Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері

Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүқық тарихын зерттеу XVIIIғасырдан бері жүргізіліп келеді. Қазақ хандығының мемлекеттік қүрылымы жэне алғашқы мемлекеттің сипаттамасы Еуропа, оның ішінде эсіресе орыс ғалымдарын қатты қызықтырды. Оларды біз А.Тевкелев, Т.Рычков, И.Г.Георги, П.С. Паллас, И.П.Фальк, А.Левшин еңбектерінен анық байқаймыз. Олардың әрқайсысы Қазақстан Республика-сының мемлекет және қүқық тарихының өткеніне эр түрлі көзқарастар білдіреді. Мысалы, П.Рычков қазақтардың мемлекеттік қүрылымын нағыз "демократиялық" деумен бірге "оларда ешқандай да қүқықтық нормалар жэне қүқықтық талас-тартыстарды шешетін соттар болған жоқ" дейді. Ал, А.Левшин болса қазақ хандығының мемлекеттігі және қүқығы тарихын зерттей келе, ол оның XVIIIғасырдың аяғы XIXғасырдың басындағы даму кезендеріне кеңінен тоқталады.

Сондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүқық тарихын төмендегідей кезендерге бөлуге болады. Ол бізге мемлекеттік-қүқықтық жүйенің даму процесін жүйелі түрде жан-жақты оқуға мүмкіндік ашады.

1. Қазақстан территориясында мемлекет жэне қүқықтың пайда болу кезеңі.

2. Қазақстан көшпенділерінің мемлекеттік-қүқықтық жүйесінің өркендеу кезеңі.

10

3. Қазақстан көшпенділерінің мемлекеттік-қүқықтық жүйесінің жойылуы мен дағдарысқа үшырау кезеңі.

4. Қазақстанның Ресей және КСРО қүрамында конституциялық даму кезеңі.

5. Тэуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-қүқықтық жүйесінің қалыптасу кезеңі.

Әрбір дэуір бірнеше кезеңге бөлініп, олар өзара ішкі логикалар арқылы үндесе жалғасып жатады. Бірінші дәуір мемлекеттің пайда болу себептерінен басталады. Өйткені ондіретін шаруашылық түрі пайда болып, қоғам әлеуметтік жікке бөлінеді. Бүл процесс Қазақстанда біздің эрамызға дейінгі IIIмың жылдықта басталған. Оның бірінші кезеңін мемлекеггің пайда болуына дейінгі жағдай деуге болады. Ол уақытта биліктің жариялылық түрі қалыптасып, мемлекеттік қүқықтык жүйенің тағы да басқа элементтері қүқықтық нысанда пайда бола бастаған еді. Біздің эрамызға дейінгі ІХ-УІІІ гасырлар аралығында Қазақстан территориясында көшпелі мал шаруашылығы мен өндіргіш күштердің дамуына байланысты, ондагы мемлекет пен қүқықтың даму процесі де жаңа кезеңге көшеді. Ол алғашқы мемлекеттің негізі болып саналады. Бүл процесс біздің эрамызға дейінгі IIIғасырға дейін созылды. Содан кейін-ақ Қазақстанды жайлаған көшпенділер тыныс-тіршілігінде мемлекеттілік қалыптасып, оның мемлекеттік-қүқықтық жүйесі жаңа өркендеу кезеңін бастайды. Ол төрт кезеңге бөлінеді. Алғашқы үшеуі еуразиялық ғүн, түрік, Моңғол-қыпшақ (¥лы үлыс) империясы тарихының дамып қүлдырауы мен күйреуі кезеңін анықтайды. Бірінші көшпелі ғүн империясы кезеңі біздің эрамызға дейінгі IIIғасырдан бастап Vғасыр аралығындағы уақытты қамтиды. Екінші кезең VIғасырдан бастап көшпелі түрік империясының Түрік-ашин ірі мемлекетін қүрайды да, оның қүлдырауына дейінгі аралықты айқындайды. Содан кейін қарлүқ, Қарахан, қыпшақ, керей, найман мемлекеттері қүрылып, олар өздерінің тыныс-тіршілігінде түркі дэстүрін сақтайды. Үшінші кезең болса XIIIғасырдан бастап Моңғол-қыпшақ көшпелі империясы деп аталады. Оның негізі - моңғол империясының Шыңгыс хан жасаған "¥лы ясасы". Аталған мемлекеттік-қүқықтық жүйе Еуразия даласында XVIғасырдың аяғына дейін билік қүрды. Моңғол империясы тарихы эдеттегідей өркендеу, қүлдырау

11

және күйреу кезеңінен тұрады. Ол кейін Сібір, Маңғыт жэне Қазақ мемлекеттілігін өмірге келтірді. Ал соңғы төртінші кезең XVгасырдан бастап XVIIIгасыр басы аралығындағы тұтас қазақ хандығын өмірге экелді. Алғашқы қазақ хандыгында қалыпты құқық пен мемлекеттілік калыптастырылады, ол хан билігі сайлауы мен автономиялық әкімшілік бірлігін құрайды.

XVIIIғасырдың басында тұтас қазақ хандығы ыдырап, Қазақстандағы көшпелілердің мемлекеттік-құқықтық жүйесі дағдарысқа түсіп, келе-келе жойылу кезеңі басталды. Оны үш кезеңге бөлуге болады:

- лротекторат кезеңі. ХҮШ-ХІХ гасыр басы;

- Ресей боданындағы әкімшілік-құқықтық жүйенің пайда болу кезеңі (XIXғасырдың 20-60 -жылдары);

- Ресей боданындағы әкімшілік-құқықтық жүйенің беку кезеңі (XIXғасырдың 60-жылдары - 1917 жыл).

Бірінші кезеңде қазақ мемлекеітік-құқықтықжуйесі сақтал-ганымен Қазақ хандығы тәуелсіздігі мейлінше шектеледі. Екінші кезенде Қазақстанның әкімшілік-құқықтық жүйесіндегі реформа үнемі қайта жүргізіліп отырғанымен де ол қазақ ханды-ғының тэуелсіздігінің шектеле түсуімен тығыз байланысты болды да, кейін келе-келе Ресей империясының құрамына ену арқылы, оның заңды боданы ретінде жойыла бастады. Сөйтіп бүкіл үшінші кезең барысында Қазақстан территориясы Ресей заңдылығындагы тэртіпке бағынатын бодандықта болды.

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанның мемлекет жэие құқык тарихында жаңа кезең басталды. Ол Ресей және КСРО құрамындағы Конституциялық даму кезеңімен байланыстырылады. Қазақстан конституциялық жағынан біртіндеп кеңейе түскенмен де, республика бодан күйіпде қала берген еді. Ол төмендегідей кезеңге бөлінеді:

- Конституциялық дамудың таңдау-балама түрінің омір сүру кезеңі (1917 жылдың ақпаны мен 1920 жылдар).

- Қазақстанның РСФСР құрамында Конституциялық даму кезеңі (1920-1937 жылдар);

- Қазақстанның КСРО құрамында Конституциялык даму кезеңі (1937-1991 жылдар).

Бірінші кезеңде қазақ мемлекеттілігін бірнеше модель түрінде конституциялық дамудың жоспары мен болашағы қаралып-қалыптастырылмақшы болса (Алаш, кеңестік автономия

12

і.С).), ал екінші кезенде конституциялық дамудың бір-ақ түрі ііснсц алды. Ол Қазақстанды занды тұрғыдан шектеу, яғни оның лічономиялығын формалды түрде жай жариялау еді. Үшінші кезеңде Қазақстан КСРО құрамынан шыга алатын құқыққа ие сісмен мемлекет болып саналады. Сөйтіп 1991 жыл Қазақстан үшін жаңа саяси және құқықтық дамудың негізін қалап, ол сол лылы шын мэніндегі тэуелсіз мемлекет болып есептелді.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасының мемлекет жэне құқық іарихын төмендегідей кезеңдестіруте болады.

1. Қазақстан территориясында мемлекет жэне құқыктың пайда болу кезеңі (біздің заманымызға дейінгі IIIмың жылдық -біздің заманымызға дейінгі IIIғасыр):

1.1. Мемлекет құрылғанға дейінгі кезең (біздің заманымызга дейінгі IIIмыңжылдық- біздің заманымызға дейінгі IXғасыр).

1.2. Алғашқы мемлекеттік кезең (біздің заманымызга дейінгі УШ-ПІ ғасырлар).

2. Қазақстан көшпенділерінің мемлекеттік-құқықтық жүйесінің даму кезеңі (біздің заманымызға дейінгі IIIғасыр -біздің заманымыздагы XVIIIғасырдың басы):

2.1. Ғұндардың көшпелі империясы кезеңі (біздің (аманымызға дейінгі IIIгасыр - біздің заманымыздың Ү гасыры).

2.2. Түріктердің көшпелі империясы кезеңі (біздің іаманымыздың УІ-ХІІ ғасырлары).

2.3. Моңғол-қыпшақ көшпелі империясы кезеңі (ХІІІ-ХІҮ гасырлар).

2.4. Тұтас қазақ хандығы кезеңі (XVғ.-ХҮІІІ ғасыр басы).

3. Қазақстан көшпенділерінің мемлекеттік-құқықтық жүйесінің дағдарыс және жойылу кезеңі (ХҮШ-ХХ гасыр басы):

3.1. Протекторат кезеңі (ХҮШ-ХІХ ғасыр басы).

3.2. Отарлау әкімшілік-құқықтық жүйесінің ену кезеңі (XIXгасырдың 20-60 жылдары).

3.3. Отарлау әкімшілік-құқықтық жүйесін бекіту кезеңі (XIXгасырдың 60 жылдары - 1917 жылдың ақпаны):

4. Қазақстанның Ресей жэне КСРО құрамындағы конститу-ңиялық даму кезеңі (1917 жылдың ақпаны - 1991 жылдың желтоқсаны).

4.1. Конституциялық дамудың тандау-балама кезеңі (1917 жылдың ақпаны мен 1920 жыл).

13

4.2. Қазақстанның РСФСР құрамындағы конституциялық даму кезеңі (1920-1937 жылдар).

4.3. Қазақстанның КСРО құрамындағы конституциялық даму кезеңі (1937-1991 жылдары).

5. Тэуелсіз Қазақстан кезеңі (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін).

Қазақстан Республикасының мемлекет жэне құқық тарихы тұтастай алғанда — жалпы қүқықтық және философиялық ғылым ретінде барлық заңдық пәндердің эдістемелік негізін құрайды. Оның себебі Қазақстан Республикасыньщ мемлекет жэне қүқық тарихының өзіндік пэні мен эдістемелік зерттеуі бар. Қазақ-станның мемлекеттік-қүқықтық жүйесін зерттеу XVIIIғасырда басталып, Кеңестік кезеңде жаңа белеске көтерілді. Ол Қазақстанның өткен тарихи кезендегі қоғамдық саяси-құқықтық үйымдардың дамуын жүйелі түрде зерттеумен анықталады. Тарихи-қүқықтық ғылымдағы қол жеткен табыстар Қазақстан Республикасының мемлекет жэне құқық тарихы мәселелерін одан әрі оқып-дамытуға мол мүмкіндіктер ашуда.

Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы ХҮШ ғасырдан басталып, өзінің Кеңестік кезеңіндегі даму процестері арқылы бүгінгі Қазақстан Республикасының тэуелсіздік алған күніне дейінгі аралықта сан алуан зерттеп-зерделеулерден өтіп, жаңа сапалы кезеңге жетті. Сондықтан да тарихи-құқықтық ғылым жетістігінің бір саласы бүгінгі Қазақстан Республикасының мемлекет жэне құқық тарихы болып саналады.

Әдебиеттер

1. Жумаганбетов Т.С. История государства и права Республики Казахстан. (Древность и средневековье). - Алматы: Жеті жарғы, 2000.

2. Политическая и правовая история Казахстана. Документы и материалы конца XIXвв. / Сост.: С.Сартаев, С.Узбекулы. - Алматы: Қазақ университеті, 2000. Казахский институт правоведения и международных отношений.

3. Еркин Абиль. История государства и права Республики Казахстан с древнейших времен до нач. XXвека. - Астана: ТОО "ФОЛИАНТ", 2000.

4. История государства и права Казахской ССР. Часть I/ Под общ. ред. С.С.Сартаева. - Алма-Ата: Мектеп. 1982.

5. История государства и права Казахской ССР. Часть I/ Под общей ред. С.С.Сартаева. - Алма-Ата: Мектеп, 1982.

6. Қазақстан тарихы. - Алматы: Атамұра, 1996. - Iтом.

14

2-бөлім.

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІКТЕРДЩ ПАЙДА

БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Қазақстан территориясында мемлекеттің пайда болуы қогамның мыңдаған жылдарға созылған дамуының көрінісі Сюлумен бірге оның экономикалық базасының қалыптасып-оркендеуімен тығыз байланысты болды. Мемлекеттіліктің алгашқы нышаны ретінде өндірістік шаруашылықтың пайда болуьш атауға болады.

Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі рулар біздің доуіріміздің алғашқы кезінде-ақ, мемлекет құрыдғанға дейінгі аралықта өзінің таптық және қоғамдық міндетін атқаратын тарихи бір кезеңнен өтті. Ол кезде рулық-тайпалық ақсүйектер -коп ірі қара малдар ұстаушылар санатында болып, олар барлық топтар арасындағы қайшылықтар барысында елеулі рөл атқарып отырды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дэуірі •іскери-демократиялық кезең деп аталады. Сол әскери-дсмократия кезеңінде тұрып-ақ сақтар заманында көшпелі халықтардың дэстүрлі қоғамдық жүйесі қалыптасты.