Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы

Әдетте мал шаруашылығы мен жер өңдеу ісі неолит - жаңа тас ғасырынан басталды деп есептеледі. Бірақ тарихи процестің срекшелігіне сәйкес тоқымашылық жэне құмыра құю ісін ойлап тапқанмен адамдар әлі де болса аңшылық кәсіппен шүғылдана Осрді. Сондықтан да әлеуметтік ұйымның негізгі көзі - рулық кауым болып қала берді. Ол элеуметтік теңсіздікке жол бсрмейтін, ағайындық-үжымдық жер меншігіне иелік ететін қандас-туыстық негізде дамыды. Әрине, қауымдастық бірнеше іоптарға бөлінді, олар жауынгер еркектер мен әйелдер жэне

15

балалар топтастығы еді. Балалық топтан ересектер тобына алмасу ерекше салттық негізде жүргізілді. Қауымның маңызды істері ересек еркектер жиналысында шешілетін. Қауымнан дәстүр мен салтты, рәсімді жақсы білетін абыздар мен көрші қауымдастықтармен болатын қақтығыстарда басқаратын әскери көсемдер бөлініп шықты. Қауымның қарым-қатынастары мен тыныс-тіршіліктері өздеріне тэн рэсімдері жэне тыйым салынған эдет-ғұрып жүйелері арқылы реттелетін.

Қазақстандағы қоғамның экономикалық базасы біздің заманымызға дейінгі III—IIмыңжылдықтарда, яғни энеолит қола дәуірінде өзгере бастады. Аталған уақытта Қазақстанның солтүстігінде Көкшетау облысының Ботай бекеті жанындағы қоныспен аттас Ботай мәдениеті қалыптасты. Оған Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттаумен бірге оның қалыптасуына неолиттік Атбасар және Маханжар мэдениетін құраған тайпалар қатысты. Оның мерзімі тарихи деректерге сүйенсек б.з.б. Ш-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Демек, ол бір мың жыл болған деген болжамға саяды. Ботай мэдениетін алгашқы зерттеушілердің қатарында В.Ф.Зайберт болды. Ботай археологиялық мэдениетін таратушылар жылқы шаруашылы-гымен айналысты. Ол жерден табылған көптеген остеологиялық (Анатомияның сүйектің атқаратын қызметіне қарай қалыбы (формасы) мен қүрылысын зерттейтін бөлімі - автор) мате-риалдардың басым көпшілігі жылқы сүйектерімен қоса зубр, тур, бұлан, елік, аю, түйе, құндыз, суыр, қоян, қабан, түлкі, қарсақ, қүстардың сүйектері еді. Нақтылай айтқанда мысалы, Ботай қонысынан 70000 жылқының сүйегі табылған. Мүндай мал шаруашылығына көшу өндірістік күштерді дамытумен бірге алғашқы рет өнімдердің артуына мүмкіндік берді. Өндірістік айналымның күшеюі жергілікті тұрғындар арасында өндірісті үйымдастыратын ерекше топтардың пайда болуына мүмкіндік ашты.

Әдетте, адамдардың баюына әкеп соқтыратын эр түрлі соғыстар мен қақтығыстар қауымның арасынан ерекше байыған өнімі көп кэсіпқой жауынгерлерді бөліп шығарды. Осыдан келіп, өндіріспен айналыспайтын белгілі бір топ пайда болады. Сөйтіп қауымдастық "страта" деп аталатын жікке бөлінді. Ондай қауымдастықтарды ғылымда "стратиланғандар" дейді. Алғашқы кезеңде үш жік ерекше бөлініп шыққан болатын.

16

< )иардың біріншісі мал шаруашылыгымен айналысушылар да, .ні одан кейінгілері жауынгерлер мен абыздар болып саналды.Гопдықтан да жікке бөлінген қауымдастық арасында болып жататын жиі-жиі қақтығыстарды енді әдет-ғүрып, салт-дэстүр арқылы реттеуге мүмкіндік болмай қалады да, оларды бірте-бірте реттейтін құқықтықжүйе жағдайындағы іс-әрекеттер дами иастайды. Қандас-туыстық қауым ыдырап, орнына көршілік кауым келеді. Енді қауым арасындағы байланыс туысқандық смсс экономикалық негізде қалыптаса бастайды. Жерге үжымдық меншік сақталғанмен малға жеке меншік иелігі пайда Гюлады. Міне, осы кезден бастап меншік құқыгы мен өндіріс іірасындағы құқықтық пайдалану негіздері қалыптасты. Осыдан ксліп бір-бірімен көрші қауымдастықтардың әлеуметтік-күқыктық байланысын нығайтатын және жауларынаы қорғануға іолық мүмкіндік беретін жаңа қауымдастық одағы - тайпа пайда болды, оның өзіндік әскери басшылары, абыздары мен басқару әкімшілігі өмірге келді. Осы кезден бастап жария билік, ягпи билік қызметін атқаратын ерекше бір адамдар жігі қоғамдық әмірге араласа бастайды. Сондықтан да ғылымда жария биліктен мемлекеттік пайда болғанға дейінгі аралықтағы қарым-қатынасты потестарлық қатынас ден атайды. Ендеше, тайпа потестарлық бірлестік болып саналады. ()л жария биліктің қалыптасуына негіз болған еді.

Мұндай күшті биліктің болғанына куэ болатын дерек біздің заманымызға дейіигі IIмыңжылдықтың басындағы Қазақстан-ның солтүстік-батыс аймағындағы Ресейге жақын жерлерден габылған алғашқы қалалардың орны болып табылады. Олардың іпйнде ең белгілісі - Арқайым,одан басқа қолөнер кэсібі мен ауыл шаруашылығы орталығы болып саналатын 20-ға жуық елді мекендер анықталды. Аталған дәуірдегі Евразия кеңістігін жайлаған дала жайындағы алуан түрлі ғылыми түсініктерге қала үлгісіндегі Синташт жэне жаңағы айтып өткен Арқайым бекіністі қоныстарының ашылуы мен зерттеулері принципті гүрде өзгертулер енгізді. Алғашқы қалалар қорғанысқа мықты әрі жақсы жобамен салынған мэдени құрылыстардан түратын еді.

Алғашқы қалалар Ботай тайпасындағы мал шаруашылы-гымен айналысатын адамдар арасында пайда болды. Біздің заманымызға дейінгі IIмыңжылдықта мыс пен калайы

17

ертіндісінен тұратын қоланы ойлап табу Қазақстанда әлеуметтік және экономикалық дамудағы қарым-қатынасты мейліншс нығайтты. Міне, осыдан кейін-ақ адам дала төсін игерудегі ерекше еңбек құралдарына ие болып, соның нэтижесінде мал шаруашылығы кешенді малшылық - егіншілік шаруашылы-ғымен ұласады. Сонымен бірге қола қару жасауға қажетті құрал ретінде қолданылып, әскери істі дамытуға жол ашты. Әскердің негізгі қарулары қоладан жасалған балта мен пышақтар, найзалар және дөңгелек арбалы құралдар болды. Сөйтіп бірте-бірте мемлекеттің негізіне алғы шарттар қалана бастаған тұста біздің заманымызға дейінгі XVғасырдың ортасында дамыған өркениет қайта құлдырай бастайды.

Ел-жер табиғатының өзгере бастауына байланысты алғашқы қалалар құрылыстары күйреді. Біздің заманымызға дейінгі XVғасырда Қазақстанның далалық және орманды аймақтарының құрғақшылыққа ұрынуы ірі-ірі тайпалар қоныстанған жерлер мен алғашқы қалалардың иесіз қалуына соқтырды. Сөйтіп қалың жұртшылық шағын елді мекендерге тұрақтана бастады. Әлеуметтік және потестарлық қатынастардың бірқалыпты тыныс-тіршілігі мен олардың өзара байланыстарының бұзылуы мемлекеттің пайда болуына ұзақ уақытқа дейін кері эсерін тигізді. Осыдан барып, оның отырықшылық, малшылық-егіншілік шаруашылығымен айналысу барысындағы өркениеті Қазақстан даласының құрғақшылық жагдайына байланысты өзінің тарихи маңызын жоғалтты.

Соған қарамай бір кезде пайда болған мемлекеттік-құқықтық жүйе баяу болса да біртіндеп дамып, өзіндік тарихи сатысымен ілгерілей берді. Сол кездегі абыздар мен билер, әскери басшылар тұрақты жеміс-жидектерді, қолға түскен байлықтарды бөлуде билікті өз қолдарына алып, оларды бөлі-суде мүліктік теңсіздікті қалыптастырды. Біздің заманымызға дейінгі ХІ-ІХ ғасырларда Орталық жэне Оңтүстік Қазақстаы аймағында қола дэуірінде пайда болған алып кесенелер соны айғақтайды. Оларда тайпалардың көсемдері жерленген болатын. Кейін келе-келе жазу пайда бола бастайды.

Егер жазба құндылықтарға назар аударсақ, қола дэуірінде Қазақстанды қоныстанғандардың жалпы өзіндік "арья" атты жалпы атауы болған. Археологтар Қазақстандағы қола дэуірі мәдениетін қола дэуіріндегі бірінші ескерткіштің табылған жері

18

< )и,і үстік Сібірдегі Ачинск маңындағы Андронов селосының Втына қарай шартты. түрде "Андронов мэдениеті" деп атайды. Дмдронов мэдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы Л.Я.Тугаринов ашқан. Міне, сол уақыттан бері ол жерден іиштеген археологиялық материалдар жинақталды. Сонымен бірге онда тур, дах, сайрим секілді т.б. тайпалар мен тайпа іирлестіктері тұрғандығы анықталған.

Ніздің заманымызға дейінгі ХІІ-Х ғасырларда Қазақстан-дагы этникалық жағдай едэуір өзгерді. Орталық Қазақстанды шыіыстан Қарасу мэдениетін алып келуші тайпалар қоныс-іаііып, жергілікті тұрғындар негізінде Дэндібай-Беғазы мэде-нпеті қалыптасып, ол Сырдарияның төменгі ағысына дейін гарайды. Міне, осындай көші-қон жағдайында андронов-;ірийлықтар оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытта Орта Азия арқылы Йран мен Солтүстік Индияға алмасады. Сөйтіп Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы бірте-бірте өзгеріске үіпырап, онда мал шаруашылығы кең етек алды. Содан кейін-ақ мүйізді ірі қара малдарды ұстаудың үлесі азайып, жылқылар мен іүйелер және қойларды өсірудің саны артып, олар толық чгырықшылықтағы мал шаруашылығынан жартылай отырық-шылыққа көшеді. Бұл жаз жайлау, қыс қыстау, күз күздеуге кошу деген сөз еді. Бұл процесс қоғамдық құрылымға ықпал і-гпей қойған жоқ. Содан кейін, қайтадан қауымдастықтардың ллеуметтік жіктелуі орын алды. Тайпа көсемдері көптеген Ьайлықтарды иеленіп, ол оларды жерлеу рәсімінен-ақ Г>;ійқалатын дәрежеге жетті. Оның айгағы күні бугінге дейінгі кең байтақ Қазақстанның әр тараптарынан табылып жатқан альш кесенелер мен қабірлер. Мұның бәрі айрықша биліктің Сюлгісін көрсетеді. Жалпы, Қазақстан қоғамының қола дәуірінде мемлекеттің пайда болуы кезеңінде тұрғанын, оның басты-басты элементтері әр түрлі тайпалар бірлестіктерінің тыныс-і іршілігінен керіне бастағанынан аңғаруға болады.