
- •1.Хаттамалардың стектерi. Стектердiң деңгейлерi. Мысал келтiрiңiз.
- •3.Osi моделі, osi моделінің үлгiсi.
- •1 Сурет - osi ашық жүйелерінің әрекеттесу үлгісі
- •2 Сурет – osi салыстырғандағы Интернеттің хаттамалар стегі
- •4.Tcp/ip стегінің хаттамаларының архитектурасы.
- •6. Жергiлiктi және ғаламдық жүйедегі желілік деңгейдегі хаттамалармен шешілген есептердің айырмасы неде?
- •7.Osi моделін не стандарттайды? Неге osi-сi үлгiсінде жеті деңгей?
- •1 Сурет - osi ашық жүйелерінің әрекеттесу үлгісі
- •2 Сурет – osi салыстырғандағы Интернеттің хаттамалар стегі
- •8.Tcp/Ip хаттамалары стегі бойынша деректер қалай инкапсуляция жасайды?
- •9.Ip барлық жиынының қанша бөлігінің адресін а класының, в класының, с класының адрестері құрайды?
- •10.Желілік деңгейдің мақсаты не?
- •11. Көліктік деңгейдің мақсаты не?
- •12.Unix файл жүйесi. Файл жүйелерiнiң түрлерi.
- •13. Тор аралық жұмыс iстеудiң құралдары.
- •14. Торлық хаттамалар. Торлық хаттамалардың стегi.
- •16.Файлдар тапсыруының хаттамалары.
- •17. Желiнiң басқару құралдары.
- •20.Электрондық почта Internet. Пошталық транзакцияның ұйымы. Поштаның берiлуiнің қарапайым хаттамасы. Smtp.
- •Sender: data
- •Receiver: 250 ok
- •19.Tcp хаттамасы мен rtp хаттамасын салыстырыңыз.
17. Желiнiң басқару құралдары.
Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау,басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады.Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын,желіні жеке иеленудің (TCO Total Cost og Ownership) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді. Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады,осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді.Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады.Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сиқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.
18. Telnet Протокол.
TELNET —Terminals NETwork сөзінің қысқартылған түрі. Бұл виртуалды терминал қызметін орындайтын TCP/IP стандартты хаттамасы. TELNET қашықтықтағы компьютермен байланыс түрін орнатқанда, жергілікті терминал мен қашықтықтағы терминал арасындағы айырмашылық мүлде байқалмайды.TELNET жасалған кезде үлкен операциялық жүйелер, мысалы, UNIX сияқты, сыртқы ортамен уақыт бөлектенуі принципі бойынша жұмыс істейтін. Бұл принципке сәйкес, үлкен компьютер өз уақтының бір бөлігін бере отырып, көптеген пайдаланушыларға қызмет ететін. Пайдаланушы мен компьютер арасындағы әрекеттесу пернетақта, монитор және маус құрылғыларының комбинациясынан тұратын терминал көмегімен іске асатын. Бұндай терминал қызметін терминалдық эмулятор көмегімен микрокомпьютер де ұлгілей алады.
20.Электрондық почта Internet. Пошталық транзакцияның ұйымы. Поштаның берiлуiнің қарапайым хаттамасы. Smtp.
. Электрондық пошта хаттамалары: SMTP, POP, IMAP
Пошта жүйесі шығу хабарларының кезегінен тұрады, процес-клиент, процес-сервер және келіп түскен хабарлады сақтайтын пайдаланушының пошта жәшіктері сияқты. Пайдаланушы интерфейсін пошта жүйесіне кіргізу қажеттігі бар болса да оның бұл жүйеде болуы міндетті. Яғни оның өзі клиент-сервер принципі бойынша құрылған, пошта жүйесінің өзімен әрекеттесе алатын жеке программа болады. Пошта жәшігінің (mailbox) өз қожайынына сай аты болады. Ондай атау мына форматтағы адрес «пайдаланушы_аты@компьютер аты.домен_аты» немесе аралық қатынауға арналған контейнер болады. Файл-контейнер жергілікті пошта бөлімшесіне ұқсас болады, яғни хабарды пайдаланушы алып кеткенге дейін сақтайды.
Енді электрондық поштаның нақты компоненталарын қарастырайық. Мына «пайдаланушы агенті» және «пошта беру агенті»деп аталатын терминдер пошта программасын, және процесс-клиент және процесс-сервер терминдерін алмастыра алады. Мына «агент» термині Интернет құжаттарында жиі кездеседі. «Агент» - пайдаланушы іс-әрекетін немесе басқа программа әрекетін орындайтын арнайы мақсаттағы программа. Көп жағдайда пошта программасын пайдаланушы агенті (UA, user agent), деп атайды. Ал поштаны беруші агент (MTA, message transfer agent) желілік компьютердегі поштаны жеткізу немесе алу қызметін атқаратын клиент немесе сервер ретінде қарастыруға болады.
Пайдаланушы пайдаланушы агентімен қарым-қатынаста болады, ал ол өз кезегінде файл-контейнермен немесе хабарды беру агентімен қатынасады, ал MTA өзін желідегі өз компьютерінің уәкілі есебінде ұстайды. Пайдаланушы агенті сізді әр түрлі хост пошталарымен әрекеттесуден сақтайды, ал MTA компьютерді әр түрлі пайдаланушы агентімен немесе пошта жіберетін бірнеше пайдаланушы агентімен әрекеттесуден сақтайды.
Windows пайдаланушыларына арналған ең көп тараған программа түріне Eudora жатады. Ол пайдаланушы агенті ретінде пайдаланушы мен Интернет электрондық пошта жүйесі арасындағы интерфейсті қамтамасыз етеді.
Поштаны жіберуші агент Интернет поштасын жіберу жүйесінде негіхгі компонент болып табылады. MTA аталған желілік компьютерді желілік электрондық пошта жүйесіне ұсынушы ретінде болады. Пайдаланушылар бұл Пользователи редко имеют дело с MTA көп әректтеспейді, өйткені ол көбінде ешкіммен қатынасқа түспейді, бірақ бұл жүйесіз бір де бір пошта жүйесі жұмыс істемейді. Кез келген уақытта UA шығу кезегіне хабарды жібергенде іске MTA кіріседі. Ол хабарды алып, оны басқа MTA ға жібереді. Бұл процес хабар алушы компьютеріне жеткенше орындалады. TCP- қосылуы бойынша жіберілетін хабарларды жіберу үшін көптеген MTA SMTP хаттамасын пайдаланады. Хабарлар виртуалды желілік NTV терминалы бойынша форматталған, ол виртуалды желілік хаттамаға ұқсас, және ол әр компьютерлердің әр түрлі таңбаларды қабылдағандағы айырмашылықтарын жасыру үшін қажет. Мысалы, картеканы жылжыту, жолдады жылжыту, қатар соңын көрсететін маркерлерді жылжыту, экранды тазалау деген сияқты. NTV таңбасы ASCII кодасы жиынының жеті битінен тұрады және ол әріп, цифра, немесе пунктуация белгісі болуы мүмкін. Жеті биттік жиынды әдетте, NVT ASCII деп атайды.
Пошта жіберудің қарапайым хаттамасы жергілікті клиент және MTA қашықтықтағы сервер арасындағы екі жақтық хабар алмасуын қамтамасыз етеді. MTA-клиент MTA –серверіне команда жібереді, ал ол өз кезегінде клиентке жауап береді. Яғни, SMTP өзінше SMTP командасын қабылдап алушыдан жауапты талап етеді. Команда және жауап алмасуды пошта транзакциясы деп атайды. Командалар мен деректер NVT ASCII форматында беріледі. Командалар арнайы таңбалармен емес, кілттік сөз формасында беріледі, және ол белгілі бір операцияны орындау қажеттігін білдіреді.
9 Кесте
Пошта жіберудің қарапайым хаттамасының командалары SMTP
Команда |
Міндетті |
Сипаты |
HELO |
X |
модуль-жіберушіні модуль-қабылдаушы(hello) үшін идентификациялайды |
X |
Бір немесе бірнеше пошта жәшіктеріне арналған деректерді жіберетін пошта транзакциясын бастайды |
|
RCTP |
X |
Пошта хабарын алушыны идентификациялайды (recipient) |
DATA |
|
Бұл командадан кейінгі қатарларды алушы пошта хабарының деректері деп қабылдайды. SMTP, жағдайында пошта хабары мына таңбалар: CRLF-нүкте- CRLF комбинациясымен аяқталады. |
RSET |
|
Ағымдағы пошта транзакциясын үзеді (reset). |
NOOP |
|
Алушыдан ешқандай іс-әрекет етпеуін сұрайды, тек ОК жауабын сұрайды. Негізінен тесттеу үшін қолданылады (No operation). |
QUIT |
|
ОК жауабын және ағымдағы қосуды жабуды сұрайды. |
VRFY |
|
Алушыдан оның аргументінің пайдаланушы аты екенін мақұлдауды сұрайды. |
SEND |
|
Деректерді бір немесе бірнеше терминалдарға (пошта жәшігіне емес) жеткізетін Пошта транзакциясын бастайды. |
SOML |
|
Деректерді бір немесе бірнеше терминалдарға немесе пошта жәшігіне жеткізетін MAIL немесе SEND транзакциясын бастайды. |
SAML |
|
Деректерді бір немесе бірнеше терминалдарға немесе пошта жәшігіне жеткізетін MAIL немесе SEND транзакциясын бастайды. |
EXPN |
|
SMTP командасы – аргумент пошта жіберулерінің Адресі екенін бекітуін сұрайды, егер иә болса, онда Хабарды алушының адресін қайтарады (expand). |
HELP |
|
SMTP командасы - онда Хабарды алушыға оның командасы жайлы анықтаманы қайтарады. |
TURN |
|
SMTP командасы –алушы не ОК айтады және орындарын ауыстырады яғни STMP-жіберуші болады не қайтарушы –хабар болады. |
Команда ерекшеліктеріне сәйкес, крестик белгісімен белгіленгендер кез келген SMTP іске асыруында болуы қажет. Басқа командалар қосымша түрде іске қосылуы мүмкін. Әр команда егер оның аргументі болса бос орынмен, немесе CRLF комбинациясымен аяқталуы қажет.
Сонымен SMTP пошта жіберуші агенттер (МТА), клиент және сервер арасындағы екі жақтық байланысты қамтамасыз етеді. Клиенттер серверге команда жібереді, ал серверлер клиенттерге жауап береді. Бірақ SMTP оговаривает последовательность SMTP-командаларының тізбегін бұзуы да мүмкін. Жиі кездесетін пошта транзакциясын қарастырайық: Мистер Смит usc.edu деген компьютерде, mit.edu компьютеріндегі Jones, Green, Brown мистерге хабар жібереді. mit.edu Хостындағы пошта жіберуші агент Jones және Brown мистерлеріне арналған поштаны алады, бірақ ол мистер Green пошта жәшігінің қайда екенін білмейді. Мұндағы оң жақтағы мәтін жіберілетін деректер де, сол жақта жіберуші мен қабылдаушы белгіленген.
RECEIVER: 220 mit.edu Simple Mail Transfer Service Read
SENDER: HELO usc.edu
RECEIVER: 250 mit.edu
SENDER: MAIL FROM: Smith@usc.edu
RECEIVER: 250 OK
SENDER: RCPT TO:Jones@mit.edu
RECEIVER: 250OK
SENDER: RCPT TO:Green@mit.edu
RECERIVER: 550 NO such user here
SENDER: RCPT TO:Brown@mit.edu
RECEIVER: 250 OK
SENDER: DATA
RECELVER: 354 Start mail input; end with <CRLF>.<CRFL>
SENDER: Blah blah blah…
SENDER: …etc. Etc. Et.
SENDER: .
RECEIVER: 250 OK
SENDER: QUIT
RECEIVER: 221 mit.edu Service closing transmission channel
Мұндағы 1 қатарда SMTP-клиенті хаттаманың 25 портынан TCP- қосылуын орнатады, ал SMTP – сервер 220 кодасымен жауап береді, ол “қосылу дұрыс орнатылды” деген сөз. Көрсетілген mit.edu және usc.edu компьютерлерінің МТА лары қосылуды орнатқан соң, және өзара амандасумен алмасқан соң, спецификацияға сәкес бірінші команда болып, HELO командасы табылады. 2 жолда SMTP-клиенті HELO командасын аргументі есебінде өз компьютерінің атын жібереді. Бұл HELO командасына жауап ретінде қабылдаушы команда қабылданғаны және өңделгені жайлы жіберушіге хабарлай отырып, 250 кодасын береді. Ал, TCP- қосылуы және идентификациясы HELO командасы көмегімен орнатылып болған соң, SMTP-клиенті пошта транзакциясына кіріседі. Алдымен ол мына келесі командалардың бірін орындайды: MAIL,SEND,SOML,SAML. Сервер 205 кодалы жауапты берген соң, 5 жол Smith@usc.edu жіберушінің хабарын өңдеуге келісіп, хабарды алушыны көрсету қажетекенін білдіреді. Бұл RCPT командасы көмегімен іске асады. RCPT командасында алушы аты- аргумент болады. Бір команда бір атты көрсетеді, сондықтан егер бірнеше алушылар болса, бірнеше RCPT командасы болады. Біздің мысалда, 6,8,10 жолдар RCPT командасын беріп, одан соң МТА- клиенті 250 кодалы жауапты күтеді. Дегенмен 8 жолға жауапты былайша беріп
SENDER: RCPT TO:Green@mit.edu
сервер 550 кодасымен жауап береді.
RECERIVER: 550 NO such user here
Мұндағы 550 кодалы жауап мынаны білдіреді: МТА клиент сұратуын орындай алмайды, өйткені аталған пайдаланушыға поштаны қайда жеткізуді білмейді. Ол мистер Green Green@mit.edu деп аталатын компьютерінде пошта жәшігі жоқ деген сөз. SMTP хаттамасында сервер хабар алушы клиентті пошта жәшігі жоқ жағдайда ол туралы ескертпе жасау қажеттігі көрсетілген. Дегенмен SMTP спецификациясында мұндай хабарға клиенттің қалай әрекет жасауы қажеттігі айтылмаған. Ал, RCPT барлық командалары жіберіліп болған соң, клиент DATA командасы көмегімен деректерді жібере бастайды. Бұл 12 жолда көрсетілген. Онда МТА-клиенті(жіберуші) DATA командасын жіберіп, 13 жолда сервердің 354 кодасымен жауап беруі келтітірген. Бұл кода мынаны білдіреді: деректерді жіберуге рұқсат бар және ол CRLF-нүкте-CRLF(тек нүктесі бар жаңа жол) комбинациясымен аяқталуы керек.