
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§ 2. Абылай ханның реформалары
Қазақ мемлекетінің жаңа бір кезеңге көшуіне бірден-бір ықпал еткен сұлтан кейін хан болған Абылай (Әбілмансұр) (1711-1781) болды. ХУШ ғасырдың 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан толық азат етілді. Абылай алғашында сұлтан болғанымен елде 40 жылдай билік жүргізді. Орта жүздің ханы Әбілмэмбет қайтыс болғаннан соң, 1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің билеушілері өкілдерінің қатысуымен Абылай хан сайланды. Орыс елшілігі оған Ресей ханшасынан ©зін хан етіп бекітуді өтін деп ақыл-кеңес берді. Бірақ сұлтан бұдан бас тартты. 1772 жылы оны қытай императоры мойындады. Ресей 1778 жылы Абылайды тек Орта жүздің ханы ретінде ғана бекітті. Бұған Абылай қанағаттанбай, 80-жылдары Ресеймен байланысты бүтіндей үзді. Абылайдың беделі үш жүздің алдында өте биік еді. Абылай билігі кезінде Қазақ хандығындағы мемлекетгік-құқықтық жүйесі қайта өзгеруге түсіп, орталық билікті күшейту жолына бағышталған. Бір кездегі өлім жазасын кесуге ие билер билігін хан өз қолына алды. Сондай-ақ, Абылай жергілікті билеу және әскери-потестарлық бөлшектердің өзіндік биліктерін жойып, оларды қайта құруға тырысты. Сөйтіп, ол ¥лыстық жүйені қалыптастырмақшы болды. Соған қарамай Абылай билігі толық қазақ даласында жүрмеді. 1781 жылы Абылай өлгеннен кейін оның орнына баласы Уэли хан тағына сайланды. Сол жылы желтоқсанда Қытай оны хан ретінде мойындаса, 1782 жылы жылдың басында Уәли Петропавловск қамалына барып Ресейге мойын ұсынатындығьша ант берді. Жэне ол Ресей тарапынан мойындалды да. Жаңа хан өзінің әкесіндей билікке ие бола алмады. Жалпы қорытындысында Уэли хан билеп отырған кезінде Қазақ хандыгы элсіреді. Басқарудың удельдік жүйеге көшуі сұлтандардың ықпалын арттырып, ХҮШ ғасырдың аяғы XIXғасырдың басында бір орталыққа бағынған мемлекеттің күйреуіне әкеп соқты. Сөйтіп, көптеген сұлтандар мен старшындар өзімен іргелес Ресей билігін жүргізушілермен тығыз қарым-қатынаста болып, Уэли ханмен белсенді түрдегі жүргізетін байланысты үзе бастады. Міне, осындай жағдайда XIXғасырдың 20-жылдары Орта жүзде Ресей хан билігін жойып, қазақтарды өз тәуелсіздігі мен егемендігінен айыратын
101
әкімшілік реформалар жүргізе бастайды. Ол біртіндеп-біртіндеп іске де аса бастаған еді. Жалпы, Ресей империясы тұсындағы қазак әдет-ғұрып құқығы нормаларының дағдарысқа ұшырау кезеңдерін шартты үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші, Қазақстанның Ресей отарлауына түсіп, оның қол астына ене бастауы дәуірінен қазақ хандығының жойылуы кезеңіне дейін (ХҮІІІ ғ. 30-жылдары - XIXғ. 20-жылдары), екінші кезең XIXғасырдың 20-жылдарынан - XIXғасырдың 67-68-жылдарына дейінгі аралықтарды алса, үшінші кезең 1868 жылдан 1917 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, қазақ даласын әкімшілік-саяси жэне мемлекеттік-қүқықтық жағынан қайта құруды қолға алған Патша өкіметі әуелі оны эр түрлі әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлу қажеттілігін негізге алды. Сөйтіп, қазақтың қоғамдық өміріндегі эдет-ғ^рып жэне рәсімге негізделген мемлекеттік және құқықтық жүйесін бүзды.