
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
Ғылыми еңбектерде Алтын орда атымен белгілі Алтын орда немесе Жошы ұлысы мемлекеттің қалыптасуы жиырма жыл бойы жүрді. Оның алғашқы кезеңі 1219-1222 жылдар аралы-ғында Орта Азия, Солтүстік Ауғанстан, Иран, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірлерін Шыңғыс хан және оның балаларының жаулап алуымен, содан соң Моңғол империясы-ның бірнеше мемлекеттерімен жүргізген соғыстарынан соң қалыптасты. Бізге жеткен қүжаттағы мәліметтер бойынша моңғол императорының үлкен баласы Жошы отырықшылықпен айналысатын елді-мекендерді билеп, ол кейін Қыпшақ даласын өзіне қаратып алды.
1222-1227 жылдары Жошы Орталық және Батыс Қазақстандагы көшпенділерді Жайық өзеніне дейінгі аралықта билеп-төстеді. Сөйтіп, XIIIғасырдың 20-30-жылдары Жошы ұлысына бүкіл қазақ даласы қарады. Жошыдан кейін оны Бату биледі. Ол Моңғол қаганының егемендігін мойындағанмен, бірақ оның иелілігі нақтықтылыққа келгенде тэуелсіз еді. Әсіресе, 40-жылдары Бату мен жоғарғы билік иелері арасын-дағы қайшылық үдей түсті. 1248 жыл кезіндегі Жошы ұлысына Күйік Қағанның жорық жасауы да соның салдарынан болды. 1251 жылы Моңғол империясының билігі Мөңке Қағанның қолына көшті. Бату мүрагері Берке ханның (1257-1266 жылдары) Жошы үлысы тэуелсіз мемлекет болады да, арнаулы қүжаттарда ол мемлекет ¥лы ¥лыс атанады. Шығыс жазбала-рында ол Ақ Орда болып көрсетілсе, ал орыс жазбаларында Орда немесе Алтын Орда деп көрсетіледі.
Алтын Орданың қүрылу кезеңі 1236-1242 жылдарға жатады. ¥лы үлысқа, яғни Алтын Ордаға ежелгі Русь территориясы мен Волга Булгарлары жэне Шығыс Еуропа даласы Закавказьенің кейбір аудандарына дейін созылып жатқан жерлер қосылады. Бату хан өзінің Ордасын Ертіс жағалауларынан жаңа география-лық орталық Еділ-Волга өзенінің жағалауына көшіреді. Сөйтіп, аз уақыт ішінде Сарай атты астанасын өмірге келтіреді.
Алтын Орда жэне басқа да көшпелілердің мемлекеттері оң жэне сол қанатқа бөлінді. Шекарасы Еділ (Итиль) өзені еді. Алтын орданың немесе ¥лы үлыстың мемлекеттік басқару жүйесі Моңғолдардың басқару жүйесінен едэуір
66
айырмашылығы болды. Оның империялық ьам-харекеті саяси жүйеде ерекше байқалды. Мемлекет басшысы болып Бату династиясынан тарайтын хан есептелді. Басқа Шыңғыс түқым-дары оғлан атак-дәрежесін алғанымен, тақ билігіне ие бола алмайтын. Ондай қүзыр Батудың ағасы Орда-Еженнің ғана үрпағына берілді. Олар ¥лыстың оң бөлшегіндегі хан тағын иеленді. Хан сайлау деген болмай, билік рудың ішіндегі үлкеніне мүрагерлік ретінде қалдырылды. Сол қанаттың хандарының биліктері өз еріктерінде болғанына қарамай, олар жоғарғы хан билігімен тагайындалып, бекітіліп, жарлықтар жогарғы хан атынан берілді. ХІҮ ғасырдың 20-30-жылдары Өзбек ханның билігі түсында сол қанаттағы автономия жойылып, хан билігі өмір сүруден қалды да, оларды жоғары хан сайлаған билер биледі.
Орталық және жергілікті билік органдары Моңғол жэне жергілікті ел дэстүрі бойынша қалыптасты. БилІк жүйесі бойынша ханнан кейінгі басқару беклар-бек, яғни бектердің бегі билігінде болды. Ол үлыстағы әкімшілік жэне әскери билікті жүргізді. Сонымен бірге, бектердің бегі мемлекеттің әскерін басқарып, хан атынан мемлекеттік істерді шешумен бірге жоғарғы билік органдарын басқарады. Саяси өмірде ¥лы уәзір хандықтың қаржы жэне қазынасымен қоса салық жинау қүрылымдарын жүргізді. Жоғарғы атқарушы билік әр түрлі шаруашылық саласын басқаратын уәзірлерден қүрылған дивандар болды. Диванның іс жүргізуші хатшыларын бітікші деп атады. Хан аппаратында жасауылдар, түтқауылдар, бекеуілдер секілді Сарай шенеуніктері болды. ¥лы үлыстың кейбір жекелеген бөлшектері ұлысбектер билігінде еді. Олар отырықшылық аймақтардағы Хорезм, Қырым Булгары өңірлерін биледі. Ірі қалаларды хан тағайындаған даруғабектер билеп, олардың қызметі моңғолдардың даругашыларына үқсайтын.Даругашылар салық жинауға жауап беретін, полиция және әкімшілік қызметті басқақтар атқарды. Басқақтар ¥лыстың вассалдық иеліктеріндегі княздігінде, Сербия мен Болгарияда
болды.
Азаматтық, қылмыстық, шаруашылық істері эдеттегі қүқық қүзырына кіріп, Моңғолдардың Жасақ жэне қыпшақтардың Адат рәсімінен өрілген қүқықтарына сай келді. Алтын Ордада Өзбек ханнан кейін қалың жүртшылық ішінде Шариғаттың рөлі
67
ерекше көзге түсті. Ягш, исламдық қүқық дамыды. Соттық тапас-тартыс кезінде имамның беделі артгы. Русь жеріндегі сот жүйесі болса, моңғол шапқыншылыгына дейінгі жүйеде жүрді. Жалпы, ¥лы ұлыстың құқықтық жүйесі ХШ ғасыр мен ХІҮ ғасырдың басында Дешті Қыпшақ жағдайына келтірілген Шыңғыс ханның Жасағына сай қалыптасты. Алтын Ордада жылына міндетті түрде әскери-әкімшілік өкілдері қатысқан съезд-қүрылтай өткізіліп тұрды. Сөйтіп, ханның алдында ұлыс билеушілері есеп беріп отырды. Жоғарыда айтып өткеніміздей Өзбек хан билігі кезінде ислам мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Бұл ¥лы үлыс территориясында мүсылман құқы нормаларының енгендігін айғақтайды.
Көшпелі жұртшылықты үлыстың сұлтандары (оғландары), түменбасылары, мың басылары, жүз басылары, он басылары Моңғол империясындағы жүйемен басқарды. ХІҮ ғасырда сол қанаттагы автономияның ыдырауына байланысты Бату мен Шейбани тұқымдарынан басқалардың барлығы Үлысты билеу билігінен жэне басқа да жасалатын жеңілдіктерден айырылды.
Әкімшілік-территориялық бөліну ХШ ғасырдың 40 жылдарынан ХІҮ ғасырдың басына дейін Үлы Үлыс оң және сол қанатқа бөлінді.
Үлыстың бүкіл және оң қанаттағы астанасы алғашқы кезде орта Волгадағы Булгар қаласында болса, XIIIғасырдың 50-жылдары Бату Сарайы Волга өзенінің төменгі жағына, ал ХІҮ ғасырда Берке сарайы сол Волга өзенінің төменгі жағына көшіріледі. Үлы ұлыс ханының жазғы резиденңиясы ХГҮ ғасырда қазіргі Атыраудан алыс емес Орал өзенінің бойындағы Сарайшық қаласында болды. Оң қанаттағы хан мекен-жайы Ақ Орда деп аталып, өзінің түр-түсіне қарай басшы-ағалық санат есебінде саналды. Хан қыстың күндері қыстауда болып, жазда Ақ Орда ханмен бірге көшіп жүрді. Сөйтіп, хандық мемлекет көшпелі мәнді иеленді.
Сол қанаттың астанасы Сырдария өзенінің жағалауындағы бұрынғы шығыс-қыпшақ бірлестігінің оң қанаты жайлаған Сығанақ қаласына орналасты. Ол Көк Орда аталды. ХІҮ ғасырдың 20-30 жылдарында Көк Орда таратылып, оны жоғарғы хан сайлайтын билер биледі. Сөйтіп, XIҮ ғасырдың екінші жартысындағы Ордадағы дағдарыс салдарынан сол қанат оғландары оң қанаттағы тақ иелігіне билік жүргізіп, Үлыстың
68
шығыс бөлшегінде билік жүргізушілерге Ақ Орда аты берілді. Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан территориясын жайлаған үлысқа ерекше статус Ібір-Сібір үлысы аты берілді. Моңғол империясы секілді Үлы үлыста да әскери-әкімшілік принци-піндегі мемлекеттік территория және жүртшылықты бөлу жүйесі жүргізілді. Мемлекет шекарасы, эсіресе, Батыс, Оңтүстік жэне Шығыс шекаралар бекеттермен белгіленіп, елеулі деген керуен жүретін жолдарда кеден бекеттері қойылды.
Үлы үлыстағы хандар өздері басқарған территорияларда ел санағын жүргізу арқылы салық жинау жүйесін қалыптастырды жэне бір жүйеге түсірді. Мұнда тек қана көпшіліктің саны ғана есептеліп қана қоймай, олардың малдарының саны, өндеген жер көлемдері, сондай-ақ ол жерлердің қанша астық беретіндіктері ескерілді. Сол арқылы арнаулы салық жинау кітапшасы-дәптер жасалып, оған әрбір әкімшілік пен шаруашылықтан жиналған салықтардың көлемі кіргізілді. Көшпелі жүрт болса эрбір мал басына байланысты бір пайыз - копчур салығын төледі. Отырықшылықпен айналысатын Үлыс жүртшылығы харадж салығын төлесе, негізгі салықтың бір түрі әскери салық - тағар атанып, ол екі бөлімнен тұрды. Оның біріншісі - азық, екіншісі - алым атанды. Әсіресе, Алтын Ордаға бағынышты орыс княздігіндегі алым-салықтың түрі ауыр еді. Олар жылына мүлік багасының он процентін қүрайтын шығын салыгын төледі. Сондай-ақ, басқақтар өз округтарынан түтін салыгын жинады.
4 Үлы үлыстың территориясынан өткен керуендер мемле-кетке үлкен кіріс түсірді. Хан керуен жолындағы сауда-саттықпен айналысатын саудагерлер үшін өзіне тиімді саясат жүргізіп, мемлекет атынан саудагерлер мен олардың тауарла-рына қауіпсіздік жағдай жасады. Бүл үлы жібек жолы бойындағы сауданы қыздырды. Сауда салықтары мемлекет қазынасының ортаймауына бірден-бір ықпал етті.
Үлы үлыстарда негізгі сапықтардан басқа қосымша алымдар мен міндеткерліктер көп болды. Мысалы, соның бірі - пошта бекеттері Ямды қамтамасыз ететін салық түрі еді. Әрбір бекетте 20-дан астам жаушы болса, олардың эрбіріне арналған тамақ пен жүйрік жылқылар жүртшылықтан жиналды. Сонымен бірге, ол жаушылар мемлекеттік тапсырманы орындау барысында кез келген жерде ат ауыстырып міне алатын. Алғашқы кезде бүл іспен тек шенеуніктер мен Шыңғыс үрпақтары ғана айналысса,
69
кейін XIIIғасырдың 50-жылдары бекеттерді пайдаланудың барлық түрлері реттелінді. Байқап отырғанымыздай ¥лы ұлыста салық жинау жүйесіне ерекше назар аударылып, оны белгілі бір ретке келтіріп, мемлекет қазынасын толтыратын жағдайларға барынша мүмкіндік жасалынды.