Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

16. Балпық би

Балпық Дэріпсалүлы - 1696 жылы (кейбір деректерде 1694 ж.) Жетісу өңірінде (қазіргі Алматы облысы Талдықорғандағы Қаратал өзенінің бойында) өмірге келіп, 1784 жылдары емірден өткен. Қазақтың 12 ата Жалайыр руынан шыққан би, көріпкел, эулие. Балпық Ескелді билермен бірге Жалайыр руының ел болып, етек жоюына көп еңбек сіңірген исанның бірі. Балпық кезіндегі шешен бидің бірі Бөлтірікке батасын беріп, өзінің қамқорлығын көрсеткен екен. Балпық бидің билік-шешімдері Ескелді бидікімен сарындас (кейде шатасып кетуге болады) болып келеді. Бүл Ескелді мен Балпык билердің эрқашанда билік ісінде тізе қосып бір жүргендіктерінің көрінісі болса керек.

17. Қараменде би

Қараменде Шақаүлы бізге жеткен деректерге сүйенсек, 1707-1797 жылдары қазіргі Жезқазғанда туып өскен көрінеді. Алғашында Қараменде Абылай хан ордасының отын жағып, сол ордадагы билердің мәслихатына қүлақ түре жүріп, билік істеріне де араласады. Кейіннен Абылайдың белді де беделді билерінің санатына ілігеді. Бізге Қараменде бидің Кеңгірбай мен жүмбақ айтыс түрінде дауды шешу үлгісі т.б. билік-шешімдері ауыздан-ауызға тарай отырып жеткен болатын.

18. Сырым би

Сырым Датүлы 1712 жылы қазіргі Орал, Жымпиты ауданы, Сарыой ауылында өмірге келіп, 1802 жылдары өмірден озған. Қазактың кіші жүзінің Байбақгы руынан тарайтын, батырлығы мен билігі тең түсетін белгілі шешен. Сырым жастайынан (7-8 жастан) ауыл билігіне араласа бастайды. Ол кезінде көптеген билердің (Малайсары т.б.) алдын көріп, батасын алған көрінеді. Сонымен қатар Мөңкедей шалыс сөйлегендерді бет-жүзіне қарамастан тосьшдырып та отырған. Сырым орыс озбырлыгына 1783-1797 жж. қарсы шыққан үлт-азаттық көтерілісін басқарған. Сырымның артында жер, жесір, қүн, мал-мүлік т.б. даулы істерге шипа боларлық билік-шешімдері, үлгілі істері қалған. Сырым дау-шарда қазақгың белгілі үш биінің бірі Әйтекенің үлгілі билік-шешімдеріне көп сүйенген, оны қолданып та отырган.

19. Ақтайлак би

Ақтайлақ Байғараүлы 1720 қазіргі Семей облысының Абай, Жарма аудандарының аралығындағы Қүндызды бойында өмірге келіп,

140

1816 жылдары 100-ге жақындаған шағында өмірден озған қазақтың 1 іайманының Сыбан руынан шыққан атақты би, суырып салма акын. Лқіайлақтың арғы аталары тізгінін өз қолдарында үстаған шешен, би болған көрінеді. Оған мысал Ақтайлақтың атасы Қүттыбайды елі шешендігі мен тапқырлығы үшін «Қу дауысты Қүттыбай» атаған. Ақтайлақ жас шағында Үлы жүз Шымыр биден бата алса, экесі Ьайғара қайтыс болып ел билігінің өзінің қолына аларда ауыл ақсақалы Едігенің жүмбақтаған сынынан өтеді. Ақтайлақ бидің билік-шешімдері көбінесе аяқ астынан туған үшқыр ойдың қисынды орайласып берілетін сөз өрнегінің көрінісі түрінде туып отырған. Ақтайлақ үш жүздің көптеген белгілі руларының арасындағы даулы істерге билік айтқан түлға.

20. Байдалы би

Байдалы Бекшеүлы 1727 жылы Жезказған өңірінде өмірге келіп 95 жас шамасында 1821 жылдары өмірден қайтқан қазақтың белгілі биі. Байдалы Абылай ханның кезіндегі сегіз биінің дарасы болған екен. Абылай ханды тосылдырған ақылы асқан биді кезінде елі «Абылай аспас сары белге» теңеген. Байдалы қазақтың белгілі ғалым-ағартушы Шоқанның атасы Уәлиханмен қадірлес сыйлас болған. Сонымен қатар ағайынды билер Торайғыр мен Шонды араздасқанда, оларды бір ауыз сөзімен ғана татуластырған. Байдалы билік ісіндегі беделіне қарамастан жүпыны өмір кешкен көрінеді.

21. Шоң би

Шоң Едігеүлы 1754 жылы (бүрынғы Қарқаралы округі, Баянауылда) өмірге келіп, 1836 жылдары өмірден озған қазактың Арғын руынан шыққан белгілі билердің бірі. Шоң би кезіндегі атақты қүқықтық мүраның бірі «Жеті Жарғы» заңын жатқа білген көрінеді. Шоң би сонымен қатар әкімшілік басқару ісіне де араласып, қарапайым қазақтың да аға сүлтан алатындығын дэлелдеген түлға. Шоң биден көпке белгілі Шәкен Айманов, Кэукен Кенжетаев сынды өнер саңлақтары тараған.

22. Мөңке би

Мөңке Аманұлы 1763 жылдары қазіргі Атыраудағы Қызылқоға ауданында өмірге келіп, 1836 жылдары өмірден озған қазақтың Кіші жүзінің Шекті руынан шыққан шешен, әрі би. Мөңке би өзінің зеректігі мен тапкырлығының арқасында ел ішінде жастайынан таныла бастайды. Мөңке би кезінде талай билік істе белгілі билер Шеркеш, Түрке, Сырым, Тана, т.б. додаға түсіп, мерейі артып отырған. Мөңке бидің артында оның елі үшін еткен еңбегінен хабар беретін көптеген шешендік толғаулары (Сардар бек, Сары азамат т.б.) қалған болатын.

141

23. Бөлтірік би

Бөлтірік Әлменүлы казақ тарихындағы ХУШ ғасырдың жетпісінші жылдарының соңы мен XIXғасырдың бірінші жартысы аралығындағы белгілі билердің бірі. Бөлтірік Әлменүлы (1771-1853 жж.) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар жерінде дүниеге келген. Бірақ та кейбір еңбектерде Бөлтірік биді 1771-1854 жылдар аралығында өмір сүріп, 83 жас жасап қайтыс болған деген мэліметтерді кездестіреміз. Бөлтірік кезінде қазақтың батырлары, билері Барақ, Мыптатай, Қүнанбай, Тезек төрелермен үзеңгі қағыстырып талай даулы істерді біріге шешкен. Кезінде Кенен Әзірбаевтың өзі де Бөлтіріктің шешендік өнері мен билік ісіне тэнті болып оны «Жеті Жарғы» атағанын білеміз. Бөлтірік Әлменүлы Жамбыл облысының, Талас ауданының Ойық елді-мекеніне жақын Жәдік көлінің жағасына жерленген.

24. Бөкен би

Бөкен би 1771-1856 жылдар аралығында өмір сүрген Атырау өңірінен шыққан қазақтың Кіші жүзінің 12 ата Байүлынан тарайтын билердің бірі. Бөкен бидің экесі де, өзі де мал-мүлікке қызықпай өмірлік мәрттікті ту етіп ғұмыр кешкен көрінеді. Қолына мал бітсе оны еліне лезде үлестіріп жібереді екен. Бөкен би елді алаламай, бай-кедей деп бөлмей бір қараған жэне шамасы келсе кедей-кепшікке қол үшын беріп отырған. Кезінде Атырау өңірінің аға биі де болған. Ел ішінде оны көбінесе Есентемір Бөкен би деп бабасының атын қосып атайды.

25. Тоқсан би

Токсан Жабайүлы - ХУШ-ХІХ ғасырлар аралығында қазіргі ресейдің Омбы өңірінде өмір сүріп билік жүргізген қазақтың би шешені. Тоқсан бидің өмірі мен қызметін зерттеуші С.Жүмабаев өзінің «Тоқсан би» атты мақаласында: Оның 1822 жылға дейін Солтүстік Батыс қазақтарының төбе билігін жүргізгенін, 1830 жылы Еманалы-Керей билігін қолына алғандығын тілге тиек етеді. Тоқсан бидің артында қалған мүрасы болғанмен элі осы уақытқа дейін арнайы жинала қойған жоқ.