Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§4. Ноғай Ордаеы

Ақ Орда ыдырағаннан кейін ХҮ ғасырдың ортасында Қазақстанның батысында - Ноғай Ордасы пайда болды. Оны алғашында "маңғыт жұрты" деп атады. Ноғай Ордасының негізін салушы Алтын Орданы 15 жыл билеген Едіге (1396-1411 жж.) болып есептеледі. Ал, Едігенің баласы Нұр-ад-диннің кезінде (1426-1440 жж.) Ноғай ордасы мейлінше нығайды. Сөйтіп, Ноғай Ордасы Қазақстанның үлкен бөлігі болып саналатын Еділ мен Жайық өзендерінің арасын алып жатты. Елді Шыңғыс эулеті емес, Едіге эулеті биледі. Сондықтан Ноғай ордасының басшысын хан емес би деп атады.

"Ноғай", "Ноғайлықтар", "Ноғай Ордасы" терминдері жазба эдебиеттерде ХҮІ ғасырдың басында пайда болды. Олар моңғол-қыпшақ тектерімен байланысты өздерін Жошы тұқымы-нан тарайтындықтарын айтады. Ноғай Ордасындағы саяси және экономикалық билік Маңғыт әмірлері Едіге үрпақтарының қолында болды. Ноғай Ордасының құрамына маңғыттармен бірге қоңыраттар, наймандар, арғындар, қаңлылар, алшындар,

72

қыпшақтар, қарлұқтар, алаштар, тама жэне басқа тайпалар кірді. Ноғай Ордасында, яғни маңғыт ұлысында ұзақ уақыт моңғолдардың эдеттегі құқық нормалары сақталды. Маңгыт ұлысында өзінің ішкі сот жүйесі болды. Яғни, билер соты немесе ру соты. Олардың үстінен ұлыс билері - мырзалар соты қарайтын. Би - мемлекет басшысы болып есептелді, ол Едіге әулетінен шықты. Биді Үлкен Кеңес - Қүрылтай сайлады. Үлкен Кеңеске әскер басылар, рудың тандаулы адамдары. бастысы Едіге эулетінің мырзалары кірді. Би болса өзіне көмекші орган Кіші кеңесті сайлады. Бидің жанында қара дуан деп аталатын басқару органы болып, ол шенеуніктік аппарат ретінде саналды. Сонымен бірге аталған орган соттың рөлін

атқарды.

Ноғай Ордасы Қазан жэне Астрахан хандықтарын Ресей басып алғаннан соң, ХҮІ ғасырдың ортасында бірнеше беліктерге бөлініп, оның Қазақстан территориясында түратын ірілі-үсақты тайпалары Кіші жүздің қүрамына кірді.

§5. Моғолстан мемлекеті

1347 жылы Жетісудың белгілі адамдары Әмір Болатшының басқаруымен Тоғлық-Темірді хан тағына отырғызды. Бұл жаңа Моғолстан деген мемлекеттік жүйенің қалыптасқандыгын білдірді. Моғолстан құрамына Жетісу, қазіргі Қырғызстан және Қашқар өлкесі кірді. Жалпы, Моғолстанда түрік тайпалары мен түркіленген моңғолдар өмір сүріп, мемлекет негізін қалады. Мемлекет басында Шағатай династиясынан тараған ұрпақ-хан отырды. Биліктің көпшілік саласы ұлыс бектердің қолында

болды.

Хан мемлекеттің жоғарғы басшысы ретінде оның ішкі жэне сыртқы саясатын реттеп, сондай-ақ барлық мемлекеттік мәселелерді шешті. Қарамағындағы ұлыстар мен өлкелердің басшыларын тағайындады. Хан жоғарғы қолбасшы ретінде өз мемлекетіндегі әскерлерді жорыққа бастап, өзі қолбасшылық етті. Ханнан кейінгі лауазым ұлысбегі деп аталып, ол мемлекеттегі барлық мәселелерге араласып, бас уэзірдің, ягни бас министрдің рөлін атқарды. Моғолстанда ұлысбегі қызметі мұраға беріліп отырған. Ол Дулат руынан шыққан Әмір Болатшының М.Х.Дулатиге дейінгі ұрпақтарына мұра

73

сипатында беріліп отырған. Ханның жанында кеңесші орган -хан кеңесі жұмыс істеді. Оған ұлысбегі, сұлтандар, оғландар, мырзалар, ханға жақын адамдар, тайпа басшыларымен тағы да басқа беделді адамдар кірді. Мемлекеттік бас канцеляриясын диван деп атаған. Қаржы және салық жинаумен дафтарлар айналысса, хан мұрагерлерінің тәрбиешісі - атабегі, найб (регент), хаким, ханның облыс пен қаладагы өкілі даруға, ханның қабылдаулары мен салтанаттарын ұйымдастырушы жасауыл секілді сан алуан лауазым иелері болды. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың ерекше бір белгісі ретінде құжат-тарды жазбаша жүргізуді, сондай-ақ әскер мен отырықшы жұртшылықты есепке алып, халық санағын жүргізуді, іс қағаздарын мөрмен бекітіп, оны жергілікті жерлерге таратып отыруды айтуға болады. Міне, осының барлығы Моголстан хандығында дамыған мемлекеттік құрылыс және құқықтық қатынастар жүйесі болғанын көрсетеді. Сондай-ақ салықтың зекет, ұшыр, харадж, қалан, купчур, баж сияқты алуан түрлері болды.

ХІҮ ғасырдың аяғы ХҮ ғасырдың басында Моғолстанға Орта Азия Әмірі Темір жиі-жиі шабуылдап, мазасын алыи отырды. Сөйтіп, Қамар-ад-дин мен эмірдің әскерлерімен арасындағы қақтығыс жиі-жиі болып хан мен оның арасы шиеленісе түсті. Соған қарамай ХҮ ғасырдың басында Моғолстан билеушілері ез егемендігін жариялайды. Тек Темір өлгеннен кейін Жетісу толық өзінің тэуелсіздігін алады. Әйтсе де хан орталықтандыруға қаншалықты күш салғанмен ішкі тұрақтылыққа қол жеткізе алмады. Сондықтан Мұхаммед хан (1408-1416 ж.ж.) мұсылман дін басыларына сүйеніп: "біз тұтастай Шыңғыс ханның торасынан (заңдары) бас тартып шариат жолымен жүреміз" деп мэлімдеді. Соған қарамай ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Моғолстан жеке иеліктерге бөлініп, эмірлер өздерін тәуелсіз билеушілер есебінде ұстады. ХҮ ғасырдың екінші жартысында Жетісу қазақ хандығының қолына көшеді.

Жалпы, аталған дәуірде Қазақстанның мемлекет жэне құқық жүйесі эволюциялық жолмен дамып отырғандығын байқауға болады. Бұл салық жүйесі мен жалпыхалықтық санақ жүргізу институттарының пайда болуы мен дамуынан байқалады. Айталық әскери-потестарлық бірлестіктердің ұлыстық жүйені

74

қалыптастырьш, шгері дамытуының өзі де мемлекет және құқық теориясының негізі болып саналса керек. Міне, осы кезде қазақ қоғамының саяси ұйымдастырушылық негізі қаланды. ХШ-ХҮ ғасырлардағы көшпенділердің құқықтық жүйесі кейінгі дамыған құқықтық жүйелердің қалануына негіз болды.

Әдебиеттер

1. История государства и права Казахской ССР. Часть I/ Под общей ред. С.С.Сартаева. - Алма-Ата: Мектеп, 1982.

2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. - 2 том.

-Алматы, 1998.

3. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди (Рашидова история): Пер. с персидского языка. — 2~е изд., доп. - Алматы: Санат, 1999.

4. Еркин Абиль. История государства и права Республики Казахстан с древнейших времен до нач. XXвека: Курс лекций. Ахтана: ТОО

"ФОЛИАНТ", 2000.

5. Кузембайулы А., Абиль Е. История Республики Казахстан. -

Астана, 1999.

6. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех

тысячелетий. - Алма-Ата, 1992.

7. Утемиш-Хаджи. Чингиз-наме. - Алматы, 1992.

8. Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследие. -

Алматы, 1992.

9. Юдин В.П. Орда Белая, Синяя, Золотая...// Казахстан, Средняя

Азия в ХҮІ-ХҮШ веках. Алма-Ата, 1983.

10. Кычанов Е.И. Жизнь Темучина, вздумавшего покорить мир. - М.,

1972.

11. Қаржаубай Сартқожаұлы // Егемен Қазақстан, 16 қазан, 2001.

12. Греков Б.Д, Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. - М.,

1950.

13. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық

тарихы. - Алматы, 2000.

14. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху Монгольного нашествия.

15. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. (Көне заманнан біздІң заманымыздың XIVғасырьша дейінгі кезең). - Алматы, 1996.

\

6-бөлім.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

ХҮ ғасырдың ортасында Қазақстан территориясында жаңа мемлекеттік кұрылым - Қазақ хандығы құрылды. Бұл жағдай қазақ халқының тарихында жэне Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық жүйесінің қалыптасу кезеңінде ерекше орын алады. Қазақ хандығының негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты. Қазақ хандығы осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалгасы ретінде дүниеге келді.

Жалпы, қазақ хандығының құрылуы Шығыс Дешті Қып-шақтың, Жетісу мен Түркістанның кең байтақ территория-сындагы әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық процестер-дің занды қорытындысы болып есептелінеді. Экономикасы аралас, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылығы қалыптасқан аймақтардың табиғи интегра-циясы негізінде ХІҮ-ХҮ гасырларда тұтас экономикалық жэне бір саяси құрылымға біріккен мемлекеттің пайда болуына қолайлы жағдай әзірледі. Сөйтіп, қазақ рулары мен тайпала-рының этникалық жагынан бірігуіне, халықтың үзаққа созылган қалыптасу процесінің аяқталуына себепкер болды. Әсіресе, Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы; Ногай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізде бір мемлекеттің даму тәжірибесі қалыптасып біртұтас халықтың саяси жағынан бірігуі қажет екенін түсінуіне экеліп соқтырган жағдайлар қазақ хандығын қалыптастырды. Сондыктан да қазақ хандығының қүрылу кезеңдерін төмендегідей қараған жөн.

76