Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

26. Қүнанбай би

Қүнанбай би Өскенбайұлы 1804 жылы Қазіргі Семейдегі Абай ауданында өмірге келіп 1895 жылдардың шамасында өмірден озған қазақтың Арғынының тобықты руынан шыққан беделді билерінің бірі. Қүнанбай өз заманының көкірегі ояу, білімді оқыған жандарының қатарына жатады. Қүнанбай бидің шешендігі мен тапқырлығына, есте сақтау қабілетінің беріктігіне таң қалған А.Янушкевич оны пайғамбардың беделіндей беделі бар түлғаға теңеген. Қүнанбай қазақ

142

қүқығының қағидалары мен нормаларын, орыс зандарын терең меңгерген көрінеді. Ол қазақтың үлы ақыны Абайдың экесі.

27. Сары би

Сары би Мыңбайүлы бізге жеткен деректерге сүйенетін болсақ, 1812 жылы қазіргі Өзбекстанның Фариш ауданының Атақорған ауылында дүниеге келіп, сол жерде 1901 жылдардың шамасында дүниеден озған. Сары бидің азан шақырып қойған аты - Нүрмағанбет. Жас кезінде өңі ақсары болғандықтан ел ортасында Сары би аталып кеткен. Сары бидің үрпақтары Қазақстан, көрші Өзбекстанның жер-жерлерінде өмір сүріп, еңбек етуде.

28. Жетес би

Жетес Қыстаубайүлы 1828-1914 жылдар аралығында сыр өңірінің Райым портына жақын Ескіүрада өскен Кіші жүздің Жақайымынан шыққан еліне белгілі билердің бірі. Ал Н.Төреқүлов оны: «Жетес Мыңбайүлы деп, 1835-1907 жылдар аралығында өмір сүріп 72-ге қарағанда дүние салған» деп санайды. Жетес бидің өткен жолы қазақ даласындағы дэстүрлі билік жүргізу үрдісінің кеңестік кезеңге дейін созылғандығына бір дәлел. Жетес бидің өсиеттері мен өнегелі сөздері, билік-шешімдері сыр бойындағы елдің ортасында бүгінгі күнге дейін көптеп сақталған.

29. Сапақ би

Сапақ Байшуақүлы 1833 жылдары Әулиеата уезінің Талас, Аса өзендерінің бойындағы елді мекенде (қазіргі Жамбыл облысы аумағы) туып, 1913 жылдары өмірден озған қазақтың би, шешені жэне батыры. Сапақ датқаның арғы бабалары қолында билік үстап жөн-жосық айтумен айналысқан. Сондықтан да бүл жолды Сапақ би де жалғастырған.

30. Абай би

Абай Қүнанбайүлы 1845-1904 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың белгілі биі, ақыны, эрі ойшылы. Абай жастайынан ауыл билігінен әкесі Қүнанбайдың тәрбиесі арқылы өтеді. Абайды белгілі ғалым академик С.Зиманов «¥лы билердің соңы» деп бағалайды. Абай қазақ билік айту дэстүріне көптеген жаңашылдық енгізген реформатор болған. Абай «Қарамола ережесін» қабылдауға белсене араласып, сол кездегі заң түзу үрдісіне де қатысқан. Абайдың жер, жесір, қүн, мал-мүлік дауына байланысты айтқан билік-шешімдерінің бойы адамгершілік пен бірлікке шақыруға толы болып келеді.

2-ңосымша

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ХАНДАРЫ

1. Керей - шамамен 1456-1473 жылдар

2. Жәнібек - 1473-1480 жылдар

3. Бұрындық -1480-1511 жылдар

4. Қасым - 1511 -1518 жылдар

5. Мамаш - 1518-1523 жылдар

6. Таьир - 1523-1533 жылдар

7. Бұйдаш - 1533-1534 жылдар

8. Қожа Макмұт -1534-1535 жылдар

9. Тоғым - 1535-1537 жылдар

10. Хакназар- 1538-1580 жылдар

11. Шығай- 1580-1582 жылдар

12. Тэуекел- 1582-1598 жылдар

13. Есім- 1598-1628 (1645)жылдар

14. Жәңгір (Салкам Жэңгір) - 1628-1652 жылдар

15. Тәуке -1680-1718 жылдар

16. Батыр - 1718-1726 (1729) жылдар

КІШІЖҮЗ ХАНДАРЫ

17. Әбілқайыр- 1718-1748 жылдар

18. Нұралы- 1748-1786 жылдар

19. Ералы- 1791-1794 жылдар

20. Есім- 1795-1797 жылдар

21. Айшуақ- 1797-1805 жылдар

22. Шерғазы- 1805-1824 жылдар

Патша өкіметінің 1801 жылғы 11 наурыздағы Жарлығы бойынша Кіші жүз екі иелікке бөлінеді.

Жаңадан Ішкі орда немесе Бөкей ордасы қүрылды,

23. Бөкей- 1801-1815 жылдар

24. Шығай- 1815-3823 жылдар

25. Жәңгір- 1823-1845 жыддар

ОРТАЖҮЗХАНДАРЫ

26. Қайып -1716-1719 жылдар

27. Сэмеке- 1719-1734 жылдар

144

28. Әліммәмбет- 1734-1771 жылдар

29. Абылай - 1771 -1781 жылдар

30. Уэли- 1781-1819 жылдар

31. Бөкей - 18 3 5-1819 жылдар

32. Кенесары-1841-1847 жылдар

¥лы жүзді Тәуке хан тұсында іс жүзінде Төле би басқарды. Ол өлгеннен кейін мүнда Шағатай үрпағы Абдуллах ханның баласы Жолбарыс (1720-1740 жж.) хандық қүрды. Ол ¥лы жүз территориясы мен тайпаларының аз ғана бөлігін Ресейге қосты.

1848 жылдан бастап патша укіметі ¥лы жүз қазақтарын басқару ушін Үлкен Орда приставтығын қүрды, ол Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының қүрамына енді.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ХАНДАРЫ

Керей мен Жәнібек - Қазақ хандығының негізін калаушылар. ХУ ғасырдың 50-70-жылдарында елді бірлесіп баскарған бүл алғашкы қазақ хандары жайында баяндайтын жазба-деректемелерде бүлардың қайсысы бірінші басшы болғаны жөнінде нақты түсіндірілмейді, екеуінің де есімдёрі катар жазылады жэне белгілі бір реті сақталмайды.

Жәнібек пен Керей немере ағайын болған. «Таварих -и-гузида-ий нусрат-наме» авторы Камал ал-дин Әли Бинаидің баяндауынша: Керей ханының шежіресі: Орыс хан - Қүйыршық - Барақ хан - Жэнібек хан.

Керей ханның Жәнібектен жасы үлкен болған және ол Орыс ханның үлкен үлы Тоқтақияның немересі, ал Жэнібек Орыс ханның төртінші үлы Қүйыршықтың немересі болатын.

Жэнібек хан Әбу Саид деген атпен белгілі болған, ол 1410 жылы туылып, 1480 жылы дүниеден өткен деген болжам бар. Керей ханның туылған жылы белгісіз, бірақ 1472-1473 жылдары қазаға үшыраған болу керек, себебі Керей ханның есімі соңғы рет 1472-1473 жылдардағы тарихи деректерде Бүрыш болған деген сүлтанның Моғол ханы Жүністің Ордасына жасаған шабуылына байланысты айтылады.

ХУ ғасырдың 50-жылдарының аяғында көшпелі өзбектер мемлекетінің ханы Әбілқайырмен өкімет билігі ушін күресте жеңілген Жәнібек пен Керей өздерін қолдайтын рулармен бірге өзбек үлысынан Моголстанға қоныс аударды. Моғолстан ханы Есенбұға өзінің інісі Жүністі қолдап отырған Әбілқайыр хан мен Темір эулетіне карсы күресінде Моғолстанның Батыс шекараларының кауіпсіздігіп қамтамасыз етуге үмтылып, Керей мен Жәнібекті жақсы қарсы алып, оларға Шу алқабындағы жайылымдық жерлерді бөліп берді. Осы кеіді озбек үлысында басталған талас-тартыстың зардабына шыдай илмйі ім

145

көптеген қарапайым халық Жэнібек хан мен Керейдің қарамағына көшіп келді. Халық саны 200 мындай адамға жеткен деген мэліметтер бар.

Осылай Жэнібек пен Керей сүлтандар қазактардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз калады.

Әбілкайыр ханның қазақ хандығының кұрылуына, Жэнібек пен Керей билігінің нығаюына бөгет жасауға ұмтылысынан еш нэтиже шықпады. Моғолстан жерінде қоныс теуіп, көптеген көшпелі руларды билеп түрған Жэнібек хан мен Керей Өзбек үлысы үшін қауіпті күшке айнала бастағанын түсінген Әбілқайыр Моғолстанға жорыкқа аттанды. Бірак Әбілқайыр ханның кенеттен қайтыс болуы (1468 ж.) бүл жорықты аяқтауға мүмкіндік бермеді. Әбілқайырдың дүниеден қайтуы өкімет билігі үшін күрестің шиеленісуіне алып келді.

Әбілқайыр ханның хандығы мен Моғолстанның қүлдырауын пайдалана отырып, Жәнібек пен Керей қазақтар мекендеген бүкіл аймақты біріктіру жолында ойдағыдай күрес жүргізді. Соның нэтижесінде ХУ ғасырдың 70-жылдарында қазақ хандығының шекарасы бірте-бірте кеңейе берді.

Бүрындық (Мұрындық) - 1480-1511 ел билеген қазак ханы, Керей ханның үлкен үлы.

Бүрындықтың есімі жазба деректерде өзбек ханы Мұхаммед Шайбани мен қазақ билеушілері арасында Сырдария калаларына ие болу үшін ХУ ғасырдың 70-80-жылдарында болған шайқастарға байланысты аталады. Онда Бүрындық қазақтардың жоғарғы билеушісі екені айтылған. Хан билігінің қандай жағдайда Бүрындықтың қолына көшкені белгісіз. Бүрындық жорықтарға Жэнібек ханның көптеген үлдарымен бірге аттанып отырған, олардың ішіңде Қасым сүлтан Бүрындық ханның атты әскерін басқарған.

Мүхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарихи-и-Рашиди» атты еңбегінде Бүрындық жогарғы хан бола түрса да, Қасым сүлтанды бүкіл қазақтың падишаьы деп сипаттайды. 1509-1510 жылдары Бүрындық хан болып тұрса да, хандықтағы билік Қасымның қолында болды. Осы түста Бүрындық пен Қасымның арасында билік үшін шиеленіске күресе жүріп, нэтижесінде Қасым сүлтан жеңіп шықты. Бүрындық ханның Шайхм, Санжар-Жаьан, Жаьан Бақты, Кімсін деген төрт үлы жэне бірнеше қызы болған. Оның үш қызы Шайбани үрпақтарына үзатьшған. Билік үшін күресте жеңіліске үшыраған Бүрындық Самарқанға Шайбани эулетінен шыққан адамдарға күйеуге берілген кыздарының колына кетуге мәжбүр болды жэне сонда өлді.

Қасьш - 1511 жылдан толық билікке ие қазақтың ханы болды. Осы уақыттан бастап жоғарғы хандық билік ұзақ уакыт бойы Жэнібек

146

ханның үрпақтарыка ауысты. Іс жүзінде ол елді Бүрындык кезінде-ақ атқара бастады. Жэнібек ханның баласы Қасым 1445 жылы шамасында туылып, 1518 жылы дүниеден өткен.

Қасым хан билеген кезенде қазақтар мен Шайбани әулеті арасында Сырдария маңындағы қалалар үшін қақтығыстар мен соғыстар одан әрі жалғасты.

Қасым ханның түсында хандықтың территориясы айтарлықтай үлғайып, қазақтар өз алдына дербес ел ретінде Европаға мәлім болды. Хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауына жетіп, Түркістан калаларының көпшілігін қамтиды. Оңтүстік-шығыста Жетісудың тау баурайы мен алқаптарының едэуір бөлігін алып, Солтүстікте жэне Солтүстік-шығыста ¥лытау таулары мен Балқаш көлінің төңірегі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларына дейін жетті. Солтүстік-батыста Жайық өзенінің алабына дейін барды. Хандық халқының саны 1 миллион адамнан асты.

Қасым хан түсында Қазақ хандығының одан әрі нығайып, ірі және күшті хандықка айналды, халықаралық беделі өсіп, хандықтағы талас-тартыс біршама түрақтады.

Мэскеу мемлекеті бірінші болып қазак хандығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Осы жылдары Мәскеуде болған Австриялық дипломат Зигмунд Герберштейн өзінің «Мэскеу істері жөніндегі жазбалар» атты еңбегінде Европа ғылымдарының ішінде бірінші болып қазақтар туралы пікір айтты.

Қасым хан түсында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын ел басқару ісінде қолданылған эдет-ғүрып заңдарының ережелері жасалды. Бүл заңға кірген ережелер: 1) Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік); 2) Қылмыс заңы (үрлык, кісі өлтіру, талау, шабу); 3) Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара-қазан, ердің қүны, түлпар ат); 4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халыкаралық қатынастарда сыпайылық, эдептілік); 5) Жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстінде ережелер жасауыл, бекеуіл, түтқауыл-дардың міндеті). «Қасқа жолдың» заңдары өзгерусіз ХУІІ ғасырға жетіп, Есімнің кезінде «Есім ханның ескі жолы» деп аталады. Тәуке ханның түсыңда (1680-1718 жж.) ежелгі бес тарауға тағы да екі тарау қосып, «Жеті Жарғы» деп атаған. Тәукенің кезінде қосқан екі тарау 6) Жесір дауы; 7) Қүн дауы.

Мамаш - 1518-1523 жылдары ел билеген қазақ ханы. Мүхаммед Хайдардың айтуына қарағанда, Қасым хан өлгеннен кейін таққа оның үлы Мамаш отырған. Бүл ханның билеу оқиғалары бізге мэлім емес. Мамаш хан көрсоқыр, түсініксіз соғыстың құрбаны болған. Ол шайқастардың бірінде жауынгерлік жаракаттарының ауыр болу салдарынан суға түншығып өлген. Оны Қамаш хан деп те атайтын.

147

Таьир хан -1523-1533 жылдар

Жэнібек ханның немересі, Әдік (Әтік, Әйтік) сұлтанның ұлы Таьир султан 1523 жылы хан болып жарияланды.

Таьир хан немере ағасы Қасым сиякты елге ықпалы болған жок. Ол асқан қатыгездігімен ерекше болды және оның дипломатиялық та, әскери де таланты жоқ еді, мұны оның талай соғыста жеңіліс тауып, сэтсіздікке ұшырағаны дэлелдейді. Хан қабылдаған ішкі және сыртқы саяси бағыт хандыққа да, Таьирдың өз тағдырына да апатты әсер етті. Таьир хандық еткен біршама аз уақыт ішінде сырткы саясаттағы негізгі бағыт маңғыттар мен Орта Азия өзбектерінің билеушілеріне қарсы күрес сэтсіз болды. Таьир ханның одақтас табуына болатын монғолдар мен қырғыздарға көзқарасы нақ осы күреске байланысты туындап, ол арқылы анықталды. Таьир хан маңғьптармен болган соғыста көршілес аумақты қорғауға мүмкіндігі болмай, өзіне деген 200 мың адамымен Моғолстанға көшті. Мұнда ол қырғыздармен одақтасып, моғол ханы Сұлтан Саидтың осы өңірде өз билігін қайта қалпына келтіру эрекеттеріне тойтарыс беріп отырды. Таьир сол кезде моғол ханына қарайтын қырғыздардың бір бөлігін өз жағына шығарып алды. Қазақ ханы «Моғолстанның арғы шетіне» кетті.

Таьир ханның жеке тағдыры тартысқа, кейде қасіретке толы болып калыптасты: 1526 ж. Таьирдің інісі Әбілқасым султан өлтірілді, ал ханның өзін халқының көпшілігі тастап кетті. Ұлымен жэне азын-аулақ қазақтармен бірге ол тағы да қырғыздарға кетіп қалды, бірқатар жағдайларда қазақтардың өздерінен гөрі қырғыздар оған неғұрлым адал бодан болып қала берді. Мырза Хайдардың айтуынша, Таьир хан қыргыздар арасында жоқшылық көріп өлген.

Бұдаш - 1533-1534 жылдар аралығында ел биледі.

Таьир хан өлгеннен кейін қазақ-қырғыз бірлестігінің басына оның інісі Бұйдаш сұлтан келген. Осы ежелден қырғыздармен байланысты болатын жэне Жетісу аумағында іс-қимыл жасаған: оның қарауында «отыз мыңға дейін адам» болған. Бұл хабардан ол кезде Бұйдаштың бірден-бір қазақ ханы болмағаны және оның хандықтың бір бөлігіне ғана билік еткені көрінеді.

Қожа Мақмұт - 1534-1535 жылдары ел биледі. Өкінішке орай, бұл адам туралы жазба мэліметтерде мардымды ешнәрсе айтылмаған.

Тоғым хан - 1535-1537 жылдары ел билеген хан. Ол Жэдік сұлтанның ұлы болатын. Жэдік - қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жэнібек ханның ұлдарының бірі. Тоғым хан 1537 жылы Шағат деген жерде қаза тапса керек: онымен бірге 37 қазақ сұлтаны, Тоғым ханның барлық ұрпақтары жэне оның жиені Бэшібек сұлтан қаза тапқан.

148

Хақназар - 1538-1580 жылдары ел билеген қазақ ханы, Қасым ч.пміың баласы. ХУІ ғасырдың екінші жартысында элсіреген хандықты Ыріктіруде Хақназар өз үлесін косты. Ноғай ордасындағы феодалдық іоптардың күресін өз мүддесіне пайдаланған ол Ноғай мырзаларының кебін өз жағына тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алды.

Өзара тартыстың бэсеңдеуі, ішкі саяси өмірдің нығаюы, мал жэне сіін шаруашылығының, сауда қатынастарының дамуына көмектесті. Қазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстарын орнатып, саяси қлрым-қатынас жасады. Қазақ хандығының аралық етуімен Мәскеу Түркістандағы өзбек хандарымен байланысты жолға қойды. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдолланы қолдау арқылы Сырдария Ьоііындағы бірсыпыра қаланы (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Ллайда, қазақ хандығының солтүстік шекараларындағы сияқты батыста да бұлардың жер көлемін кеңейтуіне Ресей мемлекеті кедергі жасады.

Оңтүстік Қазақстанда Хақназар хан сауда, қолөнер және егіншілік орталықтарына шыға алмайтын өз иеліктерінің тұйық шеңберін жылжытуға эрекеттенеді. Шайбани Абдоллаға, бүлікші Баба сұлтанға қарсы күресте қолдау көрсетіп, ол шайбанилық ханнан Түркістан уллаятындағы бірнеше қаланы иеленуіне құқық беретін уэде алды. Хақназардың Абдолламен достық байланысынан қорыққан Баба сүлтан келіссөз жүргізуге келген қазақ сұлтандарын және Хақназарды жансыздары арқылы у беріп өлтірді.

Шығай - 1580-1582 жылдары ел билеген қазақ ханы, Жәдік сүлтанның баласы. Өзінің ұлдарымен бірге Ташкент билеушісі Баба сүлтанға карсы күресте өзбек ханына қолдау көрсетті. Ол өзбек ханы Лбдолланың Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған, сондай-ақ 1582 жылы Түркістан арқылы жасаған жорығына қатысты. Лбдолла Шығай Ходжент қаласын сыйға тартып, онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы ¥лытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Содан қайтар жолда Баба сұлтанды Шығайдың ұлы қазақ сұлтаны Тэуекел өлтірді.

Тәуекел - 1582-1598 жылдары ел билеген қазақ ханы. Туған жылы белгісіз. Хақназар хан мұрагерлерінің бірі, эрі ісін жалғастырушысы, Шығайдың баласы. Тэуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті. 1583 жылы Ііүхармен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Әндіжан, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Ресеймен одақ құруға күш салды. 1594 жылы Тоуекел Феодор патшаға Құл-Мұқаммедті елші етіп жіберді. Елшілік

149

Тэуекелдің жиені «Ораз-Мұхаммедті орыс тұтқынынан босату» мақсатымен жіберілген болатын.

Сонымен, қазак елшілігінің алдында Ораз-Мұхаммедті кайтаруға қол жеткізу жэне Абдоллахқа қарсы күресте Мэскеудің көмегіне уэдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылы наурыз айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, онда Мэскеу патшасы Тәуекелге Қазақ хандығын «өз патшалық қол астына» алатынын хабарлаған.Тэуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді. Қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, Мэскеу мемлекетімен дипломатиялық қатынастар, сондай-ақ сауда байланыстары кейінгі жылдарда да жалғаса берді. Тэуекел Бүкіл Орта Азия билігін орнықтыра алмады, бірақ сол кезден бастап екі жүз жылға - Ташкент, белгілі бір уақытқа Ферғана жэне бүкіл Түркістан, сол кезге дейін Шайбани үрпақтары иеленіп келген Сырдарияның орта ағысының екі жағасындағы отырықшы - егіншілік аудандар Қазақ хандығының құрамына кірді. Тәуекел Бұқара үшін болған шайқаста 1598 жылы қаза тапты.

Есім хан - 1598 жылы Тэуекелден кейін ресми түрде хан атагын мұраға алған. Түркістанда билік еткен хан. 1598 жылы қазақ сұлтандары Сырдария маңындагы қалаларда, Түркістан, Ташкентте т.б. мұрагерлік билік үшін Мауереннахрмен арадағы байырғы күресті күшейтіп Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді басып алды. Бүл соғыста Есім хан Самарқанда қалды, ағасы Тэуекел Бүқар қаласын алуға аттанды. Бірақ жеңіске жете алмады. Есім хан соғыста айрықша көзге түсіп «Еңсегей бойлы ер Есім» атанды. 1599 жылы Бұқармен шарт жасасып, соның негізінде Ташкент қаласы атрабымен қоса 200 жыл бойы қазақ хандарының билігінде болды. Есім хан бір орталыққа бағынған мемлекет қүруды көздеді. Ойрат-қалмақтарға карсы күрес жүргізді. Қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды.

Есім ханның ел билеуі тұсында қалыптасқан эдет-ғүрып, жол-жобалар «Есім салған ескі жол» деп аталды.

Тэуекелдің мүрагері Есім хан тұсында жекелеген ірі қазақ сұлтандары іс жүзінде ханға тәуелсіз болды. Түркістанда Тұрсын хан биледі. Сөйтіп қазақ жерінде екі хан қатар билік жүргізді. 1627 жылы екі ханның арасындағы дұшпандық Тұрсын ханның Есім ханның қолынан қаза табуымен аяқталды. Көп ұзамай 1628 жылы Есім хан да қайтыс болды.

Жәңгір (Салқам Жәңгір) - 1628-1652 жылдары ел билеген қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол жоңғар феодалдары қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған аса қиын кезеңде билік жүргізді.

150

Жэңгір ханның ордасы Түркістан маңайында болған. 1635 жылы Жоңғар мемлекеті кұрылып, Батұр қоңтайшының әскерлері қазақ жеріне шабуылды үдетті. 1635 жылы болған казақ-жоңғар соғысында Жэңгір хан қолға түсіп, көп ұзамай тұтқыннан қашып шықты.

1643 жылы жоңғарлармен болған соғыста Жэңгір ханның 600 сарбазы 50 мыңдық жоңғар әскеріне сокқы берді. Жоңғарлардың 10 мың адамын шығындады. Соғыс қызып жатқан кезеңде самарқан оилеушісі Жалаңтөс батыр 20 мың әскерімен көмекке келіп, Жэңгір хан бұл соғыста жеңіске жетті. Жоңғар қоңтайшысы 1643-1644 жылдардағы соғыстан кейін ыдыраған өз иеліктерінің басын біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан отты қаруды (зеңбірікті) сатып алды. Отты қарумен жарақтанған жоңғарлар 1652 жылы қазактарды ойсырата жеңді, осы шайқастардың бірінде Жэңгір хан қаза табады. Жоңгір өлгенде оның балалары Тэуке мен Апақ жастау болатын.

Тәуке - 1680-1718 жылдары ел билеген қазақ ханы, Жэңгір ханның баласы. Соңғы мэліметтер бойынша Тэуке 1952 жылдан бастап ел билеген делінеді. Тэуке сыртқы жауға тойтарыс бере отырып, қазақтың ру, тайпалары арасындағы ішкі талас-тартысты гыйып, олардың өзара ынтымақта тұруына күш салды. Хандық өкімет (іилігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, окшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін, ол бірсыпыра шараларды іске асырды.

Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін артгырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айиалдырды. Осы уақыттан бастап билер кеңесі қазақ хандығының ішкі жопе сыртқьі саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айнадды. Билер кеңесінің қызметін ретке келтіруде Тэуке бірқатар Швралар қабыддады. Ол билер съезінің өтетін жері мен уақытын белгіледі. Билер кеңесі эрдайым Тэуке ханның белгілі бір ордасында: Түркістан вдласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының маңындағы Мэртөбеде Жвнө Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде вткізілген. Тэуке хан өз төңірегіне ¥лы жүзден Төле биді, Орта жүзден і ,.іі дауысты Қазыбек биді, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде кі.ізметке тартты. Осы билердің көмегімен «Жеті Жарғы» деп аталатын ел ішсқару заңдарының ережелері кұрастырылды. Оңда әкімшілік, м.ілмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, соңдай-ақ салықтар, діни юзқарастар туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық і .п ьіи тугел қамтыды.

Iоукенің «Жеті Жарғысы», «Қасым ханның қасқа жолы» мен к| < ім ханның ескі жолы» негізінде жасалған «Жеті Жарғы» бұрынғы і | іі икеге жесір дауы мен құн дауы қосылған.

1718 жылы қазақтың барлык үш жүзіне билігі толық тараған қазақ

151