
- •1.Хаттамалардың стектерi. Стектердiң деңгейлерi. Мысал келтiрiңiз.
- •3.Osi моделі, osi моделінің үлгiсi.
- •1 Сурет - osi ашық жүйелерінің әрекеттесу үлгісі
- •2 Сурет – osi салыстырғандағы Интернеттің хаттамалар стегі
- •4.Tcp/ip стегінің хаттамаларының архитектурасы.
- •6. Жергiлiктi және ғаламдық жүйедегі желілік деңгейдегі хаттамалармен шешілген есептердің айырмасы неде?
- •7.Osi моделін не стандарттайды? Неге osi-сi үлгiсінде жеті деңгей?
- •1 Сурет - osi ашық жүйелерінің әрекеттесу үлгісі
- •2 Сурет – osi салыстырғандағы Интернеттің хаттамалар стегі
- •8.Tcp/Ip хаттамалары стегі бойынша деректер қалай инкапсуляция жасайды?
- •9.Ip барлық жиынының қанша бөлігінің адресін а класының, в класының, с класының адрестері құрайды?
- •10.Желілік деңгейдің мақсаты не?
- •11. Көліктік деңгейдің мақсаты не?
- •12.Unix файл жүйесi. Файл жүйелерiнiң түрлерi.
- •13. Тор аралық жұмыс iстеудiң құралдары.
- •14. Торлық хаттамалар. Торлық хаттамалардың стегi.
- •16.Файлдар тапсыруының хаттамалары.
- •17. Желiнiң басқару құралдары.
- •20.Электрондық почта Internet. Пошталық транзакцияның ұйымы. Поштаның берiлуiнің қарапайым хаттамасы. Smtp.
- •Sender: data
- •Receiver: 250 ok
- •19.Tcp хаттамасы мен rtp хаттамасын салыстырыңыз.
6. Жергiлiктi және ғаламдық жүйедегі желілік деңгейдегі хаттамалармен шешілген есептердің айырмасы неде?
Желілік деңгейдегі негізгі хаттама ретінде Интенет хаттамасын (IP) атаймыз, оны пакеттердің бір интерфейстен екіншіге көшу үшін IP-модуль пайдаланады.
Интернет хаттамасының 4 версиялары (Internet Protocol, IPv4) мынандай екі негізгі фунцияны орындайды: адресация және фрагментация. Модуль IP пакетті маршруттауды пакет тақырыпшасындағы адрес бойынша орындайды. Сонымен бірге, ол жерде егер желілік пакеттің ең үлкен ұзындығы (Maximum Transfer Unit – MTU) адрестелген интерфейстегі MTU мәнінен бөлек болса, онда фрагментациялаудың/дейтаграмма жинақтаудың тәсілі жайлы мағлұмат болады.
IP деңгейіндегі пакеттер диаграммалар деп аталады. Диаграмма — ол ұзындығы өзгеріп тұратын пакет. Ол екі бөліктен тұрады: тақырып және деректер. Тақырып ұзындығы 20 биттен 60 битке дейін болады, және онда маршруттау мен жеткізу жайлы мағлұматтар болады. Әдетте, TCP/IP тақырыбы төрт секциядан тұрады. Тақырыптың әр өрісінің қысқаша сипаты төменде берілген.
-Версия (VER).Бұл 4 биттен тұратын өріс IP хаттамасының версиясын анықтайды: қазіргі кезде бұл 4 версия - IPv4 (екілік кодасы0100). Бірақ бірнеше жылдан кейін 6 версия бұл 4 версияны толық ауыстыруы мүмкін. VER өрісі өңдеуші компьютерде қызмет атқаратын IP программалық қамтамасына, дейтаграмманың 4 версия қалыбында екенін көрсетеді. Сондықтан барлық өрістер хаттаманың 4 версиясындағыдай болуы қажет. Егер компьютер IP версиясының басқа түрін қолданса, онда дейтаграмма қабылданбайды, және дұрыс түсіндірілмейді.
-Тақырып ұзындығы (HLEN – Header Length).Бұл 4 биттен тұратын өрісдейтаграмма тақырыбының толық ұзындығын 4-байттықсөз арқылы анықтайды. Ол қажет нәрсе, өйткені тақырып ұзындығы айнымалы шама болып табылады.
-Әр түрлі қызметтер (сервистің бұрынғы түрі). Бұл өрістің атауы мен түсіндірмесін 8 битке IETF жақында өзгерткен. Бұл өріс бұрын сервис түрі (Service Type – TS), деп аталған, енді ол әр түрлі қызметтер (DS – Differentiated Service) деп аталады.
-Толық ұзындық көрсеткіші. Бұл 16 биттік өріс, IP дейтаграммысының толық байттық ұзындығын (тақырып плюс деректер) анықтайды. Жоғарғы деңгейден келіп түсетін деректердің ұзындығын анықтау үшін толық ұзындықтан тақырып ұзындығын алып тастайды. Тақырып ұзындығын HLEN өрісінің мәнін төртке көбейту арқылы алуға болады.
Деректер ұзындығы = толық ұзындық – тақырып ұзындығы.
Өріс ұзындығы — 16 бит болғандықтан, IP дейтаграммысының толық ұзындығы 65 535 (216 – 1) байттар мен шектелген, оның из которых 20-60 байттары тақырып болып табылады да, ал қалғандары — жоғарғы деңгей деректері.Көрсетілген 65 535 байттар көлемі көп болып көрінгенмен, IP дейтаграммысының көлемі жақын болашақта үлкеюі мүмкін, өйткені қазіргі негізгі технологиялар жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді (өткізу қабылеті жоғарылайды).
7.Osi моделін не стандарттайды? Неге osi-сi үлгiсінде жеті деңгей?
OSI моделі
Стандарт бойынша халықаралық ұйымы (International Organization for Standardization – ISO) өңдеу тәжіребесі мен алғашқы есептеуіш желілеріның эксплуатацияларын жария етті және жүйенің өзара байланысты әртүрлі деңгейлеріне стандартты атаулар бере отырып, олардың әрқайсысының қандай жұмыс істеу керек екендігін нақты айқындайтын модель өңдеп шығарды. Бұл модель ашық жүйелердің өзара байланыс моделі (Open Systems Interconnection - OSI) немесе ISO/OSI моделі немесе жай ғана OSI моделі.. Бұл модель есептеуіш желілерінда стандартизациялаудың концептуальды негізі болып табылады.
OSI моделінде өзара байлыныс 7 деңгейлерге бөлінеді.
Әрбір деңгей белгілі бір аспектімен өзара байланыста болады және әрбір деңгей үшін желінің түйіндер арасында өзара байланыс ережелері, яғни протокол бар болады.
Мұндай протоколды жүзеге асыру үшін әрбір деңгей өзінен төмен орналасқан деңгейге орындау үшін тапсырма береді. Бұл тапсырманы жіберу үшін көршілес деңгейлердің өзара байланысу ережелерін анықтайтын деңгейаралық интерфейсті қолданамыз
3.1 –сурет. 0SI ашық жүйесінің өзара байланыс моделі
Мұндай протоколдар дейтаграммды протоколдар деп те аталады. Жіберуші бірінші хабарды дайын болғанда жібереді.
OSI үлгісі реттелеген жеті түрлі деңгейден құрылған: физикалық (1 деңгей), деректерді жіберу буыны (2 деңгей), желілік (3 деңгей), көліктік (4 деңгей), сеанстық (5 деңгей), көрсету (6 деңгей) және қолданбалық (7 деңгей).
Модульдер арасындағы ақпараттар алмасуы белгілі бір келісімдер бойынша іске асады. Оны интерфейс деп атайды. Хабарды жібергенде жоғарғы деңгейдегі модуль есептің өзіне қатысты бөлігін шешеді, ал өзіне ғана түсінікті нәтижені бастапқы хабардың (тақырыптың) қосымша өрісі ретінде орындап, осы өзгертілген хабарды төменгі деңгейге ары қарай өңдеуге жібереді. Бұл процесс инкапсуляция деп аталады.