
- •Программалаудың қазіргі заман әдістері мен құралдары пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Idefo нотациясының графикалық обьектілері
- •Idefo әдістемесіндегі диаграммалардың тағайындалуы мен мақсаты
- •Idef3 үрдістерді моделдеу әдістемесі
- •Idef3 2 типте модель ала алады:
- •Idef3 – модельі келесі элементтерден тұрады:
- •Rup технологиясы, өңдеу құжаттары, фазалары және аспаптары
- •Rup практикалары, ағындары
- •Dfd деректер ағымын моделдеу
- •Dfd нотациясының графикалық обьектілері
- •Idef1x әдістемесіндегі диаграммалардың тағайындалуы мен мақсаты
- •Rational Rose аспабы, диаграммалары, экран элементтері.
- •Объектілі-бағытталған моделдердің негізгі принциптары.
- •Rational Rose – моделінің көрсетілімдері
- •Erwin case-құралының тағайындалуы мен мақсаты.
- •Bpwin case-құралының көмегімен бизнес-үрдістерді құрастыру.
- •Uml тәртіптері мен жалпы механизмдері.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Тілдің құрылыс блоктары.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Прецеденттер (қолдану варианттары) диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Тізбек диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Кооперация диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Кластар диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы.
- •Uml унифицирленген моделдеу тілі. Ашып қарау диаграммасының мақсаты мен тағайындалуы. Орналастыру диаграммалары
- •Uml нотациясындағы қатынастар түрі.
- •Класстардың негізгі стереотиптері.
- •Rational Rose case-құралының көмегімен әрекеттесу диаграммасын құру.
- •Rational Rose case-құралының тағайындалуы мен мақсаты.
- •Uml қолданып жүйе күйін моделдеу
- •Uml қолдана отырып жүйе компоненттерін моделдеу.
- •Rational Rose case-құралының көмегімен қолдану варианттар диаграммасын құру.
- •Rational Rose case-құралының көмегімен қызметтер диаграммасын құру.
- •Rational Rose диаграммалары мен моделдері.
- •Uml қолдана отырып жүйе кластарын моделдеу.
Rational Rose case-құралының көмегімен әрекеттесу диаграммасын құру.
жүйе обьектілері арасында екі моделдің әрекеттесуін қарастырамыз: соның ішінде тізбек диаграммалары және кооперативті диаграммалары (кооперация). Екі диаграмма да қолдану варианты үрдісінде ақпараттарды өңдеуге қатысатын оқиғаларды және обьектілер аламасатын хабарламаларды бейнелейді. Тізбектер диаграммасындағы оқиғалар уақыт бойынша реттелген, ал кооперативті диаграмма сол обьектілер айналасында ұйымдастырылған.
Әрекеттесу диаграмммасында қолдану варианттары үшін ақпараттарды өңдеу үрдісі бейнеленеді: ағымға қандай объектілер қажет, обьектілер қандай хабарламалар алмасады, қандай әрекет етуші тұлға ағымды инициялизациялайды және хабарламалар қандай бағытта жіберіледі. «Авиабилет сату» қолдану вариантында, жоғарыда көргендей, бірнеше алтернативті ағымдары бар. Бұл берілген қолдану варианты үшін бірнеше әрекеттесу диаграммасын құру керек екендігін білдіреді: бірінші диаграмма кәдімгі оқиғалар жүрісін, басқалары – алтернативті ағымның жүрісін (аралас вариант болуы мүмкін) көрсетеді.
Әрекеттесу диаграммалары тарату кодын жазу үшін керекі барлық ақпараттармен қамтамасыздандырады. Диаграмма объектілері кластардың экземплярлары болып табылады, сондықтан әрбір обьект үшін класты анықтау керек. Жалпы жағдайда хабарламалар әдістерге өтеді, ал әрбір әдіс хабарламаны қабылдайтын (мақсаттық обьект класы) класқа орналастырлады, бірақ әдісті шақыратын орындалатын класс емес, одан басқалары. Тарату кодының көрінісі келесі екі факторларға тәуелді: программалау тілі және тәжірибесі.
Әрекеттесу диаграммаларының екі түрін қарастырайық – тізбек диаграммалары және кооперативті диаграммалар (UML 2.0 тілінің вериясында коммуникациондық диаграммалар). Бұл екі диаграмма түрлерінде бірдей ақпараттар көрсетілген, бірақ олардың арасында екі өзгешелік бар. Тізбек диаграммасы барлық зейінін басқаруға жібереді, ал коммуникациондық диаграммалар – деректер ағымын бейнелейді. Бұл диаграммалардағы бастысы - объектілер, олар талданатын қолдану варианттарына ендірілген функциоаналды мүмкіндіктерді тарату үшін құрылуы керек. Бұл екі диаграмма түрлерінде де обьектілердің, кластардың және олардың бірге қолданылуы көрсетіледі.
.
Rational Rose case-құралының тағайындалуы мен мақсаты.
Rational Rose – бұл обьектілі – бағытталған программалық жүйелерді жобалау және талдаудың күшті аспабы. Ол жүйені программа кодын жазғанға дейін модельдеу үшін қолданылады.
Сонымен, Rational Rose дегеніміз ол құрастырылатын жүйенің - бейнесі. Ол келесі диаграммалардан тұрады.
Қолдану варианттар диаграммасы (прецеденттер), әрекет жасаушы тұлғалар анықталады;
Тізбекті және кооперативті диаграммалар;
Класстар диаграммасы. Анықталатын класстар, атрибуттар, операциялар және байланыстар құрылады;
Күйлер диаграммасы;
Компоненттер диаграммасы, негізіг қолданылатын компанентер анықталады;
Орналастыру (размещение) диаграммасы;
Қорытынды: Rational Rose – жобаға қатысқан әрбір жобалаушы қолдана алатын құрал. Мұнда жоба жүйесіне қатысты барлық ақпараттар сақталады, және әрбір жобалаушы өзіне керекті деректер.
Rational Rose –бен танысу, оның экран элементтері.
Rational Rose – интерфейсінің негізгі элементтері болып келесі 5 элемент алынады:
Браузер ( Browser) – модельде керек затты тез табу үшін қолданылады.
Құжаттау терезесі (Documentation window) - модель элементтерінің құжаттарымен жұмыс жасау үшін қолданылады. Мұнда әрбір әрекет жасаушы тұлғаға сипаттама беруге болады, ал алынған класстарды құжаттайтын болсақ онда кейін ол класстарды программа кодында берген кезде олар дайын түсініктемелермен (комментарий) шығады.
Аспаптар панелі (Toolbars) – жиі кездесетін командаларға қатынау үшін қолданылады. Олар екіге бөлінеді:
стандартты панель, барлық диаграммалармен қолданылатын аспаптар орналасады;
диграммалар панелі, тек белгілі бір диаграммаға байланысты аспаптар орнласады;
Диаграммалар терезесі (Diagram window) – UML –дің бір немесе бірнеше диаграммаларын редакторлау және көру үшін қолданылады. Әрбір өзгерту сайын браузер өзгеріп отырады.
Журнал (Log) - Әртүрлі командаларды орындау кезіндегі нәтижелер есепберуін және қатесін көру үшін қолданылады. Оны мүлдем жабуға болмайды, бірақ өзгертуге келеді.