың шешімін қамтамасыз етеді:
Жобаны жоспарлау мен бағалау;
Жүйелік және қолданушылық талаптарды талдау;
Сценарийлерді, берілгендердің құрылымдары мен ағымдарын жобалау;
Кодтау;
Тестілеу;
Сүйемелдеу.
Құралдар(утилиттер) - әдістердің компьютерлік қолдауын қамтамасыз етеді.
Процедуралар технологиялық байланыстарды қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарды біріктіретін желім болып табылады.
Процедура мыналарды анықтайды:
әдістер мен утилиттердің қолдану тәртібі;
есеп беруді қалыптастыру, талаптарға сәйкес формаларды қалыптастыру;
өзгерістерді бағалауға және сапаны қамтамасыз ететін басқару;
жетекші прогрессті бақылайтын белгілерді қалыптастыру.
Әдістерді, утилиттерді және процедураларды қолданатын қадамдар тізбегін ПҚ инженериясының парадигмалары деп аталады. Парадигмаларды қолдану ПҚ қолдану және сүйемелдеу кезінде белгілі бір жүйелік тәртіпті ПҚ құруға кепілдік береді. Шын мәнінде парадигма ПҚ- ның құрылуына инженерлік бастама болып табылады.
Негізгі әдебиеттер: 2[37-56], 12[15-35], 7[17-32]
Бақылау сұрақтары:
ПҚ жоба құру процесі нені көрсетеді?
Жай программалау мен ПҚ – жобалау айырмашылығы неде?
ПҚ құруда схемалары мен программалар типтік қандай?
Процес құру түрлері.
Классикалық өмірлік цикл кезеңдерінің мазмұны.
Макеттеудің негізгі мақсаты.
Программаларды құрастыру стратегиясы: сәйкес модельдердің артықшылығы мен кемшілігі.
2- Дәріс. Жобаны басқару
Жобаны басқару өнімді өндіруге бөлінген қаржы мен уақытты басқару шеңберінде болады.
Жобаны басқаруға:
инфраструктура (ұйымдастыру кезеңдері);
басқару процесс (қатысушылардың құқықтары мен міндеттері);
құрастыру процесі (әдістер,құралдар, процедуралар, тілдер, құжаттама мен қолдау);
кесте (орындалған жұмыс фрагменттері, ұсынылған уақыт кезеңдері)
кіреді.
Жоба жоспарлаушылар жобаның құнын, мүмкіндіктерін, сапасын және аяқталу мерзімін өзгерте алады (варьирлеу). Жоба жетекшісі келесі факторларды басқара алады:
Жобаның жалпы құны;
өнімнің мүмкіншілігі;
өнім сапасы;
Жоба мерзімі.
Мысалы, өнім сапасы өзгеруі мүмкін. Егер сапа көрсеткіштер шамасы өте төмен болса, бұл тапсырыс берушінің қанағаттанбағандығынан шығынның өсуіне әкеледі. Ал егерде жобаның мақсаттық емес көрсеткіштері өте жоғары болса, онда соңғы маңызды емес қатесін табуға кететін шығын өте жоғары болады.
Өнімнің мүмкіндіктері де нақты болмайды. Мысалы, тапсырыс беруші жоба мерзімін 15% -ға қысқартуға әкелетін кейбір талаптан бас тартуы мүмкін. Мысалы, жетекші жоба мерзімін жылжытуы мүмкін, егер өнім көп үміт күттіретін болса, яғни нарықты жаулап алатын болса.
Жобаның параметрін жаңа жапырақтық(лепестковые) диаграммалармен визуализациялауға болады, ол жоба менеджерге шешім қабылдауда приоритеттерді дұрыс қоюға мүмкіндік береді. Жапырақтық диаграммаларда фактор айнымалысының әрбір мәні осьтерге қолданылып отырады. Олар барынша тіленетін көрсеткіштерге (факторларға) сәйкес келетін центрден шығады, ол бүтіндік мәндер центрден белгілі бір жоспарланатын қашықтыққа қалдырылып отырады. Осылайша, төртбұрыш алынады. Мысалы, центр ”мүмкіндіктер” осьтеріне ”0% талап- орындалды” мәніне сәйкес келеді, ал бірлік - “100% талап- орындалды”. Фактті мәндер, әдетте, бір аралықта орналасады, бірақта егер көрсеткіштердің жоспарлық мәндерін жабуға мүмкін болған жағдайда, онда олар тікбұрыштың шегінен шыға алады. Жоба күйі фактілік мәндермен көпбұрышты бояу арқылы бағаланады. Бүтіндік жоспарлық көпбұрыш фактілікпен көбірек толтырылған сайын, қойылған мақсатқа біз дәлірек жетеміз.
Құны
Мүмкіндіктері Ұзақтығы
Дефекттер тығыздығы
ВП – мақсат талаптың 100% орындалуы;
ВФ - 60% орындалуы;
Пф – мақсат = 1000 түсініктемеленген код жолына 4 дефект;
ПП – 1 дефект 1000 жолға;
СП – мақсат = $ 70 мың;
Сф - $90 мың;
ДП – мақсат = 30 апта;
Дф – 20 апта.