Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные вопросы по СМиСП каз с ответами...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать
  1. Uml унифицирленген моделдеу тілі. Тілдің құрылыс блоктары.

UML ілінің сөздігінде үш түрлі құрылыс блоктары бар:

  • мән (сущности);

  • қатынас (отношения);

  • диаграммалар.

І. МӘН - бұл моделдің негізгі элементтері болып табылатын абстракциялар. ҚАТЫНАС әртүрлі мәндерді байланыстырушы; ал ДИАГРАММАЛАР мәндер жиынтығын әрекет жасау принципіне байланысты топтастырушылар.

UML –де төрт түрлі мәндер типі бар:

  • Құрылымдық (структурные);

  • Орындалу тәртібіне байланысты (поведенческие);

  • Топтастырушы (группирующие);

  • Аннотациялық (аннотационные).

Соынмен мәндер тілдің негізгі обьектілі – бағыталған блоктар болып табылады.. Олардың көмегімен қалыптастырылған моделдер құруға болады.

ІІ. ҚАТЫНАСТАР (ОТНОШЕНИЯ) - UML тілінде 4 түрлі қатынастар бар:

  • Тәуелділік (зависимость);

  • Ассоциация (ассоциация);

  • Толықтыру (обобщение);

  • Тарату (реализация).

Бұл қатынастар UML –дегі негізгі құрылыс блоктары болып табылады және қалыпты модель құру үшін қолданылады.

ІІІ Сонымен, UML –де кездесетін 9 типті диаграмма бар:

  • класстар диаграммасы (диаграммы классов);

  • обьектілер диграммасы (диаграммы объектов);

  • прецеденттер диаграммасы (диаграммы прецедентов);

  • тізбекті диаграмма (диаграммы последовательностей);

  • кооперация диграммасы (диаграммы кооперации);

  • күйлер диаграммасы (диаграммы состояний);

  • әрекеттер диаграммасы (диаграммы действий);

  • компоненттер диаграммасы (диаграммы компонентов);

  • ашып қарау диаграммасы (диаграммы развертывания).

  1. Uml унифицирленген моделдеу тілі. Прецеденттер (қолдану варианттары) диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы.

Қолдану варианттарының диаграммасы жүйедегі кейбір әрекет етуші тұлғалардың қолдану варианттарын және олардың арасындағы қарым – қатынасты көрсетеді. Диаграмма жоғары деңгейдегі жүйе сипаттамасын (жүйе архитектурасын) көрсетеді, ескеретін жағдай өңделетін жүйемен қарым – қатынаста болатынның барлығы әрекет етуші тұлға бола алады. Қолдану варианттарының диаграммасына мысал сурет 5.14. көрсетілген. Диаграммада жүйелік әрекет етуші тұлғалар, жүйелік қолдану варианттары және олардың арасындағы қарым – қатынастар көрініп тұр. Берілген жүйе интерактивті және телефон арқылы авиабилет сатушыларға арналған, сондықтан Клиент және Сервис қызметінің қызметкері бірдей қолдану варианттарын инициялизациялай алады. Диаграммада қосылатын және бір кеңейтілетін қарым – қатынас орналасқан. Жүйенің барлық функционалдылығы келесі сегіз қолдану варианттарының жиынтығымен көрсетілген, олар: Билет сатып алу, Тапсырысты өзгерту, Кредитті тексеру, Тапсырыстан бас тарту, Пайдаланушы маршрутын қарау, Қонақ үйден нөмір брондау, Автокөлік арендасына тапсырыс беру және Авиа рейстер кестесін орнату.

  1. Uml унифицирленген моделдеу тілі. Тізбек диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы.

Тізбек диаграммалары – бұл уақыт бойынша реттелген, қолдану варианттарының ағымдарының бірінің сипаттамасын көрсететін әрекеттесу диаграммасы.

Сурет 6.11 осы функция үшін тізбек диаграммасының варианттарының бірі көрсетілген.

Сурет 6.11. Сайттан ваканция іздеу функциясы үшін бөлшектеп көрсетілген тізбек диаграммасы

Бұл суретте клиент (іздеушілер), іздеу беті және іздеу жүйесі бар. Клиентпен енгізілген ақпараттарды жіберу, тексеру және сақтау үшін ІздеуКритериі параметрлік объектісін қолданамыз. Диаграммада іздеу жүйесі деректер қорындағы (бұл этапта ДеректерҚоры обьектісі деректерге қатынау интерфейсі ретінде қолданылады) вакациялар жайындағы ақпараттарды оқуды бейнелейді, сонымен қатар бұл объект оқылған ақпараттарды ТабылғанВакацияларТізімі обьектісіне орналастырады. Алынған диаграмманы ең төменгі бірмәнділік емес деңгейімен таратуға болады.

ағымға қатысушы обьектілер диаграмманың жоғарғы бөлігінде төртбұрыштарда көрсетілген. Басқа инфрақұрылым обьектілері деп аталатындары сервер логикасын, сервер беттерін, интерфейстерін және осыған ұқсас обьектілерді көрсетеді де серверлік бөлікте орналасады. Кейбір обьектілер өз кластарының аттарын меншіктейді (обьектілерге өз кластарынан ерекшеленетін аттарды алуы міндетті емес).

Әрбір обьектінің обьек астында орналасқан, вертикалды үзік сызық түрінде бейнеленген өз өмірсызығы бар. Бұл сызық обьект экземпляры құрылған кезде басталады, және обьект бұзылған нүктеде аяқталады. Обьектілер арасындағы коммуникацияларға сәйкестендірілген хабарламалар, сызықтар арасындағы обьектілердің өмірін көрсетеді. Хабарлама, клиент – обьектісі сервер – обьектісінің операциялдарын шақыратындығын білдіреді. Код генерациясы кезінде, хабарламалар сервер – обьектісінің әдістерінің шақырылуында трансляцияланады. Хабарламалар хронологиялық тәртіппен жоғарыдан төмен қарай орналасуы керек. Одан, класс операциясы анықталғаннан кейін, әрбір хабарлама операцияға айналады. Хабарламалар рефлексивті бола алады, ол обьектінің өз операциясына айналғандығына сәйкес келеді.

Тізбек диаграммаларында активизацияны (focus of control) көрсетуге болады. Активизация – әрекеттесу кезінде обьектілердің активтілік интервалын түсіндіретін кішірек төртбұрыш. Активтілік стектен обьект әдістерінің бірін табу уақытымен сәйкес. UML тілінде активтілік жолақтары міндетті емес, бірақ олар тәртіпті түсіндірер кезінде ерекше ыңғайлы деп есептеледі.

Штрихпен берілген бағдарша шақыру үшін қайтуды бейнелейді. Оларды тек қосымша ақпараттар берген кезде ғана қолданған дұрыс, басқа жағдайларда олар түсінбестіктер туғызады.