Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные вопросы по СМиСП каз с ответами...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать
  1. Uml қолдана отырып жүйе кластарын моделдеу.

Обьек және класс арасындағы түсініктер бір-бірімен өте тығыз байланысқан, өйткені обьек жайында айтып бастаған кезде оның класын айтпай өтуге болмайды.

Класс бұл бірдей атрибуттар және операциялар жиынтығын меңгерген көптеген обьектілердің дескрипторы.

Классбұл жалпы құрылымы және жалпы тәрітіптері бар кейбір көптеген обьектілердің бірі.

Класс бұл код және деректер үшін контейнер, атаулар кеңістігінің инкапсуляция әдісі және әдістер мен айнымалылардың көрерлігін басқару.

Объект уақытында және кеңістікте анықталғын нақты мәнді бейнелейді, ал класс болса, тек обьектідегі маңызды абстракцияны анықтайды.

Кез-келген нақты обьект қарапайым кластың экземпляры (instance) болып табылады. Класс обьектілер құру үшін шаблон (template) ретінде қолданылады. Шаблон бойынша құрылған әрбір объект, кластарда анықталған, атрибут түрлеріне сәйкестендірілген, атрибуттардың мәндерінен тұрады, және кластарда анықталған операцияларды шақыра алады. Графикалық түрде класс үшке бөлінген горизанталды сызықтары бар бөліктерден тұратын төртбұрыш түрінде көрсетіледі. Жоғарғы бөлікте класс атауы сақталады және кластың тағайындалуын анықтайтын стереотиптер сақталуы мүмкін. Ортаңғы бөлік қасиеттерден тұрады, олар кластың құрылымдық функционалдылығын көрсетеді. Ал соңғы төменгі бөлікте операциялар, яғни әдістер орналасады.

Класс қасиеттері мүлде әртүрлі мәндердегі екеуінде іске асырылатын, бірыңғай түсінікті көрсетеді: атрибуттарда және ассоциацияларда. Класс, бұл пәндік аймақ концепциясы ретінде, атрибуттармен сипатталады, ал кластар диаграммасындағы кластар арасындағы басқа кластармен байланыстар, ассоциациялар арқылы бекітіледі.

BPwin талдау жасайтын моделге баға беретін екі аспап бар – бағалық талдау— стоимостный анализ, (Activity Based Costing, ABC), және пайдаланушымен анықталатын қасиеттік талдау (User Defined Properties, UDP).

ABC Функциональды бағалау – бұл орындалатын функциялар немесе әрекеттердің бағасын зерттеу және технологияларын шығару. Функциональды бағалаудың негізгі деректері болып ресурстарға, материалдарға және персональға кеткен шығындар сепетеледі.

Айтылғандай АВС жүйенің уақыттық және бағалық мінездемелерін анықтайды дедік, егер бағалық көрсеткіштерсіз болса, онда өз метрикаларыңды, яғни пайдаланушы қасиеттерін беруге мүмкіндіктер бар. Яғни - (User Defined Properties, UDP) қосымша талдау жасауға мүмкіндік береді, ескерту ол өзі автоматты түрде қосылмайды.. UDP сипаттау үшін Model/UDP Definition Editor) (сурет. 8.7) вкладкасын таңдау керек. Мұндағы 1 жол UDP аты, Datatype қасиет типінің сипаттамасын (18 түрі бар) береді. Keyword категория атын, ал List осы категория қасиетін көрсетеді. Жоюға және қосуға мүмкіндіктер береді.