Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК_ТРПО перевод---ПОС kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Анықтамалық жүйені жобалау

Анықтамалық жүйе қолданушыға қиын жағдайларда көмектесе алатындай әртүрлі ақпараттардан тұруы қажет. Ол үшін анықтамалық жүйе әртүрлі құрылымдары мен хабардың әртүрлі құрылыстары болуы қажет. Барлық анықтамалық жүйелердің күрделі желілік құрылымы бар. Құрылымда әрбір бөлім басқа бірнеше ақпараттық бөлімдерге сілтемелер жасауы мүмкін. Мұндай желілік құрылым иерархиялық деп аталады. Ол керекті сілтемелерден тұрады.

Анықтамалық жүйені Web – беттерінің біріккен топтары түрінде немесе қосымшалармен интеграцияланған жалпыланған гипертексттік сілтеменің көмегімен іске асыруға болады. Иерархиялық құрылым гипертексттік сілтемелердің көмегімен жеңіл жүзеге асырылады. Web – жүйе мынадан тұрады: олар оңай жүзеге асырылады және арнайы ПО сұрамайды.

Қолданушының іс – қағазы

Программалық жүйемен біргеқойылатын іс – қағаздар жүйедегі қолданушыларға қолайлы болу үшін келесі бес іс – қағаздардан тұруы қажет: функционалды түрі; жүйені құру туралы іс – қағаздар; күнделікті қолдануды сипаттайтын кіріспелік енгізу; анықтамалық қағазы және админстратордың қағазы. Тәжірибелі қолданушылар үшін әр түрлі көрсеткіштер мен сілтемелер керек. Олар жүйеде жүйенің мүмкіндіктерінің тізімін тез көруге көмектеседі.

Интерфейсті бағалау

Бұл процесте интерфейсті қолдану ыңғайлы мен оның қолданушылырдың міндеттерін атқарудағы дәрежесі бағаланады. Сондықтан, интерфейсті бағалау жүйені тестілеу мен аттестациялық процесінің бір бөлігі болып табылады. Қолданушының интерфейсті бағалауының жай әдістері бар:

  1. Қолданушы интерфейске беретін бағасының анкетасы.

  2. Нақты мәселелерді шешкен кездегі қолданушының үстінен қадағалау.

  3. Жүйені қолданудың типтік бөліміне бақылауы.

  4. Жүйеге программалық код қосу. Ол көп қолданылатын жүйелік сервистердің қателері туралы ақпараттарды жинайды.

Негізгі әдебиет – 7 [303 - 323], 4[283 – 341], 8 [115– 152].

Бақылау сұрақтары және жаттығулар:

    1. GUI-интерфейсін өңдейтін принциптерге қысқаша анықтама беріңіз.

    2. Графикалық интерфейс құру үшін «құжат/көрсетілім» әдісінің мәні неде?

    3. Терезелер мен терезені басқару элементтері диаграммалық навигацияларда қалай көрсетіледі? UML тіліндегі қызмет шақыру диаграммасына сәйкес келе ме?

    4. Пайдаланушының интерфейсте қолдануының сәйкес немесе сәйкес еместігін түсіндіріңіз?

    5. Банкомат жүйесіндегі қолдану менюін интерфейсте жобалау кезінде қандай факторларды ескеру керек. Өзіңіз қолданатын банкомат интерфейсінің негізін түсіндіріп берініңіз?

    6. Кестені емес, графикалық көрсетілімнің сандық деректерін қолдануын мысал және графикалық ақпаратты көрсету арқылы анықтаңыз?

12- Дәріс. Объекті-бағытталған жүйенің тестілеуі

Программалық қамтамассыздандыру тестілеуі- атқарушының текстік деректер кодын дұрыс жіберіуінің және деректер шығуын зерттеп, жұмыс жүйесіндегі программалық өнімнің дұрыстығын тексеріп анықтайды.

Тестілеу- бұл верификация және аттестацияның динамикалық әдісі. Ол атқарушы жүйеде қолданылады.

Верификация және аттестация деп- программалық қамтамссыздандыруда кіріс кезінде өзінің спецификация және тапсырыс берушінің сұранысын тексеру және талдау үрдісі.

Верификация және аттестация программалық қамтамассыздандырудың толық өмірлік циклі- олар сұраныстың талдау кезінен басталып, программалық жүйенің дайын тестілеу кезеңінде программалық кодтың тексерілуінде аяқталады.

Верификация - жүйенің дұрыс құрылуына жауап береді. Ал, аттестация – жүйенің дұрыс жұмыс атқарылуына жауап береді.Анықтамаға сәйкес, верификация программалық қамтамассыздандыру жүйесінің спецификациясын, яғни сұраныстың функционалды немесе функционалды еместігін тексереді. Аттестация – бұл жалпы үрдіс. Аттестация кезінде мына бір жерге мән беру керек, яғни программалық өнім тапсырыс берушінің күтуіне сәйкес болуы тиіс. Аттестация верификациядан кейін жүреді. Тексеріс және талдау жүйесі кезінде Верификация және аттестация үрдісінде 2 негізгі әдіс бар: