
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
Казревкомның басты мақсаты өлкені автономияға әзірлеу еді. Сөйтіп, 1920 жылы 26 тамызда РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы В.И.Ленин жэне БОАК төрағасы Н.И.Калинин "Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социа-листік Республикасын құру туралы" декретке қол қойды. Сөйтіп, РКФСР құрамында Қазақ АКСР-і құрылды. Оның астанасы Орынборда болды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орын-борда Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай Кеңесі өтті. Съезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын Қазақ Орталық атқару комитетін құрып, оның төрағасы етіп С.Меңдешовты, ал, Қазақ Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы етіп Р.Радусь-
119
Зенковичті бекітті. Республика территориясы 5 миллионнан астам жұртшылығы бар 2 млн шаршы км-ге жуық территорияны алып жатты. Кұрылтай съезі "Қазақ АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру туралы" қаулы қабылдады жэне "ҚАКСР-дің еңбекшілері құқығының декларациясын" қабылдады. Бұл конституциялық қуаты эрі мәні бар декларация Қазақ автоно-миясының мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін тағы да басқа жақтарын анықтаған құжат болды. Кейін аталған декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дің тұңғыш Конституциясының жобасына кірді. Жалпы, Қазақстандағы жоғарғы өкімет билігі кеңестердің бүкілқазақтық съезі болып танылды. Осы съезде Қазақ Орталық Атқару Комитеті сайланды. Ол 75-ке дейін мүшеден түрып, 25 мүшелікке кандидаттан құралды. Қазақ Атқару Орталық Комитеті бүкілқазақтық съезі жылына бір рет шақырылды және ол аталған съезд аралығында жоғарғы билік органы болып есептелінді. Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съезді ол өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1 білдіретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алатын еді. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі барлық билікке басшылық жасап, Қазақ Орталық Атқару Комитетін сайлады, эрі өкіметтің есебін тыңдап заңдар қабылдады. Бүкілқазақтық съездің делегаттары уездерден жіберіліп, съездер аралығында жоғарғы заң шығарушы, өкімші жэне бақылаушы съезд сайлаған Қазақ Атқару комитетінің қолында болды. ҚазОАК-нің қүрамын белгіледі. Ол ҚазОАК өкіметі Халық комиссарлар кеңесін құрып, өкіметтің жұмысына жалпы бағыт-бағдар берумен бірге барлық өкімет билік органдарының жұмысын басқарды. Сондай-ақ, оларды біріктірді, өзара келістірді жэне бақылады. ҚазОАК Халық комиссарлар кеңесімен біріге отырып республикадағы эр түрлі салаларды басқаратын халық комиссарларын құрды. Халық комиссарлар кеңесі - ҚАКСР-дың өкіметі және өзіне берілген құқық шеңберінде ҚазОАК-тің заң шығарушы, атқарушы және өкімші органы болды.
Жалпы, Халық комиссариаттары жеке дара және біріккен болып екіге бөлінді. Біріккен халық комиссариаттарға РКФСР-дің халық комиссариаттарына тікелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттары, сондай-ақ ҚазОАК пен Қазақхалық комиссарлар кеңесіне де бағынды.
120
Бірақ РКФСР басшылығымен келісіп отырды. Біріккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік, қаржы, жұмысшы-шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесі, почта жэне телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.
Жалпы, Қазақстандағы кеңестік социалистік жүйе Кеңестік Ресейдегі жүйенің құрамдас бөлігі ретінде жасалып, ол Ресейдің Орталық мемлекеттік органдарының басшылығымен түзеліп отырды. Соның бір дэлелі ретінде аталып өтілетін жай, ол 1926 жылғы 18 ақпанда ҚАКСР ОАК-ті ҚАКСР-нің Конституция-сының жобасын қабылдауы болды. Конституцияның алғашқы жобасы 1920 жылғы Қазақ Автономия Кеңестерінің құрылтай съезінде көтеріліп, ол БОАК-нің бекітуіне тапсырылған болатын. Бірақ, оны ол қарамай қойды. Конституция жобасы 7 бөлім, 18 тарау, 103 баптан тұрады. Жобаның 1-бөліміне жоғарыдағы айтып өткен 1920 жылғы бүкілқазақтық Құрылтай съезінде қабылданған «ҚАКСР-ның еңбекшілері құқығының Декларациясы енген болатын. Декларацияда Қазақ автоно-миясының РКФСР құрамындағы мэртебесі көрсетіліп, оның басқару органдары жергілікті совдептер, ҚазОАК және халық комиссарлар кеңесі екені аталып өтілді. Жалпы, Қазақстан жерінде РКФСР зандарының жүзеге асатыны да баса көрсетілген болатын. Мемлекеттік тіл қазақ және орыс тілдері болып табылды жэне осы екі тілде бүкіл заң актілері жарияланып, онда шіркеудің мемлекеттен, мектептІң шіркеуден бөлінгені көрсетілді. Жобаның екінші бөлімінде көрсетілген өтпелі кезеңнің негізгі міндеті ретінде қалалар мен селолардағы пролетариаттың кедей және шаруалардың кеңес өкіметі түріндегі диктатурасын орнатып, жалпы ұлттық езгіні жою жарияланды. Жобаның үшінші бөлімі қазақ автономиясының территориясына арналып, оған кіретін губерниялар мен облыстар көрсетілді. Қазақ автономиясының конституция жобасы БОАК тарапынан бекітілмегендіктен Қазақстан территориясында РКСФР конституциясы қолданылды.
121