Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
255.66 Кб
Скачать

§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)

ХҮ ғасырдың 20-30-жылдары ¥лы ұлыстың сол қанатындағы территорияда бірнеше жартылай тәуелсіздікке қол жеткізген иеліктер пайда болды. Солардың бірі - көшпелі өзбек мемлекеті, 1428 жылы бұл мемлекетте Едігелік Бақас бидің қолдауымен 17 жасар Шейбани ұрпағы Әбілқайыр хан сай-ланды. ¥лы ұлыстың мемлекеттік басқару жүйесін қайта қалыптастырып, оны бір орталыққа біріктіру жөніндегі аз ғана кезең сол Әбілқайыр атымен тығыз байланысты.

ХҮ ғасырдың 30-40 жылдарында Әбілқайыр ¥лы ұлыстың сол қанатын өз билігі астына біріктіре білді. Ол өз билігіне Шыңғыс ұрпақтарын ғана бағындырып қоймай, Едіге ұрпақ-тарының билерін де қосып алды. Оның иелігі Шығыстан Батысқа қарай, Ертістен Волга жағалауына дейінгі жерлерді алып жатты. Бұл жерлер шығыс жазбаларында Өзбек ұлысы деп аталады. Бұлай деп аталуы Өзбек хан есімімен тығыз байла-нысты болды. Оның беделі ХІҮ ғасырда тым асқақ болып, өзбек терминін қалыптастырды. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысында аталған термин ұлыстың сол қанатын жайлаған халық арасында бекіп, орнықты. Мысалы, темірлік тарихнаманың авторы (XIVғасырдың аяғы — XVғ.) Дешті Қыпшақтағы мемлекеттік құры-лымдарды көрсету үшін хандардың есімдерімен жэне негізінен "өзбек" деген этнополитониммен қосып, "ұлыс", "дийар" (ел), "уэлаят" (облыс), мамлакат (мемлекет) деген терминдерді пайдаланды.

Әбілқайыр ханның ¥лы ұлыстың саяси жүйесін қайта қалпына келтіруге деген ниеті сәтсіз аяқталды. Біріншіден, Өзбек ұлысындағы сауда-саттықпен айналысатын жоғарғы көпестер элсіз болып, үлкен орталық болатын қалалар жоқтың қасы болды жэне халықаралық сауда да нашар жүргізілді. Сөйтіп, мемлекеттің қазынасы толмай, мемлекеттік аппаратты ұстайтын кіріс мүмкіндігі шамалы болады. Осыған қарамай хан

70

Үлысты билеушілерді өзі тағайындайтын. Өзбек ұлысының саяси ұйымы Әбілқайыр хан кезінде бір орталыққа бағынған, хандық билік институттарының ерекшелігімен көзге түсті.

1428-1429 жылдары Әбілқайыр хан Түркістан, сондай-ақ, Хорезм территорияларына бірнеше әскери жорықтар жасады. Ол алғашқы кезде өз қазынасын толтыру мақсатында жүргізілді. Бұл мәселеде аталған жорық өте сэтті өтті. Әбілқайыр өзінің төңірегіне көптеген әскери жасақ жинаумен бірге, өзіне ұйғыр жэне найман руларының беделді билерін қаратып алып, дала лидері атанды. Әбілқайыр хан өзі қалыптастырған мемлекеттік басқару орган жүйесін нығайту үшін фискальдық жүйе нысанын

ендірді.

1446 жылы Әбілқайыр ханға Мұстафа бей жорық жасады. Бүл кезде Әбілқайыр өзінің атақ-дәрежесінің ең биік шыңында тұр еді. Сондықтан, хан өзінің қарсыласына тойтарыс берді. Мұстафа бей Хорезмге қашуға мәжбүр болды. Сол 1446 жылы Әбілқайыр Сырдарияның бойында өзі иық тірейтін Созақ, Аққорған, Үзгент қалаларын жаулап алып, Сығанақ қаласын өзінің астанасы етті. Әбілхайыр хандығы кезінде отырықшылық пен мал шаруашылығы қалыптасты.

Мемлекеттік басқару жүйесінде өкілетті және алқалық орган билігі - хан кеңесі мен дуан маңызды орынға ие болды. Хан кеңесінде күрделі деген мәселелер шешіліп отырды. Хан кеңесі оғлан, сұлтан, дін басылары, ру басылары жэне атқарушы орган болып саналатын сарай дивандары құрамынан тұрды. Диванды ханға ерекше берілген "кошчи" немесе "ұйғыр" рула-рынан біріккен өкілдіктер басқарды. Дивандар ірі сұлтан-дықтардың жанынан құрылды. Сарай өмірі мен ел ішіндегі жағдайларды таратушылар ханның уэзірлері жэне оның көмекшілері - нәбнлер еді. Мемлекеттік билік жүйесінде тақ мұрагерін тэрбиелейтін, сосын тақ мұрагерлері билік жасына жеткенге дейін удельдерді басқарушы "атабектер" қызмет етті. Әскерді хан басқарды. Ханның әскери жасағы - нөкер жэне негізгі қарулы күш болып екіге бөлінді. Негізгі қарулы күш соғыс кезінде ғана жиналып, өз еңбектеріне сыйақы алмайтын. Атабектер тақ мұрагерлерін тәрбиеледі.

ХҮ ғасырда Қазақстанның құқықтық мәдениет саласында едэуір өзгерістер болды. ¥лы ұлыс дәуірінде Әлемдік Заңдылықты (төре) сақтаушы жэне таратушы хан болса, енді

71

хан билігінің элсіреуіне байланысты, оны Шыңғыс ұрпақтары -огландар иеленді. Шыңғыс ұрпақтары осы кезден бастап төре және сұлтан деген терминге ие болды. Шыңғыс ханның Ясасының рөлі бірте-бірте әлсіреп, құқықтық қайнар көз ретінде адат - эдеттегі құқық пайдаланыла басталды.

Әбілқайыр хандығы кезінде, ол билеген территориялардағы отырықшы халық пен қалалықтар "жасақ" салығын төледі. Ал, "копчурді" барлық көшпенділер мен отырықшы халықтар бірдей дәрежеде беріп отырды. Сонымен бірге, көшпенділер жылына бір рет "зекет" салығын төледі. Ол Шариатпен бекітілген болатын.

Жалпы, Ақ Орда ыдырағаннан кейін Қазақстанның Орталық, Шығыс жэне Солтүстік бөлігін, Сібірдің үлкен аймағын Әбілқайыр хандығы (1428-1468 ж.ж) алып жатты. Ол Жошының Шейбан атты ұрпағынан тарап, кейін тарихта көшпелі өзбек хандығы аталып кеткен. Әбілқайыр хандығының саяси, салық, әскери жүйесі Ак Орда жэне Моғолстан мемлекетінінің жүйесіне ұқсас болды. Хандық ішкі қайшылықтардан ыдырап кетті.