Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные вопросы по СМиСП каз с ответами...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать
  1. Bpwin case-құралының көмегімен бизнес-үрдістерді құрастыру.

BPWin –модель құру үшін арналған күшті құрал, ол қиын бизнес – процесстердің өзгертулерін жобалау, құжаттау және талдау үшін керекті.

BPWin барлық керекті ақпараттарды жинау үшін және осы ақпараттарды бір бүтін ретінде қарау үшін үш әдіс қолданылады, олар: IDEF0, DFD және IDEF3. Бұлар сіздің бизнес – процессіңізді үш кілттік нүкте арқылы талдауға мүмкіндік береді.

  1. Жүйенің функциональдығы IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling). Бұл бизнес – процесс жұмыс элементтерінің жиыны түрінде беріледі, олар бір – бірімен байланысқан, әрбір жұмыс керек ететін өндірістік және пайдаланушылық ресурстардан тұрады.

  2. Ақпараттар ағымының жүйесі DFD (Data Flow Diagramming) (Документооборот). Бұл DFD диаграммалары IDEF3 моделінде көрсетілмегенді толықтыру үшін қолданылады. Олар жүйе ішіндегі бизнес функциялардың арасындағы ақпарат алмасуды қадағалайтын деректер ағымын сипаттайды.

  3. Орындалатын жұмыстар тізбегі IDEF3 – жасалған моделдің аяқталған формасын алу үшін ол IDEF3 – пен толықтырылады. Ол негізінен орындалатын уақиғалардың кезегінен тұрады. IDEF3 – ке бизнес – процессті модельдеу және талдау үшін керекті логика элементтері кіреді.

  1. Uml тәртіптері мен жалпы механизмдері.

UML тілінің тәртіптері

UML тілінің құрылыс блоктарын бір – бірімен өзбетінше біріктіруге болмайды. Сондықтан UML тәртіптер тізімінен тұрады, ол дұрыс анықталған, яғни семантикалық түрде басқа онымен байланысқан моделдермен сәйкестендірілген болуы керек.

UML семантикалық тәртіптердің келесі түрлері бар:

  • аттары, мәндерге, қатынастарға және диаграммаларға беріледі;

  • әрекет жасау аймағы (атқа берілетін кейбір мәндер, контекст);

  • көрнекілік (аттардың көрініп тұруы және басқа элементтермен қолданылуы);

  • толықтылығы (элементтердің бір-бірімен ақылдасып орындалу тәртібі);

  • орындалу (орындау немесе кейбір динамикалық моделді импорттау).

UML тілінің жалпы механизмдері

Құрылыс тиімді және түсінікті түрде жүреді, егер кейбір келісушіліктер орындалса. Ал ол жұмысты келесі механизмдер арқылы жеңілдетуге болады:

  • спецификациялар (спецификации) (Specifications);

  • толықтырулар (дополнения) (Adornments);

  • қабылданған бөлулер (принятые деления) (Common divisions);

  • кеңейту механизмдері (механизмы расширения) (Extensibility mechanisms).

UML – бұл тек қарапайым графикаылқ тіл ғана емес. Жүйенің графикалық нотациясының әрбір бөлігінен кейін спецификация тұрады, ол құрылымдық блоктағы сәйкес синтаксистің және семантиканың текстілік көрсетілімінен тұрады. UML-дің графикалық нотациясының көмегімен жүйені визуализациялауға, ал спецификация көмегімен UML – деталдарын сипаттауға болады. Оның арқасында, модель элементтерін өсу ретімен, яғни қадам сайын бірітндеп – бірінші диаграмма салу, содан кейін модел спецификациясына семантика қосуға болады, немесе керісінше - бірінші спецификация (мүмкіндігінше, кері жобалауды қолдануға болады), содан кейін соның негізінде диаграмма құруға болады.

Класс нотациясы негізгі оның мазмұнынан тұрады, олар: аты, атрибуты және операциялары.

Класс спецификациясы басқа да деталдардан тұруы мүмкін, мысалы атрибуттар және операциялардың көрінуі немесе көрсетілуі, яғни класс абстрактылы екендігін көрсету. Мұндай көптеген деталдарды визуализациялауға болады, ол графикалық немесе текстілік түрде стандартты төртбұрышқа толдықтырылады. Ол, келесідегідей болады, мұнда класс көрсетілген, оның белгіленуі бойынша ол абстрактілі екендігін және ашық екі ашық, бірі қорғалған және екіншісі жабық операциялардан тұратындығы көрсетілген.

Толықтыру

UML нотациясындағы әрбір элемент оған базалық болып табылатын символдан тұрады, оған әртүрлі спецификациялармен толықтыруға болады.

Қабылданған бөлулер. Объектілі – бағыттылаған жүйені моделдеу кезінде нақтылық екіге жіктеледі.

бірінші, класстар және объектілерге бөлу. Класс - бұл абстракция, объект – бұл нақты осы обьектінің абстракциясы. UML тілінде класстарды да және обьектілерді де моделдеуге болады.

Класстар және объектілер

Бұл суретте бір класс Customer (Клиент) және үш объект көрсетілген: Jan (явно определенный как объект данного класса), :Customer (анонимный объект класса Customer) және Elyse (спецификация которого относит его к классу Customer, хотя это и не выражено явно).

Екіншісі бұл интерфейске бөлу және оның таратылуы. Интерфейс контракт декларациясы, ал тарату осы контрактінің жұмыс істеуі. UML осы екі категориямен де моделдеуге мүмкіндік береді, интерфейс және оның таратылуы, келесі суретте көрсетілген: бұл жағдайда бір компонент spellingwizard.dll екі келесі интерфейсті таратады lUnknown және ISpelling.

Интерфейстер және таратылу

Кеңейту механизмдері. UML – бұл программалық қамтаманың «сызбалар» өңдеу үшін арналған стандартты тіл, бірақ ол барлық нюанстарды қамти алмайды. Сондықтан UML ашық тіл болып табылады, яғни оның бақылаушы кеңейтулері болады. Кеңейту механизмі келесілерден тұрады:

  • стереотиптер;

  • белгіленген мәндер;

  • шектеулер.