Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК_ТРПО перевод---ПОС kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Бизнес-класс моделі

Бизнес-класс моделі-абстракцияның жоғарғы деңгейіндегі кластар моделі. Ол жобаның негізгі «бизнес-объектілерін» - жүйенің қызметі мен негізін құрайтын бизнес-процестің деректер құрылымы. Бұл деңгейде кластар атпен және міндеттердің қысқаша сипаттамаларымен спецификацияланады. Бизнес-кластар арасында қатынастар ретінде жеткілікті қатынастар бар: ассоциация, мұрагерлік, агрегйация және тәуелділік.

Талаптарды сипаттау құжаты

Талаптарды сипаттайтын құжат талаптарды қою кезеңінің маңызды жері болып табылады.Талаптарды сипаттаудың әдеттегі құжатына:

1.Жобаға қойылатын ескертпелер

1.1 Жобаның мақсаты мен шекаралары.

1.2 Жүйенің іскерлік контексті .

Жүйенің іскерлік контексті жүйенің қандай әдіспен іскерлік мақсаттарға жету мен ұйымның мәселелерін шешуін анықтайды.

1.3 Шешімдерге байланысты идеялар.

Дайын шешімдерді, элементтерді және т.б.-ларды қолдану, өңдеуге байланысты шешімдерді идеялар талқылау.

2. Жүйелік қызметтер

2.1 Жүйенің шекаралары.

Жүйенің шекараларын контекстер диаграммалары арқылы моделдеуге болады.

2.2 Функционалдық талаптар

Диаграммалар арқылы қолдану бизнес-варианттарын моделдеуге болады.Ол кезде барлық функционалдық талаптарды белгілеп, жіктеп, анықтап алу керек.

2.3 Деректерге талап.

Бизнес-кластар диаграммаларымен моделдеуге болады.Бірақ, кластардың атрибуттық толығувларын сипаттап, кластар арасындағы ассоциациялардың дұрыс көрсетілуі үшін идентификациялайтын атрибуттарвды анықтау керек.

3. Жүйелік шектеулер.

Бұл шектеулер типі жүйенің не істеу керектігін анықтайды. Себебі, жүйенің қызмет көрсету кезінде шектеулері болады және келесі талаптармен байланысты болады:

3.1 Интерфейске қойылатын талаптар.

Жүйенің қолданушылармен өзара әрекетін анықтайды.Интерфейстің бастапқы жобалануы талаптарды спецификациялағанда жүргізіледі және кейінірек жүйелік жобалау кезінде болады.

3.2 Өнімділікке қойылатын талаптар.

Әр түрлі тапсырмаларды орындау басталатын жүйенің жауап беру уақытын береді. Сонымен бірге сенімділік, дайындық, өткізу мүмкіндіктері сияқты т.б. шектеулерді қамтиды.

3.3. Қауіпсіздікке қойылатын талаптар.

Жүйе бақылайтын дерекке қолданушы құқығын және де деректерге шектелген қатынас жасауға құқық беру, деретермен белгіленген операцияларды жасауды сипаттайды.

3.4. Қолдануға қойылатын талаптар.

Жүйе жұмыс жасайтын программалық-техникалық ортаны анықтайды, егер ол жобалау кезеңінде белгілі болса.

3.5. Басқа шектеулер.

Мысалы, басқа жүйелерге оларды қолдануға, қолдауға үлкен талаптар қойылуы мүмкін.

4 Жоба туралы сұрақтар

4.1 Ашық сұрақтар

Бұл жерде жобаның табысты болуына байланысты сұрақтар мен құжаттың басқа бөлімдерінде талқыланбаған сұрақтар қарастырылады. Бұған қоса, жоба шегіндегі кейбір талаптардың маңызының артуы мен мүмкін болатын, жүйені орнатқан кезде істен шығу қаупі туралы проблемалар кіреді.

4.2.Алдын ала жоспар-график

Негізгі жобалық тапсырмаларды орындау жоспар-графигі мен керекті адам және басқа ресурстарды үлестіру мәселелерін қамтиды.

4.3. Алдын ала бюджет

Жоспар-графиктің жасалу нәтижесі болып нақты шама емес, сол шамалар аралығындағы шығынды есептеу болатын жоба бағасы үшін алдын ала бюджеттің жасалуы.

Қосымшалар.

Талаптарды қоюға байланысты қалған пайдалы мәліметтен тұрады.

Глоссарий.

Талаптарды құжаттау сипатында кездесетін терминдер, қысқартылған аттар, аббревиатуралар.

Іскерлік құжаттар мен формалар.

Іс-қағаздарды жүргізуде қолданылатын толтырылған құжаттар мен формалар.

Сілтемелер.

Сілтемелер талаптарды құжаттауды сипаттауда қолданылатын құжаттар тізімінен тұрады. Олар: кітаптар, электронды адрестер, жиналыс хаттамалары, қызмет хаттары, ішкі құжаттар.