Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні

Қазақстан Республикасының мемлекет жэне құқық тарихы -тарихи жэне құқықтық ғылым. Қазақстан Республикасының мемлекет жэне құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтық жүйенің пайда болуын, дамуын әрбір тарихи кезеңге сәйкес қоғамдағы мемлекет пен құқықтың орны мен ролін тарих ғылымының жалпы зандылықтарын басшылыққа ала отырып, хронологиялық реттілікпен құқықтық жүйеге сай зерттейді. Қазақстан Республикасы мемлекет жэне құқық тарихы, мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, тарих, саясаттану, элеуметтану, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқыгы тағы басқа салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының салалық заң гылымдарынан ерекшелігі - ол мемлекеттік

5

құқықтық құбылыстарды біртұтас және бір-бірімен тығыз байланысты әрі бір-біріне тэуелді пэн ретінде қарастырады. Бұл пэн сонымен бірге Қазақстан халқының пайда болуының ежелгі дәуірінен бастап қазіргі кезеңіне дейін, сондай-ақ мемлекетгік жэне құқықтық феномендерді уақыттық жағынан қарап қана қоймай, кеңістік жағынан да зерттейді. Оның уақыттылығы -мемлекеттің пайда болуы мен бүгінгі мемлекеттік жэне құқықтық жүйесінің жай-күйі болса, кеңістігі Қазақстан Ресітубликасының сол тарихи уақыттағы қазіргі мекендеген территориясы.

Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекет жэне құқық тарихы пэн ретінде еліміздің территориясын қоныстанған халықтар мәдениетін, заңды тұрмыс-салтын және оның құқыктық құндылықтарын зерттейді. Әдетте мемлекет тайпа қоныстанған территорияның бірлестігі мен тұтастығы негізінде пайда болады. Құқық - солардың эдет-ғұрпынан құралады. Міне, осынау жайлар мемлекеттік-қүқықтық даму процесін зерттеуге негіз жэне бастау болады. Содан кейін мемлекеттік және құқықтық құрылымдағы занды феномендерге дейінгі құндылықтар мен іс жүзінде қолданылатын (қолдан-балы) занды археология және тарихи құқықтану пәндері айна-лысады. Тарихтан белгілі - құқық өзінің жаратылысына қарай мемлекетке қарағанда элдеқайда көне. Оның алғашқы қауымдық құрылыстың кезінде-ақ өзіндік институты болды. Ең қарапайым қоғам өзінің ішкі және сыртқы саясатын кәдімгі қалыпты тұрмыс-тіршілік арқылы қалыптастырып отырғандығы да соны айғақтайды. Кез келген адамдар бірлестігі, ең алдымен олардың шаруашылық жағын реттеу арқылы жүргізіліп, өзін қоршаған орта мен табиғаттың қатал жағдайларымен күрестері арқылы қалыптасады. Сондықтан да құқықтың пайда болуы мемлекетке қарағанда ерте саналып, алғаш дамуының да сыры сонда. Тұтастай алғанда Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның саяси-құқықтық тарихы бүгінгі күнге дейін аз зерттелген пэн болып қала береді. Тарихи эділдікті қалпына келтіру үшін бір кездегі патшалық Ресейдің отарлау саясаты мен оның қазақ халқына деген көзқарасы, эрі оның хандық жүйеде дамыған мемлекет-тілігіне жасаған қиянаты бүгінгі қазақ халқының саяси тәуел-сіздігіне сәйкес зерттеліп-зерделенуі керек. Кеңес мемлекетінің тоталитарлық жүйедегі жүргізген саяси идеологиясы казақ

6

тарихшыларына Қазақстан тарихын терең зерттеуге мүмкіндік бермей, ғалымдарға тосқауылдар қойды. Қазақстан Республика-сының саяси егемендік алуы ғана қазақ халқының өткені мен оның мемлекет жэне құқық тарихын шынайы да шыншыл пэн ретінде оқытуға жол ашты.

Құқық алдымен материалдық объектілерден басталады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде-ақ адамдардың құқықтық тұрғыда жеке меншік мүліктері болған. Аңшының өз меншігі ретінде қару-жарағы болса, ал әйелдің үйге деген құқығы болған. Кез келген қоғамдағы экономика мен қоғамдық қарым-қатынастардың дамуы жеке адам құқығына байланысты өрбіп, одан әрі мемлекеттік дәрежеге дейін көтеріледі. Оның арасында отбасылық құқықтың да орны ерекше. Міне, осының бэрі мемлекет жэне құқық тарихы пэнінің негізгі зерттеу объектілері болып табылады.

Кеңестік кезеңдегі үзіп-жарып, не бұрмаланып оқытылған Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пэні бүгінде бір жүйеге түсіріліп, еліміздің шынайы түрде тұтас қамтылған тарихы ретінде оқытылуы тиіс. Аталған ғылым саласының алдында тұрған тағы бір басты мәселесі, эрі негізгі міндеті біздің еліміздің мемлекет және құқық тарихын бұрма-лаушыларды әшкерелеуі. Қазақстан Республикасының мемлекет жэне құқық тарихы занды білім жүйесінде өзіндік орны бар пән. Бүгінгі пайда болып жатқан мемлекеттік-құқықтық құбылыс-тарды түсіну үшін алдымен мемлекет және құқық тарихының қалай, қайда, неден құралғанын, қандай негізде жасалғанын білген жөн. Сонымен, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні болып саналатындар:

- мемлекеттік-құқықтық жүйенің пайда болу жэне даму процесі, әр түрлі тарихи кезеңдегі қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың алатын орны мен рөлі;

- мемлекеттік-құқықтық жүйе элементтерінің мазмұны мен формаларьшдағы ерекшеліктер, өндірістің көшпелі тэсілінің ерекшелігіндегі шарттылықтар. Міне, осы тұста анықтап алатын бір жай, ол мемлекеттік-құқықтық жүйе түсінігін анықтау. Өйткені ол дэстүрлі мемлекет және құқық ретінде өзге институттармен тығыз қарым-қатынаста болғанына қарамай жеке қаралады. Сонымен бірге, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын тұтастықты құрайды. Мемлекет тікелей немесе

7

жанама түрде құқықтық нормаларды белгілейді және реттейді, оған рұқсат береді. Сондай-ақ бұл заңдылықтар бұзылған кезде нақты шаралар қолдану арқылы оларды қорғайды, ал құқық болса мемлекетке конституциялық немесе басқа нормалармен ықпал етеді де қоғамдағы саяси қатынастарды реттейді.