
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
Қазақ хандыгының мемлекеттік тәуелсіздігін жойып, онда орыс отарлау саясаты жүргізіле бастаған тұстан-ақ Қазақ
103
даласында оны іске асыратың реформалар кеңінен жүргізіле бастады. Сондай реформалардың бірі эрі бірегейі Орта жүзде хандық билікті жоюға негіз болған 1822 жылғы "Сібір қырғыздары туралы Жарғы" болды. Ол бойынша патша өкіметі Қазақстанды отарлауды барынша терендете түсті. Аталған Жарғы негізінде Орта жүзде хандық билік жойылды. 1825 жылы Орынбор қазақтары облысы, Шығыс, Орта жэне Батыс болып үшке бөлінді. Жарлық бойынша "Сібір қазақтары облысы" округтарға, округтар болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Округке 15-тен 20 болысқа, болысқа 10-нан 12 ауылға, ауылға 50-ден 70-үйге дейін кірді. Соған қарамай округтерде рулық белгі ескерілмей қалған жоқ. Сондықтан әкімшілік бөлулер рулық-территориялық сипатта болды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынса, коллегиялық органды коллегиялық орган, округті приказ басқарды. Округті приказға аға сұлтан -төраға жэне 4 заседатель (оның екеуі ресейліктерден тағайын-далса, екеуі құрметті қазақтардан сайланды) кірді. Окруіті аға сұлтан басқарды. Аға сұлтан 3 жылға сайланып, оны сұлтандар сайлады. Болыстарды басқарушы-сұлтандар қадағалады. Олар халықтың "келісімімен" шексіз мезгілге сайланатын. Ол мұраға беріліп отырды. Соған қарамай сұлтан мұрагері де сайлаудан өтетін. Жалпы болыстық сұлтандар атқарушы билікті жүзеге асырды. Ауылдық старшындар болса, қазақтар арасынан 3 жылға сайланды. Сұлтандар старшындыққа сайлауға түспейтін. Сайлауды болыстық Жарлық бекітті.
"Жарғы" бойынша қазақтардың сот ісіне, әдет-ғұрып, салт-дэстүрдегі кейбір адами қатынасындағы құқығына өзгерістер еніп, билер сотының, адаттың билігі шектелді. Сөйтіп, барлық сот істері үшке бөлінді. Бірінші, қылмысты істер. Екінші, даулы істер. Үшінші, басқару үстінен берілетін шагымдар. Қылмысты істер империя зандарымен тергеліп, ол сол заңдар бойынша жан-жақты қаралды. Билер сотына да бақылау орнады.
1822 жылғы "Жарғы" Қазақстан жеріндегі билер сотына ғана емес, сонымен бірге оның қоғамдық-саяси, құқықтық жағдайларына өзгерту енгізіп қана қоймай, отаршылдықты барынша нықтап, Орта жүзді одан эрі игеруге бағытталды. Хандық билік жойылды. Далаға сайлау жүйесі енді. XIXғасырдың ортасына таман, мысалы 1851 жылы мұнда Ресей империясының ең көп қарулы күші орналасып, онда 1200-ден
104
астам солдаттар мен офицерлер шоғырландырылды. Шекаралық комиссия кең дәрежедегі әкімшілік өкілеттікке ие болды. Олар қазақтардың үстінен полициялық қадағалау жүргізіліп, жеке басқарма органдарына қызметкерлер іріктеді жэне олардың қызметтерін қадағалап отырды. Соттық істерді де атқарды.
§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
1824 жылы Ресей Үкіметі Орта жүзден соң Кіші жүзде хандық билікті жоюға кірісті. Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссеннің жетекшілігімен "Орынбор қырғыздары туралы Жарғы" қабылданды. Ол бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылды. Сөйтіп, Кіші жүз Шыгыс, Орта және Батыс бөліктерге бөлінді. Әр бөлікті билеуші сұлтандар басқарды. Кіші жүзді басқару шекаралық комиссиялар арқылы жүргізілді. Сұлтан билеушілерді Орынбор губернаторы тағайындады. Одан кейін әкімшілік бөлшектер, династия, қамалдар арасындағы учаскелер болып бөлінді. Династия арасы жергілікті немесе ауылдар болып бөлініп отырды. Шекаралық басқарма шептерде тұратын орыстар мен дала тұрғындары қазақтар қатынасын реттеп қадағалап отырды. Кейін әкімшілік органдар "жалпы" және "жеке" басқармалар деп бөлініп, ол 1868 жылға дейін өмір сүрді. Шекаралық комиссия болса, атқарушы-өкімші және сот билігін жүзеге асырды. Оның полициялық бөлімі тәртіпті қарап, одан кейінгі екі бөлімі азаматтық және қылмыстық істерін жүргізді. Әскери соттар мемлекетті сату туралы, адам өлімі, барымта, Ресей азаматтарын тұтқынға алушыларды жэне үкіметке қарсы істерді қарады. Ал, билер соты азаматтық істерді ғана қарап, 50 сомға дейінгі көлемде айыппұл салатын дәрежеде
ғана болды.
Сөйтіп, Батыс Қазақстанда жүргізілген 20-50-жылдардағы құқықтық және әкімшілік реформалар Ресей империясының қазақ даласындағы билігін нық жүргізіп, отарлау саясатын қалыптастыра түсуге ерекше ықпал етті.