Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі

Vғасырда Қытай-ашинға бағынған алғашқы ғұн бірлестігі Алтай территориясына көшіп, жужандардың құрамына кіреді. Міне, осы бірлестік "Түрік" атын алады. Түрік этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі. 551 жылы түріктер жужань билігінен қүтылу үшін Қытаймен одақтасады. 552 жылы түрік билеушісі Бумын Ел-хан дәрежесін алып, жаңа түрік империясының өмірге келгенін заңды түрде мәлімдейді. Сөйтіп, VIғасырдың 60-70 жылдарында Тынық мүхиты мен Қара теңіз аралығындағы Еуразия даласын жайлаған жартылай көшпенді жэне көшпенді бірлестіктердің барлығы сол түрік қағанатына бағынды. Ал, 603 жылы ол Шығыс жэне Батыс түрік қағанаты болып бөлінді. Батыс түрік қаганаты қазіргі Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістанның жарты территориясын игерді. Батыс түрік қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Батыс түрік қағанаты аталған бөлінуге қарамай Шығыс түрік қағанатына едэуір дәрежеде саяси тэуелділікте болды. Ондағы өкімет билігі түріктердің қаған руы - ашиналардың қолында еді. Батыс түрік мемлекетінің бірінші басшысы - қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскер басы болды. Ол бүкіл қағанатты биледі. Сонымен бірге оның билігіне Шығыс қағанат та кіретін. Ал оның Батыс бөлігі жалпы қағанга бағынатын Ябгу-қаған дәрежесіндегі басшының билігінде болды.

Қағанаттағы биліктің негізгі бастауы көк Тәңірі еді. Ол құт болып саналды. Қаған дәрежесінің өзі "Тәңіріден жаралған, Тэңірге үқсаған" деген ұғымнан шыққан болатын. Түрік қаға-натында тақ мүрагерлігі сатылы жүйеде жүрді. Ол Оңтүстік ғүндардан алынып, удельдік жүйемен толықтырылған болатын. Жаңа тәртіп бойынша тақ мүрагерлігін экесі баласына емес, ағасы інісіне жэне немерелерінің үлкендерінің бірі кіші немере ағасына мүрагерлікке береді. Кезек күткен тақ иегерлері удельдік билікті бөліскен кездерінде таққа қайсысының жақын-дыгына байланысты бөлісті. Жаңа қаған сайланғаннан кейін бүкіл кезек салыстырмалы түрде ілгері жылжып, ханзадалар жаңа удельдерді иеленді. Ол жаңа мэртебеге (статусқа) сай болды.

Шығыс жэне Батыс түрік қағанатының басқару жүйелерінде айырмашылық бар еді. Шығыс қағанатындағы билік басындағы

38

жоғары шенеуніктер қатарына келсек, қағаннан кеишп екшші адам үлық болып, ал жоғарғы лауазымдылар шад және елтебер, жабғу, тұтық болды. Қағанның туысқандары тегін дәрежесін алды. Сот қызметін бүйрықтар мен тархандар атқарды. Ал Батыс қағанатында удельдерді басқаратын еркіндер мен шоралар басшылығы болды. Кейін әрбір әскери әкімшілік бірлестігіне ябғу қағанның өкілдері болып келетін шадтар сайланды. Жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты гірегі болған тайпа бастықтары бектер деп аталды. Түріктерге бағынышты Орта Азия княздіктерінде бүрынғы билеушілер өз орнын сақтап, олардың басым көпшілігі қағанға бағынатын қаңлы династиясынан болды. VIIIғасырда эрбір князьдікке қаған наместнигі тұдындар сайланды.

Түрік қағанатының негізгі қүқықтық көзі - эдет-ғұрып болған.

603 жылы Батыс қағанаты өзінше жеке мемлекет болып, кейін Батыс-Түрік қағанаты атымен белгілі болды. Оны ашин руынан шыққан қаған биледі. Қағаннан кейінгі екінші адам үлық деп аталды. Қалған шенеуніктер санаттық қағанатының басқару қүрылымын қайталады. Ол 704-756 жылдар аралығында Түргеш қағанаты аталса да, сол басқару жүйесі сақталып қалды. Ал, түргеш қаганаты ашин династиясын алмастырған болатын.

^ІІІ-ІХ ғасырларда Жетісу жэне Оңтүстік Қазақстан іерриториясында билік қүрған Қарлүқтардың басқару жүйесінің желісі қарапайым болды. Олар алғашында үйғыр қағанатына бағынып, қарлүқтар басқарушысы оң ябғу немесе жабғу лауа-зымын алды. 746 жылы қара қарлүқтардың жабғысы өзінше жеке билікке ие болып, 756 жылы Түргеш қаганатын ысырып шығарды. Қарлұқ мемлекетіне кіретін жеке билік иелері өзіндік сркіндікке ие болып хан, тегін, инал-тегін, ялан-шах жэне басқа да лауазымдарға ие болды.

Жалпы, көшпелі түркі қағанатының ел басқару қүрылымы үштік жүйеге негізделген. Олар қағанатты тардуш (оң қанат), төлес (сол қанат) жэне ічрекі (орталық) деп үшке бөлген. Бүл жүйе сонау скифтерде (ісуих ~~ іс-оуиг-ічоғуз) іш-оғуз орталық, сыртоғуз (оң және сол қанат) болып үшке бөлінсе, іш-огуздардың (скиф) өздері бөлек мемлекет болған кезде скиф-ііатша (хан түқымы), скиф-көшпелілер (мал шаруашылығын-дағылар), скиф-жер жыртушы (егінші) деп бөлінеді. Скифтердің

39

аргы атасы Тарғытайдан да үшеу (Липоксой, Арпоксой-, Колоксой-), ал Гераклдің үш ұлы Агафрис (агачер), Гелон (жылан-иылан), Скиф (іч-оғуз) тағы да үшеу. Хуннулар да осы үш құрылымды пайдаланған. Олар да батыс, шығыс жүкилер және ханорда болып келеді.

Түрік қағанатының территориялық және әкімшілік бөлінуі. Жоғарыда атап өткеніміздей Түрік қағанаты Шығыс жэне Батыс қағанаты болып екіге бөлінді. Егер тұтастай мемлекет түрік елі атанса, батыс бөлшегі, яғни Батыс Түрік қағанаты "он оқ" елі атанды. Оның олай аталуының себебінің сыры - ондағы әкімшілік-территориялық ел бөлінуінің оп аймаққа - он оққа бөлінуінен еді. Суябтан батысқа қарай біріккен бес аймақ оң қанат болып - он шад аталса, ал шығысқа қарай бес аймақ дулу атанды. Оларды бөліп жатқан шекара Іле өзені еді. Түрік қаганатына бағынған Жетісу мен Орта Азиядагы қалалар бұрынғы басқару жүйесін сақтап қалған.

656 жылғы жеңілістен кейін Батыс Түрік қаганатының екі қанаты Қытайдың екі наместниктілігіне негіз болды. Қытай жаулап алуынан кейін Түргеш қағанаты өз империясын жаңадан қалыптастырды. Бірақ әкімшілік жүйесі өзгерді. Үшелік қаған VIIIғасырдың басында мемлекетті эр бірінде 7000 шаруашылық бар 20 аймаққа бөлді. Ол тұтық (түтүк) деп аталды. Аталган аймаққа қоныстанғандарды ешқандай тайпаға не ұлысқа жатқызуға болмайды. Олар этникалық жағынан емес, саяси тұрғыдан біріккен еді. Өйткені, Батыс Түрік қағанаты согыс кезінде бір түмен, яғни 10 мың әскер шығарып, оларды қаған сайлаған шенеунік басқарды. Осыған қарамай түрік дэуіріне дейінгі тайпалар бірлестігі кей жерлерде жеке-жеке бөлініп, аймақтар құрамына кірді. Он оқ бірлестігімен бірге Түрік империясының құрамына оғыз бірлестігі енді. Ол өзіне орта азиялық Соғды князьдығы мен өзіне тәуелді көшпелі жұртшылықты енгізетін. VIIIғасырда Түрік қағанатындағы бір орталыққа бағынған биліктің элсіреуіне байланысты оның әкімшілік бөлінуіндегі құрылымдар да біршама өзгерді. Аймақ-тар жартылай тәуелсіз иеліктегі қалалық аймақтар мен көшпелі тайпалар бірлестігіне айнала бастады. Сөйтіп бір кездегі орта-лығы ірі қалалар болған удельдіктер жүйесі кеңінен дамыды. VIIIғасырда Ислам дінінің таралуына байланысты Түрік қаға-натының әкімшілік құрылымына едәуір жаңалықтар енгізілді.

40

Түрік қағанатының егемендігі мен халықаралық құқық субъектілігі. Түріктер өздерінің мемлекетінің пайда болуын халықаралық құқық саласындағы ерекше субъекті ретінде пайда болуымен байланыстырады. 545 жылы Бумын ордасының орталығына Батыс Бэй империясынан Қытай елшілігі келгенде, ордалықтар бір-бірін құттықтап өздеріне ұлы державаның өкілі келгенін айта отырып, болашақта біздің мемлекеттің атагы жер жарады деп мақтанған. Шындығында да қаган лауазымы Қытай және Византиядагы императорлық лауазымнан кем емес болатын. Мұндай лауазымды өз мемлекетін басқарган ғана емес, сонымен бірге өзге мемлекеттердегі этностарды билеп төстеген адам гана иеленетін. Сөйтіп Қазақстан территориясындағы қаған лауазымы ашин династиясынан кейін Түргеш қаганаты, қарлұқ қағанаттарымен алмастырылды. Соңғы қарлұқтар, IXғасырдың ортасына дейін ұйғыр қаганатына тэуелділігіне байланысты қаған атанбады. Өйткені ол егемендік пен халықаралық құқьіқ субъектілігіне ие емес болатын. Жалпы түрік жэне Батыс-Түрік қағанатында дипломатиялық қызметтерге ерекше коңіл бөлінді. Оның айғағы - олардың Қытай мемлекетіменен елшілік және дипломатиялық хаттар арқылы байланысып тұруы, сондай-ақ Иран мен Византия империясымен де байланыста болуы. Мысалы, Византиядағы - Маниах, Қытайдағы - Мохошат жэне т.б. слшілері аттарының белгілілігі. Сонымен қатар Түрік қаганатында Византияның Валентин жэне Земарх елшілерінің болуы жоғарыдағы келтірілген мысалдарымызды растай түседі.

Түрік қағанаты халықаралық саясатқа белсенді араласып, ондағы әскери-саяси одақтар мен блоктар жүйесіне кіруі де оның элемдегі алатын орнын айқындайды. VIIғасырдың 20-жылдарында екі коалицияға бөлініп Ұлы Жібек жолына қадағалау жүргізуге тырысулар жэне қырғи қабақ соғыс жағдайында бір жағында Батыс Түрік қағанаты, Қытай мен Византия, ал екінші жағында Шығыс Түрік қағанаты, Иран жэне Авар қағанатының болуы сөзімізді дэлелдей түседі. Түргеш (704-756) жэне қарлұқ (756-940) династиясының билігі кезеңіндегі Түрік мемлекетінің элсіреуі, түріктердің диплома-іиялық белсенділігі мен дипломатиялық байланысының кысқаруына экеп соқты. Батыс Түрік қағанаты өз егемендігін жогалтып, нэтижесінде қарлұқ династиясының қайта қолға алуыменен мемлекеттің тэуелсіздігі сақталып қалды.

41

Түрік қағанатының салық және қаржы (финанс) жүйесі.

Түрік кағанатының түрғындары қаншалықты салық жинаудың қиындығын кешкені деректерде дәлме-дәл көрсетілмегенімен, оларға тэуелді аймақтардағы түрғындар салық азабын сезінген. 629 жылы жаулап алынған Агванияны Батыс Түрік жабғу-қағаны салықтың эр түріменен қинағаны ежелгі жазбалардан белгілі. Сондай-ақ, қаган Орта Азия мен Жетісуды түрақтанған согдиліктерден де алым-салықты аяусыз алып түрған. Бюджетгі толтырудың негізгі көзі - жібекпен сауда жасау болатын. Оларды Қытайдан алып түрды.

ҮІІ-УШ ғасырларда Батыс Түрік жэне Түргеш қағанат-тарында өз таңбалары мен қаған Елтаңбасы бар тиындар шығара бастады. Сөйтіп, көшпелі мемлекеттер де өздерінің бюджеттік-қаржылық түсімдері арқылы қаржы жүйесін жасауы өмірге келді. Олар өздерінің қаржы қүқығы реттелуін де назардан тыс қалдырған жоқ.

Түрік қағанатының қүқығы. Ежелгі түріктердің қүқығы негізінен алғанда, мемлекет қорғайтын жэне қүқықтың жеке тарауларына жататын мемлекет заңдарын бірыңғай жүйеге келтіріп біріктіретін рэсімі мен әдет-ғүрпы болды. Әдет-ғүрпы қүқық төре аталып, ал соттар жазбаларда түзел (тюзель) мен түзелбек (тюзюлбек) терминімен аталды. Ең ауыр жаза болып мемлекетке сатқындық жасау мен адам өлтіру есептелді, олар өлім жазасына кесілетін. ¥рлық жасаушыға айып салынып, үрланған затының 9 есе қүнын төлейтін. Сонымен қатар жеке түлғаларға жасалған қастандық мүліктік өтем принципі түрғысынан жазаланатын.

Сөйтіп, VIғасырда Орталық Азияда жаңа көшпелі империя пайда болып, оны ашин руының ішіндегі түрік ақ сүйектері басқарды. УШ-Х ғасырлардағы билік түргештер мен қарлүқтар-дьщ қолына өткеніне қарамай, түріктердің мемлекеттік қүрылымы мен қоғамдық өміріндегі саяси жүйеге айтарлықтай өзгертулер енгізілген жоқ.