Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы

Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта Қазақстан территориясында жаңа табиғат өзгерістері басталады. Ойткені жоғары деңгейдегі ылғалдану бүкіл аймақты қамтыған

19

еді. Сонау қола дәуірінде мал және егін шаруашылығы кешен-дері қалыптасып, экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық базаға айналған жайлауларды су басып, ылғалдану мөлшері артты. Ылгал тартқан аймақтарда мал шаруашылыгы жайлауларының ауқымы кеңейді. Мұның барлығы Қазақстанды қоныстанган тұргындарды көшпелі мал шаруашылыгымен шұғылданып, ягни олардың жартылай көшпелі мал-егін шаруашылыгымен айна-лысып, оны өркендетуіне едәуір септігін тигізді. Тұргындардың копшілігі малмен бірге маусымдық жайлауларга көшсе, ал қалгандары қыстауларда егін шаруашылыгымен айналысты. Осынау кешпелі мал шаруашылығы өндірістік күштерді арттырып, артық өнімнің өсуіне, жергілікті тұргындардың жагдайының жақсаруына ықпал етті.

Қазақстан тұргындарының тыныс-тіршілігіндегі осынау озгерістер біріншіден, көшпелі қауымдастықтар арасында жайылымдар мен су қойнауларын бөліске салып, өздерінің көші-қон орындарын белгілеп, нығайтуға итермелесе, екін-иііден, қосымша байлықтың артуы мүлік теңсіздігін тудырып, мол мал байлыгына ие адамдарды қалыптастырды. Сөйтіп, әлеуметтік-тұрмыстық жагдайлары әр түрлі қауымдастықтар пайда болды. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжыл-дықтың басында адамдар көшпенділікпен бірге темірді игеріп, оны тұрмыс-тіршіліктегі эр салада пайдаланды, бұл өз кезегінде әскери істің дамуына жол ашты. Қорыта айтқанда, эрбір қауымдастық мүшесі өзін мықты жауынгер сезінетін дәрежеге дейін көтерілді. Сөйтіп, бұган дейінгі үш қогамдық-элеуметгік топтан (сословие) тұратын адамдар бірлестігі (қауымдар-әскерилер-абыздар) күйреп, жаңа көшпелі шаруашылыққа тэн қоғамдық-әлеуметтік топ пайда бола бастады. Сонымен, біздің заманымызга дейінгі бірінші мыңжылдықта қауымдастықтар мен элеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттейтін мемлекет негізі қаланды. Ол қогамды тұтастай саяси біріктіретін жэне сол өзі иелік еткен ел мен жерде өз билігін жүргізетін дәрежеге жетті. Сондай-ақ онда арнаулы әкімшілік жүйе арқылы тұрғындарга билік жүргізетін жүйе құрылып, тэуелсіздікке қол жеткізді.

,. Мемлекетгіліктің алғашқы белгісі - ол когамнан тікелей болінген әкімшілік билік пен басқару жүйесінің болуы. Екіншіден, белгілі бір территория мен оның тұргындарының

20

болатыны, ал олар болса эр түрлі әкімшіліктерге бөлінеді. Үііііншіден, халықаралық аренада, сондай-ақ өздерінің ішкі Іі ісрінде егемендік пен тэуелсіздікке иелік етуі. Төртіншіден, мі-млекеттік әкімшілікті қамтамасыз ететін әр түрлі салық ;күііслерінін барлығы. Бірақ б.з.д. Iмыңжылдықта Қазақстанда күрылған ежелгі мемлекеттің қалыптасуы өте элсіз де баяу і үрде жүрді. Сондықтан да оны тарихшылар алғашқы мемлекет-гілік (протогосударство) деп атайды. ("Прото"- гректің бірінші цсгсн сөзінен шыққан.)

. Қазақстан территориясын біздің замаыымызга дейінгі біріиші мыңжылдықта Андронов және Дәндібай-Беғазы тайпа-иарыпың ұрпақтары қоныстанды. Олар грек жазбалары бойынша "скиф" аталса, парсы жазбалары бойынша "сақ" втанды. Скиф-сақ тайпалары бірнеше бірлестіктерге бөлініп, плғашқы мемлекетті құрады. Олар тиграхауда-сақтар (шошқа бөрік киетін сақтар), хаомаварга-сақтар (хаома сусынын дайын-иаіітын сақтар), парадарайа-сақтар (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), массагеттер, исседондар жэне басқалар. Алғашқы екі гопты Геродот амнюргия-сақтар жэне ортакарибантия сақтар дси атайды.

Ал енді, сол кездегі басқару және билік әкімшілігіне кслетін болсақ, біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжыл-ді.іқта Қазақстан территориясында алғашқы рет патша билігі іінституты пайда болды. Оның дэлелі бүгіндегі кең байтақ пфриториямыздан табылып жатқан археологиялық ескерткіш-іер жэне жазбалардан анық байқалады. Патша билігі сол кезде мүрагерлік арқылы берілетін, кәп жағдайда ол орынды әйелдер псленетін. Мысалы, олардың бізге белгілілері хаомаварга пат-шасы - Аморга, тиграхауда патшасы - Скунха, массагеттер патшасы - Томирис (Тұмар), Савроматтар (кейінгі кезде сармат-іар) патшасы - Зарина.

Сақ патшалыгының саяси жүйесінің ерекшелігі патшалық оилікті жогары қою арқылы қасиетті де, киелі ұғымға айналуы (еакрализациялануы). Сақтар өздерінің патшаларын Күн қүдайы ретінде санап, оларға имандылық-тэңірлік нышанда қүрметпен карайтын. Патша билігінің белгісі немесе нышан -айгағы оның алтын киімі, қамшысы жэне алтын ұшты садағы (жебесі) арқылы айқындалатын. Сонымен бірге оларды жерлеген кезде көптеген жан-жақты жерлеу рэсімдері

21

жасалатын. Оның бір көрінісі Зарина патшаны жерлеу барысында бүгінгі күнге жеткен үш қырлы пирамидалар. Сонымен бірге Жетісу қорғандарынан табылған шеңбері 100 метр жэне биіктігі 20 метрлік қоргандар. Өкінішке орай, сақ бірлестіктерінің басқару органдарының негізгі жүйелері бізге толық жеткен жоқ. Бірақ соған қарамай патша тағайындаған кейбір әкімшіліктің басқару қызметтерін аңғаруға болады. Қогамда патшаға жақьш адамдар мен халық жиналысы маңызды болып саналды. Қазақстандағы көшпенділердің халық жина-лысы біздің ғалымдарымыздың "әскери демократия" туралы эңгіме етуіне мүмкіндік ашады. Бірақ ол қауымды біріктіретін үлкенді-кішілі ер-азаматтардың басын қосуға мүмкіндік бермейтін. Сондықтан да оған қауым басшылары ғана араласа алатын. Сөйтіп, Қазақстан территориясында біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта өкілдік биліктің элементтері пайда бола бастады.

Сақтардың әскери күштерінің негізін еркін қауымдастық мүшелерінің атты жауынгерлері қүрады. Белгілі билік өкілдерінен құрылған ауыр атты әскер патша билігінде болатын. Ал кедей-кепшік жэне жер шаруашылыгымен айналысушы-лардан жаяу әскерлер қүрылды. Алыс жорықтарға шыгарда сақ пен скифтер қозғалмалы атты отрядтар - гиммирлерді шығарды, сондай-ақ гимнеттер - жеңіл қарулы жаяу әскерлерді жасақгады.

Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттердің террито-риялық және әкімшілік қурылымына келсек эрбір сақ-скиф бірлестіктері өзіндік патша жэне халық жиналысының билігі жүретін территорияларды иеленді. Б.з.б. Iмыңжылдықта Орта Азияны жэне Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең байтақ аумақта сақ-скиф деп аталатын тайпалар мекендеді. Оларды "тарих атасы" Геродот (б.з.б. Vғ.) және басқа ежелгі грек тарихшылары "Азия скифтері" деп атайтын. Жалпы сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз өңірі мен шығысында Днепр бойын мекендеген және төменгі Еділ бойымен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың Кир мен IДарий парсыларының жэне Александр Македонский дэуіріндегі гректердің заман-дастары болған деген деректерді де сол грек жэне парсы жазбалары көрсетеді. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас жасаған, тіпті б. з. б. УІ-У ғасырларда Ахеменидтер империясының қүрамына да кірген. Ахеменидтік сына жазба

22

деректемелерінде сақтар туралы аз болса да, анық деректер келтірілген. Мәселен, оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтар (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Фергана аймағы мен Сырдарияның оңтүстік жерін, тиграхауда-сақтар (шошак бөрік киетін сақтар), Сырдарияның орталық түсынан батысында Алтай тауларына дейін жайлағанын, сосын парадария-сақтар (геңіздің арғы бетіндегі сақтар) туралы хабарланады.

Әрбір алғашқы мемлекеттік бірлестік (протогосударство) озінше белгілі бір автономия алатын тайпа немесе үлыстық окімшілік бірлікке бөлінді. Сондықтан оларды "тайпалық одақ-гар" деп атауға болады. Тайпа немесе үлыс белгілі бір герриторияны көшіп жүретін қауым бірлігін айқындайды. Сондықтан да олардың әкімшілік басқару жүйесі потестарлық бірлік бөлшегін көрсетеді. Кейбір жазбаларда көрсеткендей, а галғандай бірліктегі тайпалар не үлыстардың өзіндік басқару -билік органдары - халық жиналысы атақтылар кеңесі, әскери жоне азаматтық басқарушы - "көсемі" болған көрінеді. Ал олардың сайланғанын немесе тағайындалғанын, тіпті болмаған жагдайда мұрагерлік арқылы алмастырылып отырғандығын гмікім де дэл көрсетіп айта алмайды.

Ал енді - сақ-скиф бірлестіктерінің тәуелсіздігі мен сі смендігіне келсек, олар ешбір мемлекеттерге бағынбай өзінің ипкі жэне сыртқы саясатын қалыптастырған. Оның айғағы рсгінде олардың, яғни Солтүстік Қара теңіз скифтерінің біздің іаманымызға дейінгі VIIғасырда Урарту мемлекетімен әскери-* аяси одақтастықта болып Финикияға қарсы соғысуын айтуға болады. Сосын біздің заманымызға дейінгі VIIғасырдың оргасыңда скифтер мен ассириялықтардың Мидияға қарсылыгы, біздің заманымызға дейінгі VIғасырдағы сақтар мен парсылық-іардың Лидияға қарсылығын айтуға болады. Соған қарамай плрсылар мен тағы басқа мемлекеттер алғашқы Сақ мем-игкетінің егемендігін шектеуге тырысты. Мысалы, біздің шманымызға дейінгі VIғасырда Парсы мемлекетінің билеушісі Кир массагеттерді жаулап алып, өзіне багындырғысы келген Ьоиагын. Оның бүл ойы орындалған жоқ. Кир жорығы сэтсіз ііякгалып, оның әскерлері тас-талқан болып күйреп, өзі қаза болды.

Б.э.д. 519-518 жылдары массагеттерге қарсы IДарий соғыс ішады. Бұл жорық та сэтсіздікпен аяқталып, массагеттер

23

өздерінің тэуелсіздігін толық сақтап қалған еді. Сондай-ақ біздің заманымызға дейінгі IVғасырдың 30-жылдарында сақтарды Александр Македонский де жаулап алуға бар күшін салды. Оның Орта Азияны жаулап алғанына қарамай массагеттер Сырдарияның солтүстігіне қарай өз егемендігін сақтап қалды.

Мұның барлығын келтіріп отырғанымыз біздің эрамызға дейінгі Iмыңжылдықта алғашқы Сақ мемлекеті өз егемендігі мен тэуелсіздігін тұтас ұстап тұрғандығын көрсету еді. Ол ежелгі халықаралық саясатта өзіндік орнын толық сақтай берді.

Өкінішке орай, бізде сақ-скиф бірлестіктерінің қандай салық жүйесін жүргізіп, міндетті борыштар атқарғандық-тарынан мәліметтер аз. Олар өздері жаулап алган немесе өздеріне тәуелді мемлекеттерден белгілі бір дәрежеде салықтар жинап, оларды белгілі бір міндетке борыштаса, ол нақты жағдайларға байланысты өзгеріп отырған болуы керек. Мем-лекеттік қазынаны толтырып отыру мал-мүлік арқылы жүргізіліп, тагы да басқа қазыналық құндылықтар арқылы толықтырылып отырған болуы тиіс. Кейбір қабірлерден табылган патша бұйымдарына қарағанда онда ирригациялық жүйе қалыптасқан сияқты.

Жалпы біздің эрамызга дейінгі Iмыңжылдықта сақ бірлестіктерінің алғашқы мемлекет құрудағы адымдары өте сэтсіз де баяу жүргендігі байқалады. Бірак соган қарамай ол тұрақты да біркалыпты даму үстінде болғаны анық. Оның куэсі - біздің заманымызға дейіңгі Ү-ІҮ ғасырларда Жетісу өңірін қоныстанған тайпалардың өзіндік жазбаларының болуы. Мұның бэрі біздің заманымызға дейінгі Iмыңжылдықта Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттердің өмір сүргенін және олардың тәуелсіз дамығанын айғақтайтын нышандардың болғанын көрсетеді. Бірақ олардың даму-жетілу процестері элі бізге нақты да көрнекті деректермен жеткізіле қоймаған.

Әдебиеттер

1. История государства и права Казахской ССР. Часть I/ Под общей ред. С.С.Сартаева. - Алма-Ата: Мектеп, 1982.

2. Зайберт В.Ф. Энеолит Урало-Иртышского междуречья. -Петропавловск, 1993.

24

3. Ахинжанов С.М., Макарова О.А., Нурумов Т.Н. К истории і мповодства и охоты в Казахстане. - Алматы, 1992.

4. Зданович Г.Б. Архитектура поселения Аркаим // Маргулановские чтсния. - 1990. - М., 1992; Генинг В.Ф., Зданович Г.Б. Генинг В.В. Iшіташта. - Челябинск, 1992. Т.1. Аркаим, исследования, поиски, пікрытия. Челябинск, 1995.

5. Қазақстан тарихы. Төрт томдык. - Алматы: Атамұра, 1996. Iтом.

6. Еркин Абиль. История государства и права Республики Казахстан с фсвнейших времен да нач. XXвека: Курс лекций. - Астана: Икф

"Фолиант" 2000.

3-бөлім.

КДЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕМЛЕКЕТТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Біздің эрамызға дейінгі IIIғасырдағы көшпелілер қоғамының дамуы күрделі мемлекеттік-құқықтық жүйедегі империя түрін қалыптастыруға алып келді. Алғашқы мемле-кеттер бірлестігінің құрылуы жэне олардың өндіргіш күштерінің дамуы мен демографиялық өсуі байтақ Қазақстан даласындағы жайылымдарға бірте-бірте ауыр салмақтар түсіре бастады. Дамып келе жатқан экологиялық жэне экономикалық дағдарыс жағдайында өсіп-өнген мал шаруашылығын басқаруда көпшілік пен аз ғана билік басындағылар, сондай-ақ қауымдастықтар мен бір-бірімен іргелес көшпелі мемлекеттердің арасындағы байла-нысты жаңа дәрежеде жасауға итермеледі. Сондықтан да тарихи аренада жаңа "көшпелі империяның" пайда болуы заңдылық еді. Ал империя өзіне тән белгілерді қамтыды.

Империяның ерекше белгілері болып саналатын жағдайлар:

1. Жақсы ұйымдастырылған басқару әкімшілігі мен әскери бір орталыққа бағынған биліктің болуы;

2. Орталық пен мемлекеттің өзінің шет аймақтарын бағындырған жэне оларды өзара байланыстырған биліктің болуы;

3. Ерекше мемлекеттік идеологияның болуы;

4. Империяның басын біріктіретін әр түрлі формадағы ықпалдардың болуы (экономикалық, саяси, әскери).