
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
Басы бірікпеген үш жүз хандарының арасындағы қайшылық олардың әрқайсысы бір орталыққа бағынған билікке қол жеткізуге өзінше жол іздеуге мэжбүр етті. 1730 жылы Болат хан қайтыс болған кезде Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың "бүкілқазақтың ханы боламын" деген мақсаты орындалмағаннан соң, іргелес Ресейге арқа сүйеп өз позициясын нығайтпақшы болды. Сөйтіп, ол Уфаға елшілік жіберіп, өзінің Кіші жүз хандығын Ресейдің қол астына алуын өтініш етеді. Ал 1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Иоановна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қояды.
1731 жылы 10 қазанда Кіші жүз қазақтары Ресей қүрамына қосылғаны жөніндегі қүжатқа қол қояды.
98
1731 жылы 19 желтоқсанда Орта жүздің ханы Сәмекенің басшылығымен бірнеше рулар Ресей қүрамына енеді, ал 1740 жылы 28 тамызда хан ретінде Әбілмәмбет, сұлтан ретінде Абылай Орта жүздің Ресей құрамына енгендігі жоніндегі
қүжатқа қол қояды.
Қазақстанның Ресей қо» астына кіруі біртұтас жүйелі түрде жүргізілген жоқ еді. Сондықтан да Қазақ даласындағы сүлтандар мен билер арасындағы қайшылық өршімесе басыла қойған жоқ. Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы ғылыми-тарихи әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар қалыптасты.Мысалы, 1943 жьшғы "История Казахской ССР" атты еңбекте «Қазақ-тардың Ресей қол астына отуі қазақ атқамінерлерінің бір тобының патша өкіметімен ауыз жаласуының қорытындысы болды. Қол астына кіру халық бүқарасының еркінен тыс қабылданды", - деп жазылып, сол кездегі тарихи-қоғамдық козқарастың алуан түрлі екендігін байқатты.
Ресей мен үш жуз хандарының арасындағы келісім Қазак хандығының түтастыгына нұқсан келтіріп, оның қүқықтық халықаралық қатынастағы беделін жоққа шығарды. Ресей озінің қол астына кірген хандарды сыртқы жаулардан жэне ресейліктердің оларға жон-жосықсыз шабуыл жасауларына жол бермеуге міндеттеме алды. Соған қарамай Қазақ хандығы мен Ресей арасындағы келісім құқықтық жағынан заңсыз деуге келетін дәрежеде еді. Келісім жасаған екі жақ та өз жоспарларын іштей де, сырттай да оздерінше түсіндірді. Қазақ билеушілері Ресеймен әскери және саяси келісімді егемендік шеңберінде жасадық деп ойлады. Сонымен бірге бүл келісім-шартты кез келген жагдайда бұзамыз деп те ойлаған болатын. Сондықтан да Әбілқайыр 1737-1738 жылдардағы Ресейге қарсы Башқүрт көтерілісін қолдаса, ал 1740 жылы Хиуа ханы атанып, 40-жылдары Жоңғарлармен одақтасуға тырысты. Барлық қазақ билеушілері Қазақстан аймағында Ресей әкімшілігін мойын-дамайтын. Ал, орыс билеушілері Қазақстан территориясын жайлаған барлық жүртшылықты ез бодауындағы ел санап, онда билікті біз жүргізуіміз керек деп есептейтін. Соған қарамай XVIIIғасырдың 30-жылдары Қазақстанның біраз территориясы Ресей билігіне көшті. Сонда да Қазақ хандығы өзінше егеменді мемлекет қалпында Ресеймен байланысты сыртқы істер коллегиясы арқылы жүргізді. Ресей қазақ даласында өзінің
99
әскери-саяси экспансиясын тынымсыз жүргізіп отырды. Соның себебінен орыс-қазақ шекараларында қақтығыстар жиі болып тұрды. Сондай-ақ, Ресей тарапынан протектораттық-вассалдық қатынас отаршылдық саясатпен ұштасып, қазақтар өз жерлеріне деген биліктен біртіндеп ығыстырылып жатты. Вассалдық қарым-қатынас қалыптасқан жағдайда тәуелді мемлекет халықаралық құқық субъектісі болудан қалады. Өзі бағынышты болған мемлекетке алым төлеп қана қоймай, аманат та береді. Міне, осындай жағдай Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасты. Патша өкіметінің ә деген кезде-ақ Қазақ жерлерін отарлауға кіріскен саясаты іске асып, XVIIIғасырдың 50-жылдарында Каспий теңізінен бастап Ертіске дейінгі аралыкта бірнеше қамалдардан тұратын әскери бекіністер салынып, қазақ жері тарыла бастады. Жайық, Тобыл, Елек, Есіл, Ертіс өзен-дерінің бойындағы жақсы мал жайылымдары казак әскерлерінің қолына көшті. СөйтІп, 1756 жылы патша рескрипті, 1755 жылы сыртқы істер коллегиясының Жарлыгымен аталған жерлердегі жайылымдарда қазақтар мал жаймайтындай дәрежеге жетті. Сондықтан да қазақ халқы Патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ даласында кең етек жайып бара жатқанын байқап, көптеген көтерілістер жасады. Солардың алгашқысы 1783-1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған көтеріліс еді. Патша өкіметі бүл көтерілісті аяусыз басып, Кіші жүзде хандық билікті жоймақшы болды. "Игельстром реформасы" деген атпен енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстромның іс-әрекеті Сырым Датүлы бастаған көтерілісті Патшалық Ресей мүддесіне пайдалану еді. Нұралы хан Кіші жүзден қашып кеткен соң Игельстром хан сайлауға рүқсат етпей, елді сайлау қүқығынан айырды. Сөйтіп, бүл шара сұлтандар арасындағы қайшылықты қайта күшейте түсті. Аталған реформа Кіші жүзді тайпалық құрамына қарай үшке бөліп тастауды ұсынған болатын. Әр бөлікті басқару үшін расправолар құру көзделді. Ол Орынборда 1786 жылы құрылған шекаралық сотқа бағынуы тиіс болатын. Реформа бойынша билік ру басшылары саналатын старшын-дарға өткеніне қарамай расправолар мен шекаралық сот қалып-ты жұмыс істей алмады. Соның салдарынан IIЕкатерина патша хан сайлауын қайта қалпына келтіруге келісім беріп, Патша өкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жою туралы алғашқы адымы іске аспай қалды.
100