Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК_ТРПО перевод---ПОС kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Жобалаудың модельдері, каркастар және үлгілері

Модульдер компоненттеріне жоба декомпозициялары - маңызды қадам болады. Ал архитектураны құру өте үлкен жұмыс болып табылады. Бірінші, декомпозицияны пайдалану нұсқалары, класстар және күйлерге ауысу модельдерімен байланыстыру керек.

Әдетте кез келген қосымша бірнеше көз қарастармен, яғни бірнеше проекциялармен сипатталады. Программалау әлемінде проекция - модельдер деп аталады. Олар:

Пайдалану нұсқасының моделі – қосымшаның не істеу керек екенін түсіндіретін нұсқалардың коллекциясы.

Класстар моделі – қосымшалар құратын блоктардың құрастырылуын түсіндіреді. Класстар моделінің (объектті моделінің) ішінде әдістері мен атрибуттарын көрсетуге болады.

Компоненттер моделі – мәліметтер тасымалдау терминдерінде қосымшаның қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіретін ағындық мәліметтер диаграммасының коллекциясы.

Күйлерге ауысу моделі – қосымшаның жұмысына кететін уақыт моментін анықтайтын күйлерге ауысу диаграммасының коллекциясы.

Қосымша архитектурасы модельдердің бір терминінде жиі айтылып, өзге модельдерімен қолдалады. Әр архитектурада оны жүзеге асыра алатын кем дегенде бір класстар моделі бар.

Каркастар – бұл бірнеше әртүрлі қосымшаларда пайдаланылатын класстар коллекциясы. Каркастың ішіндегі класстар өзара байланысты болып келеді. Олар абстракті бола алады, және олар мұрагарлікпен қолданыла алады.

Осылайша, қосымша класстарының моделі талаптарды талдаудан, пәндік область (ортадан) пайда болады. Каркас класстары біз жобалап жатқанға ұқсас қосымшаларға архитектураларды өңдеу арқылы жүзеге асады. Осылайша, каркас класстары бұрын болған пакеттің бөлігі немесе архитектура талдау үрдісінде өңделгені болып келеді. Жобалау класстары – жобалауды аяқтауға қосылған, қалған класстар.

Жобалау үлгісі – тәжірибелі жолмен табылған, анықталған, жобаланған жалпы есептерді шешетін компоненттер комбинациясы, әдетте класстар немесе объекттер комбинациясы.Барлық жобалау үлгілері – құрылымдық, креакциялық, тәртіптік категорияларға бөлінеді. Құрылымдық үлгілер объектілерді көрсету әдістерімен байланысты креакциялық ........24бет

Компоненттер – программалық қамтама жайында білімді қажет етпейтін қайталанылатын объектілер. Мысалы, COM және Java Beans. Бір компоненттерді басқа компоненттер агрегациялау арқылы пайдаланады және олар негізінде оқиғалармен өзара қатынасады.

Архитектура түрлері және олардың модельдері

Архитектураның кейбір түрлерін, және сол архитектураларды жүзеге асыруда көмектесетін паттерндерін қарастырып көрсетейік.

Мәліметтер ағынына негізделген архитекуралар. Мәлметтер ағыны архитектураларды көрсетудің жалпы әдісі болып табылады.

Тәуелсіз компоненттер және Fascade жоғалту архитектурасы. Бұл уақыт өте өзара қатынасатын, параллельді жұмыс істейтін компоненттерден тұрады. Мысалы, WWW-да серверлер мен браузерлер ылғи параллельді жұмыс істейді және кейде өзара қатынасады.

Параллельді өзара қатынасатын үрдістер архитектурасы. Мұндай архитектура бір мезетте бірнеше үрдістерді жүктелетіндігімен сипатталады.

Оқиғаны басқару жүйелер мен State жоғалту архитектурасы.

Виртуалды машиналар архитектурасы қосымшаны әдейіленген тілде жазылған программа ретінде қарастырады.

Репозиторлы архитекура – мәліметтер базасына қатысты транзакцияны өңдеуге арналған және негізгі түрде мәліметтер айналасында құрастырылған архитектура.

Деңгейлік архитектура – программалық қамтаманың артекфактарының логикалық байланысқан коллекциясы.

UML-де пакет класстар колекциясы ретінде трактатталады. Жалпы жағдайда UML осы архитектуралық компонентке қосымшамен байланысқан кез келген: код, жобалау нәтижесі, документация және тағы басқа материалдар орнатуға мүмкіндік береді. Мысалы, пакеттердің құрамында: пайдаланушысы бар интерфейс объектілерін жүзеге асыратын, ........ 25 бет класстар болуы мүмкін.