Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК_ТРПО перевод---ПОС kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Программалық қамтаманы қоса ілестіру

Ілестіру – бұл архитектура жүйесінің өзгеріссіз, тапсырыстан кейінгі жүйенің қарапайым өзгеру процессі. Жүйені үлестірудің үш түрі бар:

  1. Қателерді түзету мақсатында ілестіру. Ең бағалы түзетулер жүйе талаптарындағы қателермен байланысты, мұнда алдын-ала жобалаулар жүзеге асуы мүмкін.

  2. Программалық қамтаманың адаптациясын эксплуатацияның арнайы шарттары мақсатымен ілестіру. Мұндай шарттар жүйенің жұмыс айналасы аппараттық құрылғылар, қызмет көрсетудің операциялық жүйелері немесе программалық құрылғы өзгерісі болуы мүмкін.

  3. Құрылымдағы жұмыс өзгерісіне немесе құрылым өзгерісіне жауап ретінде – жүйенің функционалды мүмкіндіктерінің өзгерісі мақсатында алып жүру.

Ілестіру өзінің жобалау процесінде жүйені әзірлеуді жалғастырудың, жүзеге асырудың және тестілеудің нағыз процесі болып табылады. Сондықтан программалық қамтама өзгерісі программалық қамтама үшін құрылымдық шығын саласында негізгі болып табылады. Мысалы, қызмет көрсету кеңістігінде жұмыс жасайтын қолданбалы жүйелер үшін қоса алып жүруге арналған шығын әзірлеуге жаратқан заттармен салыстырмалы түрде болады. Ілестіру үшін шығынның нақты уақытына тұрғызылған жүйелердің өзіндік әзірлеуге төртесе бағасы артуы мүмкін. Талап айқындылығының формасы, икемді модельдеу, экстремальды программалау, объекті-бағытталған бағдарламалау және конфигурациямен басқару тәрізді программалық қамтаманы әзірлеудің мұндай технологиялары ілестіру бағасын ығыстыруға мүмкіндік береді.

Ілестіру процесі

Ілестіру процесі әртүрлі болуы мүмкін. Олар жүйе құрумен айналысқан мамандарға, программалық қамтама түріне және оны әзірлеу технологиясына тәуелді болады. Ілестірудің кез-келген процесінің жалпы деңгейінде жалпы кезеңдер болады. Атап айтар болсақ: өзгеріс анализі, версия жоспары, жүйенің жаңа версиясының жүзеге асуы және тапсырыс жүйесін тұрғызу. Нақты мәнінде модернизация процесі жүйе мамандығы өзгерісіне, архитектураға және программалық жүзеге асыруға алып келуі шарт. Қажет болған жағдайдағы өзгеріс анализі үшін жүйенің ұқсас түрін құруға болады. Ілестіру процесінің сәттілігінің негізгі шарты болып ілестіру болжамы табылады. Жүйе өзгерісіндегі сұраныс санының болжамы жүйе және оның қоршауының арасындағы байланысқа тәуелді болады. Бұл қатынастарды дұрыс таразылау үшін келесі көрсеткіштерді бағалау қажет болады:

  1. Жүйелік интерфейстердің саны және күрделілігі. Жүйелік интерфейстер қаншалықты көп болса, соншалықты күрделі болып келеді.

  2. Өзгеріс жүйесі талаптарының саны. Қызмет көрсету кеңістігінде немесе құрылым стандартында кескінделетін талап пәндік аймақты көрстететін талапқа қарағанда жақсырақ өзгереді.

  3. Мәлімет жүйесі пайдаланатын бизнес-процесстер. Дамуы бойынша бизнес-процесстер жүйеде жаңа талаптардың пайда болуы бойынша өтеді.

Жүйелік архитектураның эволюясы жүйенің орталықтанған құрылымнан таратылған құрылымға өтуін жобалайды. Жүйелік архитектура эволюясының жалпы қабылданған стратегиясы сервер түріндегі сақтау жүйесінің түрлендіруі және пайдаланушы интерфейсі таратылымының жүзеге асуы болып табылады. Жүйелік функцияға қосылу арнайы аралық программалық қамтаманы байланыстырушы болып табылады.

Негізгі әдебиеттер – 2 [588-616],7[533-568]

Бақылау сұрақтары мен жаттығулар:

  1. Түсіндіріңіз, неліктен жаңа құрылған құрылымдар мен әзірлеулерде программалық қаматама өзгерісіне сұраныс тұрақты пайда болып табылады? Неге бұл өзгерістердің шығындары барған сайын артып отырады?

  2. Ілестіру қиындығын анықтағанда пайда болатын қиыншылықтарды жазыңыз. Неге ілестірудің алдыңғы процестерін бағалағанда жүйе қиындығының әр түрлі көрсеткіштерін қабылдау ұсынылады.

  3. Бір сөзбен «программалық ілестіру» түсінігіне анықтама беріңіз.

  4. Жаңа талаптарға жауап беру үшін кейбір қосымшаларда пайдаланылатын массив ұзындығын өзгерту қажет. Кодқа өзгерістерді енгізуден алдын қандай әрекеттерді орындау қажет болады?

  5. Жаңа программаларды пайдаланғандағы сақтау қосымшаларының екі немесе үш әдісін келтіріңіз.