Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК_ТРПО перевод---ПОС kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Сақтау жүйесінің құрылымы

«Сақтау жүйесі» түсінігі кең мағынада көне және бұрыннан пайдаланатын программалық қамтама жүйесі дегенді білдіреді. Сақтау жүйесі өзара күрделі байланысқан социотехникалық жүйе. Ол мәлімет пен бизнес процестерді пайдаланатын ақпараттық құрылғылар мен прграммалық қамтаманы қосатын БТ-н қолдануға негізделген.

Логикалық сақтау жүйелерін көп деңгейлі модель түрінде көрсетуге болады (13.1-сурет). Мұнда әрбір деңгей өзара әрекетін интерфейспен байланыстыратын төменгі деңгейге тәуелді болады.

Социотехникалық жүйе

БИЗНЕС ПРОЦЕССТЕР

ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМА

ПРОГРАММАЛЫҚ ҚУАТТАУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ

АППАРАТТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР

13.1-сурет. Сақтау жүйесінің көп деңгейлі моделі.

Түсініктеме бойынша, бұл интерфейстер өзгерістердің ешбір әсерсіз жеке деңгейде өтуіне немесе басқа деңгеймен келісімді түрде өтуіне мүмкіндік беруі қажет. Практикада кедергі жасау міндетті түрде бір деңгейдің екінші деңгейге өзгеруіне әкеліп соғады. Мысалы, программалық қуаттау құрылғылары деңгейіне Web-браузер көмегімен қосылатын жаңа мәлімет базасы енеді. Сонда бизнес-процесс деңгейі осы құрылғыларда пайдалану мүмкіндігін өзгерту үшін талап етіледі. Өнімділікті жоғарылату үшін ақпараттық құрылғылардың кардиналды өзгерісі олардың интерфейстері өзгерісіне әсер етеді. Бұл жағдайда қолданбалы программалық қамтаманың тұрақты модернизациясы қажет болады.

Сақтау жүйесінің көпшілігі функционалды – бағытталған жобалауды пайдалану үшін жасап шығарылған. Олар мәліметтерді пайдаланатын және беріліс параметрлері құрылғыларымен өзара байланысты.

Қызмет кеңістігінде жұмыс сақтау жүйелері транзакциямен жұмыс жасайтын және мәліметтердің ресми қағаздарын өңдеуші болып 2 түрге бөлінеді. Жүйенің 2 түрі де кіріс – процесс – шығыс құрылымдық моделіне сәйкес келеді. Жүйемен не істеу керектігі туралы шешім (ауыстыру, модернизациялау немесе пайдалануда қалдыру) бизнес, қолданбалы программалық қамтаманың сапасына және қоршаған жүйелеріне негізделеді. Жүйе бизнесі оның бизнес – міндеттеріне әсер ету мүмкіндігімен анықталады. Жүйенің сапасы бизнес-процесс сапасына, қолданбалы программалық қамтама сапасына, сондай-ақ аппараттық құрылғылар мен көмек көрсетуші программалық құрылғыларға тәуелді болады.

Келешекте өзгерісті талап етпейтін жүйені құру мүмкін емес. Программалық қамтама эксплуатацияға енгенде жүйеде программалық жүйенің жалпы талабымен өсетін және бизнес-процесстің үздіксіз өзгеруіне негізделген жаңа талаптар пайда болады. Кейбір жағдайда жүйеде шығарылымды жоғарылату мақсатын, сондай-ақ табылған қателерді түзетуді енгізу қажет болады. Мұның бәрі жүйенің өсу қарқыны – программалық қамтама модернизациясын талап етеді. Программалық қамтама модернизация процесіне стратегиялық жақындаудың бірнеше түрі бар: талаптарға жауап ретінде программалық қамтама жеке бөлімдері өзгерісін аяқтайтын программалық қамтамаға ілесу; жүйе архитектурасының эволюциясы – программалық жүйеде бар өзгерістер; программалық қамтаманы реинжинерлеу – қандай да бір жаңа бір компоненттерді енгізу жолынсыз модернизация, ал керісінше, жүйені ықшамдау және одан барлық артықшылықтарды алып тастау. Сондықтан айтарлықтай әрекетсіз архитектурада өзгеріс болуы мүмкін.

Келтірілген стратегиялар бірін екіншісіне айналдырып шығармайды және стратегия таңдауы тек қана техникалық сипаттамаға ғана емес, сонымен қатар, жүйе компаниялардың активтілігін қаншалықты қолдауына да негіделген. Программалық қамтама өзгерісі жүйенің көп санды түрінің пайда болу себебіне және оның компоненттеріне қызмет етеді. Жүйе өзгерісімен басқару «конфигурациямен басқару» деп аталады.