Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

5.Асан би

Халық ішінде Асанқайғы (1361-1469 жж.) атанып кеткен казақтың белгілі абызы, дала философы жэне билерінің бірі. Оның шын есімі Қасенхан болатын. Елдің қамын ойлап жар құлағы жастыққа тимей «Жерұйықты» іздегені жэне оған кайғырғаны үшін ел ортасында «Асанкайғы» атанып кеткен. Асан би уақытында ¥лүғ Мұхамед, Әбілхайыр, Жэнібек, Керей хандарға т.б. акылшы, кеңесшілік қызметке де жүрген көрінеді. Асан бидің билік-шешімдері, толғамдары, накылдарында елдің бірлігі, эділеттілік жер-судың жағдайы, оның елдің болашағындағы маңызы терең философиялық маңызы бар талдауға түсіп, беріліп отырады. Оны ханға елдің ортасындағы ащы шындықты жеткізу «үрдісінің негізін салушылардың бірі» деп те тануға болады.

6. Бәйдібек би

Бэйдібек Қарашаүлы кезіндегі қазақтың белгілі де, беделді билерінің бірі. Оның өмір сүрген кезеңі туралы эр түрлі біріне-бірі қайшы келетін пікірлер бар. Бірақ та біз олардың ішінде оны 1356 жылдары Ташкентте өмірге келіп, 1419 жылы кайтыс болған деген дерек көңілге қонымды деп ойлаймыз. Бэйдібек би жастайынан жетім қалып, бакуатты байлардың жылқысын бағады. Өзінің зеректігінің аркасында жастайынан қисса эр түрлі жыр-аңыздарды жаттап өсіп, билікке араласады. Кезіндегі атақты түлғалар Ақсақ темір, Асанқайғымен замандас, пікірлес те болған.

7. Жиренше би

Жиренше қазақ арасында өзінің тапқырлығы мен үтқырлығының арқасында атак-даңққа бөленген шешен, эрі би болған түлғалардың бірі. Бірақ та біз оның Әз-Жәнібек тұсында өмір сүріп (Әз-Жэнібек 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүрген), өзінің алғырлығының

136

арқасында билік ісіне араласып сарайдың бас би дәрежесіне жеткендігін білеміз. Жиреншенің артында калған үлгілі сөз бен өнегелі істің көпшілігі бізге бүгінде аңыз, эңгіме, ертегі түрінде жеткен.

8. Дос би

Кезінде казақтың белгілі хандары Тэуекел, Есімдер еңбегін жоғары бағалаған би, эрі ел қамын ойлаған халық қамқоршысы. Дос бидің шын аты Досмұхамбед. Еліне еткен енбегін халық жоғары багалап «Дос би» атап кеткен. Д.Дүйсенбаев өзінің «Домалак ана» деген тарихи деректі естелігінде келтірілген мэліметке сүйенсек: «Дос би» 1570 жылы Ташкент қаласында туып, 1627 жылы, шілденің 12 жұлдызында 57 жасында астыртын қастандыктың құрбаны болады. Сүйегі Ташкенттегі Жүніс хан қасында қойылған.

Дос биге қатысты деректер оның жастайынан ел билігін ұстағаң тұлғалардың жанында көмекші болып жүріп, билікке араласқандығын, Бұхардағы Мир-Араб медресесін бітіргендігін жэне кезінде Тәуекел хан оны 1594 жылдары дербес би ретінде белгілегендігі туралы мәліметтер береді.

9. Жиенбет би

Жиенбет би Бартоғашұлы қазақтың Кіші жүзінің Алшын руының ел билеген тұқымынан шыққан белгілі би, жырау, эрі батыр. Жиенбет Бартоғашұлының өмір сүрген уақытын эдебиеттерде бірде «ХУІ ғасырдың соңғы ширегі, ХУІІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрді» деп ғасырлық аясын көрсететін болса, ал бірде «1570-1575 жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайткан» деген нақгы ойды да ұшыратамыз. Бірақ та біздің ойымызша бір нэрсенің басы ашық, ол Жиенбет бидің Есім хан тұсында билік айтып, ел ісіне араласқандығы. Жиенбет тек билік іспен, жыраулық өнермен айналысып қана қоймаған, ол сонымен қатар ойрат-қалмақтармен арадағы соғыстарда үлкен ерлік көрсетіп, батырлығымен де танылған жан. Жиенбет жетпіс жастай өмір сүрген. Жиенбет келе-келе Есім ханның Кіші Жүздегі ел басқаратын биіне айналады.

10. Әнет би

Әнет Кішікұлы - ХУИ ғасырдың бірінші ширегі мен ХУШ ғасырдың бірінші жартысы аралығында өмір сүрген дала пірі, халықтың ақылгөйіне айналған ұлы тұлғалардың бірі. Оның нақты туған жылы туралы эр түрлі көзқарастар бар. Қазақ Совет энциклопедиясында: «Әнет баба Кішікұлы 1626-1723 жылдары өмір сүрген деп көрсетсе, ал бірде 1652 жылы туылған деген пікірді ұшырастырамыз. Әрине, бұл жағы терең зертгеуді, зерделеуді қажет етеді. Ол - Бұхара - ИІәріптің «Көгелташ» медресесінде дэріс алған.

137

Онда мұсылман құқығының негіздерін терең меңгерген. Кейін қазақ даласына қайта оралып, елінің болашағы үшін жан қиярлықпен еңбек етеді. Кезіндегі аты шулы «Жеті Жарғы» заңын түзеуге ат салысады. Атақты билер Төле, Қазыбек, Әйтекелерге ұстаздық етіп, биліктің қыр-сырына баулиды.

11. Төле би

Төле би Әлібекұлы - қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң жайлауында шамамен 1663 жылдары өмірге келген қазақтың атакты үш биінің бірі. Төле «Әке көрген оқ жонар» деген игі дэстүрді жалғастырған түлға. Себебі, кезінде оның арғы аталары Жайылмас, Құдайберділер, өзінің экесі Әлібек те билік ісіне араласқан жандар болатын. Төленің билік жолын саралар болсақ, оның дэстұрлі қазақ қоғамында би болудың, яғни бала биден төбе биге дейінгі мектебінен өткендігін байқаймыз.

Төле бидің қоғамдық-саяси қызметін қазақ даласындағы Хан кеңесі, Билер кеңесіндегі атқарған пэтуэлі істерінен көруге болады. Кезінде Төлені қазақтың белгілі хандарының бірі Тэуке өте жоғары бағалаган. Төле би атақты «Жеті Жарғы» заңының авторларының жэне жоңғар шапқыншылығына елді біріге күресуге шакыра білген түлғаның бірі. Төле бидің билік шешімдерінің басым көпшілігі кейінгі билерге үлгі кесім ретінде қалып отырған. Ол шамамен 1756 жылдары өмірден озған.

12. Қазыбек би

Қазыбек Келдібекүлы - 1667 жылдары Сыр өңірінде дүниеге келген атақты қазақтың үш биінің бірі. Қазыбек те ел ішіндегі даушарлы іске жастайынан, шамамен 7-8 жасында араласып бала би ретінде танылған. Қазыбек би Төле, Әйтекелермен тізе қоса отырып Тэуке хан түсындағы Хан кеңесі, билер кеңесінде қажырлы еңбектер тындырады жэне Жеті Жарғы заңын өмірге экелуге ат салысады. Қазыбек сонымен қатар елдің сыртқы ісінде де жүлдызы жарқыраған жанның бірі. Кезінде Жоңғарға (жас шағында) барып мерейі артып қайтқан. Сонымен қатар Жоңғар тұтқынынан орайлы түсты оңтайлы пайдаланған ол Абылайды босаттырып алады. Қазыбектің билік-шешімдері де кезінде үлгілік сипаты басым, бояуы мазмүнды болған. Қазыбек бидің дауысының ерекшелігіне тэнті болған елі оны Қаздауысты Қазыбек би атаған болатын. Қазыбек би шамамен 1764 жылдары 100-ге жақындаған шағында бүл дүниемен қоштасты.

13. Әйтеке би

Әйтеке Бэйбекүлы - 1667 жылдары Нүрата (қазіргі Өзбекстан Республикасы Науаи облысында) өмірге келіп, 1723 жылдың басында сол жерде соңғы тынымын алған қазақтың атақты үш биінің бірі.

138

Әйтеке би ата-ана тәрбиесімен қатар 5-6 жасынан бастап ауыл молдасынан алғашқы эліп танудан етеді. Әйтеке би өзінің әкесі Бәйбек би мен билік жолындағы алғашқы үстазы Қосуақ бидің тәрбиесінен өтіп, 7-8 жасында бала би ретінде таныла бастайды.Ал ширек жастан аса бере бүкіл кіші жүздің тізгінін қолына үстайды. Әйтеке би де Төле, Қазыбектермен қатар Хан кеңесі мен Билер кеңесіне мүше бола жүріп елінің елдік жолындағы асқақ мұраттарын баянды етуге тырысады.Сонымен қатар Әйтеке би сол кезеңдегі белгілі билермен бірігіп «Жеті Жарғы» қабылдауға қатысады. Әйтеке бидің билік-шешімдері (Жер, жесір, қүн т.б. даулар) кейінгі қазақ билеріне меже түтатын ұстаным ретінде үлгілік те қызметтер атқарған. Әйтеке би қазақ даласыида төре тұқымдарының күні еткендігін жэне билікті елдің ішінен шыкқан тұтқалы түлғалардың алуы керек деген идеяны уағыздаған, эрі сол үшін күрескен дара тұлғаның бірі.

14. Бүхар би

Бұхар Қалқаманұлы - 1685-1777 жж. аралығында өмір сүрген қазақтың Арғын руынан тарайтын белгілі би, жырау, әрі мемлекет қайраткері. Бұхар аңызға айналған қазақтың бақ пен береке дарыған Жиделібайсын жерінде туып (қазіргі Өзбекстан Бұхар шаьары Елібай ауылы), Баянауылда өмірден озған. Деректер бізге Бұхардың атын Әнет бабаның қойғандығын және оның жас кезінде Қожаберген жыраудың тэрбиесін көріп өскендігінен хабар береді. Бұхар Тэукеден бастап Абылай ханға дейінгі көптеген хандарға кеңесші, акылшы болған. Бұхардың билік-шешімдері көбінесе ел бірлігін сақтауға шақыру, ырымгершілдік, кешірімпаздық сипатымен ерекшеленеді. Бұхар сонымен қатар сол кезендегі дала өміріндегі саяси жағдайдың болашақта қалай өрбитіндігін де сәуегейлікпен болжап, өзінің жырларында қазаққа қатерді болашақта батыста ресей, ал шығыста қытай төндіретіндігін тілге тиек еткен.

15. Ескелді би

Ескелді Жылкелдіүлы - 1692-1780 жж. аралығында өмір сүрген қазақтың 12 ата Жалайырынан шыққан белгілі би, батыр, әулие абыз. Кейбір деректерге Ескелді биді 1701 жылы туып - 1781 жылы қайтыс болған деген де пікірді кездестіреміз. Бірақ та біздің ойымызша бүл шындықтан алшақтау, себебі Ескелді қазақтың белгілі билерінің бірі Балпыққа жол сілтеп ағалық көрсеткен түлға. Ескелді би өмірге келерде оның анасы Төле бидің кенже қызы Ұланбике (кейде Үлбике деп те аталады) бұқаның басына жерік болған көрінеді. Міне, осыдан алып тұлға батыр, эрі сөзге шебер би өмірге келіпті. Ескелді би алғашында Қызылқұм, Сырдария бойын жағалай елін Қаратал өзенінің

139

бойына көшіріп, арық, тоған қазу, егін егу ісіне мұрындык болған көрінеді. Бүл эрине нағашы атасы Төле биден көрген игі істің бірі еді.