Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарты и протоколы отв.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
381.62 Кб
Скачать

Sender: data

RECELVER: 354 Start mail input; end with <CRLF>.<CRFL>

354 коды алынғаннан кейін, клиент деректер беруді бастауға болады МТА-сервері, өз кезегінде хабарламаны алу кезінде бөгет жасайды .Сервер клиенттендеректер берудің аяқталғанын білдіретін, CRLF-точка-CRLF комбинациясын алғанға дейін ешқандай жауап жібермейді, В строках 16,17 жолда ,жауаптың орнына сервер оерацияның сәтті аяқталғаны жайында 250 кодын береді.

SENDER: .

Receiver: 250 ok

Пошта транзакциясын аяқтауы үшін QUIT командасын жіберуі қажет. Сервер оған 221 кодасымен жауап береді. Бұл кода клиентке қосылудың аяқталатыны туралы бекітуді көрсетеді және бұдан соң шын мәнінде қосылу жабылады:

SENDER: QUIT

RECEIVER: 221 mit.edu Service closing transmission channel

SMTP спецификациясында сервер SMTP-клиентінің әр командасына жауап беруін талап етеді. МТА-сервері үш мәнді цифр комбинациясымен жауап береді, ол жауап кодасы деп аталады. Жауап кодасымен бірге, әдетте, бір немесе бірнеше мәтіндік ақпарат жолдары беріледі.

Бірнеше мәтіндік ақпарат жолдарына, әдетте, EXPN және HELP командалары ілесіп отырады. SMTP спецификациясы, кез келген командаға жауап бірнеше мәтіндік ақпарат жолдарымен беруді талап етеді.

Кодадағы әр цифрдың өз мағынасы бар. Біріншісі команданың сәтті орындалғанын (2), сәтсіз (5), әлі аяқталмағанын (3) білдіреді. Қарапайым SMTP–клиенті сервер жауабының тек бірінші цифрын талдап, соның нәтижесінде өзінің іс-әрекетін құрады. Екінші және үшінші цифрлар біріншінің мағынасын түсіндіреді. Әдетте, SMTP-қолданбасын жасағанда SMTP-жауаптарының кодалық құрылымын есте ұстау қажет.

SMTP спецификациясында бірінші цифр үшін мүмкін болатын бес мән анықталған: 1- МТА сервері команда қабылдап алды, клиенттен қосымша бекіту қажет; 2 - сервер МТА сервері команда орындалуын сәтті аяқтады және жаңа команданы тосуда; 3 - команда орындала бастады, бірақ серверге оны аяқтау үшін қосымша ақпарат керек; 4 - сервер команданы қабылдап алмады сондықтан ол орындалмады, бірақ 400 серияда қатенің уақытша екені көрсетілген, және оны клиент жөндей алады; 500 серияның жауап кодаларының хабары бойынша, команда орындалмаған, бірақ клиент ол команданы сол тізбек реті бойынша қайтадан қайталамау керек.

Екінші цифр жауап кодалары қате категориясын білдіреді. 0 Цифры –синтаксисттік қате, команда өте ұзын болуы мүмкін, аргументі дұрыс емес, сервердің команда тізімінде жоқ. 1 – ақпараттық сипаттағы қате. 2 - деректерді жіберу немесе коммуникациялық каналға байланысты қате. 5 – пошта жүйесімен тікелей байланысты қате. 3,4 – сақтаулы орындар.

SMTP спецификациясында хабардың әр жолының жауап кодасында үшінші цифраның болуы көрсетілген. Мысалы, 500 ден 504 дейін хабардың жауап кодалары әрқайсысы бөлек синтаксисттік қателерді көрсетеді. Қате туралы әр хабардың осы серияда өзінің реттік нөмірі болады. SMTP спецификациясында МТА-сервері жауаптарында аталған мәтіндік жолдарды пайдалануға ұсынады, бірақ міндеттемейді.

19.Tcp хаттамасы мен rtp хаттамасын салыстырыңыз.

Жіберуді басқару хаттамасы (TCP – Transmission Control Protocol) көлікттік деңгейдің қолданбаларға көрсететін толық қызметін қамтамасыз етеді. TCP — ағынның нағыз көлікттік хаттамасы. Ол логикалық қосылуды тағайындайтын дуплексттік байланыс режиміне бағытталған. Ол үшін әр жіберілетін пакет реттік нөмірмен қамтамасыз етіледі, және оның дұрыс қабылдануын қабылдаушы жақ мақұлдауы керек. Осы жағдайда «ағын» термині мынаны білдіреді: екі жақтағы хабарлар жіберілуден бұрын алдымен қосылу орнатылады. Протокол TCP хаттамасының кодасы 6 (оналтылық кодада – 0x06) және ол ақпаратты жіберудің кепіліділігі ретінде қолданылады.

Желілік деңгейде (анығырақ айтқанда, желіаралық деңгейде) TCP/IP желіаралық қатынастарды қамтамасыз ететін (IP) хаттаманы қолдайды, ал ол өз құрамында төрт хаттама ұстайды: адресті анықтау хаттамасы (ARP — Address Resolution Protocol), және орналасуы бойынша желілік адресті анықтау хаттамасы (RARP– Reserve Address Resolution Protocol), Internet басқару хабарларының хаттамасы (ICMP — Internet Control Message Protocol) және топтарды басқарудың желіаралық хаттамасы (IGMP – Internet Group Message Protocol). Осы аталған деңгейде маршруттау хаттамалары қолданылады: маршруттық ақпараттар алмастыру хаттамасы (RIP — Routing Information Protocol), «қысқа жолды бірінші ашу» (OSPF — Open Shortest Path First), маршруттық шекаралық хаттамасы (BGP — Border Gateway Protocol).

Желіаралық қатынастарды қамтамасыз ететін (IP) хаттамасы — TCP/IP хаттамалары пайдаланатын жіберу механизмі. Бұл дейтограмманы жеткізетін бірақ қосылу орындалмаған аса сенімді емес қызмет түрі, бірақ «жіберу күші барынша көп» (best-effort).

Мұндағы «жіберу күші барынша көп» термині мынаны білдіреді: ақпаратты қажетті орнына жеткізу үшін бүкіл бар мүмкіндіктер пайдаланылады, бірақ IP ешқандай қатені тексермейді де оны сүзгіден өткізбейді. IP негізгі деңгейлерде аса сенімді емес, ол сервис деңгейіне кепілдік бере алмайды.

Нағыз уақыт масштабында жұмыс істейтін көлікттік хаттама (Real-time Transport Protocol — RTP) —бұл хаттама нағыз уақыт масштабында жұмыс істейтін трафикті Интернетке ыңғайластыру үшін құрылған. RTP хаттамасында қатынау механизмі жоқ (циркулярлық шақыру, порт нөмірлері және тағы басқа); бұл хаттама UDP хаттамасымен бірге қолданылуы керек. RTP хаттамасы TCP/IP және UDP хаттамалары стектері мен қолданба программалары арасында болады. Главный вклад RTP хаттамасының негізгі жетістігі — уақыт таңбасын, тізбектелген нөмірлеуді немесе араластыруды қамтамасыз ететін механизмді енгізген.

RTP хаттамасының өзі көліктік деңгейдегі хаттама болса да, RTP-пакеті тікелей IP-дейтаграммасына инкапсуляцияланбайды. Оның орнына RTP хаттамасы қолданба программа сияқты өңделіп, пайдаланушының UDP дейтаграммасына инкапсуляцияланады. Бірақ ол басқа қолданба программалары сияқты берілген портты пайдаланбайды. Ол тағайындаған портты пайдаланады. Бұл портқа бір ғана шектеу қойылады: порт нөмірі жұп нөмір болуы керек. Келесі нөмірді (тақ) RTP хаттамасы, нағыз уақыт масштабында жұмыс істейтін көліктік басқару (Real-time Transport Control Protocol — RTCP) хаттамасы пайдаланады.

RTP хаттамасы жіберу көзінен жеткізу орнына хабардың бір түрлі типтерін жібереді. Көптеген жағдайда сеанс кезінде басқа хабарлады да жіберу қажеттігі болады. Бұл хабарлар ағынды және деректерді жіберу сапасын басқарады, және қабылдаушыға бір жіберу көзінен екіншісіне кері хабарлар жіберуге мүмкіндік береді. Нағыз уақыт масштабында жұмыс істейтін көліктік басқару (RTCP) хаттамасы осы мақсатта орындауға құрылған. RTCP хаттамасында хабардың бес түрлі типтері бар.

RTCP хаттамасы, RTP хаттамасына ұқсас, берілген UDP-портты пайдаланбайды. Таңдалған UDP-портта RTP хаттамасына арналып таңдалған және кезекті UDP-порт нөмірінен кейін нөмірі жүретін нөмір белгісі болуы қажет. Оның нөмірі тақ нөмір болуы керек.

Енді нағыз уақыт масштабында жұмыс істейтін интербелсенді қолданбалардың бірі— IP-телефонияны қарастырайық. Бұл қолданба мақсаты –Интернетті қосымша мүмкіндіктері бар телефон желісі есебінде пайдалану. Коммутаторлар арқылы өтетін коммутацияны бұл қолданба Интернет арқылы өтетін пакеттер коммутациясы есебінде қолданады. Бұндай коммутация типтеріне арналып екі түрлі хаттамалар жасалған: SIP және H323.