Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные вопросы по СМиСП каз с ответами...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать
  1. Dfd деректер ағымын моделдеу

Деректер ағымының диаграммалары (Data Flow Diagramming, DFD) ақпараттарды өңдеу және құжатайналымды сипаттау үшін қолданылады. IDEF0 сияқты, DFD өзара жұмыстардың желі секілді байланысқан моделдік жүйесін көрсетеді. Оларды IDEF0 моделіне қосымша ретінде, ақпараттарды өңдеудің ұжымдық жүйелердегі құжатайналымының ағымдағы операцияларын көрнекі түрде бейнелеу үшін қолдануға болады.

DFD сипаттайды:

  • ақпараттарды (жұмыстарды) өңдеу функциялары;

  • құжаттар (бағдаршалар, arrows), объектілер, ақпараттарды өңдеуге қатысатын қызметкерлер немесе бөлімдер;

  • моделденетін жүйенің сыртында орналасқан, интерфейстерді сыртық обьектілермен (мәндермен) қамтамасыздандыратын сыртқы сілтемелер (external references);

  • құжаттарды сақтауға арналған кестелер (деректер қоймасы, data store).

  1. Dfd нотациясының графикалық обьектілері

Ақпаратты өңдеу және ауыстыру механизмдерін құжаттау үшін модельдеу жүйесінде, деректер ағымының диграммасы қолданылады. Әдетте DFD диаграммалар жүйенің ағымдағы жұмысын бейнелеу үшін құрылады. Олар негізінен IDEF0 – де моделденген бизнес – процесстерді толықтыру үшін қолданылады. DFD – да маңызды 4 элемент болады.

  1. Жұмыстар. Ақпаратты өңдейтін немесе өзгертетін функциялар немесе процесстер. Домалақталған төртбұрыштар түрінде болады. Мысалы: қоймадағы товардың бар жоқтығын тексеру.

  2. Бағдаршалар. Байланыстыру, құжаттау. Мысалы: қоймаға сұрату жіберу.

  3. Сыртқы сілтемелер. Бұл диаграмма сыртында орналасқан жүйемен ақпарат алмасу үшін қолданылатын ұйым немесе адамдар. Мысалы: клиент.

  4. Деректер сақтау орны. Сұраныс жіберілетін деректер ағымы. Оларды жұмыс ретіне байланысты толықтыруға немесе өзгертуге болады. Мысалы: заказға байланысты жауаптар.

DFD диграммаларында барлық қолданылатын символдар бір бүтінге бірігіп қандай деректер, қандай функциялармен, қалай орындалатындығы жайындағы құжаттар алуға мүмкіндік береді.

  1. IDEF1X деректерді моделдеу әдістемесі

    ERwin – деректер қорының құрылымын өңдеу құралы. ERwin – WINDOWS – тың графикалық интерфейсінен тұрады, яғни мұнда ER диаграмма салу үшін аспаптар орналасады, соның ішінде деректер моделінің логикалық және физикалық сипаттамасын құру үшін арналған редакторлар және белгілі ДҚБЖ – ның реляциялы түрлерін ұстанады. Erwin – нің көмегімен ДҚ кері жобалау (реинжеринг) немесе құруға болады. ERWiN – де моделдеуде реляциялық ДҚ теориясының базасында немесе IDEF1х методологиясында таратуға болады IDEF1х методологиясы терминология стандарттарын анықтайды, олар ақпаратты моделдеуде және диаграммалардағы типтік элементтердің графикалық бейнелеулері кезінде қолданылады.

Ақпараттық модельдің екі көзқарасы, сәйкесінше екі модель деңгейі бар. Бірінші логикалық (пайдаланушы көзқарасы) - өндіріс бизнесінде қоланылатын деректер сипаттамасы. Екінші – физикалық – ДҚ ақпараттардың берілуін анықтайды. ERwin – оларды бірнеше деңгейі бар бір диаграммаға біріктіреді.