Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация

Одақты реформалауға бағытталған жаңа одақтық шарттың жобасы жасалып жатқан кезеңде 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Қазақ КСР-нің егемеңдігі туралы Декларация" қабылдады. Декларацияда түңғыш рет "Қазақ КСР-і үлттық мемлекеттілігін сақтау жэне

128

қорғау, нығайту жөнінде шаралар қолданылады, одақтан өз еркімен шығу құқығын сақтайды, басқа республикалармен егеменді республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және өзара қатынастарын шартты негізде құрады", - деп жазылды. ҚазКСР-нің территориясының өзгермейтіндігі де сол декларациямен бекітілді. Сондай-ақ, республиканың барлық үлт азаматтары Қазақстан халқын құрап, республика егемендігінің бірден-бір иесі жэне мемлекеттік өкімет билігінің негізі болып табылады деп тё көрсетілді. Мемлекеттік өкімет билігі заң шығару, атқару жэне сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылып, заң шығару Жоғарғы Кеңеске берілді. Егемендік декларациясын қабылдау шын мэнінде қазақстан-дықтар үшін үлкен тарихи оқиға еді. Сөйтіп, Декларация қабылданған 25 қазан "Республика күні" мерекесі болып бекітілді. 1991 жылы 1 желтоқсанда жалпы халықтық Қазақстан Президентін сайлау күні өтті. Сөйтіп, Н.Ә.Назарбаев 10 желтоқсанда Президент қызметіне кірісті. Сол 10 желтоқсанда Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып қайта аталуға шешім шығарылды. Артынша, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған егемендігі мен тәуелсіздігі іске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тэуелсіз-дігі туралы" Конституциялық заң қабылданып, заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тэуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. Ол күн тәуелсіздік күні болып мәлімделді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзінің мемлекет жэне құқық тарихында жаңа бір белеңге көшіп, тарихтың жаңа тәуелсіздік бетін ашты. Қазақстан Республикасы тэуелсіз демократиялық жэне құқықтық мемлекет больш жарияланды. Өз территориясында өкіметбилігін толық иеленіп, ішкі және сыртқы саясатын дербес деп белгіледі. Қазақстан Республикасы территориясында тек өз зандары жэне ол таныган халықаралық қүқық нормалары қолданылады деп жарияланды. Қазақстан Республикасы халқының атынан сөйлеу қүқығы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен Президентіне беріліп, атқару билігі толығымен Президент қолына шоғырланды. Мүндай қүқық егемендік декларациясында тек Жоғарғы кеңеске ғана берілген болатын. Сот билігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты атқарды. Конституциялық сот туралы нормада енгізілді. Заңца тәуелсіздікті қорғау үшін Қазақстан Республикасының өз қарулы

129

күштері, өз территориясында әскерлері, қару-жарак пен техника құру мәселелері шешілетіні көрсетілді. Қазақстан Республика-сьшың тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданып, оны қорғау мен дамытудың негіздері барынша тиянақты да нақты қаланды.