Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын оқыту барысында қоғам тарихының дамуы жэне қоғамдық-экономикалық формацияның заңды түрде алмасуының негіз-деріне мән беру керек. Өндіргіш күш пен өндірістік тәсіл қоғамдық дамуды анықтаудың басты айқындаушы негізі болады.Бүл тұста біздің сүйенеріміз - экономикалық тірек (базис) пен қоғамдық қондырма (надстройка) туралы баяндап және олардың бір-біріне жасайтын ықпалына назар аударып, таптық күрес пен мемлекет жэне қүқықтың дамуындағы әлеуметтік революция, көпшілік халықтың рөліне көңіл бөлу.

Біздің елімізде мемлекет жэне қүқық бүкіл элемдегі адамзат қоғамының дамуы секілді заңдылықтармен пайда болып, дамыды жэне дами береді де. Мемлекет жэне қүқық тарихының пайда болуы мен дамуы қоғамның өндіргіш күші мен өндірістік қатынастарының бір-біріне қарама-қайшы (антагонистік) таптар күресінің өріс алуына байланысты болды. Алғашқы қауымдық жэне элеуметтік топ арасындағы қарым-қатынасты реттеу немесе жүйелеу белгілі бір мемлекет қүру керектігіне итер-мелейді. Біздің заманымызға дейінгі Iмың жылдықта Қазақстан территориясын Андронов жэне Дәндібай-Беғазы мәдениеті мен өркениеті деген атпен енген тайпа қоныстанған. Олар кейін грек тарихшыларының жазып қалдыруынша "скифтер" деп, ал парсы мэліметтері бойынша "сақтар" деген атаумен аталып, кейін әр түрлі тарихи қоғамдық жағдайларға қарап өзгеріп кете берген.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихы пэнінің өзіндік зерттеу әдістемелері бар. Ол республика, мемлекет жэне қүқық тарихының қалай дамып, қандай жолдармен өрістегенін және оның мәдени-өркениеттік даму процестерін айқындайды. Кез келген эдіске баратын жолмен бірге оның мақсат-мүдделерін шешетін принциптері

8

болады. Сондықтан да мемлекет жэне қүқық тарихын окып. зерттеп-зерделеу үшін оны төмендегідей эдістерге бөлуіміз керек. Бірінші, жалпы философиялық әдістеме. Оған диалек-тикалық жэне метафизикалық әдістемелер жатады. Екінші, жалпы ғылыми әдістемелер. Оған мемлекет және қүқықтарихын уақыт пен кеңістік түргысынан зерттеумен бірге іс-әрекеттің жэне қүбылыстың ішкі-сыртқы қасиеттерін ашатын логикалық эдістемелер жатады. Мүнымен бірге жалпы гылымдық әдісте-меге жүйелік тэсілмен де келуіміз керек. Үшінші, арнаулы әдістемелер. Оған арнаулы-тарихи және арнаулы-құқықтық әдістемелермен бірге тарихи-генетикалық эдістемелер жатады. Тарихи-жүйелі зерттеп-зерделеуден кейінгі қол жеткізетін бір-ден-бір эдістеме - ол тарихи-салыстырмалы эдістеме. Тарихи-салыстырмалы эдістеме - ежелгі Қазақстан территориясын қоныстанған халықтардың мемлекет және қүқық тарихының даму заңдылықтарын, сонымен бірге өзге территорияларды қоныстанган халықтардың жэне олардың қай дэуірлерде омір сүргенін салыстырмалы түрде анықтауга мүмкіндік береді. Әдістемелік курстың басты шарты - мемлекет жэне қүқық дамуының бір-бірімен сабақтастығының тарихилыгында. Бар-лық мемлекет жэне қүқықтық күбылыстар алдыңғылардан, ягни откеннен өріп бастау алады да, болашақта болатын жағдайларға алмастырыла өзгеріп (трансформацияланып) отырады. Мүндай қүбылыстарды "уақыт үндестігі" бір тарихи негізде қарастыруга ықпал етеді. Дамудың бірнеше жолы бар, мысалы ол баяу да бір қалыпты (эволюциялық) немесе бір қалыпты емес секірмелі (революция) түрде, тіпті болмаса бір кездегі ұмытылған институттар ретінде қайта оралуы мүмкін (толық немесе бірен-саран күйде), болмаған жағдайда олар үзіліп немесе одан ары дамуьш тоқтатуы да ғажап емес.

Тортінші, нақты-проблемалык немесе жеке әдістемелср -ол өзінің аты көрсетіп түрғандай іс-эрекеттердің барысын, сипатын нақты оқып үйретуге багытталады. Объектіні оқып-зерттеу барысында қолданылатын әр түрлі эдістердің жиынтығы тарихи-құқықтық ғылымның әдістемесін қүрайды. ,/ Занды түрмыс-тіршілік - эр түрлі әдет-ғұрып, рэсім, салт-жора, іс-эрекет, тэртіп пен тэлім арқылы қалыптасып, солардың көмегімен құқықтық қызмет ретінде жүзеге асады. Ал адамдардың іс-эрекеттері олардың эділетті немесе әділетсіздік,

9

занды не заңсыздық деген үғымдарды калай қабылдап, қалай түсінуі арқылы айқындалады. Қүқықтың негізгі көзі - сот тәжірибесінен өсіп-өнсе, оның бастауы - әдет-ғүрып, яғни дәстүр. Сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекет жэне қүқық тарихы курсын кезеңдестіру бірнеше себеп-шартпен (фактор) белгіленеді. Оның басты негізі - қоғамдық әлеу-меттік-экономикалық дамудың қүрылысы мен тәртібі (эконо-микалық, техникалық дамуы, меншік турі) және мемлекеттің дамуына байланысты. Бұл түста ерекше атап өтетін жағдай, қүқықтанушы мен заңгерлер үшін қажеттісі тарихтағы мемле-кеттік-қүқықтық түрлер (формалар) жэне фактілер мен қүбылыстар.