
- •Программалаудың қазіргі заман әдістері мен құралдары пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Idefo нотациясының графикалық обьектілері
- •Idefo әдістемесіндегі диаграммалардың тағайындалуы мен мақсаты
- •Idef3 үрдістерді моделдеу әдістемесі
- •Idef3 2 типте модель ала алады:
- •Idef3 – модельі келесі элементтерден тұрады:
- •Rup технологиясы, өңдеу құжаттары, фазалары және аспаптары
- •Rup практикалары, ағындары
- •Dfd деректер ағымын моделдеу
- •Dfd нотациясының графикалық обьектілері
- •Idef1x әдістемесіндегі диаграммалардың тағайындалуы мен мақсаты
- •Rational Rose аспабы, диаграммалары, экран элементтері.
- •Объектілі-бағытталған моделдердің негізгі принциптары.
- •Rational Rose – моделінің көрсетілімдері
- •Erwin case-құралының тағайындалуы мен мақсаты.
- •Bpwin case-құралының көмегімен бизнес-үрдістерді құрастыру.
- •Uml тәртіптері мен жалпы механизмдері.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Тілдің құрылыс блоктары.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Прецеденттер (қолдану варианттары) диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Тізбек диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Кооперация диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Кластар диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Ашып қарау диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы. Орналастыру диаграммалары
- •Uml нотациясындағы қатынастар түрі.
- •Класстардың негізгі стереотиптері.
- •Rational Rose case-құралының көмегімен әрекеттесу диаграммасын құру.
- •Rational Rose case-құралының тағайындалуы мен мақсаты.
- •Uml қолданып жүйе күйін моделдеу
- •Uml қолдана отырып жүйе компоненттерін моделдеу.
- •Rational Rose case-құралының көмегімен қолдану варианттар диаграммасын құру.
- •Rational Rose case-құралының көмегімен қызметтер диаграммасын құру.
- •Rational Rose диаграммалары мен моделдері.
- •Uml қолдана отырып жүйе кластарын моделдеу.
Rational Rose case-құралының көмегімен қолдану варианттар диаграммасын құру.
Қолдану варианттарының диаграммасы жүйедегі кейбір әрекет етуші тұлғалардың қолдану варианттарын және олардың арасындағы қарым – қатынасты көрсетеді. Диаграмма жоғары деңгейдегі жүйе сипаттамасын (жүйе архитектурасын) көрсетеді, ескеретін жағдай өңделетін жүйемен қарым – қатынаста болатынның барлығы әрекет етуші тұлға бола алады. Қолдану варианттарының диаграммасына мысал сурет 5.14. көрсетілген. Диаграммада жүйелік әрекет етуші тұлғалар, жүйелік қолдану варианттары және олардың арасындағы қарым – қатынастар көрініп тұр. Берілген жүйе интерактивті және телефон арқылы авиабилет сатушыларға арналған, сондықтан Клиент және Сервис қызметінің қызметкері бірдей қолдану варианттарын инициялизациялай алады. Диаграммада қосылатын және бір кеңейтілетін қарым – қатынас орналасқан. Жүйенің барлық функционалдылығы келесі сегіз қолдану варианттарының жиынтығымен көрсетілген, олар: Билет сатып алу, Тапсырысты өзгерту, Кредитті тексеру, Тапсырыстан бас тарту, Пайдаланушы маршрутын қарау, Қонақ үйден нөмір брондау, Автокөлік арендасына тапсырыс беру және Авиа рейстер кестесін орнату.
Rational Rose case-құралының көмегімен қызметтер диаграммасын құру.
Қызметтер диаграммасы (activity diagrams) – бұл процедуралар логикасын, бизнес – үрдістерді және жұмыстар ағымын сипаттауға мүмкіндік беретін технология. Көп жағдайларда олар блок – сұлбаларды еске салады, бірақ қызмет ету диаграммасы мен блок – сұлба нотацияларының арасындағы принципиалды ерекшелік болып, олардың біріншісінің параллелді үрдістерді қолдайтындығы. Қызмет ету диаграммалары UML тілінің версиясын өзгерту кезінде көптеген өзгерістерге ұшырады. UML-1 қызмет ету диаграммалары күйлер диаграммасының ерекше жағдайлары түрінде өңделген. Бұл жұмыстар ағымын моделдейтін мамандар арасында көптеген қиындықтар туғызды, олар үшін қызмет ету диаграммалары дәл келер еді. Ал UML 2 бұл шектеулер алынып тасталды.
Rational Rose диаграммалары мен моделдері.
UML –де кездесетін 9 типті диаграмма бар:
класстар диаграммасы (диаграммы классов);
обьектілер диграммасы (диаграммы объектов);
прецеденттер диаграммасы (диаграммы прецедентов);
тізбекті диаграмма (диаграммы последовательностей);
кооперация диграммасы (диаграммы кооперации);
күйлер диаграммасы (диаграммы состояний);
әрекеттер диаграммасы (диаграммы действий);
компоненттер диаграммасы (диаграммы компонентов);
ашып қарау диаграммасы (диаграммы развертывания).
Класстар диаграммасында класстар, интерфейстер, объектілер мен кооперациялар және олардың арасындағы қатынастар көрсетіледі. Обьектілі – бағытталған жүйені моделдеу кезінде бұл диаграмма түрі көп пайдаланылады. Класстар диаграммасы жобалау жағынан жүйенің статикалық түріне сәйкес келеді. Активті класстардан тұратын, класстар диаграмммасы, процесстер жағынан жүйенің статикалық түріне сәйкестендірілген.
Обьектілер диграммасында обьектілер және олардың арасындағы қатынастар көрсетіледі. Олар класстар диаграммасында көрсетілген мәндердің статикалық экземпляры "фотосы" болып табылады. Объектілер диаграммасы, класстар диаграммасы сияқты, жобалаушы және процесстер көзқарасымен жүйенің статикалық түріне жатады, бірақ макеттік тарату және нақты есептеумен бірге.
Прецеденттер диаграммасында прецеденттер және актерлар (класстардың жекеше түрлері), және олардың арасындағы қатынастар көрсетілген. Прецеденттер диаграммасы қолданушы прецеденттер көзқарасымен жүйенің статикалық түріне жатады. Олар негізінен жүйенің орындалу тәртібін моделдеу және ұйымдастыру кезінде ерекше керек.
Тізбекті диаграмма және кооперация диграммасы бұлар әрекеттесу диаграммаларының жекеше жағдайларында қолданылатын диаграммалар болып табылады.
Әрекеттер диаграммасы объектілер арасындағы байланыстар көрсетіледі; соның ішінде обьектілер хабарласа алатын хабарламалар. Әрекеттер диаграммасы жүйенің динамикалық түріне жатады. Бұл кезде тізбекті диаграмма хабарламалардың уақытша тізбектеп орындалуын көрсетеді, ал кооперация диаграммасы – хабар алмасатын обьектілердің құрылымдық ұйымдастырылуын көрсетеді. Бұл диаграммалар изоморфты деп аталады, яғни олар бір – біріне ауыса алады.
Күйлер диаграммасында (Statechart diagrams) әрекет түрі, уақиғасы, өтуі және күйі бар автоматты көрсетіледі. Бұл диграммада жүйенің динамикалық түріне жатады. Олар негізінен интерфейс, класс және кооперация тәртібін моделдеу кезінде маңызды. Олар обьектінің жұмыс істеу тәртібін уақиғаларға байланысты орындауды қамтамасыздандырады.
Диаграмма деятельности – бұл күйлер диаграммасының жекеше түрі; олардың арасында жүйе ішіндегі бір басқару ағымынан (деятельностан) екінші басқару ағымына (деятельностқа) өту тәртіптері көрсетіледі. Бұл диграммада жүйенің динамикалық түріне жатады;
Компоненттер диаграммасында компоненттер жиынын ұйымдастыру және олардың арасындағы қатынастар көрестілген. Компоненттер диаграммасы тарату жағынан жүйенің динамикалық түріне жатады.
Ашып қарау диаграммасында жүйенің түйіндерін өңдейтін конфигурациямен және оларға орналастырылған компоненттермен көрсетіледі. Ашып қарау диаграммасы ашып қарау көзқарасы жағынан жүйе архитектурасының статикалық түріне жатады. Лар компоненттер диаграммасымен байланысқан, өйткені бір түйінге бір немесе бірнеше компонент орналаса алады.
Бұл жерде UML – де қолданылатын барлық диаграммалар берілмеген. Инструментальды құралдармен бұдан басқа да диаграммаларды салуға болады, бірақ олардың осы көрсетілген 9 маңызды және практикада көп қолданылатыны деп есептеледі.