Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК_ТРПО перевод---ПОС kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Талаптар спецификациясы

Талартарды графикалық немесе басқа формальді әдіспен спецификациялау(яғни белгілеу) керек.

Спецификациялау – спецификацяның бөлшектік моделдерін қадамдық өсіру деңгейінің итерациялық процесі.

Талаптар спецификациясы талаптарды қою процесінде анықталған тапсырыс берушінің талаптарын егжей-тегжейлі моделдеумен байланысты.

Спецификациялау моделдері үш топқа бөлінеді:

Күй моделі

Тәртіп моделі

Күй өзгеруінің моделі

Күй моделі – деректерге талаптарды «бөлшектендіре» түседі. Тәртіп моделі – функционалдық талаптарға спецификацияларды қамтамасыз етеді. Күй өзгеру моделдері – екі талап түрінен тұрады. Олар қандай әдіспен функцияның әрекеті деретердің өзгеруіне әкелетінін түсіндіруге арналған.

Әрбір диаграмма жүйенің белгілі бір жерін түсіндіреді, ал өзара жинақ – бүкіл жүйе туралы мағлұмат береді.

Кластар диаграммасы барлық үш аспектіні: объектілердің күйі және тәртібі, сондай-ақ жанама түрде объектілердің күйлерінің өзгерулерін анықтайды.

Әдетте қолдану варианттар диаграммалары мен кластар моделі бірін бірі толықтырып, «параллель» жобаланады.

Күйлер спецификациясы

Объектінің күйі оның атрибуттары мен ассоциацияларының мәндерімен анықталады. Күй объектілері деректер құрылымымен анықталғандықтан, деректер құрылымының моделі күй спецификациясы деп аталады.

Күйлерді моделдеу статикалық моделдеу деп аталады. Статикалық моделдеудің негізгі тапсырмасы проблемалық аймақтың кластарын, сондай-ақ олардың атрибуттарын, басқа кластармен қарым-қатынасын анықтау болып табылады. Кластар операциялары әзірге қарастырылмайды, олар күй спецификациясының моделінен шығарылады.

Әдеттегі жағдайда әуелі проблемалық аймақты анықтайтын класс-мәндер анықталады. Жүйелік оқиғаларға(басқаратын кластар) қызмет көрсететін және интерфейсті ұсынатын кластар жүйенің күй мінездемесі анықталмағанша орнатылмайды.

Кластарды моделдеу

Кластар моделі – объектілі - бағытталған жүйенің ең маңызды жері. Кластар жүйенің күйі мен қасиеттерінің негізінде жатыр. Кластарды моделдеу – детерминирленген процесс емес. Кластарды моделдеу мен анықтау қадамдық итеративті процес түрінде болып келеді.

Мәндер кластарын анықтаудың төрт әдісі бар:

  • есімдік топтарды пайдалану негізінде;

  • кластарға арналған жалпы шаблондарды қолдану негізінде;

  • қолдану варианттарын пайдалану негізінде;

- CRC( class – responsibility - collaborators - класс – міндеттер -қызметтестік)- әдісі.

Клас-мәндерді анықтау ережелері

    1. Әрбір класс үшін оның жүйедегі қызметі нақты көрсетілген болуы керек.

    1. Әрбір класс - объектілер жиынын сипаттау шаблоны.

    2. Әрбір класс атрибуттар жинағынан тұруы тиіс.

    3. Әрбір класс атрибуттан ерекшеленіп тұруы тиіс.

    4. Әрбір класс операциялар жинағынан тұрады.

Кластар қалыпқа келтірілгеннен кейін оларды спецификациялау керек:кластар диаграммасына қосу керек және қасиеттерін анықтау керек.

Ассоциацияларды моделдеу

Ассоциациялар объектілердің жүйеде бірігуі үшін қажет. Олар объектілердің өзара қарым-қатынасына септігін тигізеді. Ассоциациялар қолдану варианттарының орындалуын қамтиды, соның арқасында күй және тәртіп спецификацияларының үйлесуін қамтамасыз етеді. Ассоциациялар тұрақты «бизнес - объектілер» моделінің керекті түрлерін ұсынады.

Кластарды анықтағанда атрибуттардың қайсысы басқа кластармен ассоциация болып табылатыны туралы шешім қабылданады. Қарапайым типтің кез келген атрибуты осы деректер типін ұсынатын класс(немесе агрегация) бойынша ассоциация ретінде моделденуі тиіс.Ассоциация спецификация дегеніміз – ассоциацияларға және ассоциациялық рөлдерге есім меншіктеу, сондай-ақ ассоциация ретін орнату.