Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§ 3. Бөкей Ордасы

ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Кіші жүздегі шаруашылық-саяси дағдарыстың күшеюі және жайылым мәселелерінің күрде-леніп кетуі қазақтардың үлкен бір тобының Орал мен Жайық аралығының теменгі жағына көшіп барып, 1801 жылы Бөкей хандығын қүруға итермеледі. Оған император Павел Iкелісім берді.

Бөкей ордасы шығыстан батысқа қарай 300 шақырым жэне солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым аумақты алып жатты.

Патша әкімшілігінің шешімімен Орал мен Жайық өзенде-рінің аралығында Бөкей сүлтан бастаған шағын мемлекет құры-лып, Бөкейге 1812 жылы хан атақ дәрежесі берілді. Ол патшалық Ресейдің отарлау саясатына толық жауап беретін. 1824 жылы Бөкей ордасын Бөкей ханның баласы Жэңгір басқарды.

Бөкей ордасындағы билік жалпы қадағалау, жергілікті бас басқарма және жергілікті қадағалау жүргізу арқылы жүргізілді. Жалпы қадағалау Ресей империясының Сыртқы істер министр-лігі арқылы жүргізілсе, жергілікті қадағалау Орынбор әскери губернаторы мен Орынбор шекара комиссиясы арқылы жүргізілді. Жергілікті бас басқармашылық ханға жэне оның

102

■.-.. әкімшілігіне тапсырылды. Хан өз билігін мүрагерлікке беруді орыс патшасының бекітуімен жүргізді. Оның өкілеттілігі XIXғасырдың 30-жылдары бұрынгы қазақ хандарының дэстүрлі өкілділігінен өзгеше болды. Ол хандықтағы барлық әкімшілік, соттық жэне заң шығарушы билікті түтас ұстады.

Ханның жанында басшылықтан бейтарап билік органы жұмыс істеді. Оны ханның туысқандары болып саналатын ық-палды сұлтандар жүргізді. Сұлтандар кеңесін аға сұлтандар басқарды. Сонымен бірге ханның жанында 12 биден түратын билер кеңесі болды. Олар бір жағынан хан кеңесшісі де саналатын. Сондай-ақ, ханның жанында кеңсе болып, ол орыс жэне татар тілдері негізінде қалыптасты. Кеңсе негізінің басты-басты жүмыстарын басқарма басқарды. Оның қүрамына арнаулы тергеушілер, іс жүргізушілер, аудармашылар жэне хатшылар кірді. Хандықта ахуна-қызметі бекітілді. Арнаулы тапсырмаларды хан жасауылдары орындайтын. Оларды ірі бірлестіктердің старшындары бекітті.

Жергілікті билікті хан сайлаған сүлтандар жүргізді. Олар ханның қаржылық жэне жер саясатын қалыптастырып, салықтар жинайтын. Хандықтың шекаралық учаскелерінде қазақтардың шекараны бұзып кетпеуін қадағалайтын айыпталушыны іздес-тіретін және сот істерін талдап-талқылайтын депутаттар та-ғайындалды. Бөкей хандығының территориясы Ресей империя-сының меншігінде болып саналды. Алғашқы кездерде хандық әскери-потестарлық бөлшектерге бөлінсе де, хан соған қарамай әкімшілік тарапынан реформалар жүргізіп "рулық" атты сақтап қалатын бөлшектерге бөлді. XIXғасырдың 30-жылдары оның саны 12-ге жеткен еді. Бөкей хандығындағы салық салу жүйесі бұрынгы салық салу жүйесінен ерекше болды. Негізгі салықтың түрі зекет еді. Ал, Бөкей ордасындағы құқықтық жүйе Ресей құқықтық жүйесінің ықпалында болды. 1845 жылы Жәңгір хан өлгеннен кейін Бөкей ордасын басқаратын уақытша кеңес құрылды. Бұл жағдай Бөкей ордасындағы Ресей отарлауының күшеюіне экеп соқты.