Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан тұңғыш рет өзінің жаңа Конституциясын қабылдады. Сөйтіп, тәуелсіз Қазақстанның өмірінде жаңа бір кезең басталып, ол 1995 жылғы наурыз айында аяқталды. Аталған жылдар аралығында »

Қазақстан Ресиубликасының халықаралық беделі өсіп, өзінің ішкі-сыртқы саясатын нығайтты.

Жаңа Конституцияны Қазақстан Республикасы Жоғарғы 1

Кеңесі қабылдап, оның Жобасы бүкіл халықтық талқылаудан өтті. Конституция жұмысына Қазақстан Республикасы Прези-денті Н.Ә.Назарбаев төрағалық еткен Конституциялық комиссия басшылық жасады. Ол преамбуладан, "Конституциялық құрылыс негіздері" деген арнайы бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Конституциялық құрылыс негіздері деп аталатын арнайы бөлім, конституцияның беташары болып табылып, онда конституциялық құрылыстың сипаты, қағидалары мен принциптері, ерекшеліктері көрсетілді. Қазақстан Республика-сын сипаттауға арналған Конституцияның бірінші ережесінде Қазақстан демократиялық, зайырлы жэне біртұтас мемлекет деп сипатталған, сондай-ақ онда "Қазақстан Республикасы өзін-өзі билейтін қазақ ұлты, мемлекеттігі, түрі" деп жазылған. Ал екінші ереже болса, бірінші ережені толықтырып, "Қазақстан Республикасының жері біртұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғылмайды" деп көрсетеді. Конституцияда сондай-ақ тіл мәселесі де ерекше жолға қойылған. Онда "қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі" деген сөздер ?

бар. Азаматтардың құқықтары мен міндеттері: |

- азаматтық құқықтар мен бостандықтар;

- саяси құқықтар мен бостандықтар; ■

- экономикалық және элеуметтік құқықтар деген үш топқа 5 бөлінген.

130

Сөйтіп, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конститу-циясы тэуелсіздік алганнан кейінгі алгашқы Негізгі заң болып табылып, ол республикамыздың жэне халқымыздың тарихи, саяси-құқықтық өмірінде елеулі оқиға болды. Соған қарамай аталған Конституцияны Кеңес дэуірінде сайланған Жоғарғы кеңестің қабылдауы оған өзінің елеулі таңбасын салған еді. Уақыт талабына сай ондағы қайшылықтар анық байқалып, ол жаңа Конституция қабылдауға негіз болды.

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан өміріндегі елеулі оқиға болып қалатын, жаңа бір кезенді бастайтын Конституция қабылданды. Ол бүкілхалықтық референдум арқылы қабыл-данып, өмірге енгізілді. Демократиялық жэне құқықтық қаты-настар жолындагы кездесетін кейбір кедергілер мен жайсыз-дықтар, эрі қайшылықтар жойылып, еліміздің мэдениет пен өркениет жолына жаңаша түсуіне кең мүмкіндік ашылды. Қазақстан президенттік республикаға айналып, қос палатадан тұратын тұрақты Парламент құрылды. Үкіметтің рөлі артып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды.

1997 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқьша деген Жолдауында "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасын ұсынып, оның ұзақ мерзімге арналған жеті басым бағыттарын көрсетті. Атапған стратегиялық бағдарламадағы "Ұлттық қауіпсіздік", кәсіпқой мемлекет деген басымдықтары түгелдей мемлекет жэне құқық сипаттарына ие десе де болатын еді. Жаңа саяси реформалар мен елімізді демократияландыруды тереңдетуді қолға алу барысындағы стратегиялық негіздің рөлі ерекше. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, партиялық тізім бойынша сайлау арқылы Парламент Мәжілісіне қосымша он депутаттық орын берілді. Республика Президентінің өкілеттік мерзімі 7 жылға созылып, Парламент пшіаталары төрағаларының конституциялық өкілеттілігі жоғарылатьшды. Ал, 1999 жьшы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев баламалы негізде 7 жьш мерзімге қайта Президенттікке сайланды. Сол жылдың 10 қазанына Парламент Мэжілісі жэне жергілікті мэслихаттарға сайлау белгіленіп, оларға депутаттар сайланса, 17 қыркүйекте Парламент Сенатына да депутаттар сайланды. Ол демократиялық жэне баламалық негізде жүргізілді.

131

Қазіргі Қазақстан территориясының қалыптасу тарихы, сөз жоқ, Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүқық тарихымен тығыз байланысты. Бүгінгі тәуелсіз де егеменді мемлекеттілікке қол жеткізгенге дейін қазақ халқы, сондай-ақ, Қазақстан халқы күрделі де елеулі тарихи жолдан өтті. Ол құқықтық қатынастардың дамуының белгілі бір жүйесін қалыптастырды. Қазақ халқы ұлт ретінде бір территория мен үлттық идея төңірегінде топтасты және көп үлтты Қазақстан халқы атанды. Ал, қүқықтық қатынастар болса, оларды реттеп, рэсімдеп отырды. Міне, осының өзінен-ақ Қазақстан халқының тарихы өте күрделі екендігі байқалса керек.

Әдебиеттер

» 1. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация. 1990 жыл 25 қазан. "Қазақстанның мемлекеттік кезеңдері" атты кітапта.

2. ҚР мемлекеттік тэуелсіздігі туралы Конституциялық заңы. 1991 жыл 16 желтоқсан. "Қазақстан: мемлекеттік кезеңдері" атты кітапта. -Алматы, 1997.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 2007 .

4. Ғаппар Маймақов. Қазақстан Республикасының саяси-құқыктық тарихы. - Алматы: Ғылым, 2000.

- 5. Назарбаев Н.Ә. Қазакстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының старатегиясы. - Алматы, 1992.

6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы оның идеялық бірлігінде. - Алматы, 1993.

7. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. -Алматы, 1996.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүқық тарихы заң пэндер жүйесінде ерекше орын алатын, еліміздің заң білімін беру жүйесінің айнымас қүрамдас бөлігін қүрайтын пәндердің қатарына жатады.

Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүкық тарихы қазіргі кезеңде жаңа жалпы адамзаттың үстанымды деңгейінен оқытылуы қажет. Өйткені еліміз бүгінгі танда элемдік қауымдастықтың бірден-бір мүшесіне айналып отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүқық тарихын оқыту барысында негізгі көңіл еліміздің аумағында ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін бірнеше мемлекеттер мен қүқықтық жүйелердің бірін-бірі алмастырғандығын ескерген жөн. Сонда ғана отандық мемлекет жэне қүқық тарихын оқытудың алдына қойған мақсаты өз деңгейінде орындалады. Мемлекетіміздің аумағындағы мемлекеттік басқару дэстүрі сан ғасырлардан бері дамып толығып қалыптасып келеді. Дэстүрлі мемлекеттік билікті жүргізу мен қүқықтық жүйені қалыптастырудың бастаулары бүл аумақта өзінің бастауын сақ, үйсін, қанды, түркі т.б. кезендерден алатындығы шындық. Бүл мемлекеттер еліміздің аумағында мемлекетті қүру мен басқарудың мол тэжірибесін ғана қалдырып кеткен жоқ, сонымен қатар бүл істегі ерекше мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қоса білді. Дәстүрлі мемлекеттің даму шыңы қазақ хандығы кезеңінде қалыптасқан басқару жүйесі мен қүқықтық қүрылым болып табылады. Осы кезенде дала демократиясының шынайы үлгілері өзінің деңгейінің шыңына жеткен болатын.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы өзінің дамуында бірнеше үлкен кезендерді бастан өткізгені белгілі. Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүқық тарихының негізгі бір ерекше кезеңін сақ, үйсін, ғүн, түркі дэуірлері қүрайды. Бүл кезенде еліміздің аумағында алғашқы мемлекеттікті қалыптастырудың жолдары, дэстүрлері орныққан болатын. Кейінгі кезендегі, яғни кейінгі орта ғасырлардағы

133

мемлекет жэне құқық жүйесі сол дәстүрдің жеткен жетістіктері мен тәжірибесін бойына сіңіре отырып, эрмен қарай дамыған болатын. Еліміздің мемлекет жэне құқық тарихының дамуының басты кезеңдерінің бірін Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы құрайды. Қазақ хаңдығының қоғамдық жүйесі мен саяси жүйесі дэстүрлі мемлекеттік басқарудың озық үлгісінің басты шыңы болып табылады. Осы кезенде еліміздің дэстүрлі күқықтық жүйесі үлттық нақышқа ие болып, әлемдік қүқықтық жүйенің қүрамдас бөлігіне айналган болатын.

Осы кезеңнен бастап Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекет пен қүқықтық жүйе отарлық саясат және сырттан таңылған күштердің объектісіне айналады. Алғашқы дэстүрлі мемлекеттік қүқықтық жүйені бүзудың эдістері Ресей патшалығының отарлауымен басталды. Кеңестік кезенде социалистік мемлекет пен қүқықтық жүйені қалыптастыру деген үранмен үлттық қүқықтық жүйені жоюға тырысқан болатын.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет пен қүқықтық дамуында өзінің жаңа кезеңіне аяқ басқан болатын. Қазіргі кезеңде елімізде мемлекет пен қүқықтық жүйені қалыптас-тыруда элемдік елдердің тәжірибесінің оңтайлы түстарын пайдалана отырып, үлттық мемлекеттік-қүқықтық жүйені жасау қарқынды жүргізілуде.

1-цосымша ҚАЗАҚТЫҢ БЕЛПЛІБИЛЕРІ

1. Майқы би

Қазақтың тарихында аты шулы бірнеше Майқылар өткен. Майкы Тобейұлы солардың ішіндегі ерекше орны бар тұлғаның бірі. Ол 1105-1225 жылдар аралығында, яғни Шыңғысхан заманында өмір сүрген ежелгі қазақтардың бас билерінің бірі. Кезінде Шыңғысханның кеңесшісі, ақылшысы да болған. Шыңғысхан жорыққа аттанарда оны озінің орнына қалдырыпта кетіп отырған. Кейінгі қазак билері дау шешкенде сөзінің салмағын арттыру үшін Майқы бидің накылдарына сүйеніп отыратын.

2. Аяз би

Аяз Жаманүлы - ел ішінде ертегі кейіпкеріне айналған атақты абыз, би болған түлға, халық жадында оның бейнесі бізге бала кезден таныс «Аяз би» ертегісіндегі елдің қамын ойлаған қамқоршы жэне де ақылды кеңесші ретінде сақталған. Сонымен қатар ол туралы элімсақтан белгілі «Аяз би эліңді біл, кұмырсқа жолыңды біл» дейтін мақал сөз де жеткен. Аяз бидің өмір сүрген кезеңі жөнінде нақгы мэліметтер әлі табылған жоқ. Бірақ та шапырашты Қазбек бек Тауасарүлы оны Майқы би Мэнүлы дэуірінде өмір сүрген десе, белгілі ауыз әдебиетінің білгірі Балтабай Адамбаев Аяз биді - Хиуа хандығы кезеңінде өмір сүрген тарихи түлға деп, оның өмір сүру кезеңін ХІ-ХІІ ғасыр деп санайды.

3. Мөңке би

Мөңке Төлеұлы - Шыңғыс үрпағынан шыққан белгілі билердің бірі. Белгілі ауыз әдебиетінің білгірі Н.Төрекүлүлының келтірген дерегінде: Мөңке Төлеүлы 1207 жылы Қытайдың Хубей провинциясында туып, 1259 жылы Монғолияның Булқан-Қалдан деген өзінің ата мекеніңде жерленген. Кезінде Шыңғыс хан ордасында «қаған би» болған көрінеді. Ал Қадырғали Жалайридің еңбегінде Мөңкені хан болған деген деректі де кездестіреміз. Мөңкенің билігі кезінде Талас, Жетісу аймағына дейін жетіп жатқан. Мөңке бидің артында қалдырған билік-кесімдері бізге толық күйінде жете бермесе де элеуметтік маңызды мәселені философиялық түрғыда астарлата толғатқан кішігірім ой-толғамдары қалған.

4. Едіге би

Едіге Қүтлу Қабанүлы бізге жеткен деректерге сүйенсек 1352-1419 жылдар аралығында өмір сүрген белгілі би, батыр, ақылшы

135

данагөй. Едіге биді аңыз эңгімелер перінің қызынан туған деген ой айтады. Едіге би жастайынан ел ішіндегі билік ісіне араласып, артында көптеген үлгілік (прецеденттік) сипаттағы - шешімдер қалдырған. Кейінгі казак билері Едігенің жастық шақта шығарған тапкырлык билік-шешімдеріне сүйеніп отырған. Едіге билік ісімен қатар ел тұтқасын ұстаған басшы да, жауға шапқан батыр да болған. Едіге казақтың өткен тарихындағы белгілі хандардың бірі Тоқтамыспен бірге отырып ел іргесін берік қылуға аянбай қызмет етеді. Кейін екеуінің арасы салқындай бастағанда Ноғай Ордасының мәртебесін биіктетуге кірісіп, жиырма жылдай билік жүргізді. Қазақ арасында Едігенің қоғамдық-саяси жэне кұқыктық қызметінің эр қырынан сыр шертетін «жырдың» бірнеше нұсқалары бар.