Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар

XIXғасырдың 60-жылдарының ортасына қарай Қазақстан территориясы түгелдей Ресей қүрамына ендіріліп, отарланып алынды да, Қоқан және Самарқан хандықтары бүтіндей

107

күйретілді. XIXғасырдың 60-70-жылдары жүргізілген Ресейдегі мемлекеттік қүрылыс пен қүқық саласындағы буржуазиялық реформалар Қазақстан аймағына да ықпал етпей қойған жоқ.

Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның қазақ өлкесі жөніндегі саясатына елеулі өзгерістер енгізді. 1868 жылғы "Уақытша ереженің" 210 параграфы бойынша қазақтар-дың жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жарияланып, қазақ даласы бутіндей патшалық Ресейдің еншісіне көшті. Ресей императорының жарлығымен бекітілген 1867-1868 жылдардағы реформаларарнаулы түрде уақытша, яғни үш жылға деп қабылданды. Үш жылдық тәжІрибе мерзімі өткеннен кейін оны қайтадан толықтырып, Қазақстанды басқару жөніндегі жаңа ереже қабылдануы керек болды. 1867 жылғы Түркістан генерал-губернаторлығын уақытша басқару ережесі 1871 жылы аяқталды. Сол жылдың басында Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Кауфман императорға жергілікті отарлау әкімшілігі дайындағаи жаңа басқару ережесін үсынды. Бірақ ол бірнеше министрліктер мен Ресей империясы ведомствола-рының сан алуан тексерулерінен өтіп, жоба көптеген көрсе-тілген кемшіліктермен қайта қайтарылды. Міне, дэл осындай жағдай Қазақстанның кез келген жерінде жүріп жатты. Бірақ, жоғарыдағы аталған ереже 1891 жылы "Уақытша ереже" болып қайта қабылданды. Аталған ережелер негізінде қазақтардың жері тартып алынып келімсек мүжықтар мен кержақтарға таратылды. Қазақстанға осы кезеңде 1,5 миллионнан астам орыс, украин жэне беларусь келімсектері көшіп келді. Сөйтіп, кең даланы жайлаған елді мекендердің аттары өзгертіліп, оның үлттық қүрамы үлкен өзгеріске үшырады. Қазақстан патша өкіметінің шикізат базасына айналды. 1867-1868 жылдар аралығында Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс Сібір жэне Түркістан генерал-губернатор қүрамына кірді. Орынбор генерал-губернаторы қүрамында Орал және Торғай облысы болды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығының қүрамына Ақмола және Семей облысы, Түркістан генерал-губернатор-лығының қүрамына Сырдария жэне Жетісу облыстары енді.

Орынбор, Батыс Сібір жэне Түркістан генерал-губернаторларының әкімшілік орталықтары Орынбор, Омбы, жэне Ташкент қалалары болды. Әрбір облыс уездерге бөлінді. Уездер болыстарға бөлініп, олардың эрбіріне мыңнан екі мыңға

108

дейінгі шаңырақ енді. Болыстар әкімшілік ауылдарына бөлінді. Олардың қүрамына 100-ден 200-ге дейінгі шаңырақ енді.

1822-1824 жылдардағы "Жарғы" бойынша Қазақстан әрбір бас мал үшін 1 процент көлемінде жылына ясак төледі. Сонан соң 1837 жылы Орынбор ведомствосында эрбір үйден бір жыл ішінде 1 сом 50 тиын күміс ақша ретінде түтін салығы жиналды. Оган қоса жолдар мен көпірлерді, мешіттер мен мектептерді, ауруханаларды жөндейтін қара шығын салығы жиналды.

Оңтүстік Қазақстанда жиналған астық бағасына қарай харадж салығы алынды. Жоғарғы генерал-губернаторлық билік-ті генерал-губернатор атқарды. Оған әкімшілік-саяси, әскери, сот жэне шаруашылық өкілеттілігі берілді. Ол жергілікті әкімшіліктер мен басқа да билік органдарына тікелей жэне жанамалай қадағалаулар жүргізді. Сондай-ақ, аталған жердегі әскери округтардағы әскерлерді басқарды, облыстық басқар-малар бөлімшелерінің бастықтарын тағайындады. Генерал-губернаторлық, облыстық әскери-губернаторлықтың аппаратын-дағы және уездік бастықтар, сондай-ақ оның төңірегіндегі шенеуніктер түтелдей орыстар болды. Реформа бойынша кең байтақ қазақ даласындағы басқарудың төменгі жүйесі болыс-тық жэне ауылдық жүйе болды. Болыс пен старшынға ұсынылу үшін азаматтың жасы 25-ке келуі керек еді және ол ешқандай қылмысқа тартылмаған халық сеніміндегі адам болуға тиіс. Әр үш жыл сайын өтетін болыс сайлауына 50 үйден бір тақдаушы сайланды. Дауыс беру процесі халық арасында шар салу деп аталды. Патша өкіметі Қазақстанды басқару жүйесіне елеулі өзгерістер енгізу барысьшда жаңа ережелер де қабыл-дады. Мысалы, 1886 жылы 2 маусьшда "Түркістан өлкесін басқару туралы" Ереже, 1891 жылы 25 наурызда "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал жэне Торғай облыстарын басқару туралы" Ереже қабылдады. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы Дала-генерал губернаторлығы деп өзгеріп, оған Сырдария облысынан басқа бес облыс кірді. Ал Сырдария облысы Түркістан генерал-губернаторлығына қарады. 1897 жылы Жетісу облысы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының қүрамына кірді.

1867-1868 жылдардағы ең басты мәселе Қазақстан терри-ториясында жалпы империялық соттар ережесінің таралуы болды. Сөйтіп, қазақ қүқығына елеулі өзгерістер енгізілді. Үлкен маңызы бар қылмыстық істер әскери сот комиссиясында

109

қаралды. Ал, одан басқа қылмыстық жэне азаматтық өтініш-терден тұратын 2000 сомнан артық қаржы көлеміндегі істерді облыстық басқарма қарады, Үш күннен кем емес тұтқынға алатын немесе жүз сомға дейінгі айып салынатын қылмыстық істер, сондай-ақ 2000 сомға дейінгі азаматтық айыптауларды уездік соттар қарады. Сонымен бірге жаңадан жолға қойылған билер сотымен бірге "халық соты" да жүмыс істеді.

1867-1868 жылдары би қызметі сайланбалы түрде жүргі-зілді. Би болыстық съезде үш жылға сайланып оны әскери-губернатор бекітті. Әрбір болыста 4-8-ге дейін билер сайланды. Сондай-ақ, сот істерінде де елеулі өзгерістер болды. Сот шешім-дері жазылып, олардың көшірмелері екі жаққа таратылды. Билер съезінде ережелерді жазу тиянақты түрде жүргізілді. Егер XIXғасырға дейін қазақтар кез келген беделді биге жүгіне алатын болса, енді тек қана болыстық билерге ғана жүгіне алатын еді. Сөйтіп, "халық соты" жүйесі отарлау аппаратының бірден-бір қүралы болып, ол дэстүрлі әдеттегі қүқықты жоятын жэне қазақ ауылындағы сауда-саттықпен айналысатындардың мүддесін қорғайтын басты қаруы болды. Түтастай алғанда XIXғасырдың 60-жылдарындағы Қазақстанда жүргізілген қүқықтық реформа, оның дэстүрлі қүқығын бүзып, Ресей империясының қүқықтық жүйесімен үластырылған реформа болды.

1867-1868, 1886 жэне 1891 жылдардағы реформалар Қазақ-станды бірден-бір отар елге айналдырды. XIXғасырдың 50-жылдарының басында қазақ даласының билігі Сыртқы істер министрлігінен алынып, Ішкі істер министрлігі мен әскери министрлікке берілді. Сөйтіп, Қазақстан халықаралык субъект құқығынан айырылды. Азаматтық жэне әскери әкімшілік бөлінбей, ол жаулап алушылық бағыт-бағдарда қызмет істеді. Қазақтарға қысым жүргізу тек ұлттық түрғыдан ғана емес, діни түрғыдан да жан-жақты жүргізілді. Іс қагаздары, ауылдық деңгейдің өзінде орыс тілінде жүргізілетін. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша патша өкіметінің әкімшілік мекемелеріне сот билігі қүқығы берілді. Сондай-ақ, жоғарыдағы аталған ережелер бойынша әскери соттық комиссиялар қүрылды. Олар мемлекетке опасыздық, өкіметке қарсы үгіт, пошта мен көлікке шабуыл, христиандарды жэне христиан дініне кіргісІ келгендерді, сондай-ақ, лауазым иелерін өлтіру сияқты қьшмыстык іс-эрекеттермен айналысып, олар тонау, талқандау, өртеу, жалған

110

ақша жасауды қараумен шүғьшданды. Қазактардың әдет-ғүрып құқына елеулі өзгерістер енді. Мысалы, отбасы некелі қүқығына қарасты жесір даулары билер сотының қарауында қалды. Бірақ, билер сотының шешіміне уезд бастығына немесе әскери-губернаторға шағым жасауға болатын. Осындай сот жүйелері Қазақстанда 1917 жылға дейін қолданылды.